Әдіс Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Тәсіл - Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері: - • ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; • мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; • оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; • жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Қызметі - Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.
Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды. - Түсіндіру – оқыту әдісі
ретінде әр жастағы балалар қолданылады. Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар: - • сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау; • себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру; • салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану; • жүйелілік.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс
Конспектілеу
цитаталау
Справка жазу
Жоспар жасау
аннотация
сызба
тезистеу
рецензиялау
тезаурус
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары - • ес пен тілді дамытуы; • оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі; • оқушылардың білімінің белгілі болуы; • жақсы диагностикалық құрап; • үлкен тәрбиелік күші бар. Әңгімелесу әдісінің кемшілігі: • уақыттың көп кетуі; • қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды - • көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі; • көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану; • демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі; • иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу; • құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру; • демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі; • көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру
Ынталандыру әдісі - Қызығушылықтың үш түрі: • іс-әрекетке деген оң көзқарастың болуы; • танымның баланы жақсы сезімге бөлеуі; • іс-әрекеттің баланы ынталандыруы
Ойын оқыту әдісі - Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды
Достарыңызбен бөлісу: |