Заттың күйлері- газ тәрізді, сұйық және қатты түрлері.
Температура- дененің (заттың) жылулық күйінің сипаты. Ол зат молекулаларының (атомдарының) бей-берекет қозғалыстарының жылдамдығына тәуелді.
тараудың ең маңызды мәселелері.
Механикалық қозғалыс- дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі.
Материялық нүкте- қозғалыстың қарастылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын дене.
Қозғалыс траекториясы- дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі.
Орын ауыстыру- қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді.
Бірқалыпты қозғалыс- дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүреді.
Бірқалыпты емес қозғалыс- дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүреді.
Жылдамдық- берілген уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақыт аралығына қатынасы:
Жылдамдық=орын ауыстыру/уақыт, .
Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің қозғалыс заңы: .
Инерция құбылысы:кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды.
тараудың ең маңызды мәселелері
Денелердің бір-біріне ықпалы өзара әрекеттесу болып табылады.
Масса- денелердің өзара әрекеттесуі кезінде жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама.
Зат тығыздығы- сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама:.