Оқыту техникалық құралдарының теориялык негiздерi



Pdf көрінісі
бет19/30
Дата05.06.2023
өлшемі1,87 Mb.
#178280
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
Техникалық оқытудың мазмұнын, формалары мен әдістерін анықтаудағы дидактикалық прринциптерінің маңызы (1)
реферат, bufernaya sistema chp 71, Оқыту әдістері., Doc1, Doc1
 
 


55 
3.4 Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. 
Сыныптыќ–сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі–оқушылардың дара 
ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды 
ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтант 
оқушылардың сыныптық–сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру 
және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілетттерін 
арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері 
қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік
қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, 
тәжірибелік зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмысары, 
олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады. 
Семинар
сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты 
негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау 
қабілеттерін дамыту, өзіндік шыармашылық белсенділіктерін шыңдау 
мақсатын көздейді. Тақырып сұрақрына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын 
дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты 
мењгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын 
бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт–бағдар беріп отыруға мүмкіндік 
туғызады. 
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар 
жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға 
қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, 
осындай 
жұмыстардың 
нәтижесінде 
семинар 
жұмысы 
оқытуды 
ұйымдастыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде. 
Экскурсия 
жұмысының мақсаты – оқушылардың сабақта алған 
теориялық оқу мтериалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан 
оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерде, әсіресе физика, 
химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл 
оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу 
материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді. 
Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат 
аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. 
нысаналар жатады. 
Оқыу процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру 
жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ 
оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз 
түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді. 
Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен 
мақсатын алдын ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы 
заттарды байқап, оларға бқылау жасайды. 


56 
Оқыту 
жұмысын 
ұйымдастырудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет