Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет277/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   679
Әдебиеттер

  1. Ералиева М. Шығармашылықты қалыптастыру «Бастауыш мектеп»

  2. Қоянбаев Ж.Б Педагогика Алматы,2004ж.

  3. Тұрғынбаева Б.Ш Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Алматы-1999ж.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Зұлпыхарова А. (Қызылорда)

Қоғамымызда болып жатқан елеулі өзгерістер білім саласына өз ықпалын тигізуде. Қазіргі таңдағы психологиялық-педагогикалық теория мен тәжірибеде ойлауды дамыту-өзекті мәселенің бірі. Ақыл-ой тәрбиесі-адамның танымдық қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау-сана-сезімінің дамуына, ғылым негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырып, жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Бастауыш сатыдағы кезең-оқушыда іс-әрекеті қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Мұның нәтижесінде ғылыми ұғымдар мен түсініктерді меңгере отырып, оқушының психикалық үрдістері мен қасиеттері қалыптасады,ырықты зейін, рефлексия, ойлау, өзін өзі бақылау, әрекет-амалдың ішкі жоспары сияқты басты-басты жаңа қабілеттер пайда болады. Нақты айтқанда, оқушы оқу іс-әрекетін тиімді меңгеруі нәтижесінде оқуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптасады. Оқушы әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп, орындаудың жалпы орындалу тәсілдерін меңгереді, өз әрекетін бақылау, бағалауды, нәтижесін үлгімен салыстыруды үйреніп,жұмыс істейді. Ойлау-қабылдау, қиял секілді адам танымының формасы болып табылады. Ойлауды үш жақтан қарастыруға болады:


1) таным сатысы, 2) таным үрдісі, 3) ақыл-ой қызметінің формасы.
Кез-келген танымдық үрдіс сияқты, ойлау өмір шындығы бейнесін білдіреді. Алайда ойлаудың қабылдаудан айырмашылығы ол-біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуші заттар мен құбылыстарды ғана бейнелейді. Ойлау арқылы адам заттар мен құбылыстарды олардың айрықша белгілері арқылы таниды және де заттар мен құбылыстар арасында орын алып отырған көп түрлі шындық байланыстар арқылы таниды.
Мысалы, адам ерекше автобусты көрді делік (бұл-қабылдау). Ал енді, адам бұл көлік неге ерекше, ол қандай мақсатпен жасалған, оны қай жерде жасап шығарады т.б. ойлай бастағанда адамда ойлау процесі (үрдісі) басталады. Осы психикалық процестің басқалардан ерекшелігі құбылыстың көзге көрінбейтін ішкі және сыртқы байланыстарды тануға бағытталғандығында. Сондықтан да ойлау адамның белгісіз затты білуге, түсінуге талпынысы кезінде көрінеді. Ойлау алғашында сезімдік танымға, қабылдауға сүйенеді, тіпті аса жоғарғы дәрежеге жеткен кезде де онымен байланысы үзілмейді. Бірақ ойлаудың екінші ерекшеленетін белгісі-оның жинақылық сипаты. Адам затты көреді де, оны бірден белгілі бір топқа жатқызады:мынау автобус, мынау машина,мына адамдар мерекелік шеруге бара жатқандар. Ойлауды сөзбен беру, ойлаудың және тілдің бір тұтастығы ойлауға жинақылық және аңғарымдылық сипат береді.
Ойлау мен тілдің органикалық байланысы арқасында ойлау арқылы адамдар өздері тікелей қабылдай алмайтын,көзге ілігер формасы жоқ, тіптен сезімдік қабылдауға көнбейтін құбылыстар арасындағы байланысты аша алады.
Ойлау үрдісі ой еңбегі болып табылады. Ол әлде бір жаңа, ерекше бірдеңеге таңдану реакциясынан басталады. Мөлшері мен құбылысы алабөтен автобус, әдеттегі сабырлы оқушының ерекше мінез көрсетуі-кез келген жаңалық, беймәлім құбылыстар адамның таңдануын туғызады. Таңданудан жоғары дамыған тірі ағзаға тән бағдарлы зерттеу рефлексі көрініс береді. Таңдану сезімі сөз, сұрақ формасына айналған кезде,адамның өзіне неге таңданғандығы,оған немененің жаңалық болып көрінгені түсінікті болады. Сол жаңағы тану,оны түсіну тілегі-ойлау процесін тудыратын түрткі, демеу.
Сондықтан да балаларды оқыту мен тәрбиелеуде міндетті сұрақты дәл қоя білу маңызды рөл атқарады. Мәселенің сұрақта, сөзде білдірілуі барлық ойлау процесіне парасаттылыққа, мақсатқа бағыттылған сипат береді. Адам өзінің нені білмейтінін біледі, қазіргі кезде өзіне белгісіз нәрсені білуге талпынады. Ойлау үрдісінің сұрақ белгіленген белгісізді ашуға бағытталуы, ойлауға өте анық, ұйымдасқан және проблемалық сипат береді. Адам ойланған кезде ол міндетті түрде әлде бір мәселені шешеді. Мәселені шешу-бірқатар ойлау кезеңдерінен құралады-салыстыру, топтастыру, пікір мен ой қорытудың әр формаларында білдірілетін жинақтау. Осы ойлау кезеңдерінің әрбіреуі екі негізгі ақыл-ой әрекеттерінен тұрады. Олар талдау мен жинақтау. Талдау мен жинақтау-логикалық ойлау кезеңдерінің негізгілерінің бірі. Кез келген зат бір-бірінен өзіндік айырмашылықпен ерекшеленетін жеке бөлшектерден тұратынын адам ерте кезден байқаған.
«Жинақтау» ұғымына логикалық сөздіктер «Талдау үрдісінде бөлшектенген заттың бөліктерін ойша біріктіру, өзара байланыстарын анықтау және сол затты бір бүтіндей тану»деген анықтама берілген.
Талдау мен жинақтау-бір ойлау үрдісінің екі жағы. Оларды меңгеру үшін оқушыларға нені үйрету керектігін Н.Поспелов төмендегідей анықтайды:

  • нысанды құрамдас бөлшектерге бөлуге;

  • нысанның жеке маңызды жақтарын анықтай білуге;

  • әрбір бөлікті бір бүтіннің элементі ретінде зерттей білуге;

  • нысанның бөлігін бүтінге біріктіре білуге т.б.

Талдау және жинақтау ойлау кезеңдерін дамыту және қалыптастыру жолдарының бірі-оқулықпен жұмыс. Оқушылардың кітаппен жұмыс істеудің төмендегідей деңгейлері белгілі. Олар мыналар:

  • танымдық (негізгі мақсаты-игеру)

  • аналитикалық (негізгі мақсаты-талдау және жинақтау, сын айту)

  • шығармашылық (негізгі мақсаты-жаңалық іздеу, жаңалықты меңгеру)

Оқушылардың дамуына танымдық деңгей тән. Оның құрамына кітаппен жұмыс істеудің кең таралған тәсілдері кіреді:негізгіні анықтау, мағынаны топтау, жоспар құру, тезис жазу, сызбалар жасау, қорытынды жасау.
Оқулықтың негізгі мазмұнын мәтіндер құрайды. Мәтіндермен жұмыс істеу барысында жинақтау және талдау ойлау кезеңдерін меңгерген оқушы оқытылған мәтінді терең түсінеді, дәлелдей біледі, оның тиімділігін түсінеді, мәтіннің құрылысын талдай біледі, мәтінге сын пікір, өз ойын айта біледі.
Оқушылардың талдау-жинақтау логикалық ойлау дағдыларының дамуына есептер маңызды әсерін тигізеді. Бұл жағдайда мәселе әр түрлі жағынан қарастырылуы мүмкін: есептің шартын талдау, берілген және ізделінетін шамаларды талдау, есепті шешу,жоспарын талдау, шешімді талдау,нәтижесін талдау. Немесе шартын талдау, есепті қысқаша жазу, шешу жолын іздеу, есепті шешу, нәтижесін шығару т.б. әдіс-тәсілдер қолданылады.
Енді кейбір мысалдарға тоқталайық.
Бірінші сынып оқушылары-балалар бақшасының кешегі балдырғандары. Олар нақтылы бейнемен ойлайды. Сондықтан да есептер шығаруда тірек үлгілерді қолданудың маңызы зор. Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, таблицалар, карточкалар, кесте, сурет түрінде көрінетін тұжырымдар.
Үлгілермен жұмыс істеудегі өте маңызды шарт сол-олар сабақта плакат сияқты ілініп тұрмай, үнемі іске қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі. Тірек үлгі-суреттермен берілген есептерді шығару кезіндегі алғашқы сабақтарда-ақ жасалады.
Мысалы: «Вазада 2 алма бар еді.Гүлжан оған тағы 3 алма қосты.Вазада қанша алма бар?» Таблицаның мақсаты-есеп элементтерін алғаш түсіндіргеннен-ақ оның көрнекі із қалдыруы.Үлгінің ой түйіндемелері мұғалім сұрақтарына тиек болады: «Есепте не белгілі? Біз не білеміз? біз вазада 2 алма бар екендігін білеміз және Гүлжанның оған тағы 3 алма салғандығын білеміз» деп бәріміз қосылып айтамыз.Сонымен бірге мұғалім есептерді тақтаға қоршап жазып қояды (суреттегідей).
2 3 ?
2+3=55
Амалы
Сұрақ шығару жауап

23 «Бұл есептің шарты.Біз есеп шартын ажыраттық»-дейді мұғалім.-«Есеп нені шешуді сұрап тұр?» «Вазадағы алма қанша болды?» Үлгі тақтаға жазылады. 1 3 ? «Бұл есептің сұрағы.Біз есептегі сұрақты ажыраттық.Вазада қанша алма бар?»-деп сұрайды мұғалім, «Екіге үшті қостық»деп жауап береді балалар.Тақтадағы жазу жалғаса түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет