Жоғары мектептегі көптілде оқытудың мақсаты мен мазмұны
Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы. Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» Заңының 5- бабында: «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс», - деп көрсетілген.
Көптілді білім беру саясаты «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында белгілі мақсат пен міндеттер аясында өз көрінісін тапқан:
əлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған жəне жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көпдеңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басылымдықтарды анықтау;
азаматтық пен патриотизм, ұлтжанды қасиеттер бойына дарыған шығармашылық, рухани жəне күш-қуат мүмкіндіктері; даралығы дамыған тұлғаны қалыптастыру;
отандық жəне əлемдік мəдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, əдет-ғұрпы мен дəстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
оқытудың жаңа технологиялары, оның ішінде кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды енгізу жəне тиімді пайдалану.