Оқыту процесінде кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу — оқыту процесінің қозғаушы күші. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.
Баға – оқыту үдерісіндегі қозғаушы күші. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі. Пәнге деген қызығушылығы артады. Осыдан білім берудегі басты қозғаушы күш – баға деп айтуға болады. Бағалау деп жұмыс жасаудағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, іскерліктің және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру және дағдының сапасын анықтауды айтады. Үлгерімді бағалаудың білім беру мен тәрбиелік маңызы бар. Білім берудің мағынасы оқушылар объективті білім алады, ой-өрісі кеңейді, ғылыми көзқарасы қалыптасады. Іскерлікті, дағдыны игереді. Тәрбиелік мағынасы жағынан объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастырудағы құрал.