Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БІЛІМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР: ІЗДЕНІС, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЖАҢА БАҒЫТТАР



бет177/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   679
БІЛІМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР: ІЗДЕНІС, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЖАҢА БАҒЫТТАР


Тулегенова А. М. (Ақтөбе)


Бала жүрегі – кішкентай күйсандық.
Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады
Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. М. Шаханов.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол-өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықта- рына бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру. Егеменді еліміздің болашағы білім беру жүйесі мен мектептерге байланысты.


Еліміздің білім саясаты оқушыларға жеке тұлға ретінде қарап, оның сапалық қасиеттері мен қабілеттерін дамытуға, даралық ерекшеліктеріне сай білімі мен біліктерін арттыра отырып, оны өзгермелі өмір жағдайында креативтілікпен пайдалана білуді талап етеді. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында, 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында т.б. көрсетілген өзгермелі қоғам өміріндегі жағдайларға терең білім мен білік, дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін-өзі үнемі дамыта отырып, іс-әрекетінде рухани танымдық бағыт ұстайтын ізденімпаз, жеке тұлға қалыптастыру үрдісін мақсатты басқару міндеттерімен сабақтасады.
Заман талабына сай қазіргі мектептерде білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйе-сін жаңарту-білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Осы талапқа сай оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс - әрекеттері арқылы оқушылар шығармаларын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дамыту,осыған орай оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу-тәрбиешілер алдындағы басты міндет.
ХХ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән-мағыналы,өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Қазіргі қоғам жан-жақты білімді,мәдени ой-өрісі өсіп жетілген,ұлттық салт-сананы бойына сіңіріп өскен жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде қарастыруда. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуы,ой-өрісінің кеңеюі мектепке дейінгі мекеме қабырғасында басталатыны сөзсіз.
Ал өз іс-әрекетін тиімді ұйымдастырып отырған қазіргі кездегі тәрбиешілер жоғарыда айтылған мүмкіншіліктерді пайдалана отырып әр еңбек етудеміз. Жаңа оқулықтағы тапсырмалар жаңа технологияға негізделіп берілген. Қазір заман өзгерді. Қоғам педагогикалық шеберлік деңгейі жоғары, жаңашыл, инновациялық көзқарастағы ұстаздарды қалыптастыруды талап етуде.
Бұл жағдай білімнің сапасына деген қалыптасқан қөзқарастар мен ұстанымдардың өзгеруіне әкеліп отыр. Білім сапасы туралы сөз еткенде ол ең алдымен мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кеін басқарудың ұстаздың, педагогикалық әрекеттің, баланың сапасы, бұлардан барып педагогикалық үрдістің сапасына қол жетеді. Сапалылықты қамтамасыз ететін «сапалы» тәрбиешілер шығармашыл болуы тиіс.
Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салалардағы өзгерістерге, әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту үрдісін ұйымдастыру мәселелері өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап беретіндей етіп икемделіп отырған. Дәл қазіргідей адамның ақыл ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар еселеп артқан тұста еліміздегі білім берудің негізгі басымдылықтары айқындалып, жаңа парадигмалар белгіленуде. Білімді практикалық жолмен меңгерту «инновациялық үрдіс» деп аталады.
Қазіргі дидактикадағы көптеген инновациялық бағыттар мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудың құралы белсенді оқыту әдістері мен педагогикалық технологиялар бүгінгі білім саласындағы демократияландыру, жеке тұлғаны дамыту сияқты келесі мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта «технология ұғымы» педагогикалық мамандардың лексиконына берік енген терминдердің бірі. Педагогикалық технологияларға деген аса зор қызығушылық теория мен практиканың арасындағы алшақтықтың болуымен түсіндіріледі. Ғалымдар атап екеуінің арасын байланыстыратын аралық буынның қызметін технология атқарады.
Педагогикалық технологиялар туралы сөз еткенде олардың «әдіс» ұғымымен қаншалықты байланысы бар, айырмашылығы қандай екендігі жөнінде мәселе туындайды. Белгілі дидактиктердің пайымдауынша педагогикалық технология әдістер жүйесінен тұрады: педагогикалық технологияда танымдық белсенділік білім алушылардың тарапынан болады; педагогикалық технологиялар-оқытудың барлық деңгейінде, барлық пәндерге қолдануға болатын әмбебап құрал; педагогикалық технологиялар ақырғы нәтижеге жеткізеді.
Педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің бүгінгі күні көкейкесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде алар орны ерекше. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, тәжірибесін қолдана алатын, өмірдің әртүрлі мәселелерінен хабардар, кезкелген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін азаматтарды қалыптастырады.
Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Тәрбиешілердің шығармашылық істерді шеше алуы оның негізгі құзырлылықтарының бірі болып табылады.
Интерактивті оқыту-жаңа білімді диалог, полилог жағдайында меңгерту мақсат етілетін танымдық үрдіс.
Көптеген педагогикалық технологиялардың ішінде аса кең тараған технология-ынтымақтастық технологиясы. Оның түрлі аспектілерін зерттеген ғалымдар: В.К.Дьяченко, А.Г. Ривин, Ш.А. Амонашвили, Е.Н. Ильина, Н.Н. Хан, тағы басқалары.
Әуелі ынтымақтастық ұғымына тоқталып өтейік. Н.Н. Ханның пайымдауынша «ынтымақтастық» - оқушылар қиындық деп түсінетін оқу-тәрбие үрдісіндегі қарама-қайшылықтарды жеңуге қажетті мұғалім ұйымдастыратын педагогикалық үрдіске қатысушылардың бірлескен іс-әрекеті. Кездесетін қиындықтарды жеңу кезінде оқу материалын саналы меңгеру және тұлғаны жан-жақты даму іске асырылады.
Сонымен, білім беруді аталған оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру – баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, зерттеу мәдениетінің артуына, белсенді іс-әрекет жасауына, тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тәрбиеленуіне, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпіз.
Баланың құзырлылығын қалыптастыру бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсілді, жоғарыдағы айтқанымыздай білім сапасын арттыруы дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды.
Қазақ халқында «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт,бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса,он бес жастан асқасын досыңдай сырлас»-деген тамаша сөздің терең философиялық мәні бар.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында берілетін болса,жарқын болашақтың тамырын терең,тұғырын биік етіп ұстайтын жас ұрпақ-кәзіргі бүлдіршіндеріміздің бойына салауатты өмірді серік етіп,олады әлемдік жаңа заманауи біліммен қамтамасыз ету, осылайша тәуелсіз еліміздің білімді азаматын тәрбиелеу –сіз бен біздің ортақ мақсатымыз деп білген жөн.
Ендеше, табысты оқыту мен құзырлы тәрбиешіге деген талаптар күн сайын артқан инновациялық білім беру кеңістігіне бағдарлану кезек күттірмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет