Оқыту мен оқудың белсенді әдістерінің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы ықпалы Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»



Дата30.10.2019
өлшемі42,74 Kb.
#50777
Байланысты:
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЫҚПАЛЫ

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЫҚПАЛЫ

Оқыту мен оқудың белсенді әдістерінің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы ықпалы

 

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.Ұлт-тық жоспардың мақсаты – Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.

Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, білім беру жастардың сауатын ашып қана қоймай, оны әлеуметтік бейімделу кезінде пайдалануға үйретуі қажет.

Оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі олардың функционалдық сауаттылығы дамуының нәтижесін береді.

Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады.

Негізгі құзыреттіліктер кез келген адамның таңдаған мамандығына қабілеттіліктері мен біліктігіне, бәсекеге қабілетті орта жағдайында өзінің жеке өмірі мен кәсіби жұмысында нәтижеге жетуін түсінуіне мүмкіндік береді.

Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Осыған орай химия, биология,география сабақтарында ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамытуты ескере отырып әр түрлі тапсырмалар берілуі керек.

Сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды.

Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Функционалдық сауаттылық  дегеніміз – адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Жалпы функционалдық сауаттылықтың мазмұны:

Оқу және жазу сауаттылығы

 

 


Математикалық сауаттылық

 

Жаратылстану ғылымдарындағы    сауаттылық

 

Компьютерлік  сауаттылық




Функционалдық сауаттылыққа

кіреді

Отбасылық сауаттылық




Денсаулық  сауаттылығы

 

 

 



 

 


Заң сауаттылығы

 

 


БЕД – тер құзіреттілік негізі ретінде

 

 

 



 

Өмірлік дағдылары




БҰ бойынша БЕД




Функционалдық сауаттылық

ойлау дағдыла-                                               жалпы сипатта-

ның негізінде                                                    ғы дағдылары-

ның негізінде

 

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:



-белсенділік

-шығармашылық тұрғыда ойлау

-шешім қабылдай алу

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Пәндік білім, білік, дағдыларды меңгертудегі шығармашылық ұстаным сабақты шығармашылық үдеріс ретінде құруды мақсат етеді. Оқу үдерісінде жұптық, топтық жұмыс түрлеріне, біріккен шығармашылық тапсырмалар мен жобаларды орындауға үлкен мән берілді. Белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешу барысында оқушылардың өз тілек-емеуріндерін іске асыруға мүмкіндігі болады. Оқу үдерісінде оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білім, дағды, біліктерін жаңа жағдаятта қолдана алуына қажетті дағдылары дамытылады. Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуге ден қойылады.Ол үшін қазіргі таңдағы оқыту технологияларының әр түрлі әдіс – тәсілдерін пайдалану тиімді болып келеді: «Джиксо-ұжымдық оқыту» , «Дана үкілер» , «Ажурлы ара» , «Мозаика немесе Ара ұясы» әдіс – тәсілдері. Мақсаты: Жалпы мәселені жұпта, ұжымда талқылау. Бұл әдіс – тәсілдер мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды, өз бетінше ойлауға, ізденуге, нәтижеге жетуге дағдыланады. Сондай –ақ,  мұғалімді мектеп қызметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарасқа үйретеді.

Химия – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.
Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезiнде де адам әрекетi солармен бiрлiкте, байланыста беріледі. Заттар және олардың қасиеттері мен бір – біріне айналуы, химиялық элементтер мен олар туралы мағлұматтар,  химиялық формулалар, химиялық теңдеулер, оларды жүзеге асыру жолдары, химиялық элементтер олардың қосылыстарының алыну әдістері, қасиеттері, қолданылатын салалары, ауыл шаруашылығы мен халық шаруашылығы, тұрмыстағы, техникадағы, медицинадағы т.б. алатын негізгі орны, қолданылуы және олардың қоршаған ортаға экологиялық әсері туралы бiлiм, білік, дағдыларын  қалыптастыру мектепте «Химия» пәні арқылы жүзеге асырылады.

Сабақта әр бір өтілген мәтінді өмірмен байланыстырып отыру арқылы бүкіл табиғаттың, қоршаған ортаның сырын, өз туған өлкеңмен байланыстырып өту баланың қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді. Химияны оқытуда әр сабақ сайын тек қана теорияға негізделмей зертханалық және сарамандық (уақытында) жұмыстарды орындап отыру қажет. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, атомның құрылысына сәйкес элементтің қосылыстағы және жай заттағы қасиеті, органикалық заттарың құрылысы мен қасиеттері арасындағы өзара байланыстарды анықтау , есептер шешу, ұғым құру, қорытынды шығару, тұжырым жасау сияқты тапсырмаларды жүйелі түрде орындаудың  іске асырылуын ескеріп отыру керек. Химия  сабағында оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру қажет. Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміндегі формализми элементтерін жояды. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын – әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ойынды алданыш және жеңіл көңіл көтеру деп ойлайтындар химия сабағында мынадай әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады.



         Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 минут қана, оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.

          Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы:

 Ойлан, жұптас, пікірлес – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут)   қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.

       Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау) оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады

 Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан – жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.



        Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою – мәтіннің әр бөлігінен кейін оқушыларға бір – біріне немесе өзгеде оқушыларға белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілі. Мәтіннің бірінші бөлігі оқылып жатқанда А оқушы В-ға бірнеше сұрақ жазбаша дайындайды. Мәтін оқылып біткеннен кейін В оқушы жауап береді. Екінші бөлімнен кейін керісінше В оқушы А оқушыға сұрақ қояды. Үшінші бөлімнен кейін екеуі С және Д оқушыларға сұрақ қояды.

       Жеке тұлғаны анықтау  атты ойынның да тиімді жағы көп. Жүргізуші (мұғалім) химик ғалымдардың портреті жапсырылған беттерді таратады.Оқушылар ғалымның фамилясын, химия саласындағы өмірін, жаңалықтарын есімімен байланысты оқиғалар т.б еске түсіру керек.Талдау ұзақтығы 5 минут.

       «Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын  дамытуды қамтамасыз ететіндігі.

  • Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.

  • Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.

Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер: Ыстық орындық – Бір  оқушы  алға  шығып  өз  пікірін  айтып   және тақырып  бойынша  сұрақтарға  жауап  береді. Сұрақты  анағұрлым мазмұнды  қылу  үшін, оқушылар  белгілі бір  пікір бойынша  бірлесіп  алға  шығып  сөйлей  алады. Мысалы,  оқушылар  белгілі бір  рөлді  немесе  адамды   сомдай  алады (мысалы, Гордон Браун немесе   жалғыз  басты жас ана).

Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесее жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады. Кестенің сол жағына олар түсініктері боцынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар саулдар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады.

Алтын балық – барлық  сынып  алдында  өз  пікірін  білдіргені болмаса, қалған жағдайда «ыстық  орындық» сияқты. Олар алтын  балыққа  арналған  аквариумда  отырады, басқалары  оларға сұрақ  қойып,  түсініктеме беруді талап ете  алады және  т.б. Бұлардан өзге сабақтың бұл кезеңінде семантикалық карта, Венн диаграммасы, сөз жұмбақ, тәжірибе жасау, химиялық диктант т.б тәсілдерді пайдалануға болады.

Химия сабағында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады. Химия курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында оқушыларды айнала қоршаған ортаны танудағы химияның рөлін дұрыс түсінуге және алған білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруы қажет.


Мектеп химия курсын оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – химияның қолданбалы мүмкіндіктерін ашу. Математикалық, химиялық немесе географиялық ,т.б. мазмұнды есептерді шешу барысында оқушылар химиялық ұғымдар мен заңдылықтарды тереңірек түсініп,ұғынып,сонымен қатар кәсіби даярлықтың негіздерін меңгереді. Пәнаралық есептер деп – сыбайлас пәндердің білімдерін немесе есептерін келтіруді немесе пайдалануды қажет ететін есептерді немесе бір оқу пәнінің материалы негізінде құрастырылып, басқа пәндерде арнайы дидактикалық мақсатпен қолданылатын есептерді айтамыз. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда,оларды тәрбиелеуде,біліктері мен дағдыларының қалыптасуында, химияның практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор. Оқушылардың дүниетанымына әр оқу пәні өз үлесін қосып отырады. Соның ішінде химияны оқыту барысында сабақтас пәндерден және нақтылы өмірден оқушыларға түсінікті түрде келтірген деректер ғылыми білімдердің пайда болу негізін, қоршаған ортаның табиғат құбылыстарының танымалы жеке пәндердің химияның ұғымдары мен абстрактілі жағдайларын оңай сезіне біледі.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың  тетігі ретінде қолданылады. Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады.

Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек.

Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті боп саналады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы  кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.

Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық.
Функционалдық сауаттылық- білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары

Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға пайда келтіреді.

«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. Бұл Ұлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары. Жоспарда мақсат, міндеттер нақты қойылған, ағымдағы жағдайды талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңарту, оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту, мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, қосымша білім беруді дамыту, күтілетін нәтиже қажетті ресурс нақты көрсетілген. Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда .Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.Тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Америка ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарлз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзіреттілігін дамытуда маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Бұл жобаның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге қызығушылығы оянып, талдау жұмыстарын жүргізе білуге үйренеді. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса,сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа-сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ.

Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, әдіс, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу-іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интелектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігіне, жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей оқу-тәрбие үрдісінің басты күре тамырының рөлін атқарады. Былайша айтқанда,педагогикалық технология –оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50 –ден астам жаңа технология қолданады екен. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтейін:

1. Дамыта оқыту технологиясы: - күрделі құрылымды,біртұтас педагогикалық жүйе.Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында,мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде.Оқушы тұлғасын дамыту ,ол оның толық өзіндік қалыптасуының өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

2. Деңгейлеп оқыту технологиясы:- ерекшелігі- оқушылардың сабақ барысын да бірнеше жұмыс жасай алатындығында. Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең-оқулықтағы жаттығулар -өткен ережелер бойынша қайталау,пысықтау,бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалдарын меңгеруін қамтамасыз ету.

3. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы: -өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру,ойын тұжырымдау, қасындағы оқушымен пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айту ойын жеткізу.Сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін де тыңдау, сол пікірлерді салыстыру. Басқалармен жұмыс істеу сәтінде бірлесіп жұмыс істеу қасындағы досына құрметпен қарау, зер салып тыңдау, мәдениетті, батыл сөйлеуге , топпен ортақ тұжырымға келуге мүмкіндік алу.Оқушыларды қауымдасып жұмыс істеуге жетелейді оқушылардың қызығушылығын оятады.

Мен оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасынан жұмыс жасау арқылы алған білім негізінен дамыта отырып тәжірибеге енгізу жұмыс істеуге құштарлық туғызып білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадым.

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,ойлауға үйретеді.

Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің , іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін.Біздің міндетіміз-оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады,ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда,оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.

Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін төмендегідей кешенді жоспар жасалды. Олар: мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту барысында жасалатын іс-шаралардың мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелілігін негізге ала отырып дайындалған.

Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Осыған орай Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизімдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері (механизмдері) нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады. Олар:

• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);

• оқыту нысандары мен әдістері;

• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

• мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

• мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

• ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

Бұл тұрғыда да біз, алаш арыстарының бірі Ж.Аймауытовтың мына бір қағидасын басшылыққа алсақ, функциональдық сауаттылықтың төртінші механизмі жүзеге асқан болар еді. Ағартушы: « Балаға ең қымбат, ең жылы, жақын нәрсе – туған жері, туған жерінің құбылыстарын білу балаға өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды баланың санасында жандандырып, оларға баланың махаббатын арттырады, бала әлеумет тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады, бұрынғыдай мектептен шыққан соң, бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта білгенімен өмір жүзінде пайдаланатын болады.

Оқушының сыни ойлауын дамытуға бағытталған жаңа инновациялық «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасының да басты міндеттерінің бірі — ұстаздардың жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға бағытталған сабақ процесiн ұйымдастыра алуы, сабағын белсендi, оқушымен тең құқылы дәрежеде жүргiзуі, жобаның философиясын терең меңгерген ұстаздардың шәкiрттерiн өз пiкiрiн ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргiзетiн, рухани жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасауы болып табылады.

«БББ» кестесінің алғашқы екі кестесін, яғни «не білемін», «не білгім келедіні» оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.

Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 минут қана, оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.

Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді.

Ойлан, жұптас, пікірлес – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.

Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан – жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою – мәтіннің әр бөлігінен кейін оқушыларға бір – біріне немесе өзгеде оқушыларға белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілі.Мәтіннің бірінші бөлігі оқылып жатқанда А оқушы В-ға бірнеше сұрақ жазбаша дайындайды. Мәтін оқылып біткеннен кейін В оқушы жауап береді. Екінші бөлімнен кейін керісінше В оқушы А оқушыға сұрақ қояды. Үшінші бөлімнен кейін екеуі С және Д оқушыларға сұрақ қояды.

«Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.

• Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.

• Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.



Сонымен функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет