ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейдегі СМК құжаты
ПОӘК
ПОӘК 042-39.1.90/01-2014
«Оқытудың инновациялық интерактивті әдістері» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
№1 басылым 10.09.2014 ж.
«ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРІ»
пәнін оқыту-әдістемелік кешен
6М011100 - «Информатика» мамандығына арналған Оқу-әдістемелік материалдар
Семей 2014
МАЗМҰНЫ
Глосарий
Дәрістердің қысқаша мазмұны
Тәжірибелік сабақтарды өткізуге қажет әдістемелік нұсқаулар
ОӨЖ тақырыптары
Материалды меңгергендігін бағалауға арналған сұрақтары
ГЛОССАРИЙ
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Әдiстеме /методика/ - 1) бiр нәрсенi практикалық орындаудың әдiстерiнің, тәсілдерінің жиынтығы; 2) қандай да бiр ғылымды оқытудың әдiстерi туралы iлiм.
Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды. «Мақсат – белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – санадағы көрінісі.
Белсендiлiк- әлеуметтiк және психикалық белсендiлігiнiң турi: жеке адамның белгiлi бiр iс-әрекетке бағытталғандығының қарқыны. Тiршiлiк және iс-әрекеттерi барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзiн-өзi тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды
«Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.