Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015


Физикалық экскурсияларды жоспарлау



бет39/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі

7.3. Физикалық экскурсияларды жоспарлау
Экскурсиялардың мазмұны политехникалық оқыту мәселелеріне толық жауап беруі үшін және физика курсын оқып үйренумен тығыз байланыста болуы үшін экскурсияны өткізудің айқын жүйесі керек. Бұл оларды жоспарлаумен іске асырылады. Осы мақсатпен бірнеше жылға, оқыту кезінде мектепте оқушылар өнеркәсіптің және ауыл шаруашылық техникасының басты салаларымен таныса алатындай етіп, экскурсияларды өткізудің жалпы мектептік жоспарын кұру пайдалы. Бұл жерде бір-біріне жақын пәндердің мұғалімдері бірігіп кешенді экскурсияларды жоспарлағаны жөн. Экскурсияларды жоспарлағанда ең алдымен мектеп ауданына жақын орналасқан өндірістік базаны бағдарлаған жөн. Экскурсияны мектептен алыс объектілерде өткізуге де болады. Мәселен, қала мектептерінің оқушыларын жақын орналасқан аудандарға экскурсияға апарған жөн; ауыл мектептерінің оқушыларын — өнеркәсіп орындарына алдымен ең жақын, мысалы электр станциясы мен машина жасайтын заводқа экскурсияға апарған жөн.
Әдетте, мектептің өндірістік айналасының өзгеру шамасына карай, сондай-ақ оку жоспарларының және бағдарламалардың өзгеруіне қарай экскурсияларды өткізу жоспарына қолда бар мүмкіндіктерді неғұрлым дұрыс пайдалануға болатындай түзету енгізу керек.
Физика мұғалімі экскурсиялардың жалпы мектептік жоспарын негізге алып, оларды өз жұмысының күнтізбелік–такырыптық жоспарына енгізе отырып, бір жылға экскурсиялар жоспарын кұрады.
7.4. Экскурсияларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі
Экскурсиянын табысты болуы көбінесе оны ұйымдастырудың қаншалықты дұрыс ойластырылуымен анықталады. Мұғалім әрбір экскурсияны өткізу алдында объектіні мұқият зерттейді, экскурсия тақырыбы бойынша арнайы әдебиетпен танысады, өндірістің сүлбесін құрады. Бұл экскурсияның мақсаты мен міндетін дәлдей түсуге, оның мазмұнын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
Экскурсиялық объектімен танысқаннан кейін экскурсияның екжей-текжейлі жоспарын құру қажет. Жоспарда экскурсияның мақсатын, экскурсияның объектісін жүйелі көріп шығу, экскурсияның басты мәселелері, экскурсия алдындағы оқушылармен әңгіменің мазмұны және осы әңгімеде көрнекілікті қамтамасыз ету, оқушыларға тапсырмалар (жалпы, топтық, жеке), экскурсия материалын келесі жұмыста пайдалану, осының бәрін алдын ала ескерген жөн. Бір мезгілде объектіні қанша оқушы көре алатынын дер кезінде айқындаудың маңызы зор. Осыған байланысты мұғалім сыныпты экскурсияға бір мезгілде тұтасымен апару керек пе, топқа бөлу керек пе, шешіп алуы қажет, мәселен, егер экскурсияны завод цехында немесе зертханада өткізсе, сыныпты екі топқа бөлген дұрыс. Экскурсияны құрылыс алаңына немесе табиғатта өткізетін болса, сыныпты бөлмеуге болады.
Экскурсия кезінде түсінікті мұғалім бере ме немесе өндіріс өкілі бере ме, бұл мәселенің де маңызы аз емес. Егер мұғалім экскурсия өткізілетін обьектіні жақсы білсе, онда бәрінен де түсінікті өзі бергені дұрыс.
Бұл оқушылардың ең алдымен, қарастырылуға тиіс объектілерге зейін тоқтатуына, ең бастысына тоқталуға, керексіз тәптіштеуден аулақ болуға мүмкіндік береді. Алайда қауіпсіздік техникасы бойынша және басқа да себептермен бұл әрқашан бола бермейді. Мұндай жағдайларда физика мұғалімі экскурсия жетекшісіне экскурсияны өткізу тәртібі жөнінде қажетті әдістемелік кеңестер береді және экскурсия уақытында оның өткізілу тәртібін бақылап, оқушыларды дұрыс орналастыруға көмектеседі, олардың жұмыстарын қадағалайды. Егер қажет болса және бөлуге болса, онда оқушыларды екі топқа бөледі, оның бірін — экскурсовод, ал екіншісін мұғалім алып жүреді.
Экскурсияларды өндіріс орындарында өткізгенде обьектілерді қарап шықпас бұрын макеттерді, кестелерді, таблицаларды пайдалана отырып, оқушыларды технологиялық процестің жалпы сүлбесімен таныстырғаны жөн болар еді.
Экскурсия жоспарын жасай отырып, мұғалім сынып оқушыларына мөлшерлі ғана уақыт - 45—60 минут бөлінетінін есте ұстауы тиіс. Экскурсияның көпке созылуы оқушыларды қажытады, олардың обьектіні көруге және экскурсоводтың түсін-дірмесіне ықыласы мен зейіні төмендейді. Нәтижесінде экскурсияның әсерлілігі бәсеңдейді. Экскурсия уақытын үлкен интенсивтілікпен пайдаланған жөн, бірақ экскурсияда қашан да материалдың тым артық болу қаупі болатынын ұмытпау керек. Сондықтан экскурсия «бәрін қамтитын» сипатта болмауға тиіс. Егер оқушылар обьектіден толып жатқан дұрыс түсінбеген бейнелер мен шым-шытырық әсерлерден гөрі, бір-екі мәселені жақсы зерттеп білсе, соның өзі жақсы.
Мұғалімнің міндеті — педагогикалық тұрғыдан үлкен көңіл қоюға тұратын объектілерді шебер таңдай білу, бұл обьектілердің мысалы арқылы физикалық заңдар мен құбылыстардың қолданылуын көрсету.
Оқушылардың экскурсияға дайындалуы. Экскурсияға оқушылардың сәйкес түрде дайын болуы қажет. Экскурсияның алдындағы сабақта оқушыларға экскурсияның мақсатын айтып, экскурсияның обьектісі жайлы жалпы деректер беруі керек. Оқушылардың қабылдауы нысаналы болу үшін, олардың алдына көптеген мәселелерді қояды, бұларға жауапты оқушылар экскурсия кезінде алуы тиіс. Оқушылардын экскурсияға қызығушылығын арттыру үшін, олардыц өзіндік инициативасының дамуына ықпал ету үшін, оқушыларға кейбір обьектілерді зерттеп білу үшін, есептерді құрастыруға, коллекциялық материалды жинастыруға жеке дара және топтық тапсырмалар ұсынуға болады. Оқушыларды экскурсияға дайындау процесінде, сондай-ақ оларды экскурсия уақытында ілесіп жүру жолындағы тәртіп ережелерімен таныстыру қажет.
Экскурсияны экскурсоводтын кіріспе әңгімесінен бастаған жөн болар еді. Мұнда мына мәселелер қаралуға тиіс: өндірістің ерекшелігі (немесе зертхананың), оның шығаратын өнімі және оның халық шаруашылығындағы маңызы; экскурсиялық объектінің технологиялық процестері негізінде жатқан физикалық заңдар мен құбылыстар; технологиялық процестердің мәні; өндірістің жалпы сүлбесі; экскурсия уақытында оқып үйренуге жобаланған технологиялық процестерді орындаудағы бір ізділік; неғұрлым маңызды машиналар мен механизмдердің құрылысы мен жұмыс істеу принципі өнертапқыштар, өндірістің алдыңғы қатарлы адамдары туралы жалпы мәліметтер; сол өндірістегі қауіпсіздік техникасының талаптары.
Оқушылар экскурсия уақытында көңіл қойып бақылауы, тыңдауы, кескіндер салуы, қажетті мәліметтерді жазып алуы тиіс. Объектіні қарап болған соң экскурсия барысында оқушыларда туындаған сұрақтарды түсіндіру, алған әсерін жалпылау қажет. Сондай-ақ экскурсияны жоспарлағанда жеке және топтық тапсырмаларды орындау үшін оқушыларға қажетті уақытты алдын ала ескеру керек.
Экскурсияның қорытындысын шығару. Экскурсияда оқушылардың естіген – көргенінің бәрін дәлелдеп белгілі бір жүйеге келтіру үшін, келесі сабақта қорытынды әңгіме өткізген жөн. Қорытынды әңгіменің максаттарының бірі - экскурсияның алдындағы мектеп оқушыларына тапсырылған тапсырмаларды орындағанын тексеру.
Экскурсия қорытындысын шығаруға арналған сабақтар, әр-бір иллюстративті – шолу және кешенді экскурсия үшін күнтізбелік үлгі– жоспарда алдын ала ескерілген болуы тиіс. Олар түрліше құрылуы мүмкін. Дегенмен, алдымен әдетте жалпы оқушылар барлық сыныпқа қойылған сұрақтардың жауаптарына қалай дайындалғанын айқындайды. Одан кейін жеке және топтық тапсырмалардың орындалуы жөніндегі есеп беру оқушылар экскурсияда танысқан құралдардың, машиналардың, механизмдердің құрылысы және қызмет принциптері туралы ауызша айту түрінде өткізіледі, сондай – ақ орындалған өлшеулер мен есептеулер, мысалы экскаватордың шынжыр табанының тіреу ауданын және оның топыраққа түсіретін қысымын өлшеу нәтижелерінде де осылай. Коллекциялық материал тапсырылуы мүмкін. Егер тапсырмалардың мазмұны орындалған өлшеулердің нәтижесі бойынша есептер құрастыру болса, онда оқушыларға өздері, құрастырған есептерінің мәтінің оқып беруді ұсынған жөн. Шығаруын басқа оқушыларға береді. Есептердің мазмұнын және олардың шешуін барлық сынып болып талқылаған пайдалы. Әңгіменің аяғында мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап береді және қорытынды жасайды.
Қейбір мұғалімдер экскурсияның қорытындысын шығаруға арналған сабақты окушылардың сұрақтарына жауаптар беруден бастайды. Алайда бұл ылғи жөн деуге болмайды, өйткені сынып негізгі мәселелерді айқындаудан ауытқып кетеді. Педагогикалық тұрғыдан бұған оқушылар мұғалімнің оларға қойылған сұрақтарға берген жауаптарынан кейін уақыттың біраз бөлігін арнаған жөн. Бұл жағдайда сабақтың құрылымы мынадай болады; барлық сыныпқа жалпы қойылған сұрақтар бойынша әңгіме, мұғалімнің оқушылардың қойған сұрақтарына жауаптары, жеке және топтық тапсырмаларды орындалуы жөніндегі есеп беру, мұғалімнің қорытындылауы.
Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,6,7]
Қосымша әдебиеттер: [17,18,19,22,24]
Тақырып 8. Физика сабақтарында сынып тақтасына салынатын схемалар. Физиканы оқытудағы техникалық оқу құралдар. Физика бойынша факультативтік курстар. Физика бойынша өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен әдістері.
8.1 Физика сабақтарында сынып тақтасына салынатын схемалар және көрнекі материалдар.
8.2. Физиканы оқытудағы техникалық оқу құралдар.
8.3. Физика бойынша факультативтік курстар.
8.4. Физика бойынша өтілетің сыныптан тыс жұмыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет