Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп



Дата04.07.2018
өлшемі53,5 Kb.
#47091

Мусаева Айжаркин Дусановна мұғалім портфолиясы С есебі

2-топ 3-деңгей



Шымкент қаласы 11. 11. 2015

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

Мен алғашқы бетпе-бетте осы бағдарламаның негізгі идеясын, одан күтілетін нәтижені терең ұғынуда мектептегі іс-тәжірибе кезінде өз сабақтарыма өзгеріс енгізуді жоспарлап алдым. Жоспарлаудағы мақсатым: дәстүрлі сабақт өзгерту және сындарлы оқыту теориясы бойынша жұмыс жасау үшін. Өзімнің сабақ беретін 10 «Ә» сыныбында сабақ өтуді жоспарладым. Берілген тапсырманың екеуі ынтымақтастық атмосфераны құрудағы еркін тақырып еді. Ынтымақтастық сабағымды өтудегі мақсатым: оқу үдерісіне қолайлы орта құру еді. Осы ынтымақтастық сабақты құралымдауда менде тоғаныс жүрді, себебі қалай жасасам қызықты әрі түсінікті болады деген сұрақ мазалады. Бірінші ынтымақтастық сабағымда бірінші шаттық шеңбер құрғызып, жүректен-жүрекке жаттығуын орындаттым, мақсатым сыныпта жақсы көңіл-күй қалыптастыру үшін. Осы іс-әрекетімнің өзі жаңалық болды, себебі мен дәстүрлі сабақтарда сабақтан тыс жаттығуды қолданбайтын едім. Бұрында мен топқа біріктіріп өтетін едім, енді топқа бөлудеде өзгешелік бар екенін байқадым. Топқа бөлудің түрі көп екенін білдім, ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты екеніне көз жеткіздім. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын білу мақсатында сауалнама алдым. Ол сауалнамада төмендегі сұрақтар берілген еді: Мектепке не үшін келемін?, Мен үшін өте қызықты пәндер?, Осы пәндер не үшін маңызды?, Барлық пәндер маған керекпе?, Мен нені үйренгім келеді?, Не себепті үйренгім келеді?, Мен не үшін оқып жүрмін?, Менің білім алудағы мақсатым не?, Мен болашақта кім болам?. Осы сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптарын қарастыратын болсам: оқушылардың мектепке не үшін келемін деген сұраққа барлығының жауаптыры бірдей яғни білім алу үшін келемін деп жазған. Мен үшін өте қызық пәндер дегенге міндетті түрде барлық оқушыларда география пәні жазылған және келесі жылы ұлттық бірыңғай теске таңдаған пәндері жазылған және өз қызығушылығы туралы пәндер әр оқушыда әртүрлі жазылғандығын оқып анықтадым. Осы сұрақтар бойынша оқушылар барлық сұраққа жауап жазып тапсырды. Сауалнама арқылы қызығушылығында анықтадым. Ынтымақтастық сабағымның өте сәтты өткені, мендегі өзгерістің дәлелі бола алады себебі, оқушының қате жауабына менің тарапымнан қате немесе дұрыс емес деген бағаны естімеген оқушы өзін оңай тақырыпты талқылауда еркін және көңілді сезінді. Мен тақырыпты 6-7 сынып бағдарламасынан алған болатынмын олар үшін қиындықтар туындамады. Әр сабағымда оқушыларға айтқан сөзім, "құрметті оқушылар" деген мен үшінде және олар үшінде жаңалық болды. Мендегі өзгеріс сөйлеу мәнерімде өзгерген, себебі бұрын қатал мұғалімнің бірі едім, оқушының қате жауабына сөгіс айтатын едім. Осы іс-әрекеттердің барлығыда менде жойылды осы өзгеріс өзімеде оқушыларғада ұнады. Мен оны оқушылардың пікірлерінен білдім, сабақ соңында апай қатты өзгеріпсіз - деп маған өз ойларын әзілмен жеткізді. Бұл менің бірінші сабағымдағы іс-ірекеттің нәтижелі болғаны оқу үдерісіне қолайлы ортыны құрдым деп есептеймін. Осы мақсатта мұғалім оқу ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, білім мен түсінікті оқушы өзі қалыптастырады, ал мұғалім - бұл үдерісте көмек көрсететін жан (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 29-бет). Топтық жұмысты қорғап болған соң әр топтың парталарына жұлдызшалар берген едім. Сабақ соңында осы жұлдыз бәрімізге ма? деп сұрады, мен мұны бағалаудың түрі деп түсіндірдім. Осы әрекетімнің өзі оқушылар үшін жаңалық болды. Сонымен бірге жарайсыңдар, жақсы, өте жақсы деген мадақтаулар айтылды менің тарапымнан оқушыларды ынталандыру үшін. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтың 52-бетінде айтылғандай бағалау бұл техникалық тәсіл емес мұғалімдер жазбаша немсе ауызша түрде баға қою арқылы бағалйды делінген. Бүгінгі сабақ қалай болды? дегенімде барлығы қызық болды - деп жауап берген еді. Сабақ соңынада пирамидада жазылған сөздерге байланысты кері байланыс алдым. Пирамидадағы сөздер түсіндім, сұрағым бар, түсінбедім деген сөздер болды, осы сөздерге дәл осылай жазып апарып жабыстырған стикер қағаздарын. Осы іс-әрекеттерінен дәстүрлі сабақтың арнасынан шыға алмай қалғанын байқадым. Кері байланыс жайында қайтадан түсіндірдім сабақ соңында. Бірінші сабағымда бағалауды житондар санына қарай бағаладым олар үшін жаңалық болды және оларға ұнады. Житондар саны көп оқушылар тіпті қатты қуанды. Келесі тапсырманы оқушылардан сұрағанымда апай тақырыпты біз таңдаймыз ба? деген сұрақтар қойды. Оқушылар келісе келе телефон тақырыбын таңдады және осыған келесі сабақта ақпарат көздерін өте кең көлемде жинап келген сонымен қатар телефон туралы видеоролик те алып келді. Оқушылар үшін осы әрекет тамаша өзгеріс болды деп олардың іс-әрекеттерінен айта аламын, себебі олардың ақпаратының көлемі өте көп және телефондағы зияндық әсерді тарақандар бірінші байқайды екен деп мен күтпеген жауаптарды көрсетіліммен бірге алып келіп, дәлелдеп бере алды. Мен оқушыларымның осы дәрежеде белсенді екенін білмеген екенмін. Дәстүрлі сабақта кітап оқумен ғана шектелетін еді, кей кезде оқымай келетін оқушының өзі іздене алаған және тиісті ақпарат жинап келген. Оның осы әрекетіне құрдастарыда таң қалды. Сабақ барысында түрлі әдістерді қолданып, оқушының бір-біріне қарауға мұршасы болмады және оларға қатты ұнағаны осы сабағымда бірдей үш телефонның суретін әр топтан бір-бір оқушыдан шығарып бес секунд көрсеттім. Кейін өздерінің жұмыстарын бағалауы болды барлық топ өз жұмыстарына бес деген баға қойған. Сабақ соңында апай телефонның суретін саламыз деп мүлде ойламадық, бірақ бізге қатты ұнады деді. Енді қашан өтеміз деп менің С деңгейлі оқушым қайта-қайта сұрады. Мен осы сұрағына қарай сабақтың ұнағанын және қызықты өткенін білдім. Бұл менің екінші сабағымдағы өзгерістер еді деп сеніммен айта аламын, себебі С деңгейлі оқушылардың белсенділігі артты. Бұрын дәстүрлі сабақта артқы партада отырып, менен сабақ сұрамаса екен деп отыратын оқушы алдыма келіп, маған сұрақ қойғаны мені қатты қуантты. Мен өзгерсем оқу ортасында өзгерте алатыныма көзім жүз пайыз жетті. Бірақ уақыттан бір шама ұтылдым, оқушылар уақытты көп пайдаланды. Осы тұста Мейкер мен Нильсонның оқу жоспарын өзгертудегі қолданатын әдістерді өзгерту; оқу жағдайын өзгерту (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 69-бет). Тізбектелген сабақтар топтамамдағы төрт сабағымды өтуді жоспарладым. Мен өз жоспарларымды жан-жақты ізденіп, бағдарламаның жеті модульмен ықпалдастырып жасауды көздедім. Мен дәстүрлі сабақта күнделікті жоспарды жай ғана жазып баратын едім. Енді әдістердің түрін көбейтіп, сабығымның әр кезеңіне қатты көңіл бөліп, түрліше ресурстар дайындайтын болдым. Әр сабаққа нақты мақсат қойып, оқушылармен сабақтың мақсатын оқушылардың өздеріне түртпе сұрақтар арқылы бірге талқылап, одан күтілетін нәтиже талдауға салынатын болды. Дәстүрлі сабақта сабақтың мақсатын мүлде талқыламйтын едік, бірақ күнделікті жоспарыма жазып қоятын едім. Мен дәстүрлі сабақта сабақты өн бойына өзім түсіндіретін едім. Енді оқушыларға бағыт-бағдар беріп, көмектесіп және әр қадамын бақылайтын болдым. Оқушыларда бұрынғыдай емес олар алдын тыңдаушы еді, енді сабақтағы іс-әрекет ету арқылы нағыз оқушыға айналды. Тізбектелген сабағымның біріншісінде оқушылар постер қорғағанда өз ойларын мен ойлағандай жеткізе алмады. Себебі, оқушылар дәстүрлі сабаққа әбден бейімделіп, соның аясынан шыға алмай жатқанын көрдім. Сұрақтар қойылғанда бірден кірісіп жауап бере алмайды, себебі жауабым қате боладыма немесе мен дұрыс айта аламын алмаймынба? деп ойлауы. Егер дәстүрлі сабақта орын алса сөгіс есітетінін біледі, осы жағдайға дағдыланған оқушы өз ойын дұрыс айта алмады кейбір оқушылар. Екінші сабағымның оқушыларғада мағанда ұнаған тұсы интервью әдісі еді. Жаңа тақырып бойынша түсінік қалыптастырып болған соң, оқушыларға қазір бірінші топ интервью береді нағыз мамандар кейпіне енеді, қалған екі топ тілшілік рөлді атқарады және осы топтар арасында жалғасады деп айтқанымда. Менің Б деңгейлі оқушым апай теледидердағыдай сұрақ қоямыз ба? деп сұрады. Иә нағыз тілшілер қалай қояды деп сұрағанымда А деңгейлі оқушым ер бала болса мырза немесе тегін қосып айтсақта болады деп жауап берді. Мысалда келтіре алды ол Диас Алиханұлы немесе Диас мырза деп қойсақта болады деп құрдастарына түсіндірді. Мен өте тамаша қане бастаймыз дегенімде оқушылар өз рөлдеріне дәл ене алды, оған дәлел олардың іс-әрекеттері еді. Оқушылырымның яғни бүкіл сыныптың белсенділігі артып, өздерін тілшілік рөлін атқарғандағы қуанышында шек жоқ. Бұл жолы олар түсіріп тұрған бейнетаспаныда ұмытып кетті. Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе "пікір алмасу" барысында тең құқылы серіктестер болып табылады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 37-бет). Оқушыларымның белсенділігінің артқанын көріп, мен неге бұрын оқымағанмын осы үшінші деңгейдегі сындарлы оқыту теориясын деп өзіме өзім кері байланыс бердім. Осы сабақты оқушылар өзі өтті бұл әдістер мұалімгеде оқушығада өте тиімді екендігіне көз жеткіздім. Оқушылар алдыңғы сабақтарымдағы бағалау критерилеріне онша мән бермеген еді. Осы сабақта маған бағалау критерийлері туралы сұрақ қойып, Б деңгейлі оқушым апай мен қалай айтсам бес ала аламын деп сұрады. Маған Диас бағалау критерийлеріне сай емессын деп бес қоймай жатыр деп алдыма келді. Менің оған жеке түсіндіруіме тура келді, түсіндіргеннен кейін өзінің алған бағасының әділ екеніне көзі жетті. Бұл күнделікті қойылатын қалыптастырушы баға еді. Бағалау одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 52-бет). Менің үшінші сабағымдағы өзгеріс оқушылардың ДЖИГСО әдісіндегі рөлдерге бөлінуі оқушылар үшін жаңалық болды. Осы сыныпта А деңгейлі оқушы үшеу болатын мен олардың үшеуін үш топқа түсетіндей етіп жоспарладым, себебі талқылауда өз құрдастарына көшбасшылық жасап үйрете алады. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткен (Мұғалімдерге арналаған нұсқаулық 26-бет). Менің төртінші сабағымдағы өзгерс ыстық орындық оқушылар үшін жаңалық болды деп айта аламын. Себебін оқушылардың жауабына қарап айта аламын. Олар айтады апай бұрын сабақ өткенде ертесіне есімізде қалмайтын еді енді осы өткен төрт сабақты көп уақытқа дейін ұмытпайтын шығармыз деп кері байланыс берді. Осы кері байланыстан кейін, сабақтың нәтижелі өткеніне көз жеткіздім. Сегізінші тезис: қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 33-бет). Оқушылар алдын сыныпты мұғалімнің аймағы деп есептесе енді сынып оқушының аймағы екенін менің соңғы сабағымда жақсы түсінді себебі, іс-әрекетегі еркіндігі, ойларын ашық жеткізуі оған дәлел бола алады. Мен оқушыларға сұрақ қойған төмен дәрежелі сұрақтар қоятын едім, кейде проблемалық және логикалық енді сыни ойлай алатындай оқушыға жағдай жасаушымын. Сұрақ қоюдың маңыздылығын қарастыратын болсақ, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 38-бет). Оқушылардың маған кері байланыс беруі менің оларға оқуға жағдай жасауыма көмектесті, себебі олар апай өзгеріп қалыпсыз дегенді жиі айтты. Оқушыларға қатты ұнаған жаңалық өзін-өзі бағалауы болды. Басында мен үшінде жаңалық болған, себебі қалай оқушы өзін-өзі бағалайды олар өздеріне жоғары баға қояды ғой деп ойлайтын едім. Сындарлы оқыту теориясын жақсы меңгергеннен кейін, өзін-өзі бағалау және сыныптастарын бағалау тиімді екенін білдім. Қазір мен іс-әрекеттерді бақылаушы және қадағалаушымын. Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 53-бет). Бірінші сабақта барлық оқушылар өздеріне бес қойып риза болып отырды. Бағалау критерийлерін мен әр сабақта нақтылап түсіндірдім қайта-қайта. Жоғары бағалау менің үшінші сабағымда сейілді. Сонымен қатар оқушыларға қолдарындағы телефондарды пайдалануға сабақта тиімді қолданыңдар деген ұсынысымды оқушылар өте құптады. Мен сабақтарымда өзім ақпараттық-коммунткациялық технологияларды пайдаланып қоймай, оқушылардыда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын сауатты қолдануына назар аудардым. Мишра мен Кёлер егер жаңа технология оқуды жақсартуға ықпал ете алатын болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді қалай игерітінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 60-бет). Тізбектелген сабақтарымда ДЖИГСО «Серпілген сауал», «КЛИЛЛ», «Интервью», «сұрақ-жауап», адасқан сөздер, детальдерін қосу жаттығуы, Кубизм, Модеьдеу, зымыран сұрақтарына, ыстық орындық әдістерін пайдалану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығы артқандығын байқадым. Әр сабақта оқушылардың топтарын ауыстырып, оларды бірлескен жұмысқа дағдыландыра бастадым. Оқушылар алғашқы сабақтарда топпен жұмыс жасай алмай, топта талқылау өте аз болды, түсіндіру барысында ойларын ашық жеткізе алмауы, сол сбептен біраз кедергіге ұшырады. Кейінгі сабақтарда оқушылар бір-бірімен жақсы тіл табыса алатын болды және топтық жұмыстарды бірлесе орындап, өз араларында ынтымақтастық орната алды, себебі ортақ мақсатқа жету болды. Барнс (1971) сыныпта тіл қааншалықты қолданылсы, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінінайтады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 36-бет). Сонымен қатар оқушылардың сабаққа қызығушылықтары артып, сабақта оқу үлгерімі төмен оқушылардың өздері белсенділік таныта бастады. Топта жұмыс жасау барысында оқушылардың сан қилы қабілеттері дараланды. Мерсер оқушының іздене барысында, зерттеген жұмыстары тек білімін арттырып ғана қоймай, өзі іздеп тапқан материал есінен шықпайтынын, мәңгі сақталатынын айтқан. Мұғалім ретінде кәсіби өзгеру, яғни басқарушыдан бағыттаушы рөлін атқардым. Оқушыларды алған білімін өмірде қолдануға дағдыландырдым. Балалардың қабілеттерін ашу жолдарын анықтап, соған байланысты әрекет еттім. Әрбір сабақтың сәтті өтуіне оқушыларды ынталандырып отыру, және сабақ жоспарының құрылымының өзгеруі соныммен қатар, өз іс-тәжірибеме рефлексия жасап, талдау жасай аламын және уақытты тиімді пайдалана аламын. Өз іс-тәжірибемде оқушыларда төмендегідей өзгерістер орын алды. Бірлескен жұмыс жасау барысында мен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құрдым. Оқушылардың бірлесе білім алуын қамтамасыз етуде сыныпта қолайлы орта қалыптастырдым. Яғни оқушылардың арасында бір-біріне деген сенімділік, сыйластық, ұйымшылдық артты. Оқушы мен оқушының, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасты. Оқушылар дұрыс, нақты сөйлеуге үйренді. Оқушылар оқыту мен оқу барысында сандық технологияларды пайдалана алды. Оқушылар жан-жақты жұмыс жасау арқылы көптеген мәліметтер алды, сөйлеу мәдениеті дамыды. Оқушылардың тіл байлығы дамып, сөздік қоры молайды. Оқушылар топ мүшелерін тыңдауды үйренді. Бағдарламаның негізгі идеясын түсіне келе мен нәтижеде төмендегі мәселерді дамытамын: ДЖИГСО әдісіндегі рөлдерге бөліну арқылы талқылау менің сабағымда көп уақытты алды, себебі оқушылар талқылаудан бұрын өз рөлдеріне еніп әркім өз міндетін орындауға асықты, кейін талқылады бірақ өте аз болды баяндаушылар ғана постерді қорғап өз ойларын жеткізді бақылаушылар мен төрағалар өз ойларын жеткізуде бір-екі сөзбен ғана шектелді. Келешекте мен осы әдістегі осы жаттығуды дамытар едім. Барлығы бірігіп жұмыс жасауды өз ойларын ашық айтуды уақытты ұтымды пайдалануды рөлдерге енуді дағдалануды дамытар едім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет