ОҚытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата26.12.2019
өлшемі1,99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Әріптер мен сандар» 
Қатысушыларға  мұғалім  қалаған  әріп  не  сан  айтады.    Қай  топ  10 
санағанша,  әртүрлі  тәсілмен  бірінші  құрастырып  болса,  солар  жеңімпаз. 
Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады. 
 
«
Әріптестер» 
Әр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз. Оқушылар 
сынып ішінде жүріп, сәйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік 
деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады. 
 
 
«
Әуенді атаңыз – әуен  тақырыппен қалай байланысқан?» 
Музыкалық  шығармадан  үзінді  қойыңыз.  Оқушылардан  талқылап,  өз 
бағаларын беруді сұраңыз: музыка сабақ тақырыбымен қалай байланысқан? 
 
«Әуенді өрімдер»  
Саз  өнері  –  қазақ  халқының  ерекше  мән  беріп  дәріптейтін  құнды 
қазынасы,  ұлттың  тілі  мен  ділінің  айнасы.  Ештеңеге  қызықпайтын  бала  ән 
мен  күй  тыңдауға  елітіп,  елеңдері,  қосыла  айтуға  құмартуы  сөзсіз.  Олай 
болса,  сөзді  сазды  иіріммен  айту,  бір-бірмен  әуендете  өру  –  тамаша  көмек 
көзі.  Бірақ  шәкірттеріміздің  көптің  алдына  шыға  алмайтын  ұяңдығы,  әнді 
нақышына келтіріп орындай алмаймын деп тартынатыны да ақиқат. Сонымен 
қатар біз тілінің мүкісі бар немесе ойын жеткізе алмайтын, үндемегенді жөн 
көріп,  тартынып  отыратын  баланың  әнді  тебірене  орындайтын  сәттерін  де 
сан  рет  байқадық.  Әр  сөздің  мағынасын  әуен  арқылы  тербей,  жүрегімен 
сезінген  шәкіртімізді  басқа  қырынан  танып,  тәнті  боламыз.  Үзілісте  бала 
жанына  шымырлай  еніп  жататын  халық  әндері  мен  күйлері,  халық 
 
 12 
 

композиторларының  шығармалары,  қазіргі  таңдаулы  қазақы  туындылары 
үнтаспада  ойналып,  бала  жанына  бұлақтай  мөлдіреп  құйылып  жатса,  нұр 
үстіне нұр! 
Жалпы  сабақтардың,  үзілістің  музыкамен  тығыз байланыста  болуы  баланың 
ашылуына әдемі мүмкіндік деп білеміз. 
«Бағдаршам»  
   
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету: 
   
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым. 
   
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды. 
   
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме  ерекше әсер етті. 
Немесе: 
 
 
 
 
«
Байланысқан оқу» 
Өз оқуын бір сөйлеммен түсіндіретін оқушыны таңдаңыз. Келесі 
оқушы  өз  сөйлемін  құру  үшін  жалғаулық  шылаулар  мен  жалғауларды 
пайдаланады. 
 
 
 «
Балалар философиясы» 
Тақырыппен  таныстырып,  үдерісті  түсіндіріңіз.  Оқушыларға 
ынталандыру материалдарын толығымен қарауға бірнеше минут беру керек. 
Оқушылар  шеңберге  оралғанда,  жауап  беруі  тиіс  тақырыпқа/пәнге  қатысты 
сұрақтарды ойластыру  үшін, оларға бір-екі минут беріледі. Осылайша дауыс 
беру  және  сұрақтарды  талқылау    анықталады.  Мұғалім  сұрақтарды  дұрыс 
 
 13 
 

құра  отырып,  дамытатын  сұрақтар  қойып  немесе  әр  оқушының  қатысуын 
қамтамасыз  ету    үшін    топпен  бірге  әрекет  ете  отырып,  делдал  ретінде 
қатысады.  
«Балық, құс, аң» 
Мақсаты:  Жүргізуші  ойыншылардың  жанына  барып  жаймен  ғана 
«балық, құс, аң» - деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған 
кезде дауысын қаттырақ шығарып: 
 - 
Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы 
бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай 
қалса,  ол  ойыннан  шығады.  Ойын  ең  соңғы  ойыншы  қалғанша  жалғаса 
береді. 
 «
Барлық оқушылармен жұмыс» 
 
Бұл  жұмыс  түрі  бүкіл  сынып  оқушыларының  бір  мезгілде  жұмысқа 
жұмылдырылуын  қамтамасыз  етеді.  Оқушылардың  барлық  сұрақтарына 
мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді 
де алаңдатпайды. 
«
Бас бармақ» 
Оқушылардың  бас  бармақтарын  көрсету  арқылы  сіз  түсіндіргенді 
олардың ұғу деңгейін тексеріңіз. 
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.  
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.    
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.  
 
 
«Батискаф»  
(
Су астын байқайтын құралдармен жабдықталған, өз бетімен қозғалу қасиеті 
бар терең су камерасы.)  
Екі  топ  бір-біріне  кезекпен  сөздер  жасырады.  Топтың  бір  оқушысы 
қимылмен өз тобына жасырылған сөзді жеткізу керек.  
 
 14 
 

 
«
Баяндама»  
 
Мұғалім  оқушыларға  мәтінді  оқуға,  соңынан  оның  мазмұнын  сурет, 
сызба  түрінде  беруді  ұсынады.  Бұл  «шпаргалканы»  оқушы  оң  жағындағы 
көршісіне  береді.  Енді  әрқайсысы  өз  көршісінің  суреттерін  не  сызбаларын 
қолдана  отырып,  осы  мәтін  бойынша  «баяндама»  жасайды.  «Баяндама» 
мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы 
жеңімпаз болады. 
«
БББ» 
Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады 

Олар нені біледі? 
Олар нені білгісі келеді?  
Олар нені білді? 
Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады 
және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді 
оқу барысында толтыруы мүмкін). 
Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға 
болады. 
 
Белсенді оқылым тәсілдері 
 
Бастапқы танысу 
Құрылымы  мен  мазмұнын  түсіну  үшін  тақырыбын,  тараушаларын, 
фотосуреттер берілген жазбаларды және т.б. зерделеуді көздейді. 
Мысалы:  Мәтінді  оқырдың  алдында  оқушыларға  тақырыбын  беріңіздер  де, 
олардан  ассоциация  жүргізуді  сұраңыз,  яғни  тақырыпты  оқыған  кезде 
олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының 
негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады. 
Болжау 
Мазмұны  қандай  болатынын  және  қандай  сөздік  қор  қолданылатынын 
болжау  үшін тақырып, автор туралы бұған дейінгі білімдері пайдаланылады. 
Мысалы: 
Оқушылар  мәтіннің  бір  бөлігін  оқып  болғаннан  кейін,  олардың  ойларынша 
әрі қарай не болатынын болжайды. Оқушылар оқылған мәтінде келтірілген, 
өз  болжамдарына  негіз  болған  ойларға  сүйене  отырып,  өз  болжамдарын 
дәлелдеулері тиіс. 
Танысу үшін оқу және сканерлеу 
 
 15 
 

Бұл  тәсіл  мәтіннің  негізгі  идеясын,  стилі  мен  құрылымын  анықтау  үшін, 
мәтінді  тез  көз  жүгіртіп  оқып  шығуды  көздейді.  Бұл  тәсілді  болжамдарды 
дәлелдеу үшін пайдалануға болады. 
Мысалы:  Мәтінді  оқырдың  алдында  оқушылар  өздерінің  қандай  негізгі 
ақпарат  іздейтіндерін  анықтап  алулары  керек.  Олар  қандай  тірек  сөздердің 
мәтіндегі  сол  ақпаратты  меңзейтініне  назар  аударуы  тиіс.  Оқушылар  тірек 
сөздерді  іздей  отырып,  мәтінді  жылдам  оқып  шығады.  Оларды  тапқан 
жағдайда,  өздерінің  іздегені  осы  ақпарат  па  екенін  тексеру  үшін  оқушылар 
тиісті бөлімді оқып шығады. 
Мәнмәтінге қарап болжам жасау 
Бұл тәсіл оқушылардың таныс емес сөздердің мағынасын анықтау үшін 
мәтіндегі ишаралар мен бұған дейінгі білімдерін пайдалануын көздейді. 
Мысалы: Осы тәсілді тексеру үшін мұғалім оқушыларға ойдан шығарылған 
сөзі  бар  сөйлем  ұсынады,  мысалы,  «Гелаклаф  сынып  қалғандықтан  маған 
жолдың  қалған  бөлігін  жаяу  жүріп  өтуге  тура  келді».  Оқушылар  қалған 
сөздерге  қарап,  бұл  сөздің  не  мағына  беруі  мүмкін  екенін  анықтауға 
тырысады.  Бұл  жағдайда  сөйлеп  тұрған  адам  бұның  алдында  жаяу  болмай, 
бірдеңені мініп келе жатқандықтан, олар мұны көліктің бір түрі деп ұйғаруы 
мүмкін, сондықтан бастапқыда «велосипед», «автобус» немесе «автомобиль» 
деген  болжамдар  ұсынылуы  мүмкін.  Барынша  нақты  болжам  жасау  үшін 
оқушылар мәтіндегі қосымша ақпаратқа назар аударуы тиіс. 
Басқа сөздермен айту 
Белгілі бір ойды бірдей уақыт өткен сайын басқа сөздермен айтуды білдіреді. 
Мысалы:  Оқушылар  өздері  жаңа  ғана  үйренген  нәрсені  қорытады. 
Жаттығуды  күрделі  және  қызықты  етіп  өткізу  мақсатында  оны  бейімдеуге 
болады, мысалы, өзінің үйренгендерін екі сөйлеммен болмаса он немесе одан 
да аз сөзбен қорытындылау. 
 
«Бес саусақ» әдісі 
 
 
 16 
 

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
 
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? 
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім  қандай болды? 
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? 
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім? 
 
«5-5-1» 
Оқушылар  сабақ  кезінде  нені  меңгергендері  жайлы  5  сөйлем  жазады. 
Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге 
қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі. 
 
«
Бинго» 
3x3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты әртүрлі түйінді сөздер 
орналасқан.  Оқушылар  тиісті  түйінді  сөздерді  айрықшалауы  керек.  Барлық 
түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады. 
Ескерту: оқушыларда әртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек. 
 
«
Биографиялық поэма» (Биопоэма) 
Тақтаға немесе әрбір оқушыға параққа жазылып, өзі туралы мынандай 
сауалдарға жауап беру тапсырылады: 
1. 
Есімім (Өз есіміңізді келтіріңіз) 
2. 
Мен қандаймын? (Өзіңізді сипаттайтын үш сын есім келтіріңіз). 
3. 
Сүйікті  іс-әрекеттерім  (Қол  боста  айналысуды  құмартатын  үш 
әрекетіңіз, хобби) 
4. 
Неден  қорқамын,  сескенемін?  (Өмірдегі  қорқыныш  пен 
қауіптеріңіз) 
5. 
Өмірлік  қағидам  (кредо)  (Өмірде  ұстанатын  басты  қағидаңыз, 
ұраныңыз) 
6. 
Сүйікті  ақын-жазушыларым  (Қандай  ақын-жазушыларды 
ұнатасыз?) 
7. 
Сүйікті тағамдарым (Қандай тағамдарды ұнатасыз?) 
8. 
Менің  жетістіктерім  (Отбасыңызда,  оқуда,  жұмыста  қандай 
жетістіктеріңіз бар?) 
9. 
Менің арманым (Бір арманыңызды атаңыз) 
10. 
Тегім 
Бұл  тапсырманы орындауға  оқушыларға  4-5  минуттай  уақыт  берілген 
соң,  олар  жазғандарын  шағын  топ  ішінде  немесе  бүкіл  сыныпқа  (егерде 
оқушылар  саны  аз  болып  немесе  уақыт  жеткілікті  болса)  оқып  береді. 
 
 17 
 

Биопоэмаларды  оқығаннан  кейін,  оқушылардың  бір-біріне  сұрақтар  қойып, 
таныстығын тереңдете түскені дұрыс. 
Бұл  тәсілді  бастары  жаңадан  қосылған  оқушылармен  ғана  қолданбай, 
бұрыннан  бір-бірін  білетін  топ  ішінде  де  қолдануға  тиімді,  өйткені  көп 
жағдайда  келтірілген  сұрақтар  оқушыларды  бұрын  ескерілмеген  жаңа  бір 
қырынан ашады. 
Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады. 
Мәселен,  олардың  қатарына  П.  Макдермот  «Мен  қандай  туыспын?»  деген 
сұрақты  қосады,  оқушылар  мұнда  өздерін  туыс  ретінде  атайды  («Мен  әке-
шешемнің  ұлымын/қызымын,  немере,  аға/әпке,  іні/қарындас  не  сіңлі, 
бауырмын»  деген  секілді).  Мұнымен  қатар  автор  сүйікті  заттарды, басынан 
кешкен  сезімдерді,  қол  жеткізген  табыстарды,  көргісі  келген  немесе 
құмартатын  нәрселерді  (заттарды),  туған  жерін  (немесе  тұрғылықты  жерін) 
атауды ұсынады. 
Мұндай  биопоэмада  «Сүйікті  гүлдеріңізді  (пәндер,түстер,  спорт 
түрлері, машина не ұялы телефон түрлері, есімдер, мұғалімдер,спортшылар, 
актерлер, әншілер,т.б) атаңыз» секілді тапсырма да беруге болады. 
 
«
Блиц кездесу» 
Екі  әріптес    біреуі  тақтаға,  ал  екіншісі  қарама-қарсы  жаққа  қарап 
отырады.    Бірінші  қатысушыда  келесі  әріптесіне  өтпей  тұрып,  төменде 
келтірілген  негізгі  сөзді(дерді)  түсіндіру  үшін  бар-жоғы  30  секунды  бар  –
мұғалім түсіндіру үшін  негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.    
 
«
Блок ортасында бағалау» 
Блоктың  соңында  бағалаған  жағдайда,  сізге  оқушылар  жолықтырған 
немесе  жалпыға  ортақ  түсінбеушілік  тудырған  саладағы    проблемаларды 
қарастыруға уақыт жетпей қалуы мүмкін. Бөлімді оқу барысында бағалауға 
уақыт  беру  (мысалы,  7  сабақтың  бесінші  сабағында)  мәселені  қарастыруға, 
ұғынуға  және  қайталауға  мүмкіндік  береді.    Бұл,  сонымен  қатар,  мұғалімге 
үдерісті  дәлелдермен  бекіте  отырып,  назарын  түсінбеушілік  туғызған 
салаларға аударуына мүмкіндік береді.   
 
 
 
 
 18 
 

«БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ» теориясы бойынша жаңа сабақты өз 
бетімен меңгерту тапсырмалары 
Теориясы: 
«БІЛУ» мақсатына жету үшін  Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді? 
т.с.с.  сұрақтар  тапсырмалар  шартында  болу  керек.  Сол  арқылы  оқушылар 
тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді. 
Бос орындарға қажет сөздерді қойып, мысал келтір. 
1. 
Ереже:  Ойға  қатысты  сөйлем  мүшелерінің  барлығы  қатысқан 
сөйлемдерді  толымды  сөйлем  дейміз.  Мысалы,  Ол  шиті  мылтықпен 
кешке киік атып әкелді. 
2.   
Сөйлемдердегі  жақшаның  ішіндегі  бос  орынға  қажетті  сөзді  қойып, 
басты ерекшелігі неде екенін ережесі арқылы түсіндір. 
–  Балам, қайдан келдің?                    –  Балам, (сен) қайдан келдің? 
–  Астанадан.                                         – (Мен) Астанадан (келдім). 
Ереже:  Ойға  қатысты  сөйлем  мүшесінің  бірі  түсіп  қалған  жай 
сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз. 
3. 
Ол әуелі келгенін байқамай қалды. Бұл сөйлемді толымдыға айналдыру 
үшін не істеу керек? 
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады: 
-  Біріншісі: өзара желілес сөйлем тобында; 
-  Екіншісі:  сөйлемнің  қажетті  мүшелерінің  айтылмай  қалуы,  екі  не 
бірнеше адамның сөйлесуі жағдайында жиі кездеседі. 
4. 
Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы тағы қандай жағдайда 
кездесуі  мүмкін?  Жауабы:  қажетті  мүшенің  айтылмауы,  көбіне,  оның 
алдыңғы  сөйлемде  айтылғандығына,  оның  не  екені  белгілі  болып 
тұруына байланысты.  
Теориясы:  
«Түсіну»  Неліктен?  Не  себепті?  Не  үшін?  Неге?  т.с.с.  сұрақтар  оқушының 
жоғарыда  берген  жауаптарына  қойылады.  Сол  арқылы  ол  тақырыпты 
тереңірек меңгереді. 
Бос орындарға қажетті сөздерді қой. 
1. 
Толымсыз  сөйлемнің  басты  ерекшелігі  түсіп  қалған  немесе  қажет 
болған сөзді орнына қойғанда, ол толымды сөйлемге айналады. 
2. 
Диалог жағдайында не себепті толымсыз сөйлемдер жиі кездеседі? 
Диалог  жағдайында  толымсыз  сөйлемнің  жиі  кездесетін  себебі,  яғни, 
сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмауы, көбінесе оның алдындағы 
сөйлемде айтылғандығына, жалпы,оның не туралы екені белгілі болып 
тұруына байланысты. 
 
 19 
 

3. 
Толымды сөйлемнің қасиеті қандай? 
Сөйлем толымды сөйлем болу үшін айтушыға керекті сөйлем мүшелері 
сөйлемге түгел қатысу керек. 
Теориясы: 
«Талдау»  1.Салыстыр  2.  Айырмашылығы  неде?  3.  Ұқсастығы  неде? 
4.
Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе 1-
3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады 
Кестедегі толымды, толымсыз сөйлемдердің жасалу жолын салыстыр, 
ерекшелігін тап.  
Сөйлем түрі 
Ойға қатысты 
қанша сөйлем 
мүшелері 
қатысады? 
Басты 
ерекшелігін ата 
Жасалу жолын 
салыстыр 
Толымды 
Айтушыға 
керекті сөйлем 
мүшелерінің 
барлығы 
қатысады 
Бастауыш пен 
баяндауыштан 
тұрса да, ой 
толық жеткізілуі 
мүмкін. 
Қарапайым жай 
сөйлем 
Толымсыз 
Ойға қатысты 
сөйлем мүшесінің 
бірі түсіп қалады 
Түсіп қалған 
немесе қажет 
болған сөзді 
орнына қойғанда, 
толымды 
сөйлемге 
айналады. 
Екі түрлі жасалу 
жолы бар: 
а) өзара желілес 
сөйлемдер 
тобында; 
б)диалог 
жағдайында 
 
Теориясы:  
«Жинақтау»  Қорытынды  шығаруға  бағытталған:  Мазмұнды  жүйеле, 
анықтама  бер,  кесте,  сызба  толтыр,  сөзжұмбақ,  ребус  шеш;  т.б.  сөздер 
тапсырма шартында болу керек.  
Жаңа тақырып бойынша өз ойыңмен анықтама беріп, қорытынды жаса. 
Жауаптарын сәйкестендір.  
Үлгі:  
Не жазығым бар? 
Толымсыз сөйлем 
Бұлаққа келе жатырмын. 
Толымсыз сөйлем 
Кеш болды. 
Толымды сөйлем 
Лепірген  көңіліне  шапшаң  басқан 
аяғы ілесе алмайды. 
Толымды сөлем 
 
 20 
 

 
Практикасы: 
«Қолдану» Оқулықпен жұмыс. Тек қарапайым тапсырмалар орындалады. 
1. 
Кітаппен жұмыс. Мысалы, жаттығу. Берілген сөйлемдерден екі толымды, 
екі толымсыз сөйлемдерді тауып, жасалу жолына ауызша талдау жаса. 
2. Осы жаттығудан бір толымсыз сөйлемнің жетпей тұрған мүшелерін тауып, 
толымды сөйлем етіп шығар.    
 – 
Біздің ауылдың баласы. Екі жас үлкен.                                                           – 
Сейіл біздің ауылдың баласы. Ол бізден екі жас үлкен. 
 
Практикасы:  
«Баға  беру»  Сен  қалай  ойлайсың?  Не  істер  едің?  деген  сөздер  тапсырма 
шартында болу керек. 
Бұл  тапсырмалар  оқушылардың  жоғарыда  алған  білімін  (теориясы 
бойынша) және бойында қалыптасқан біліктілігін (практикалық тапсырмалар 
арқылы) күнделікті өмірде қолдану.  
  
Сен  қалай  ойлайсың,  күнделікті  өмірде  толымды  сөйлемді  жиі 
қолданамыз  ба,  жоқ  толымсыз  сөйлемдерді  жиі  қолданамыз  ба?  Біз  үшін 
қандай маңызы бар?  
  
Бір  шәкірттің  ойы:  Менің  ойымша,  біз  толымсыз  сөйлемдерді 
күнделікті  өмірде  жиі  қолданамыз.  Себебі,  адамдар  бір-бірімен  сөз  арқылы 
қарым-қатынас  жасау  барысында  диалог  арқылы  сөйлеседі  және  диалог 
барысында  сөйлемге  қажетті  мүшелерді  толық  айтып  жатпайды.  Өйткені, 
олар  (адамның  аты-жөні,  белгілі  бір  мәселе  жайы)  алдыңғы  сөйлемде 
айтылып кеткен, не екенін белгілі. Толымсыз сөйлемдердің маңызы қарым-
қатынас жасаудағы қарапайымдылығында.  
Кері байланыс - бағалау кезеңіндегі осы материалды меңгерту кезеңі 
Теориясы: 
«БІЛУ»  мақсатына  жету  үшін  Кім?  Не?  Қашан?  Қандай?  Қалай?  Не 
істеді?  т.с.с.  сұрақтар  тапсырмалар  шартында  болу  керек.  Сол  арқылы 
оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді. 
1-
деңгей 
1. 
Толымды сөйлемдерде ой қалай жеткізіледі? 
Толымды  сөйлемде  айтушыға  керекті сөйлем  мүшелері  түгел  қатысады, 
сондықтан ой толық жеткізіледі. 
2. 
Толымсыз сөйлемдер қандай жағдайларда қолданылады? 
Толымсыз сөйлемдер екі түрлі жолмен жасалады: 
а)  Өзара  желілес  сөйлем  тобында.  Мысалы,  Қарлығаштар  тағы  келді. 
 
 21 
 

Тағы кетті. Қайта-қайта келе берді. 
э)  Диалог  жағдайында  (екі  не  бірнеше  адамның  сөйлесуінде)  жиі 
кездеседі. 
Яғни,  ойға  қажетті  мүшенің  айтылмауы  оның  алдыңғы  сөйлемде 
айтылғандығында,  жалпы,  ойдың  не  туралы  екені  белгілі  болып  тұруына 
байланысты. Мысалы, 
-
Айару! - деді Қамқа әжесі, - анау сөмке сенікі ме? 

Менікі. 

Ауыр ма? 

Жеңіл. 
 
Практикасы: 
«ҚОЛДАНУ»  қарапайым үлгідегі  тапсырмалары орындалады. 
Мына    сөйлемді  толымды  сөйлемге  айналдыр,  сөйлемдерді  құрылысына 
қарай талдап, ерекшелігіне тоқтал. 
Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.  
Талдау үлгісі: қоштасты – етістіктен болған баяндауыш; 
Абай – атау тұлғалы зат есім; 
Ділдәмен – зат есімнен болған толықтауыш; 
Оңаша – үстеуден болған пысықтауыш. 
      
 
Теориясы: 
«ТҮСІНУ»  Неліктен?  Себебі?  He  үшін?  Неге?  т.с.с.  сұрақтар  оқушының 
жоғарыда  берген  жауаптарына  қойылады.  Сол  арқылы  ол  тақырыпты 
тереңірек меңгереді. 
1. 
Жай сөйлемдер неліктен толымды, толымсыз болып екіге бөлінеді? 
Себебі: 
а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем мүшелері 
түгел қатысады. Мысалы: Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады. 
 
ә)  Толымсыз  сөйлемде  ойға  қатысты  сөйлем  мүшелерінің  бірі  түсіп 
қалады. Мысалы:  Шараны сайладьқ. 
2. 
Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз? 
Себебі:  Екі  не  бірнеше  адамның  сөйлесуі  кезінде  ойға  қатысты 
сөйлемдерді  қайталап  айта  бермеу  үшін,  ол  сөздердің  алдыңғы 
сөйлемде айтылғандығына байланысты жиі қолданамыз. 
 
Теориясы: 
 
 22 
 

«ТАЛДАУ»  1. Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 
4.  Тақырыптың  басты  идеясын  жаз  сияқты  тапсырмалар  болу  керек. 
Немесе, 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады. 
Мысалы,  жаттығудағы  берілген  мәтіннен  бір  шешендік  сөзді  алып, 
сөйлемдерін толымсыз сөйлемге айналдыр. 
Үлгі: Үргеніш шешені: 

Сөз анасы не? 

Су анасы не? 

Жол анасы не? - деп сұрайды. 
Сонда Сырым батыр: 

Сөз анасы – құлақ, 

Су анасы бұлақ, 

Жол анасы тұяқ! - деп жауап береді. 
Толымсыз  сөйлем:  Үргеніш  шешені:  Сөздің,  судың,  жолдың  анасы  не?  – 
деп сұрайды. 
Сырым батыр: Сөздікі – құлақ, судікі – бұлақ, жолдікі – тұяқ! – деп жауап 
береді. 
 
1. 
Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін айт. 
Толымды сөйлемді толымсыз сөйлемге айналдырғанда,  шешендік сөздің 
көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас өзгереді. 
 
 
Практикасы: 
«ҚОЛДАНУ»  Қарапайым  тапсырмалардың  өзгертілген  жағдайдағы 
нұсқалары  орындалады.  Оқулықтағы  жаттығуды  орында  (екі  толымды,  екі 
толымсыз  сөйлемді  теріп  жаз.  Толымды  сөйлемде  айтылмай  қалған  сөзді 
анықта) 
Толымды сөйлемдер: 
1. 
Бірақ атайтын кісі бұл жиыныңнан табылмайды дen тe айтпаймын
2. 
«Осының  бірі  лайық  қой»  -  деген  қошеметші  де  бұл  жиында  жоқ 
емес. 
Толымсыз сөйлемдер: 
1) 
Сендер кімнің төбе би болатынын атамадыңдар ғой. 
2) 
Асыл ағаң болыс та, би де боламын деп өктеген де емес. 
 

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер қоржынынан 
Бесінші кезең: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет