Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



бет94/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   679
БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


Ермекбаева М. А.(Ақтөбе)

Жас ұрпақ білімді де саналы болса, мемлекеттің де іргетасы мықты болмақ. Оның басты бастауы – мектеп пен ұстазда. Тәуелсіз Қазақстан өркениетке қадам басқан жаңа ғасырда әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттермен иық теңестіру үшін білім мен ғылымға айрықша назар аударуда. Еліміздің ертеңгі болашағы жастардың қолында десек, бүгінгі баланың және жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы баспалдағы – мектепке дейінгі ұйым екендігі белгілі.


Ендігі басты міндет – осы бүлдіршіндердің бүгінгі заман талабына сай ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына өз үлесін қосатын, баланың жеке тұлғалық дамуына бағыт-бағдар бере алатын, үздіксіз өз білімін жетілдіріп, жаңа оқыту технологиясымен қаруланған, шығармашылықпен айналысатын жаңашыл тәрбиешісі болуға тиіс деп ойлаймын.
Осы тұста В.Г.Белинскийдің: «Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр» - деген сөзі еріксіз есіңе түседі. Өйткені ұстаз – болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және терең де жан-жақты білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол-жас ұрпақ бойына білімді, әдетті, дүниетанымдылықты, өмірге деген мақсатын қалыптастырушы басты тұлға. Уақыт өткен сайын білім саласының әлеуметтік рөлі де нығайып келеді.
«Білім – теңіз, мектеп - кеме» - деген қанатты сөз кез келген азаматтың саналы өмірін қалыптастыратын алғашқы алтын босағасы, білім ордасы – мектептің қоғамдағы орны мен ролін айқындап тұрса, Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бәрі де мектептен басталады» - деп мектептің, ұстаздың қоғамдағы орнын ерекше бағалаған.
Олай болса, мектепке дейінгі ұйымдар – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Баланың жеке басының шығармашылығын, қабілетін, дарындылығын дамыту мәселесі ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Әл-Фараби, Баласағұн, Абай аталарымызды ерекше толғандырған. Сондықтан олар өз еңбектерінде жеке тұлға қабілетін дамытуды үнемі көздеп отырған. Тұлға – баланың жаратылысынан бастап қоршаған орта, әр түрлі әлеуметтік факторға байланысты дамытатын күрделі процесс (В.Э.Чудновский).
Демек, МДҰ балаларының тұлғалығын тәрбиелеу үшін олардың шығармашылық қабілетін дамыту керек. Қабілет – жеке тұлғалық айырмашылық. Туа біткен қасиет емес, ол өмір сүру барысында дамитын іс-әрекет көрінісі.
Сондықтан да осы МДҰ балаларының жас деңгейіне сай дамуына ықпал етіп отыратын, шығармашылық қабілеттерін арттырудың тиімді жолдарын үнемі қарастырып отыру тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан тәрбиеші шығармашылықты дамыту үшін сан түрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Оқу әрекетінде тәрбиеші мен бала тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін тәрбиеші бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін бала бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет.
Ал бала өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болса да бейім бала жоғарғы сыныпта да дұрыс жол таба алатын, өздігінен ой түйіп, сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білетін бала болатыны белгілі.
Ондағы басты міндетім – оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың дүниеге деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Сабақ барысында оқу материалдарын балаға дайын күйінде көрсетпей, онымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы алға қойған міндеттерді түсіндіре отырып, олардың шешу тәсілдері мен жолдарын бірге іздестіру. Осындай мақсаттарды жүзеге асыруда «Тәй-тәй» бағдарламасын, СТО бағдарламасын, Қ.Бітібаеваның конструкциялық жобалау технологиясын сабақтарымда жиі қолданамын. Сондықтан баланың табиғи тіл туралы білім алуына, дүниені көркем сөз арқылы бейнелеп қабылдауына, танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндік ашуда шығармашылық қабілетті дамытудың маңызы зор.
Өйткені тек қана оқылып, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді. Талдау дегеніміз – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында әр баланың көңіл-күйін байқауға болады. Сабақ барысында барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау керек. Баланы жақсы, жаман деп бөлмей, нашар оқитын баланың өз шамасы келгенше, қабілеті жеткенше еңбек етуіне ықпал ету.
Әрбір сабағымда шығармашылық қабілетін дамытуда түрлендіріп қолдануға мән беремін. Мектепке дейінгі жастағы балалардың қиялы әдеттегіден тыс, ерекше.
Олар естіген әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады.
Міне, осындай ерекшеліктерін сабақтағы шығармашылық қабілеттерін дамытудағы тапсырмаларды орындаудағы қабілеттерінен көріп, тануға болады. Мәтінді өз беттерімен аяқтау кезінде әрбір бала өздерінің қиялының ұшқырлығын көрсете алады. Міне, осы бағытта жұмыстана отырып балалар өз бетімен таңдай білуге, таңдаған ісін жауапкершілікпен орындауға, жан-жақты көрсете білуге, ойын, пікірін ашық айтуға, өзінің белсенділігін арттырып отыруға ат салысады.
Бала құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастырып, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білгенде ғана бастауыш сынып балаларының шығармашылық қабілеттері дами түседі.
Ол үшін тәрбиеші ізденімпаз болуы шарт. Бұндай кездерде өтілетін жаңа сабақтың негізгі үш мақсаты (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана іске асырылып отырады. Осы жағдайда тәрбиеші балалардың қызығушылық қабілеттерін арттыра білуі керек. Ұстаз еңбегі – бала білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір бала жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір бала бойында қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуін де жатыр.
Ол үшін ұстаз бойында өз шәкіртінің бойындағы өзгеге ұқсамайтын қасиеттерін аша білу, ой-өрісін кең, жан-жақты білімдер, өз мамандығының шебер болуы, үздіксіз өз білімін өз бетінше шыңдай түсуі қажет.
Ал ұстаз бала бойынан мынандай қасиеттерді күтіп нәтижесін көре білуі тиіс.

  1. Бала ой-жүйесінің өзінің біліміне берік болуы тиіс

  2. Балада сабаққа деген құлшыныс тұрақты болуы жөн

  3. Бала білімі, талғамы барлық пәнге дұрыс көзқараста болғаны жөн

  4. Бала білімінің тереңдігі пәнаралық байланыста болғаны тиімді

Баланың жеке қабілетін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек.
Баланың шығармашылық қабілетінің қалыптасуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады. Ең әуелі баланың іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арта түседі. Бала шығармашылық қабілеті қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болатындығы психологияда дәлелденген.
Баланың шығармашылық қабілетінің қалыптасуының мәні мынада деген тұжырым жасауға болады:

  1. Қоғамда болып жатқан өзгерістерді танып білуге, ғылым жаңалықтарына тұрақты қызығушылықтың пайда болуына;

  2. Оқу білімнің міндеттері мен мақсаттарын орындауға талпыну;

  3. Білімге, шығармашылық жұмыстарға тұрақты қызығушылық;

  4. Жеке тұлғаның сапалық көрсеткіші ретінде көрінетін қабілеті мен қасиеттерінің дамуына;

  5. Тұрақты ізденімпаздық шығармашылық іс-әрекетінің нәтижелі дамуына әсер етеді;

  6. Шығармашылық ой-өрісінің кеңеюі.

Міне осындай шығармашылық қабілеттің жан-жақты дамуы бала бойында жағымды эмоциялық көңіл-күй орнатады. Бір-бірімен бәсекеге түсіп, оның нәтижелі болуымен ерекшеленеді.
Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтың әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде
– Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы тәрбиеші баланың өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді деген. Сондықтан да үнемі дайын нәрсені сұрап, оқытқаннан гөрі өз бетімен ізденуіне бағытталған шығармашылық тапсырмаларды орындатып отырудың мәні зор.
Қорыта айтқанда шығармашылық бағытта жұмыс істеу баланың өз ойын еркін айта алатын, өзіндік пікірі бар, қиыннан жеңілге, жеңілден қиынға бет бұруына, бала мен оқытушының арасындағы байланыс нәтижелі өтуіне негізгі тірек бола алады деуге болады.
Менің де алға қойған мақсатым – балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы баланың алған білімі мен тәрбиесі болашақта қажетіне жарап, шығармашыл жеке тұлғаның қалыптасуына үлес қосу деп түсінемін. Сол үшін менің үнемі ізденіс те болуым, білім біліктілігімді толықтырып, шеберлігімді жетілдіре түсуім білім сапасының кепілі болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет