ОҚытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата26.12.2019
өлшемі1,99 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
«Өзін таныстыру» 
Сабақ  басында  бір  оқушы  тақта  алдына  шығып,  өзі  туралы  1  минут 
әңгіме айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер келтіруге тырысуы 
керек. Қалған оқушылар оның сөздерін жағымды тұрғыдан қабылдап, үнемі 
қол шапалақтап және қуаттап отыруы керек. 
Осы  әрекеттер  арқылы  сынып  ішінде  оқушылардың  бір-біріне  деген 
сенімді қатынасын орнату көзделеді. 
 
«
Өз таңбаңды (герб) жаса» 
 
Оқушылар  бір  парақ  қағазда    фигураны  сызып,  оның  ішіндегі 
бөліктерге өздері туралы келесідей деректерді жазады: 
• 
Өз есіміңізді жазыңыз. 
• 
Ұялы телефоныңыз бен электрондық поштаңызды жазыңыз. 
• 
Сүйікті пәніңізді жазыңыз. 
 
 81 
 

• 
Зерттеу тақырыбыңызды жазыңыз. 
• 
Өз қолыңызбен жақсы жасай білетін екі заттың суретін салыңыз 
(жиһаз, тағам түрі, тоқыма түрлері). 
• 
Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің суретін салыңыз (үй, бөлме, 
табиғат аясы). 
• 
Өміріңіздегі  ең  елеулі  ықпал    жасаған  үш  адамның  суретін 
салыңыз. 
• 
Өмірде  қандай  жетістіктерге  қол  жеткізгіңіз  келеді?  Бір  сөз 
жазыңыз. 
• 
Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз жазыңыз. 
 
Оқушылар  өз  таңбаларын  жасап  бітіргеннен  кейін  шағын  топ  ішінде 
суреттерін талқылап, сұхбаттасады. 
 
«
Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!» 
Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында  ішінде өзіне бір немесе 
бірнеше  ізгі  тілек  тілеу  тапсырылады.  Содан  кейін  қатысушылар  жұпқа 
бөлініп,  бір-бірінің  қолынан  алып,  жаңағы  өзіне  тілегенді  жұптасына  айту 
керек.  Мұғалімнің  да  бұл  іске  қатысқаны  дұрыс.  Тілектерді  бір-біріне  топ 
ішінде де айтуға болады. 
 
«
Өзі туралы кластер» 
Оқушылар  танысу  үшін  өздері  туралы  кластерлер  құрастыруы  керек. 
Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таратылатын 
шеңберлерге өздерінің өмірде «ойнайтын» бес негізгі рөлін жазады. Мысалы, 
жанұяда:  біреудің  баласы,  әкесі,  бауыры,  ағасы;  оқуда:  оқушы,  шәкірт, 
курстас жолдас; сабақтан тыс уақытта: дос, жолдас. 
Әр  рөлден  туындайтын  шеңберлерге  өзінің  осы  рөлдегі  ахуалын 
сипаттайтын сын есімдерді жазады. 
Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылар өз жазғандарын жариялайды: топ 
ішінде  талқылайды  немесе  қабырғаға  іліп  қояды,  басқалардың  сұрақтарына 
жауап береді. 
 
«
Өзін-өзі таныстыру» 
 
Танысудың бұл тәсілін  қолдану үшін бір қапшық (немесе пакет) керек 
және  топтағы  әрбір  оқушы  сыныптағы  барлық  адамдар  санына  сәйкес  бір 
қағаз тілімін дайындау қажет: мәселен топта 20 оқушы орнынан тұрып, өзін 
 
 82 
 

елге  қысқа  түрде  таныстырады,  өзі  туралы  15  секунд  ішінде  жағымды 
ақпарат  келтіреді,  өздерін  мақтайды.  Осы  уақыт  ішінде  басқалар  бір  қағаз 
тіліміне  сөйлеп  тұрған  оқушыға  мадақ  пен  комплимент  жазады.  Сөйлеп 
болғаннан  кейін  оқушы  қапшықты  алып,  сыныпты  аралайды,  басқалардан 
өздері  туралы  жазылған  қағаз  тілімдерін  жинап  алады.  Қағаз  қиындыларын 
әзірше  оқуға  болмайды.  Осындай  әрекетті  барлық  оқушылар  қайталап 
шығады. 
Өзін-өзі таныстыру аяқталғаннан кейін оқушылар өздері туралы қағаз 
тілімдеріне не жазылғандығын оқиды. 
 
«
Өкіл» 
Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» 
ретінде  таңдалып,  түсіндіріп  және    жинақтау  үшін  және  басқалардың 
идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін 
өкіл өз тобына қайта оралады. Бұл - зеріктіретін және қайталана беретін «өз 
тобына  хабарлау»  әдісінен  аулақ  болу  үшін  қолданылатын  тиімді  әдіс. 
Сондай-ақ,  бұл  өкіл  тілін  қолдануға  және  белсенді  тыңдаушылар  тобын 
құруға жағдай жасайды. 
 
Өлең оқуға арналған тапсырмалар 
 
 Өлеңнің атауына қарап оның не туралы екенін болжау 
 Басқа атау ұсыну 
 Өлеңнің «тарихын» 100 сөзбен әңгімелеп беру 
 Өлеңнен  ұнатқан  жолыңызды  «Маған  қатты  ұнататын  өлең  жолдары» 
деген плакатқа жазу 
 Қалдырылып кеткен сөздерді толықтыру 
 Қалдырылған  аралықтарды  синонимдер  тобынан  алынған  дұрыс  сөзбен 
толтыру; 
 Өлеңді қайтадан дұрыс ретіне қайтару 
 Қалдырылып кеткен жолды табу 
 Ұсынылған нұсқалардың ішінен қалдырылып кеткен дұрыс жолды таңдау 
 Түсінікті/түсініксіз сөздерді бөліп көрсету және оларды серігіңізбен бірге 
нақтылау 
 Әртүрлі лексикалық өрістерді бөліп көрсету, мысалы, оң/теріс 
 Өлеңнен ұнатқан эпитеттерді таңдап, оларды қағазға түсіру 
 Өлеңнің әлеуметтік, мәдени және тарихи мәнмәтіндерін зерттеу 
 Ақынның өмірбаянын жазу 
 
 83 
 

 Өлеңдерді топтарға сұрыптау/артығын анықтау 
 Бүкіл  сынып  болып  өлеңді  оқып  шығу  –  өлеңдерді  хормен  ұсыну  үшін, 
сыныптағы әрбір оқушы өлеңнің бір жолынан жаттайды 
 Өлеңнің суретін салу – негізгі образдарын 
 Өлеңді сүйемелдей алатын сурет табу 
 Өлеңдегі  көңіл-күйге  немесе  оның  тақырыбына  сәйкес  келетін  музыка 
таңдау 
 Өлең туралы пікір жазу 
 Кейбір негізгі сұрақтарды қоя отырып, ақынға хат жазу 
 Поэманың оқиғасын әңгімелеушісі бар стоп-кадрлар түрінде ұсыну 
 Өлең/ақын туралы мектеп журналына мақала жазу 
 Оқушылар басқа оқушыға сұрақ қояды; сұрақтарға жауап береді, бұл ретте 
мәтіннен  әртүрлі  реңктегі  тиісті  бөліктерінен  дәлелдер  пайдаланылатын 
болады 
 Нақты әдістерді/тәсілдерді пайдалана отырып, өлең жазу 
  Салыстыру  кестелерін  пайдалана  отырып,  кем  дегенде  екі  өлеңді 
салыстыру 
 Нақты әдістер мен тәсілдерді белгілеу үшін өлеңнен бөліп көрсету: 
салыстыру,  кейіптеу,  метафора,  ұйқас,  аллитерация,  үндестік,  қайталау,  оң 
және теріс жауап; жекелеген салалар, лексика. Туындының мағынасына әсер 
ететін  тиісті  құрылымына  баса  назар  аударған  жөн.  Неліктен  ол  осы  түрде 
бөлінген? Неліктен ол парақта осы түрде орналастырылған? 
 
«Өмір ұраны» 
Әр  қатысушы  өзінің  өмірдегі  ұранын  қағазға  жазып,  қағаздар 
араластырылады. Содан  соң  біртіндеп оқылады.  Басқалар оқылған ұранның 
кімнің өмірлік ұстанымы екенін табу керек.  
Оқушылардың бір-бірін қаншалықты білетінін анықтау үшін, бірін-бірі 
жақынырақ тану үшін жүргізуге болады. 
 
«Пазлдар»  
 
      
Мақсаты: Командалар құру, топ ішінде рөлдерді бөлу дағдысына үйрету. 
      
Ресурстар:  Кішкентай  «миқатырғыш  пазлдар»  (суретті  открытканы 
бірнеше бөліктерге бөлуге де болады) 
     
Ойын барысы: Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады. Мақсат – бөліктерді 
жылдам жинау. 
 
 84 
 

      
Жаттығудың  психологиялық  мәні:  Қатысушылар  ойын  түрінде 
командада  тиімді  әрекет  жасауға,  рөлдерді  бөлуге,  жұмыс  сапасын 
жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді. 
     
Талдау:  Командада  тапсырманы  орындау  қалай  болды?  Неліктен? 
Тапсырманы тиімді орындау үшін не қажет деп ойлайсыңдар? 
 
 
«
Пальма, піл, қолтырауын» 
Қатысушылар үш-үштен бөлініп тұрады. Модератор топтардың қайсысы нені 
бейнелейтінін көрсетеді. Мысалы, «пальма» десе, ортадағы ойыншы пальма 
ағашын бейнелейді, қалған екеуі пальмаға соғып тұрған желді бейнелеуі тиіс. 
«Піл»  десе,  ортадағы  ойыншы  пілдің  тұмсығын  қалған  екеуі  құлақтарын; 
«қолтырауын»  десе,  ортадағы  ойыншы  қолтырауын  аузын,  екеуі  жотасын 
көрсетуі тиіс. 
 
Мұнан  басқа  да  тапсырмалар  арқылы  топтың  алғырлығы  мен  қиялы 
тексеріледі. 
 «
Парасатты  диалог» 
Оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  диалог  парасатты,  рефлексивті, 
түсінушілік білдіру мен тексеруге бағытталған болып, барлық оқушылар өз 
ойлары  мен  пікірлерін  білдіре  алатындай  болуы  тиіс.      Оқушылармен 
диалогтің сапасын талқылаңыздар және олардың мақсатын айтуды және оны 
қалайша жақсартуға болатынын (қажет болуына қарай) айтуды сұраңыз.  
«Паровоз»  
 
Сырттан  сыныпқа  немесе  тақтадан  партаға  келіп  отыру  үшін  3 
қатысушы бір сапқа орналасып алады.  1-тұрған оқушы, 2-тұрған кедергі, 3-
мұғалім.  Кедергі  оқушының  көзін  байлап  тұрады,  паровоз  болып 
дыбыстайды.  Мұғалім  сөзбен  оқушының  қалай  жүруін  бағыттап  отырады. 
Оқушы  есту  арқылы  қабылдаушы,  орындаушы.  Оның  жұмысын 
қиындататын ортадағы кедергі. Міне, осы ойын арқылы оқудағы кедергілер 
тақырыбы басталады. 
 
 85 
 

 
 
«Плюс, минус, қызықты» 
      
 
Бұл рефлексияны ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша 
орындау  үшін    үш  бағаннан  тұратын  кестені  толтыру  ұсынылады.  «Плюс» 
бағанына  сабақта  ұнаған  кезеңдердің    барлығы  жазылады.  «Минус»  -
оқушының  пікірінше,  бұл  ақпарат  ол  үшін  керексіз,  пайдасыз.  «Қызықты» 
бағанына  оқушылар  қызығушылық  тудырған  деректер  мен  әдістерді,  ол 
туралы басқа дерек көздерінен көбірек білгісі келгендіктері туралы жазады. 
 
Плюс 
Минус 
Қызықты 
Сабақта барлығы ұнады: 
сабақ мазмұны, жұмыс 
түрлері 
Ұнамады, түсініксіз 
болып қалды 
Барлық деректер мен 
әдістер қызықты 
 
«Пойыз»  
      
Әрбір  вагон  белгілі  бір  тапсырмаға  сәйкес    келеді.  Мысалы,  сабақты 
бекіту  кезеңіне  үш  шағын  ойын  мен  бір  шығармашылық  жұмыс 
жоспарладыңыз  делік.  Сізде  –  төрт  вагон.  Оқушыларыңызға  қай  вагонның 
тапсырмасын  тез,  дұрыс,  жеңіл  орындағандарын  белгілеуін  сұраңыз.  Сол 
вагонға адамдарды, жануарларды отырғызуға немесе жетондармен белгілеуге 
болады. 
«ПОПС формуласы» 
(
Позиция Объяснение Пример Суждение) 
        
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....» 
        
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...» 
        
Үшінші  сөйлем:  «Оны  мен  мына  фактілермен,  мысалдармен  дәлелдей 
аламын....» 
        
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге 
келдім...» 
 
«Портрет» 
Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут 
музыка  әуенін  тыңдай  жүріп  өз  тобындағы  қалаған  біреудің  портретін 
 
 86 
 

салады.  Музыка  тоқтаған  соң,  астына  өз  қолтаңбасын  қалдырып,  портретті 
иесіне сыйлайды. 
 «
Прогресс білдіру» 
Бағалауды  прогресті  білдіру  үшін,  сол  арқылы  олардың  не  істеп 
жатқандарына мән берудің тәсілін табыңыз. 

Түрлі тарауларды байланыстыра оқытыңыз; 

Оқу журналын пайдаланыңыз; 

Оқушылар  оларға  қол  жеткізгендігін  атап  көрсете  отырып,  алдыңғы 
мақсаттарға сілтеме жасаңыз; 

Сізде  оқушының  прогресі  нақты  бейнеленген  мақсаттар  сызбасы 
болсын; 

Бағалау  үдерісі  мен  оқушының  өзіне  мақсат  белгілеу  үдерісін 
байланыстырыңыз.  
 
«Психологиялық бой» 
Барлық  қатысушылардың  көзін  байлап,  бойлары  қысқадан  ұзынға 
қарай  орналасу  тапсырылады.  Сөйлесуге  тыйым  салынады.  Кім  өзінің 
бойының  шамасын  дұрыс  бағамдады?  Кім  бойын  ұзын,  қысқа  деп  ойлап 
орнын таба алмады? Анықталады. 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР  ТОПТАМАСЫ       
«Шеңбер  бойынша  сөз  тізбегі» ойыны  тренингке  қатысушылардың 
сөздік  мағыналы  ойлауын,  топтық  қатынасын,  сөйлеу  мәнерін дамытуға 
ықпал етеді. 
Ойынның  ережесі:  Қандай  да  бір  қарапайым  сөйлем  таңдап, 
қатысушылар  сол  сөйлемді  түрлі  дауыс  ырғағымен  жалғастырулары  қажет. 
Мысалы  “Біз  -  құзыретті,  кәсіби  білімді  маманбыз”.  Енді  оң 
жақтағы  ойыншыдан  бастап  осы  сөйлемді  кезекпен  айтамыз.  Ойынның  әр 
қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен  айтуы тиіс (сұраулы,  қуанышты, 
таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай 
айтылғанда  қайталаса,  ойынан  шығарылады.  Осылайша,  ойын  бірнеше  рет 
ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды. 
  
«
Комплимент» жаттығуы 
Жаттығудың  тапсырмасы  –  қатысушылардың  бірін-бірі  түсінісуі 
арқылы  эмпатия  деңгейін  көтеру,  тіл  табыса  алу  қасиетін,  бірі-бірін  толық 
 
 87 
 

тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез - 
келген  қатысушы  жағымды  комплимент  айтады.  Ал  қалғандары  ол  кімге 
арналғанын  табады.  Комплимент  алған  қатысушы  ойынды  әрі  қарай 
жалғастырады.  Барлығы  түгелдей  жағымды  эмоция  алмайынша,  ойын 
аяқталмайды. 
Осы 
жаттығу 
тренингке 
қатысушылардың 
қаншалықты 
қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді. 
Тренинг  аяқталғаннан  кейін  қорытынды  ширингте  «Тренинг  саған  не 
берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды. 
Осыдан  тренинг  нәтижесінде  бірлескен  іс-әрекет  қарым-қатынас 
қабілетін  арттырып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  тұлғаның  дамуы  мен 
өзгеруіне тікелей ықпал етеді. 
«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» жаттығуы 
Ойын  ережесі:  Шеңберде  қатысушылар  өздеріне  жағымсыз  деген 
қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз 
қасиеттер  тізімі  құрылды  (жалқаулық,  асығыстық,  артық  сөйлеу  және  т.б.). 
Топтың  міндеті  осы  жағымсыз  қасиеттерді  қайта  қарап,  оның  тиімді  және 
жағымды  жақтарын  табу  мен  оны  жағымсыз  қабылдау  себептерін  анықтау 
болып  табылады.  Ал  жағымды  сипаттама  жасап,  сол  қасиетті  қорғап  алған 
қатысушы оны өзіне алады. 
Жоғарыдағы  жаттығудан  кейін  эмоциялық  қысымды  шығару 
үшін «Жағымсыз  эмоциялық  күйді  шығару» арт-терапиялық  тапсырма 
орындалды. 
Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4  және А1/4 қағаз беріледі. Олар 
А1/4  қағазға  жағымсыз  көңіл  күйін  түсіреді.  Сол  қағазды  үлкеннің  үстіне 
жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды 
жапсырар  алдында  мына  сөздерді  айту  маңызды  «Өмірді  ашық,  жарық, 
көңілді  жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай 
өзгергерткісі келгенше салынады, боялады. 
Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді: 
-  
Суретте ненің бейнесі салынған? 
-  
Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз? 
-  
Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б. 
 
«Әрекет» жаттығуы 
Ойын ережесі: Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам 
жауап қайтарулары тиіс: 
 
Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал үстелде отыруға болады…… 
 
 88 
 

 
Астроном айға телескоппен  қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап 
тұрса ше? 
 
Еден мен төбені аударыңыз…… 
 
Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз…… 
 
Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз…… 
 
«Қане танысайық!» жаттығуы 
 
Нұсқау:  Әр  қатысушы  30  секунд  ішінде  өзін-өзі  таныстырады.  Бұл 
жерде өзінің есімін, өмірінің қызықты жайларына тоқталуға болады.  
– 
Біз бір – бірімізбен таныстық. Енді өзімізді  өзіміз білеміз бе?    
«Өзіндік таным» 
Нұсқау:  Әр  қатысушыға  карточкалар  таратылып  беріледі.  Ондағы 
«Мен» дегенді ары қарай жалғастырады. 
1. 
Мен .......................... 
2. 
Мен .......................... 
3. 
Мен .......................... 
4. 
Мен .......................... 
5. 
Мен .......................... 
6. 
Мен .......................... 
7. 
Мен .......................... 
Мен туралы басқалар не деп ойлайды? .......................................................... 
«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы 
Нұсқау:  Ойыншылардың  ішінен  бір  жүргізуші  таңдалынады.  Ол 
барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің 
киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың 
қатысы  бар  ойыншылар  жылдам  орындарын  ауыстыруы  керек,  ал  олар 
ауысып  жатқанда  жүргізуші  бос  орындыққа  отырып  қалу  керек.  Қай 
қатысушы  орынсыз  қалса,  сол  келесі  жүргізуші  болып  ойынды 
жалғастырады.  
 «
Қызықты сұрақ» жаттығуы 
Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады. 
Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса, жауабын мұғалімнің өзі айта  
отырып, сабақтың тақырыбын айтады. Сұрақтар: Неліктен? Ол кім, бұл не?  
сипатында болып келеді. 
«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы  
Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын 
көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде 
айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға 
 
 89 
 

тырысады.  Кім  қателессе,  орнына  отырады.  Соңында  қалған  үш  адам 
жеңімпаз деп танылады. 
«Мен таптым» жаттығуы 
Қатысушылар  дөңгелене  отырып,  кезекпен  бірден  жетіге  дейін 
санайды.  Жеті  санын  айтатын  адам  «Жеті»  деудің  орнына,  орнынан  тұрып, 
«Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады. 
«Белгісіз басшы» жаттығуы.  Бір қатысушы  сыртқа шығарылып, сол 
кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті 
сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол 
қимылды  бірдей  қайталауы  керек.  Сырттан  келген  адам  кімнің  басқарып 
тұрғанын табу керек. Егер тапса, немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба 
алмаса, басқа адаммен ауысады. 
«Дирижер» жаттығуы 
Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам 
сол  қимылды  қайталауы  керек.  Кім  тез  қайталай  алмаса,  сол  ойыннан 
шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір 
дыбыстар шығаруы керек. 
«Жыланша» жаттығуы 
Қатысушылар  айнала  отырады.  Сосын  бірі  бастап,  келесі  адамның 
кезекпен  қолын  алып,  тілегін  айтады.  Оның  соңынан  келесісі  ереді.  Ойын 
осылайша  қашан  барлығы  бір-біріне  тілек  айтып  болғанша  жалғасып  кете 
береді. 
«
Жер сілкіну» жаттығуы 
Оң жақта отыратын  көршіге қарап, ол адамның туылған айы  қандай, 
мінез  -  құлқына  қарай  байланыстыру.  Сонан  кейін  жыл  жүйесі  бойынша 
орындарын    ауыстыру  ұсынылады.  Қайтадан  оң  жақта  отыратын  көршіге 
қарап, ол адамның айы неге сондай екенін  түсіндіреді 
Үш  адамнан  ұстасып  үй  соғады,  ортасында  бір  адам  тұрады,  1-
қимылдайды адамдар десе ішіндегі адамдар жүгіріп, келесі үйдің ішіне кіріп 
кетеді.  2-  қимылдайды  -  қимылдайды  үйлер  қимылдайды  десек,  үйлер 
жүгіріп барып тұрған адамды қоршайды, 3- жер сілкінді десек үйлер қолын 
түсіріп, басқа үйлермен үй соғады. Кезек - кезек ауысып тұрады. 
«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» жаттығуы 
Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер. 
1а) Интерпритация  
Қызыл қуанышты көңіл-күй 
Алқызыл-ұнамды көңіл-күй 
Сары-жағымды көңіл-күй 
 
 90 
 

Көк- суық көңіл-күй 
Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй 
Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй  
Қара-күш  қуаттың төмендеуі  
Ақ –анықталмаған көңіл-күй. 
2а) Әр  қатысушы   өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды. 
Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны  оқиды. 
Мысалы:  Алмас  қызыл  түсті  таңдаса,  онда  Алмастың  көңіл-күйі  өте 
қуанышты күйде екенін білуге болады. 
«Әнмен бой сергіту»  жаттығуы 
Жүргізуші  танымал  3-4  ән  аты  жазылған    қағаз  таратады.  (Әр  әнге 
сондай  қағаз  саны  тең  келеді)  Қатысушылар  өзіне  тиген  ән  әуенін    жүріп 
ыңылдап  салады.  Ойынның  міндеті  өзі  сияқты  ән  әуенін  салып  тұрған 
адамды  іздеп  тауып,  қосылуы  түптеп  келгенде    осындай  үш,  не  төрт  топ 
құралады.  Мысалы:  Азамат  бригаданың  әуенін  салып  тұрса  Хадиша    өз 
әуенін естіп Азаматпен бір топты құрайды. 
«Мимикалық ситуация» жаттығуы 
Қатысушылар  үш  топқа  бөлінгеннен  кейін  олардың  топ  басшылары  
ортаға  шығып  карточканы  таңдайды.  Онда  «Махаббат»,  «Бұзықтық», 
«Қызығушылық»,  тақырыптар  берілген.  Әр  топ  өз  тақырыптарына  
байланысты  мимика,  панто-мимикалық  ситуация  құрайды.  Қалған  екі 
команда олардың басты тақырыбын табады. 
«Ақ тілек» жаттығуы 
Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.  
Қатысушылар  өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі 
тілекті оқиды. 
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы 
Мақсаты:  Адамның  бет  әлпеті  арқылы  оның  ойын,  сезімін  айыра  білуге 
үйрету. Сезімнің сыртқы көріністерін көрсете білу. Топта эмоциялық жайлылық 
қалыптастыру.  
Сәлемдесу. «Өз күлкіңді шеңбермен көршіңе сыйла» жаттығуы. Шеңберде 
тұрып,  «Мен  саған  өз  күлкімді  сыйлаймын,  ал  сен  көршіңе  сыйла»  деп 
жалғастыру. 
 
Әңгімелесу.  «Көңіл-күй  деген не?»  Адамдарда  қандай  көңіл-күй  болады? 
Көңіл  -  күйге  не  әсер  етеді?  Басқа  адамның  көңіл-күйін  қалай  анықтауға 
болады? Көңіл-күй құжатын ойлап табу. 
 
«Көңіл-күйіңді  ауа-райына  теңеп,  суретін  сал.»  Өз  эмоциясын  сурет 
арқылы көрсете білуге үйрету.                                                         
 
 91 
 

 
Оқушылар өз көңіл-күйін ауа - райына теңеп суретін салады. 
 
Ойын. Көңіл- күйім қандай тап?  
 
Бір  оқушы  ортаға  шығып,    көңіл-күйді  эмоция  арқылы  көрсетеді,  қалған 
балалар табу қажет.  
Пікірлесу.  Өз  көңіл-күйіңді  қалай  өзгертуге  болады?  Қандай  көңіл-күйде 
болғың келеді? Қандай көңіл-күй ұнайды?  
«Мен және басқалар» кешенді жаттығу 
Мақсаты: Қарым-қатынасқа түсе білуге үйрету 
1- 
жаттығу «Сәлеметсіңдер ме?»  
Мақсаты: эмоционалдық қарым-қатынас және эмоционалдық комфорт орнату.  
Балаларға 3 түрлі әдіспен амандасу ұсынылады: 

Қол алысу; 

Мұрындарын түйістіру арқылы; 

Құшақтасу; 
Қазір  біз  бір-бірімізбен  амандасамыз,  бірақ  амандасу  әртүлі.  Бірінші  бір- 
бірімізбен қол алысайықшы. Ал енді мұрнымызбен амандасамыз. Соңында бір-
бірімізбен құшақтасамыз. 
2.Әңгіме  «Мені қоршаған адамдар»: адамға жалғыз болу оңай ма? Достар 
не үшін қажет? Бірлесе не істеуге болады?   
Пікіралысу.    
2-
жаттығу.  «Жалғыз  аяқ  жол».  Тыңдаушылар  шеңберде  тұрып, 
музыкамен қимыл жасауды бастайды.  
«Төбе» деген  бұйрық  бойынша  барлық  тыңдаушылар шеңбер ортасына 
қарай  қолдарын  көтереді,  ал  «шұңқыр»  деген  бұйрық  бойынша  қолдарын 
бастарына қойып, шеңбер ортасына қарай жиналып отыра қалады. «Жалғыз аяқ 
жол»  деген  бұйрық  бойынша,  бірінің  артына  бірі  тұрып,  қолдарын  алдында 
тұрған адамның  иығына  қойып, музыка ырғағымен жүреді. 
Пікіралысу. 
4-
жаттығу. «Кішкентай суретші» 
Мақсаты: Қоршаған адамдарға  назар аудара білуін дамыту.  
Қатысушылардың біреуі «суретші». Ол бір тыңдаушыны  «натура» ретінде 
біреуін  таңдап,  теріс  қарап  «сурет  салуды  бастайды»  (сөзбен  портретін 
сипаттайды)  Қалғандары бұл кім екенін шешулері қажет. 
Жаттығуды талқылау. 

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер қоржынынан 
Бесінші кезең: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет