Оќыту єдістерін тиімді ќолдану арќылы мектепте- математикалыќ білім беру



бет1/5
Дата25.12.2016
өлшемі0,69 Mb.
#5047
  1   2   3   4   5
Оќыту єдістерін тиімді ќолдану арќылы мектепте- математикалыќ білім беру.

ÌÀÇ̵ÍÛ

Êiðiñïå
I-á¼ëiì. Ïåäàãîãèêà ¹ûëûìûíäà îºûòó ¸äiñòåðiíi» ºàðàñòûðûëó æàéû.


    1. ''κûòó ¸äiñi'' ½¹ûìûíû» ì¸í-ìà¹ûíàñû




    1. κûòó ¸äiñòåðií òîïòàìàëàó æ¸íå îëàðäû» ñèïàòòàìàñû


II-á¼ëiì. Ìàòåìàòèêàíû îºûòó áàðûñûíäà îºûòó ¸äiñòåðií ¾éëåñiìäi ºîëäàíó æîëäàðû.
2.1. κûòó ¸äiñòåðiíi» ¾éëåñiìäiëiãi æ¸íå îíû» êðèòåðèéëåði
2.2. Мектеп ìàòåìàòèêàñûí îºûòó áàðûñûíäà îºûòó ¸äiñòåðií ¾éëåñiìäi ºîëäàíóäû» ò¸æiðèáåñi
²îðûòûíäû
Ïàéäàëàíûë¹àí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.

Қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру салаларындағы гуманитарландыру мен демократияландыру процестері, ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуды қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр. “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу обьектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субьектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субьект ретінде көрінуімен бедерленеді”- делінген Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында. Міне, мынадай мақсатқа жету - білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс- тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді.

Ұлы ғалым-педагогтар (Әл-Фараби, Я.А.Коменский, И.Г. Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, И.Герберт, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин т.б) оқыту әдістері арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттері мен дербестігін дамытуға баса назар аударғаны тегін емес.

Жалпы оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес қосқандар да баршылық. 20-жылдары Ресейлік Б.Е.Райков, К.И.Ягодовский, М.М.Пистрак оқытудың түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін ұсынды. 30-жылдары Ресейлік М.М.Пистрак, П.Н.Щимбириев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа әдістерін: әңгіме, әңгімелесу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмысты ұсынды. 50-жылдары Д.О.Лордкипанидзе әдістерді топтастырып үш түрін берді: сөздік, кітаппен жұмыс, оқыту-практикалық. 60-жылдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін енгізді: сөздік, көрнекілік, практикалық. И.А.Данилов пен Б.П.Есипов әдістер классификациясын (жіктеп-топтау) жасағанда оқыту процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алды: жаңа білімді меңгеру, білікті, дағдыны қалыптастыру, білімді қолдану, бекіту, шығармашылық іс-әрекетін дамыту. Дидактикаға оның ішінде оқыту әдістеріне үлес қосқандар: С.Т.Шацкий, Н.А.Менчинская, В.В.Краевский, М.И.Паламарчук, С.Г.Шаповаленко, А.Н.Леонтьев, Г.И.Щукина, И.Д.Зверев, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, И.Ф.Харламов, Р.Г.Лемберг, Н.А.Сорокин т.б.

Ал Қазақстанда оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты Р.Г.Лемберг, Т.С.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев және тағы басқалардың еңбектерін атауға болады.

Дидактикалық түрде негізделген оқыту әдістері танымдық қатынастың жолдары арқылы күнделікті танымдық әдістер мен ғылыми танымдық әдістерді байланыстыру арқылы іске асады. 1997-98 оқу жылынан бастап мектептер оқытудың жаңа мазмұнына көше бастады. Осыған орай жалпы мекткпте берілетін білімнің тұжырымдамасы, мемлекеттік стандарты, жаңа типтік оқу жоспары мен бағдарламалары жасалды. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру стандартында көрсетілгендей білімнің мазмұны өзгерумен бірге әр пән бойынша білім мазмұнын оқытудың әдістемесі де түбегейлі өзгеріп отыр. Мектеп тәжірибесінен енгізіліп отырған төл оқулықтардың жаңа толқынында дамыта оқыту технологиясының мүмкін бір нұсқасы берілген. Сол себептен жаңа материалды түсіндіру кезеңдерінде қолданылатын әр алуан әдістерді де жетілдіру қажеттігі байқалады.



Дегенмен оқыту әдістерінің қолайлы етіп таңдаудың теориялық қағидалары мен тәжірибесінде бірізділіктің болмауы байқалуда. Осыдан келіп оқыту әдістерін тиімді қолданудың теориясы мен тәжірибесі арасындағы қарама-қайшылық орын алуда. Осы қарама-қайшылықты шешу мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: ” Оќыту єдістерін тиімді ќолдану арќылы мектепте математикалыќ білім беру. ” деп алдық.

Зерттеудің мақсаты:

Математикалық ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерінің мазмұны мен мән-мағынасына орай оқыту әдістерін тиімді қолданудың жолдарын айқындау.



Зерттеудің міндеттері:

  1. Оқыту әдістерін саралау және олардың ерекшеліктері мен мәнді белгілерін айқындау мәселесіне шолу жасау.

  2. Ұғымдарды және іс-әрекет тәсілдерін оқытып үйретуде қолданылатын әдістерді іріктеу.

  3. Математиканы оқыту барысында әдістерді үйлесімді қолданудың критерийлерін жасау.

  4. Математиканы оқыту барысында әдістерді үйлесімді қолданудың әдістемесін сынақтан өткізу және оның нәтижелері.

Ғылыми болжамы: оқу материалының түрі мен мазмұнына және оқыту әдістерінің үйлесімділігі критерийлеріне орай іріктелген олардың түрлерін қолдану білім, білік және дағдылардың сапасын арттырады, өйткені осылай болғанда ғана оқу-танымдық процесті ұйымдастыру барысында мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің тиімділігі артады.

Зерттеу обьектісі - Мектептегі математиканы оқыту

процесі.


Зерттеу пәні – Ортта мектеп математикасын оқыту барысында оқыту әдістерін үйлесімді қолдану.

Зерттеу әдістері:

  • Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге шолу;

  • оқулықтар, бағдарламалар, білім мемлекеттік стандартты талдау;

  • байқау, бақылау, оқыту әдістерін салыстырмалы талдау;

  • тәжірибе және оның нәтижелерін қорытындылау.

Зерттеу жұмысының базасы:

Сонымен, біздің зерттеу жұмысымыз: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, міндеттері, обьектісі, пәні, зерттеу әдістері айқындалды.

Бірінші тарауда педагогика ғылымында оқыту әдістерінің зерттелуі, қалыптасуы және оларды топтастыру мәселелері, сонымен бірге оқыту әдістеріне жалпы сипаттама жасалған.

Екінші тарауда математиканы оқыту барысында оқыту әдістерін үйлесімді қолданудың жолдары және оның критерийлері көрсетілген және орта білім беретін мектеп математикасын оқыту барысында оқыту әдістерін үйлесімді қолданудың озат педагогикалық тәжірибесі мен өз тәжірибем мысалдар арқылы көрсетiлген.

Қорытындыда орта мекткпте математикалық білім берудің өзіндік ерекшелігін және математика пәнінің табиғаты, өзіндік орны мен мақсатына сәйкес, осы пән бойынша орта сыныптың сабақтарында “түсіндіру,” “түсіндірме,” “әңгіме,” “әңгімелесу,” “проблемалы баяндау,” “ішінара іздену немесе эвристикалық әңгімелеу” сияқты әдіс түрлері қолданылып келе жатқаны тұжырымдалады.

І-бөлім. Педагогика ғылымында оқыту әдістерінің қарастырылу жайы.

    1. Оқыту әдісі” ұғымының мән-мағынасы.

Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді творчестволықпен жүзеге асыруына байланысты. Оқыту әдісі ақыл-ой, санаға байланысты. Онсыз ешқандай оқыту әдісі жоқ. Осыған орай индукциялық (жалқыдан-жалпыға), дедукциялық (жалпыдан-жалқыға) әдістердің орны бөлек. Бұл жерде анализ (талдау), синтез (жинақтау), салыстыру, дифференцация, интеграция арқылы оқыту білімінің мазмұнын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

Оқыту әдісі арқылы білім алу қоршаған ортаға, әлеуметке, табиғатқа байланысты. Ал табиғатты, қоршаған ортаны, әлеуметті қарым-қатынас арқылы білеміз. Сонымен педагогикалық оқыту әдістеріне нәр беретіндер немесе табиғи негіздер: ғылыми таным, күнделікті таным, ақпарат алмасу болып табылады. Осылар баланы, ұстазды ойға жетектейді, оқыту әдістерін пайдалануға, қоршаған ортаны, әлеуметті, табиғатты зерттеуге итермелейді. Шәкірт ұстаз берген білімді күнделікті өмірдегі таным арқылы қабылдайды: табиғатты, өмірді бақылау, мақал-мәтелдің, күнделікті тәжірибе, кемшіліктер мен жетістіктер, соқыр сезім, болжау т. б. Мұндай таным балаға жақын. Бала өмірін танымның осы түрінен бастайды.

Ғылыми таным арқылы баланы оқыту әдістері өте күрделі. Мұнда да бақылау, ақпарат, талдау, болжау, алдыңғы қатарлы тәжірибені жинақтау т. б әдістер қолданылады. Бірақ бұл ғылыми тұрғыда. Ақпарат алмасу, пікір-сайыс, пікір-талас, қарым-қатынаста ұстаз баланың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты ғылыми таным мен күнделікті танымнан пайда болған ой-санасын сараптап жүйеге түсіреді. Осының нәтижесінде ұстаз бен шәкірттің оқыту, оқу қарым-қатынасы пайда болып, оқыту әдістері айқындалады.

Дидактикалық түрде негізделген оқыту әдістері танымдық қатынастың жолдары арқылы күнделікті танымдық әдістер мен ғылыми танымдық әдістерді байланыстыру арқылы іске асады. Жаңашыл ұстаздар осы тұрғыда жұмыс істейді. Мысалы, С.Н.Лысенкова: ”Оқушының таным процесінде оған көмектесу керек, сонда ғана оқушы ары қарай білімді игеруге мүмкіндік алады,” - дейді.

Волков И.П. еңбек сабағында пәнаралық байланысты ұтымды пайдаланып, теория мен тәжірибені ұштастырады. Шаталов В.Ф. оқытуды ірі блоктар арқылы іске асырып, тірек сигналын пайдаланады. Жаңашыл ұстаздар күнделікті таным процесінен ғылыми таным процесіне немесе ғылыми таным процесінен күнделікті таным процесіне ауысып оқушыларды үйретудің тиімді жолдарын іздестіреді, яғни индуктивті-дедуктивті, дедуктивті-индуктивті әдістерді пайдаланады.

Дегенмен оқыту әдістерінің өзінше қолайлы етіп таңдаудың теориялық қағидалары, іске асыру жолдары бар. Олар:



  • әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі;

  • әр әдістің педагогикалық, психологиялық тиімділігі, атқаратын қызметі. Мысалы, әңгіме әдісін баланың сана-сезімін қалыптастыруға қолдансақ, түсіндіру әдісін баланың логикасын, ал прблемалық ситуацияны баланың ой-өрісін дамытуға қолданамыз.

  • әдістің ұстаз бен шәкірт қызметтестігін ұйымдастыруға бағыттылығы: қарым-қатынас, іс-әрекет, оқып-үйрену, үйрету.

  • әдістің оқушылардың жас және дербес ерекшелігіне сәйкестігі: сөйлеу, ойлау, өмір тәжірибесі, эмоционалдық дамуы, ес, қабілет т.б

  • әдістің ұстаздың жалпы мәдениетіне, қабілетіне, дайындығына, білімділігіне, шығармашылық және әдістемелік деңгейіне, жеке басының қасиетіне байланысты.

  • әдістің оқытудың түріне байланысты. Мысалы, лабораториялық сабақтарда нұсқау, тапсырма, кеңес беріп, тексеріп қорытындылауға болады.

  • әдістердің өзара байланысында. Мысалы, лекцияда әңгіме, иллюстрация, демонстрация әдістері қолданылады.

Оқыту әдістерінің нәтижелі қолданылуы ұстаздың шығармашылығына, шәкірттердің білімге деген құштарлығына байланысты. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі ұстаз бен шәкірт қызметтестігінен туындап, шәкіртке білім-тәрбие береді. Оқыту әдістері мен оларға білім беруді ұйымдастырып дүниетанымын қалыптастырады.

Жалпы оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес қосқандар да баршылық. 20-жылдары Ресейлік Б.Е.Райков, К.И.Ягодовский, М.М.Пистрак оқытудың түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін ұсынды. 30-жылдары Ресейлік М.М.Пистрак, И.Н.Щимбириев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа әдістерін: әңгіме, әңгімелесу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмысты ұсынды. 50-жылдары Д.О.Лордкипанидзе әдістерді топтастырып үш түрін берді: сөздік, кітаппен жұмыс, оқыту-практикалық. 60-жылдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін енгізді: сөздік, көрнекілік, практикалық. И.А.Данилов пен Б.П.Есипов әдістер классификациясын (жіктеп-топтау) жасағанда оқыту процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алды: жаңа білімді меңгеру, білікті, дағдыны қалыптастыру, білімді қолдану, бекіту, шығармашылық іс-әрекетін дамыту. Дидактикаға оның ішінде оқыту әдістеріне үлес қосқандар: С.Т.Шацкий, Н.А.Менчинская, В.В.Краевский, М.И.Махмутов, А.Н.Алексюк, В.Ф.Паламарчук, В.И.Паламарчук, С.Г.Шаповаленко, А.Н.Леонтьев, Г.И.Щукина, И.Д.Зверев, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, И.Ф.Харламов, Р.Г.Лемберг, Н.А.Сорокин т.б.

Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлімінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Оқыту әдістері бүгінгі күні көп өзгерістерге ұшырап отыр. Олар: ”Оқыту әдістері дегеніміз - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, соның арқасында білім, білік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдығы мен қабілеттілігі артады.” (Педагогикалық энциклопедия. М, 1965 ж).

“Оқыту әдістері деген - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.”(Г.И.Щукина).

“Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет арқылы білім алуы.”(И.Д.Зверев).

“Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.”(Ю.К.Бабанский).

“Оқыту әдістері дегеніміз - баланың танымдық қызметін ұйымдастыру барысында ұстаз шәкіртпен, шәкірт шәкіртпен, шәкірт қоршаған ортамен байланыста бола тұрып, оның ақыл-ойын, бар мүмкіншілігін дамыту, жетілдіру.”(Лихачев Б.Т).

“Оқыту әдістері - ұстаз шәкірттің оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру арқылы әр түрлі дидактикалық мәселелерді шешіп балаға қажетті білімді игерту, жетілдіру, дамыту.”(Харламов И.Ф).

Дегенмен осындай анықтамалардың көптігіне қарамастан олардың арасында принциптік қарама-қайшылық жоқ. Бәрінің негізінде оқу, оқыту процесінде ұстаз бен шәкірттің қарым қатынасы және сонда қолданылатын әдіс, тәсіл, іс-әрекеттер жатыр. Сонымен оқыту әдісі шәкірттердің білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған шәкірт пен ұстаз арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттін субьекті-субьектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталды.

Оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек? Балалар білімді, біліктер мен дағдыларды игере алуы үшін олардың белсенді танымдық қызметін қалай ояту керек? Бұл мәселелерді мұғалім сабаққа даярланғанда күн сайын шешуіне тура келеді. Бұлардың бәрі қалай болған күнде де оқытудың мейлінше тиімді әдістерін içäåñòiðóãå байланысты болады. Оқыту әдістері деп нені түсіну қабылданған? Оқыту әдістері ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әртүрлі көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән не мағыналық, не қолдану ерекшелігі бар сөздер. Құрал - дидактикада дербес терминологиялық мәні бар сөз. Мысалы, дидактикада қолданатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері (оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі құралдар т.б.).

Оқыту әдісі дегеніміз - гректің “методос” айтып беру деген сөзінен туындаған. Ол оқушы мен оқытушының сабақтағы жұмыс тәсілі дегенді білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда: ”Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, білікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүние танымы қалыптасады, қабілеттер дамиды”- жазылған.

Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған, өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері. Сонымен, оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

“Оқыту әдісі “ және “Әдістемелік тәсіл” ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды бөлімдері). Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б. “Әдіс” пен “тәсілдің” шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:

1.Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.

2. Оқушылар зерттеу негізінде суреттер мен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.

3. Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдістерінде қолданылады.

4. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады. Әдіс және тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәндерді оқытқанда қолданылады. Мысалы, тарих сабақтарында хронологиялық әдіс, арифметикада бүтін (тұтас) сандар әдісі, химияда және физикада лабораториялық, практикалық жұмыстар қолданылады.

Оқыту әдістері мен тәсілдері жайындағы зерттеу мәліметтері мұғалімдер арасында әлі де бірыңғай түсініктердің жоқтығын көрсетті. Әдіс және тәсіл туралы сіздің түсінігіңіз қалай деген сұраққа жауап берген мұғалімдердің 40 проценті әдіс, әдістемелік тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп түсіндіреді. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы кейбір мұғалімдердің педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктерінен таныс емес екені байқалады. Сондықтан мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде бұл проблемаларға ерекше көңіл аударылуы қажет. Оқытудың нәтижесі әдістерге тәуелді болады. Әдістер мұғалім іс-әрекетінің жасампаздығын, тиімділігін, оқу материалының игерілуін және оқушының қоғамдық мәні сапаларының қалыптасуын анықтайды. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың, әсіресе алты жасарлардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, әсемдікке көзқарасын және денесінің даму міндеттерін жүзеге асыру оқыту әдістеріне тәуелді болады.

Оқыту әдісі - оқу материалын хабарлау және балалардың оны игеруіне бағытталған іс-әрекет тәсілі. Бұл - оқыту әдістерінің бір жағы ғана. Дегенмен оқушылардың танымдық іс-әрекеті күрделі және диалектикалық қарама-қайшылықты болады. Мұғалімнің танымдық іс-әрекеттерінің тәсілдері оқушылардың өздігінен ойлау іс-әрекеттерінің сипатын анықтамайды. Мұғалімнің ұсынатын таным жолы оқушылардың соған лайықты танымдық іс-әрекетінің нақты бағыттары мен жағдайларын жасайды. Балалардың оқу материалын игеру тәсілдері мен оқыту тәсілдері тепе-теңдікте бола бермейді. Сондықтан да оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдері де сипатталады. Олар оқыту тәсілдеріне тәуелді және солар арқылы анықталады, бірақ олрдан бөлек болады. Сондықтан педагогикада оқыту әдістері жөнінде айтқанда ол оқу міндетін шешуге бағытталған тәсілдер, мұғалім жұмысының тәсілдері және оқушылардың танымдық іс-әрекетінің тәсілдері ретінде айтылады.

Оқыту әдістері білім беру мақсаттары мен мазмұнына тәуелді болады. Оқыту әдістері оқу пәнінің мазмұнында айқындалған ғылыми ойдың логикасына тәуелді жағдайда болады. Оқыту әдістерінің психологиялық негіздемелері бар. Жасынан қарай білімді игеру мен оқушының қоғамдық мәнінің даму мүмкіндігін оқыту мен оқу тәсілдеріне елеулі ықпал жасайды. Оқушылардың ойлау іс-әрекеті мен олардың қоғамдық мәндерінің қасиеттерін терең түсіну оқытудың тиімдірек тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.

Оқыту әдістері дамып келе жатқан организмнің анатомиялық, физиологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне тәуелді. Оқушылардың таным іс-әрекетін ұйымдастыру процесінде олардың жасына сай биологиялық дамуын есепке алған жөн. Себебі бұған жұмыс істеу қабілетін, шаршауы, жасампаздық күйі, денсаулығы, мектептегі гигиеналық жағдай сияқты оқыту компоненттері тәуелді болады. Оқыту әдістері педагогикалық теориядан туындауы керек. Бірақ оқыту әдістері пратикада пайдаланылмаса, практикадан тыс қалса, өз мәнін жояды. Практиканың бағыттылығы оқыту әдістерінің қажетті, елеулі жағы. Оқыту әдістерінде педагогикалық теория терең және ғылыми болса, соғұрлым оқыту әдістері тиімді болады.

Оқыту әдістеріне оқыту мен оқудың қалыптасқан дәстүрлі елеулі ықпал жасайды. Педагогика ғылымы мектеп пен мұғалімдер жұмысының озат тәжірибесін жинақтайды, дәстүрлі оқытудың ғылыми негіздерін ашады, тиімдірек әдістерді жасампаздықпен ізденуде көмектеседі. Оқыту әдістеріндегі басты нәрсе оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын жүзеге асыру. Өзінің құрылымы жағынан әдіс танымдық оқу іс-әрекетінің табиғатын, әлеуметтік, психологиялық, анатомиялық және физиологиялық, санитарлық-гигиеналық және басқа да өзара байланысты жақтарының жиынын көрсетеді. Танымдық оқу іс-әрекетінің бұл жақтары оқу міндетіне, материалдың мазмұнына, мұғалімнің даярлығына, қалыптасқан оқыту дәстүрлеріне, оқу процесінің педагогикалық және методикалық негіздемесіне тәуелді оқыту әдістерінде әр түрлі берілген.

Оқыту әдісінің педагогикалық мазмұны әдістің құрылымына енетін компоненттер мен барлық жақтардың диалектикалық бірлігін беру және сақтау болып табылады. Әдіс өзінің құрылымына енетін әрбір компоненттің оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын жүзеге асырудағы орны, мәні және мүмкіндігі анықталғанда ғана, шын мәнінде, педагогикалық болады. Мұндай бірлікті оқытудың мәні, принциптері мен әдістерінің өзара байланысы қамтамасыз етеді.

Оқыту процесінде оқушылар мен қарым-қатынастағы, ғылыми және оқу әдебиеттерін оқып зерттеудегі мұғалімнің әрбір қадамы дүниенің өзін тануды және оны адамның тану процесін түсінуді тереңдетеді. Тәжірибеде бұл оқыту әдістерін жетілдіруде, оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оны басқару тәжірибесінің жинақталуында көрінеді. Әдістің диалектикалылығы оқыту процесінде оны шексіз жетілдіру мүмкіндігін береді. Оқыту процесінде әдіс-тәсілдерді қолдану өте ерте кезден бастап педагогтарды толғандырып жүрген мәселе.

Я.А.Коменский- мектеп үшін жалпы программалар, оқулықтар, оқыту әдістерін жасап шығару әдістерін ісін ең негізгі міндеті деп санады. Оқытудың әдістері жөніндегі мәселелерді қарастырғанда Д.Ж.Локк ең бірінші орынға баланың ойлауын тәрбиелеуді қойды. Бұл өзінің “Ақылды тәрбиелеу туралы” және “Оқу құралдары” атты еңбектерінде бірнеше нақты кеңестер ұсынды. Д.Ж.Локктың оқыту әдістері - негізгі принциптерінің бірі.

А.Дистерверг оқыту әдістерінің мәнін балалардың ақыл-ойын дамытуға тигізетін әсеріне қарай бағалады. Оқытуда, әсіресе әңгіме әдісінің рөлін өте жоғары бағалады. Әңгіме балалардың ақыл-ойын дамытады, іздеуге, талдауға, ойлауға үйретеді деп санады.

Ы.Алтынсарин - оқыту процесінде балалардың білім дәрежесін ескеріп отыруды, тіпті қажет болса, программаны да өзгертіп отыруды мұғалімдерден талап етті. Мектептегі оқыту жұмысы сол заманның техника жаңалығы дәрежесінде болуы керек, бұл өте маңызды жағдай деп көрсетті. Міне, осыдан келіп ол түрлі құрал-жабдықтар сатып алу, модельдер, коллекциялар жасау мәселесіне көп қаржы бөлді.

Абай - оқыту ісіндегі схоластикалық әдіске, құрғақ жаттауға қарсы болды. Ол сапалы білім беруді қуаттады. Абай оқыту процесінде ақыл-ойды дамыту керек екендігін, онсыз білім алуға болмайтындығын өте дұрыс көрсетеді. Ойлау мен қиялдауды дамыту айналадағы дүниені, құбылыстар мен заттарды жан-жақты терең танып білуге мүмкіндік береді.

К.Д.Ушинский - оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты-методикалық шеберлікте, ал методикалық шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеген.

Оқыту әдістері өте көп. Ол пәнге, тақырыпқа, мақсатқа, оқушылардың жалпы деңгейіне, ұстаздың шеберлігіне, сабақтың керекті құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілуіне т.б. байланысты.

Сондықтан оқыту әдістері топталып жіктеледі (классификацияланады). Ғылыми әдебиеттерде оқыту әдістерін топтап-жіктеудің жиырмадан астам түрлері бар. Әдістерді топтап-жіктеу ғалымның көзқарасына байланысты. Олар әдістерді қай тұрғыдан алып қарайды? Мысалы, әдістердің ең кең тарағандары - И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.Лемберг т.б. ұсынған оқыту әдістерінің жүйеленуі. Олар: ауызша, (әңгіме, кеңес, лекция, кітаппен жұмыс), көрнекілік (иллюстрация, демонстрация), практикалық (лабораториялық, практикалық). Ауызша әдебиеттерде сөзге, көрнекілікте көркемдік бейнеге, ал практикада іс-қимылға сүйенеді. Оқыту әдістерін қолдана отырып, мынаны есте сақтағанымыз жөн. Бала есту қабілеті арқылы информацияның 20 -ын, көру қабілеті арқылы 20-60 -ын, сөйлеу қабілеті арқылы 90  -ын қабылдайды.

Бүгінгі мектептерде ауызша, көрнекілік практикалық әдістердің үшеуі де қолданылады. Әсіресе жаңашыл ұстаздар В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова т.б бұл әдістерге жаңа мән беруде. И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқыту әдістерінің 5 тобын ұсынады:



  • түсіндіру (әңгіме, лекция, көрсету, сипаттау әдісі, оқулықпен жұмыс істеу, жазбаша жаттығулар).

  • қайталау (жаттығу, әңгіме, өз сөзімен айтып беру).

  • проблемалық баяндау әдісі (саяхат, демонстрация, оқушынын дәлелді түрде баяндауы).

  • ізденіс түрлері (байқау, жоспар жасау, эвристикалық әңгіме).

  • зерттеушілік (тәжірибе, байқау, сыныппен жұмыс, сурет салу).

Тағы бір ғалым Ю.К.Бабанский өзінің 1988 жылы шыққан оқулығында оқыту әдістерін әрекет, амалға негізделген жүйе бойынша береді. Олар:

а) оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. Оған сөздік (әңгіме, лекция, семинар, кеңесу, кітаппен жұмыс), көрнекілік (иллюстрация, демонстрация, теледидар, оқулық, кино, практикалық және лабораториялық жұмыс), индуктивті, дедуктивті, репродуктивтік, проблемалық немесе өз бетінше ізденіс әдістері жатады.

б) оқыту процесінде оқытудың іс-әрекетін ынталандыру әдістері. Бұл топқа: оқу кезінде мотивтің рөлі, танымдылық ойындар, оқу кезінде қолайлы ситуация туғызу, өмірден алынған ситуацияны талдау, жауапкершілікке және парызға жүгіну, баланы оқуға ынталандыру (оқудың қоғамға, баланың өзіне пайдасы), оқушыға қажетті талаптарды қоя білу, мадақтау немесе жазалау жатады.

в) оқыту процесіндегі оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау әдістеріне: ауызша тексеру, жазбаша тексеру, лабораториялық тексеру, машинамен тексеру жатады.

Әдіс өте құбылмалы. Ескі әдістер жойылып жаңа әдістер пайда болады. Мысалы, догматикалық әдіс өмірден өтіп, жаңадан программалық, проблемалық әдістер өмірге келуде. Ұстаз сабақ өткізген кезде таза бір әдісті ғана қолданбайды. Сабақ бірнеше әдісті қолданудың нәтижесінде өтеді. Оның үстінде әрбір әдіс жеке элементтерден тұрады. Оны тәсілдер деп атайды. Мысалы, кітаппен жұмыс істеу әдісінің тәсілдеріне оқыған кітапқа жоспар. Тәсіл мен әдіс қабат жүреді. Тәсілдерден әдістер туындауы мүмкін. Егер тәсіл іс жүзінде өзін ақтаса, ол күрделене келе әдіске айналады, ал әдіс өзін ақтамаса, ол тәсілге айналуы мүмкін.

Оқытудың сапасы әдіс, тәсілдерге ғана байланысты емес, мектептің оқу-материалдық және техникалық базасына да байланысты. Оқыту әдістерін, тәсілдерін және құралдарын үйлесімді пайдалануда оқу пәндерінің ерекшелігі, мектеп лабораторияларының, оқу кабинеттерінің түрлі көрнекті және техникалық құралдар мен қамтамасыз етілуі қажет.

Құралдың түрі: а) оқулықтар, плакаттар, жаттығулар, сабақта қолданылатын құралдар;

- көрнекті құралдар: диаграммалар, кестелер, табиғи обьектілер, тарихи және жағрапиялық карталар, муляждар;

- техникалық құралдар: ЭЕМ, компьютер, оқу машиналары т.б. аппараттар.

- түрлі обьектілер:өндіріс орындары, көрмелер, мұражайлар т. б.

Әдіс, тәсіл және оқытудың құралдары - педагогикалық ұғым. Әр пәннің өзіне лайықты әдістері, тәсілдері, қолданылатын оқыту құралдары бар. Оқыту әдістерінің даму және қалыптасу тарихы тым ерекше. Ғалым-педагогтар жоғары оқу орындарындағы оқыту процесін бақылай отырып, қызмет түрлерінің әрқилығына назар аударды және оларды оқыту әдістері деп атады. Мысалы, оқытушы жаңа материалды түсіндіреді, яғни ол түсіндіру әдісін пайдаланады.

Педагогикалық практикада әдіс - оқу-тәрбие мақсаттарына қол жеткізу қызметінің тәртіпке келтірілген тәсілдері. Бұл жағдайда мұғалімнің оқыту қызметінің тәсілдері (оқыту) және оқушылардың оқу қызметінің тәсілдері (оқу) өзара тығыз байланысты және өзара әрекеттес.

Оқыту әдістері ұғымы сондай-ақ оқу қызметінің дидактикалық мақсаттары мен міндеттерін де көрсетеді, бұларды оқыту процесінде шешу кезінде мұғалімнің оқыту қызметіне және оқушылардың таным қызметіне қатысты әдістер қолданылады. Сөйтіп, оқыту әдісі ұғымы мыналарды көрсетеді:

1.Мұғалімнің оқыту жұмыстарының тәсәлдері мен оқушылардың олармен өзара байланысты оқу жұмыстарының тәсілдерін;

2. Олардың оқытудың әр түрлі мақсаттарына қол жеткізу жолындағы жұмыс ерекшеліктері;

Осыған орай, оқыту әдістері - бұл оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған, мұғалім мен оқушының бірлескен іс қимыл түрлері.

Сондай-ақ “оқыту тәсілдері” ұғымы дидактикада кең тараған. Тәсіл - бұл әдістің сабақтас бөлігі немесе оның жеке жағы, яғни “әдіс” деген жалпы ұғымға қарағанда жеке ұғым. Жекелеген тәсілдер әр түрлі әдістердің құрамына кіруі мүмкін. Оқыту процестерінде әдіс пен тәсіл әр түрлі сабақтастықта пайдаланылады. Мысалы, түсіндіру, әңгімелеу оқытудың дербес әдісі болып саналады. Әдіс пен тәсіл орындарын ауыстыруы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімді түсіндіруді кейде көрнекі құралдар арқылы көрсетілетін түсіндіру әдісімен жүргізсе, онда бұл көрсету тәсіл ретінде саналады.

Оқыту әдісі - тарихи категория. Өндіргіш күштердің даму деңгейі мен өндірістік қатынастардың сипаты оқытудың жалпы мақсаттарына ықпал етеді. Мақсаттың өзгеруіне байланысты оқыту әдістері де өзгереді. Ерте кезде еліктеуге негізделген оқыту әдістері үстем болды. Мектептерді ұйымдастырғаннан бері оқытудың сөздік әдістері пайда болды. Сабақ берудің негізгі тәсілі - мұғалімдердің дайын ақпаратты жазбаша, ауызша, кейде баспасөз арқылы жеткізуі және оны меңгеруі болды. Сөзбен айтып оқыту әдістері орта ғасырларда басым болды. Сөз - ақпаратты басты жеткізуші, ал кітап бойынша оқыту - білім берудің басты мақсатына айналды.

ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында оқытудың практикалық әдістерін пайдаланып, “іс-әрекет арқылы оқу” тұжырымдамасы қызығушылық туғызды. Сөздік әдістің білімге ұмтылудың дербестігіне негізделген кезекті нұсқаларына үлкен үміт артылды. Әйтсе де бұл әдіс нәтижеге жету үшін көп еңбекті, уақытты талап етеді. Осы айтылғандардан төмендегіше қорытынды шығаруға болады.


  1. Білім берудің әр түрлі даму кезеңдерінде оқыту әдістерінің қандай рөльге ие болғандарына қарамастан, дербес пайдаланылған ретте олардың бір де бірі қажетті нәтиже бермейді.

  2. Әдістердің бір де бірі әмбебап емес, сондықтан дидактикалық жұмыста тиімді нәтижелерге тек көптеген әдістерді пайдалану арқылы жетуге болады.

Қазіргі дидактиканың келелі мәселелерінің бірі - оқыту әдістерін жіктеу болып табылады. Қазіргі уақытта бұл мәселе жөнінде ортақ көзқарас жоқ. Осыған байланысты әр автор әдістерді топтарға, топшаларға бөлуде әр түрлі белгілерді негізге алады, жіктеудің бірнеше түрі бар. Оқыту әдістерін білім алу көздері бойынша жіктеу кең тараған. Әдістерге осылай қарау оларды төмендегіше бөледі:

а) сөздік әдіс (білім көзі ауызша немесе баспасөздері болып табылады).

б) көрнекі әдістер (білім көзі бақыланатын заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар болып табылады).

в) практикалық әдістер (практикалық қызмет атқара отырып, оқушылар білім алады және білігін қалыптастырады).

Оқыту әдістерін классификациялаудың кең тараған түріне М.Н.Скаткин және И.Я.Лернер ұсынған классификациялар жатады. Олар оқыту әдістерін, оқыған материалды игерудегі оқушылардың танымдық қызметінің сипатына байланысты түсіндірмелі-иллюстрациялық, репродуктивтік, проблемалық мазмұндау, жартылай ізденістік, зерттеулік деп бөлуді ұсынады.

Түсіндірмелі-иллюстрациялық оқыту әдісінің мәні - оқытушы дайын ақпаратты әр түрлі құралдар арқылы жеткізеді. Түсіндірмелі-иллюстрациялық әдіс - ақпарат берудің ең бір тиімді тәсілі. Дегенмен, оқытудың бұл әдісін пайдаланғанда алған білімді пайдаланатындай білік пен дағды қалыптаспайды.

Мазмұндаудың проблемалық әдісінің мәні - оқытушы алдына мәселе қояды және туындаған қарама-қайшылықтарды аша отырып, өзі оның шешу жолдарын көрсетеді. Бұл әдіс ғылыми танымның, проблемаларды ғылыми жолмен шешудің үлгілерін көрсетеді.

Оқыту әдістерін басқаша классификациялауды қарастырайық. Мысалы, оқыту әдістерін дидактикалық мақсаттар бойынша классификациялау:

1.жаңа білімдерді мазмұндау әдістері;

2. қайталау және білімді бекіту әдістері;

3.білімді қолдану әдістері;

Ю.К.Бабанский оқыту процесіне тұтастық тұрғысынан келу негізінде, әдістердің үш тобын бөліп көрсетеді:



  1. оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері; а) сөздік, көрнекі және практикалық (оқу ақпараттарын жеткізу, қабылдау аспектісі); б) индукциялық және дедукциялық (логикалық аспектілер); в) репродуктивті және проблемалық- ізденістік (пайымдау аспектісі); г) өз бетінше жұмыс және мұғалімнің басшылығымен жұмыстар жасау (оқуды басқару аспектісі);

  2. ынталандыру және мотивация әдістері; а) оқуға қызығушылығы; б) оқудағы жауапкершілігі мен парызы;

  3. оқытудағы бақылау және өзіндік бақылау әдістері; а) ауызша, жазбаша, зертханалық-практикалық;

Сабақтастық қағидасына сәйкес, бүгінгі оқыту әдістерінен оқыту технологиясына қайшы келмейтіндерін ғана емес, олармен тұтастай білім беру процесінде сабақтасатындарын да бөліп аламыз. Оқыту әдістерін қандай теориялар мен тұжырымдамалар пайдаланатынымызға қарамастан, тәрбиелеу, білім беру және дамыту қызметтерімен бірліктегі оқытуды басқару тәсілдері ретінде қараймыз. Әдістерді талдау төмендегі шамаларды ескеріп жүргізіледі: мақсат, педагогикалық процесте жүзеге асырудың мән және тетігі. Бұл әдістер тұлғада тек танымдық белсенділіктің, дербес шығармашылықтың дамуын қамтамасыз етіп қана қоймайды, оқыту технологиясында пайдаланылатын әдістер 1-кестеде берілген.

Атауы

Мақсаты

Мәні

Механизмі

Проблемалық


Оқыту

Оқушылардың таным-дық белсенділігін, шы-ғармашылық дербестігін дамыту.

Оқып-үйренушілерге та-нымдық міндеттерді дәй-екті және мақсаткерлікпен ұсыну, оқып-үйренушілер оларды шеше отырып білімді белсенді түрде меңгереді.


Ізденістік әдіс-тер; танымдық міндеттер қою.

Жинақталған оқыту.

Оқу процесі құрылымын адамның қабылдау қабі-летінің табиғи және психологиялық ерекше-ліктеріне барынша жақындату.

Сабақтарды блоктарға біріктіру арқылы пәндерді тереңдетіп оқыту.


Оқушылардың жұ-мысқа деген қабілет-қарымын ескеретін оқыту әдістері.

Модульдік оқыту.

Оқытудың икемділігін қамтамасыз ету, тұлға-ның жеке қажеттілікте-ріне, оның негізгі даяр-лық деңгейіне бейімдеу.

Оқып-үйренушілердің же-ке оқу бағдарламасымен өз бетінше жұмысы.


Проблемалық әдіс, оқытудың жеке қарқыны.

Дамытып оқыту.

Тұлғаны және оның қасиеттерін дамыту.

Оқу процесін адамның әлеуметтік мүмкіндікте-ріне және оларды іске асыруға бағыттау.


Оқушыларды әр алуан қызмет түріне тарту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет