Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет405/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   679
Бөлекова Р. (Қызылорда)

Тәуелсіз Қазақстанның Білім заңына орай жаңа ұлттық білім үлгісі бойынша мектепке дейінгі баланың жеке басын тәрбиелеуде педагогикалық дамудың бұрыннан қалыптасқан әлеуметтік бағыттарын түбегейлі өзгеруге тура келеді. Бұл жастағы балалардың бойында адамға тән қасиеттердің жақсы, өнегелі үлгілерін ойдағыдай қалыптастыру арқылы мектепке дайындау мектепке дейінгі мекемелердің негізгі міндеті. Баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, білім алуға ден қоюы – оның өміріндегі дамуының негізгі кезеңі. Осы кезеңнен бастап баланың мінезі және жеке ерекшеліктері қалыптаса бастайды. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.


Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай мектепке дейінгі мекемелер мен мектепалды даярлық сыныптарында білімді, оқу әрекетінде белсенділігін арттыра білетін, ес, зейін, ой – қиял, қабылдау, мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр-сырын терең меңгеруі тиіс.
Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз «ақпараттық жарылыс» дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Ғылыми білім мен ақпарат көздерінің мөлшері тез өсуде.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады .
4. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
5. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
6. Сабақтың өнімділігі артады.
7. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді
Мектепалды сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушыөз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге болады.
Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде сабағымда электрондықоқулықты пайдаланып келемін. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Өзіміз қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймыз.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл мектепалды даярлық сыныбы оқушыларын өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен масаттануына мүмкіндік береді. Мұғалім өткізетін сабағының түрін жас ерекшеліктеріне сай дұрыс таңдай білуі қажет .
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Өзіміз қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймыз.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл мектепалды даярлық сыныбы оқушыларын өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен масаттануына мүмкіндік береді. Мұғалім өткізетін сабағының түрін жас ерекшеліктеріне сай дұрыс таңдай білуі қажет .
Олар: түрлі дидактикалық ойындар,сайыстар, жарыстар, .Сабақтың ойын түрінде өткізілуі сынып оқушыларының жалпы көңіл-күйлерінің көтерілуін, яғни белсендіктерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді. Сабақ мерзімін естен шығармаңыз, ол 20 – 30 минут созылуы мүмкін. Бұл баланың жасына, екеуіңіздің көңіл күйіңізге байланысты. Жұмысты баланың көңіл күйіне жағымды ықпал арқылы бастағаныңыз жөн. Әйтпесе сіздің жайсыз күйіңіз балаға кері ықпал етеді. Сондай-ақ, баланы жиі мақтаңыз. Титтей жетістігінің өзіне шын жүрегіңізден қуантуыңызды қаблеттілігіне сеніміңізді ашық білдіріңіз.
Оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектеп алды оқушысын мектеп өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың мектепке келгенге дейін «Мен бәрін де мектептен үйренемін» – деген үмітін анықтау, бүкіл мектеп ұжымымен ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырады.
Бұл жауапты кезеңдегі ең басты шаруа – баланың сауатын ашуы, тілін сындыруы. Яғни, өзінің ойын толық айтуы мен қатар оқуға, жазуға үйренуі.
Тіл дамытудағы сабақ бір-бірімен пікір алысу, қарым-қатынас құралы болып қоймай, қазіргі кезеңде – кез-келген адамның мәдени және рухани өсуінің басты көрсеткіштерінің бірі саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет