«Дизайн»
Әр оқушы өзінің қандай жансыз зат екенін айтады. Дизайнер келіп
оларды өз талғамымен орналастырады. Ең бастысы, бәрін өз орнына тиімді
орналастыра білу. Сабақта да солай әр жұмыстың өз қызметі, өз орны бар.
Орнымен жұмсасақ қана нәтиже болатынын білдіру.
35
«Динамикалық шеңбер»
Оқушылар коридорға шығып, ішкі және сыртқа шеңберге бөлінеді.
Сыртқы шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер берілген
тапсырмалар бойынша білетіндерін айтып келесі жұбына бір айналым жасап
шыққанша қозғалады. Сыртқы шеңбердегілер сол тақырып бойынша жасаған
қорытындыларын сыныпқа келіп айтады.
«Домино»
Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасынан қаламмен
сызылады. Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі
оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын
жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына
осындай жазба қалдырады.
Барлық топ өз доминоларын жасап болған соң, араластырып, көршілес
топқа домино қиындыларын құрастыруға ұсынады. Әрі жылдам, әрі дұрыс
құрастырған топ жеңіске жетеді.
«Домино - 2»
Қатысушылар столды жағалай отырады. Қолдарына открытка
қиындылары немесе балаларға арналған суретті лото не әріптерден қиылған
карточкалар таратылып беріледі. Бірінші қатысушы өзінің суретіне
байланысты әңгімені бастайды. Бұл ертегі, қияли, күлкілі әңгіме т.с.с. болуы
мүмкін. Ең бастысы, қолындағы сурет қамтылуы тиіс. Осы суреттің
қиындысы бар келесі ойыншы әңгімені жалғастыруы керек. Осылайша басы
бүтін бір әңгіме айтылып шығады.
«Допты лақтыру»
Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы
сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере
алмаса, доптыбасқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды
бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.
36
«Достармен кездесу уақыты»
Оқушыларға осындай карточка беріп, сыныпты аралай жүріп, өздеріне
ұқсас бір жанды тауып әр сағаттың тұсына атын жазу ұсынылады. Мысалы,
сенің көзіңнің түсі маған ұқсайды екен. Сені сағат 12-ге кездесуге жазып
қойсам деп едім. Осылайша 4 сағаттың тұсына аттарын жазып болған соң,
сәйкес келген оқушылар бір топқа бірігіп жұмыс жасау тапсырылады.
«
Дұрыс емес пікір»
Талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды қолданыңыз.
Дұрыс емес болғаны үшін ғана жауапты іріктеудің немесе «бұл қызық»
фразасын қолданудың орнына, үдерісті ашып көрсету үшін ойлау барысының
дұрыс емес бағыт алуына әкелетін сұрақтарды қолданыңыз.
Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін жазғыру
болмайтын атмосфера орнатады.
«Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын... ендеше талқылап
көрейік...».
«
Дыбыстау»
Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың
деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге
еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе
де болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет.
37
«Егер ..., онда не болар еді?»
Оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады,
қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Мысалы,
«Егер әрбір адам дүниеге келе сала басқалардың ойын оқи
алатын болса, онда Жер бетінде не өзгеріс болар еді?»
«Егер Жердің тартылыс күші жоғалып кетсе, онда ...»
«Егер барлық адам сөйлеу қабілетінен айрылып қалса, онда»
Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау
белсенділігін арттырады.
«
Екі жұлдыз, бір тілек»
Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды
және бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға
ерекше ұнаған 2 зат Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсе.
«
Екі түрлі түсініктеме күнделігі»
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты)
ортасынан тік сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына
Бөліктің сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен
тұстарды, үзінділерді жазады.
Сол әсер еткен үзінділер жайында пікір
жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары
қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң
жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім
қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол
сұрақтар оқығанға баға беру пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып
қойылған дұрыс.
Бұл әдіс те оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға, ақпаратты өз
бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, кұдіретін, сипаты мен
табиғатын ашып түсінуге бағыттайды. Сондай-ак, әдістің тиімділігі - мұнда
сабақтан тыс калатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті
38
етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі
дамиды.
«
Екі қолды жұмысқа жұмылдыру»
Оқушылар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен
мынадай әрекеттерді атқарады:
1.
Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш
салады.
2.
Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.
3.
Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады.
Бұл жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын
теңдестірген дұрыс: егер фамилия ұзын болса, ондағы «-ов/-ев», «-ова/-ева»
жұрнақтарын алып тастап, есімге «жан» түбірін қосса болады.
Оқушыларға салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығы назар
аудармауларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы –жазудың өзі, сол себепті
де тоқтамай, әрекеттене беру керек.
Бұл ойсергектің мақсаты мынандай:
Әдетте оңқайлардың (оң қолымен жұмыс жасайтындардың) миының
сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа
белсене араласпайды. Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі әрекеттер жасағанда,
мидың екі бөлігі де жұмысқа қосылатын болады.
«Екі лагерь»
Жүргізуші сыныптағы бір оқушының өз қалауымен сыртқа шығып
кетуін ұсынады. Ол сыртқа шыққанда қалған оқушылар бір ұқсас белгілеріне
қарай екі топқа бөлініп, бір-бірінен алыс отырады. Сырттағы оқушы кіріп, екі
топтың қандай бір-біріне ұқсамайтын белгі арқылы бөлінгенін табу керек.
Бұл ойын топқа бөлгенде, оқушылардың ықыластылығы мен
зейінділігін анықтау үшін жүргізіледі.
«
Елестету көрінісі»
Мәтіннің басты мәнін мүмкін болса, елестетуге тырысу керек. Егер
мүмкіндік болса, сурет, сызба, тірек сызба т.б ретінде қағазға түсіріп,
суреттерді қорғау.
39
«Ең зейінді»
Оқушылар бірінің артына бірі сапқа тұрады. Басында тұрған
оқушы артына қарап оқушылардың тұру ретімен есте сақтайды да, дауыстап
аттарын айтып шығады. Қателескен жерінен тоқтатылады да, соңына барып
тұрады. Келесі оқушы да дәл осылай айтып шығады. Арасында оқушылар
орындарын ауыстырып отырады. Кім сыныпты түгел жаңылыспай тұрған
орындарының ретімен айтып шықса, сол «ең зейінді оқушы» атын иеленеді.
«Еркін жазу»
Бұл әдіс «ой толғаныс» кезеңінде пайдалануға лайықты да тиімді.
Мұғалім сабақ барысында қарастырылған жаңа ақпарат жайында, одан алған
әсері, не үйренгені, нені әлі де біле түсу керек екені т.б. туралы өз пікірін
қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған
кезде, оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы
деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын
түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
«Еркін пікір»
Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, шағын
ғылыми жұмыстарды қорғау – оқушының білім қорын, ізденісін көрсетумен
қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне қызмет етеді.
«
Еркін талқылау»
Бұны шағын топта қалай болса, сондай-ақ барлық сыныппен
орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай талқылауда көмек
керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете алады, бірақ жұмыс
топтарда өтсе мұғалім барлық топқа үлгермеуі мүмкін. Нұсқа ретінде бір
оқушыны көмекші болуды сұрауға болады, бұл техника оқушыны, ол оқушы
әрекеттерінің оң тәжірибесін алысымен пайдалануға және осы рольдегі
мінез-құлқының негізгі аспектілерін талқылауға болады.
«
Ертегі құрастыру»
Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-бір
сөйлемнен
өздері
қалауынша
ертегінің
сюжетін
құрастырады.
40
Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі
құрастырылып шығады.
«
Есімдер арқылы топқа бөлу»
www.classtools.net
–
«жеміс-жидек машинасы» бағдарламасы, мұнда
сізде есімдерді енгізуге, оларды сақтауға және оқушыларды кездейсоқ
тәртіпте таңдауға мүмкіндік болады.
Есімдерді балмұздақтардың таяқшаларына жазыңыз және жауап беру
үшін кездейсоқ тәртіппен оларды тартып шығарыңыз.
Сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе сыныптағы
отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда жазыңыз – әр сыныпта
қолданыңыз.
«Жағымды тілектер алқасы»
Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) және көбірек
түрлі-түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды әуен арқылы
барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім қолындағы жіптерді
көрсетіп: «Менің қолымда түрлі-түсті, ұзын-қысқа жіптер бар. Шын мәнінде,
бұлар жай жіптер емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға
сүйенсек, егер таза жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі
алқаға айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып, өз
мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң түрлі-түсті
қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға жағымды тілек
айтып байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер алқамыздың моншақтарына
айналады.»
Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік ретінде сақтап
қою ұсынылады.
«
Жазылым дағдыларын дамытуға әдіс-тәсілдер»
Құру
Құру үдерісі және жоспарды жобаға айналдыру үдерісі: ой дамыту, қолдау
бөліктерін енгізу, проза түрінде жазу, азат жол пайдалану, азат жолдарды
байланыстыру, басым тиімді бастау және аяқтау. Жазу бойынша бірнеше
жоба болуы да мүмкін.
Оқушылар жобаны жазу кезінде критерийлерге жүгіну керек. Мазмұндама
41
мұғалімге жауап беруде, қатарластар ескертпесінде немесе жаңа ақпаратқа,
сондай-ақ, өзгерту үдерісі кезінде байқалған кез келген сұраққа жауап беру
кезінде өзгереді.
Өзгерту
Өзгерту – мазмұн сәйкес ақпараттан тұратынына және оның ақпаратты
бірыңғай беретініне көз жеткізу үшін қайта оқу немесе шығарма жобасын
қайта қарау.
Оқушылар орфография, грамматика, пунктуациядағы қателерді анықтау және
түзеу үшін, сондай-ақ, өшіріп, қосып, материалды нақтылау үшін түрлі түсті
қаламдарды пайдалану керек.
Өзгерту бірнеше кезеңнен тұруы да мүмкін, себебі, жазушы әртүрлі
элементтерді жазуға назар аударады. Ол мыналардан тұрады:
Мазмұн – жазбаша мазмұндаманың мазмұнына қараңыз, ол нақты бір мақсат
пен аудитоияға сәйкес келеді ме, барлық сәйкес ақпарат жеткілікті деңгейде
енгізілген бе?
Құрылым – Мазмұндауда басы, ортасы және соңы анық берліген бе? Немесе
хабарлы мәтінде анық кіріспе мен қорытынды болады ма? Ақпарат қисынды,
байланысқан және прогрессиялы бірізділік болу керек. Қызықты әрі тиімді
болатын кіріспе және қорытынды фразалар болу керек.
Мәтінді құрылымдау – Абзацтар сол абзацта талқыланатын ақпаратты
айрықшалайтын немесе соған сілтейтін тақырыптық сөйлемнен басталу
керек.
Жаңа абзац орын, уақыт және сөйлеуді бастайтын жаңа кейіпкер/адамды
ауыстыра отырып, жаңа тақырыптан басталу керек. Маңызды әрі нақты
сөйлем құрылымдарының әр түрлілігін әсер алу үшін саналы түрде
пайдалану қажет.
Айқындық - барлық жаңа тұжыырымдамалар нақты түсіндіріліп нақты
анықталған ба? Әр сөйлемнің мағынасы түсінікті ме? Ненің айтылып
тұрғаны түсінікті ме?
Сөздік – Сөздік таңдау қажетсіз қайталаудан қаша отырып, дәл әрі маңызды
болу керек. Тезаурус пайдалану кезінде мұқият болған жөн, себебі оқушылар
маңызы бірақ мәнмәтінге сәйкес келмейтін синонимдерді пайдаланып қоюы
әбден мүмкін.
«
Жақсарту жөніндегі нұсқаулық»
Оқушылардың жұмысына түсініктеме бере отырып, бұл үдерісті
оқушыларға жақсарту жөнінде нұсқаулық беру үшін қолданыңыз.
Оқушылардан
сыныптастарының
жұмыстарын
бағалаған
кезде
42
түсініктемелерді қолдануын сұрай отырып, үдерісті дамытыңыз. Нұсқаулық
ұғымын және оның басқа ереже түрлерінен қалай ерекшеленетінін
талқылаңыз (мысалы, ұйғарым, ескерту және т.б.).
«Жақсылық тамшысы»
Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы
жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы
өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.
«Жақсы сұрақ деп нені айтады?»
Оқушылармен «жақсы» сұрақ ұғымын талқылаңыз. Үдеріс ашық және
жабық сұрақтардың арасындағы айырмашылықтарды анық түсінуге
мүмкіндік береді. Одан кейін олар тақырып бойынша сұрақтар қоя алады
және олардың қайсысы жақсы болғанын шеше алады, одан кейін
сұрақтардың жауаптарын талқылауға ауысады.
«Жаңалық ашамыз»
Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу
үшін тапсырма беріледі. Бұл таптаурын болған ойдан арылу, айналаға сын
көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.
Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір
жағынан салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған
кезде, құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с.
Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу
тапсырылады. Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайданылған
өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.
Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін
ашуға көмектеседі.
«
Жауап беретін әріптес»
Жұптармен немесе әріптестермен жұмыс істегенде ауызша бағалау.
Оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе
талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты
мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін
әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және
жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап
жатқан адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін.
43
«Жәшіктегі кітаптар»
Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді. Мұғалім:
«Сыртындағы суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар екенін тапқан
оқушыға сыйлығымыз бар.» «Дұрыс, кітап!»
Қазір әрқайсысың бір кітаптан алып, 10 минут көлемінде кітапты
оқып, қарап шығады. Содан соң кітапты жұбымызбен ауыстырып, тағы 10
минут оқимыз. Қысқаша қажетті деген мәліметтерді, қызықты ойлар мен
кейіпкерлерді өздеріңе түсіріп алуларыңа болады,» - дейді.
Балалар 20 минут оқып болған соң, бір-біріне осы кітап туралы
ойларын жеткізу тапсырылады. Бір-бірін толықтырады. Қызығушылық
танытқан кітаптарын үйге оқуға алуларына рұқсат етіледі.
«Жеміс себеті»
Топ шеңбер құрып орындықта отырады. Жүргізуші әр қатысушыға
жеміс аттарын айтып шығады. Мысалы, алма, алмұрт, лимон, жүзім,
апельсин, анар, банан т.с.с. Жүргізуші екі жемістің атын айтқанда, олар орын
ауыстыруы керек. Ортадағы адамның міндеті - орын ауыстырушылардың
бірінің орнына орналасу. Ол енді екі-үш жемістің атын бірге немесе «жеміс
салаты» деп бәрін бірге айтуына болады.
«Жетістік баспалдағы»
«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында
тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта
тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз
парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе
стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай
баға қойғандарын түсіндіреді.
Өте жақсы түсіндім
Жақсы түсіндім
Түсіндім
Аздап түсіндім
Түсінбедім
44
«
20 сұрақ – иә-жоқ деген жауап»
Оқушыларға ақпарат алу үшін, 20 сұрақ қоюға болады. Алайда сұрақ
қойылып жатқан адам «иә» не «жоқ» деп қана жауап береді. Мысалы,оқушы
бір геометриялық фигура -- ромбыны жасыруы мүмкін, ал сыныптың қалған
бөлігі қасиеттерін атау арқылы оның қандай фигура екенін табуы керек.
«Жұмбақ зат»
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін
арттыру.
Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді.
Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін
табуы қажет.
«
Жұмбақ сөздер»
Негізгі сөзді, терминді немесе тақырыпты көрсететін оқушыны
таңдаңыз. Оқушылар оны табуы керек.
«
Жұппен жұмыс»
Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге,
тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен
санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс істеуде балалар өз серігін өзі
таңдайды. Жыл көлемінде әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа жасауға
үйренеді.
«Жұптасып сурет салу»
Екі оқушы бір қағазға сурет салулары керек. Бірақ не салып
жатқанын бір-біріне айтпайды, жұмыс барысында сөйлеспейді.
Рефлексия: Сурет салып болғаннан кейінгі көңіл күйді білу.
Ойында не ұнамады, не ұнады? Ойын барысында қандай қиындық кездесті?
Нені жеңе алдыңдар?
«Жүз теңге»
Әр жұпқа 100 теңге беріледі. Олар 5 минут ішінде бір-біріне күш
көрсетпей, ақшаны біреуіне қалдыруға шешім шығаруы керек. Ал
45
пікірталастыра отырып ақша кімде қалатынын шеше алмаса, кері қайтарып
береді.
Уақыт аяқталған соң әр жұп неге жүз теңге сол ойыншыда
қалғанын баяндайды. Әділ шешім марапатталады.
«Жылдам фото»
Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау
қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да,
1-
2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып
отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші
кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк
көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.
Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына
көз жеткізеді.
«Жыл мезгілдері»
Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша
топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы
бейнелейді, қалған топ табады.
«
Зерттеудің алты қадамы»
1. Тапсырманы анықтау: Мен нені анықтауым керек? Мен не істеймін?
Мен қазір не білемін? Маған қандай лексика керек? Мен өз жұмысымды
қалай таныстырамын?
2. Ақпараттың орналасқан орны: Мен ақпаратты қайдан таба аламын?
Маған кім көмектесе алады?
3. Тиісті ресурстарды таңдау: Бұл ақпарат пайдалы ма? Мен нені сақтауым
керек? Маған нені өшіріп тастау керек? Ресурстар қаншалықты сенімді
болып табылады?
4. Ақпаратты ұйымдастыру: Мен жазбаларды өз сөзіммен жаза аламын ба?
Мен оларды қалай ұйымдастырамын? Мен ақпараттың қайдан алынғанын
белгіледім бе? Мен жеткілікті ақпарат алдым ба?
5
. Идеяларды ұсыну: Менен өз жұмысымды қалай таныстыруды сұрады?
Мен оны қалай құрылымдауым керек? Мен өз жұмысымды кімдерге
таныстыратын боламын? Мен тез тіл табысқышпын ба?
6. Соңғы өнімді бағамдау: Мен бірдемені қалдырып кеттім бе? Менің
46
жұмысымның мәні бар ма? Мен орфографиялық және грамматикалық
нормалардың сақталуын тексердім бе? Мен өз жұмысымды оқыған адамның
алдында мақтаныш сезіне аламын ба? Мен не үйрендім?
Достарыңызбен бөлісу: |