Оқыту технологиясы жаңа оқыту бағдарламаларын құрастыруға арналмаған. Дәлірек айтқанда, олар жаңа бағдарламаларды құрастырмайды, тек оқытады. Оқыту технологиясы берілген пән бойынша оқу үдерісін өз бетінше жүргізуге қабілетті оқыту құралы міндетін атқарады. Сонымен, технология – күні бүгінге дейін еш қарастырылмаған оқыту үдерісін жүргізуге арналған оқыту құралының мүлдем жаңа түрі. Оқыту құралдарының екі түрі бар.

Бірінші реттегі (яғни, біз үшін үйреншікті) оқыту құралдары мұғалім немесе оқытушы тарапынан оқу үдерісінде оқушылардың жаңа білімді меңгеруін ұйымдастыру кезінде, оқу үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданады. Бұларға оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, көрнекі құралдар, зертханалық жабдықтар, оқытудың техникалық құралдары, т.б. жарқын мысал бола алады.
Екінші реттегі оқу құралдары өзіндік техникалық сипаттамаларының арқасында оқу үдерісін оқытушының қатысуынсыз жүргізуге мүмкіндік береді. Мұнда оқу үдерісі негізінен бақылаушы қызметін атқаратын арнайы дайындықтағы оқытушы менеджерлер тарапынан ұйымдастырылады.