«ОҚытудың инновациялық интерактивті әдістері»


Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі



бет23/98
Дата07.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#85038
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   98
Байланысты:
b2a2fbcd-a250-11e4-8a1d-f6d299da70eeОИИӘ УМК

Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
• иновацияның себептері;
жаңалықты жобалау;
• жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
• мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
• инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
• әлеуметтік-экономикалық жағдай;
• инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
Білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты күнделікті өзгеріп жатқан өмірге оқушыларды дайындау болып табылады. Мұндай оқыту оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкестендіре отырып жүзеге асыруға негізделеді.
Педагогикалық инновациялық технология – оқу процесін жүзеге асыру техникасының мазмұны, жоспарланған оқыту процесінде жетістікке жету және педагогикалық теорияға, әдістемеге, мұғалімнің оқыту қызметін жоспарлауға бағытталған.
Педагогикалық технологияға тән ерекшеліктер:

  1. Болжайтын нәтижеге жету үшін алдын-ала белгіленген уақытта немесе мұғалім мен оқушы денсаулығының физикалық, техникалық қорын жұмсау деңгейін алдын-ала айқындау керек.

  2. Нақты жетістік критерийлер мен параметрлер арқылы зерттеледі.

  3. Педагогикалық технологияны кез келген мұғалім игеретініне кепілдік беруге болады.

  4. Педагогикалық технологияны оқытуда іс-әрекет арқылы ықпал ету теориясын міндетті түрде сақтауды қажет етеді.

Сонымен қазіргі заманғы арнаулы орта білім беретін оқу орындарында әлеуметтік педагогикалық жүйе ретінде, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық және т.б.) өтіп, екінші баспалдақ – технология деңгейіне көтерілу қажет екені даусыз.
Педагогика саласындағы ғалымдардың көзқарасында педагогикалық технология дидактикалық процестермен, оқыту құралдарымен, ұйымдастыру түрлерімен байланысқан, оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болады. Осы оқыту жүйесі «нәтижелі қалай оқытуға болады» деген дәстүрлі сұраққа жауап береді. Яғни, педагогикалық технология дегеніміз, барлық бөлшектері ойластырылған оқу және педагогикалық іс-шаралардың жобаланған моделі, оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізуде оқушы мен мұғалімге барлық ыңғайлы жағдай туғызу және педагогикалық технология оқу процесін толық меңгеру идеясын іске асыруды болжайды.
Тиімді сабақтар жүйесі негізінде технология мынадай міндеттерді шешеді: оқушының танымдық қызығушылығының жоғары деңгейі мен өз бетімен ойлау белсенділігін құрады және қолдайды. Сабақ уақытын үнемді және мақсатты пайдалану, оқушының ойлау әрекеттері тәсілдерін қалыптастыру және дамыту; оқушы мен мұғалім арасындағы жоғары деңгейдегі жақсы қарым-қатынас; алынған білім, білік дағдысының көлемі мен тұрақтылығы.
Енді, осы инновациялық педагогикалық технологиялардың ішіндегі орыс ғалымы, академик В.М.Монахов ұсынып отырған технологиялық картамен тереңірек танысайық. Технологиялық карта – болашақ оқу процесінің болжау паспорты, бұнда оқу процесінің басты параметрлері беріледі.
1. Мақсат қою. 2. Диагностика. 3. Мөлшерлеу.
4. Болжаудың логикалық құрылымы. 5. Коррекция (түзету).
В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы үш объектімен жұмыс жасауға негізделген: технологиялық карта (ТК), сабақтың ақпараттық картасы (САК) және оқушы дамуының ақпараттық картасы (ОДАК). Осы аталған технологияның жүйелілігі педагогикалық технология объектілерін жобалау процедурасын анықтайды. Бұған мысал ретінде өзім сабақ беретін «Физика және астрономия» пәнінен «Атом ядросының физикасы» тарауын алайық.
Тақырыптық жоспар жасау үшін технологиялық картадағы «Оқу процесінің логикалық құрылымы» жолына осы тарауда өтетін сабақтардың санын көрсетеміз. Содан соң оқушыларға тарау бойынша білім беруде жетістікке жетуге кепілдік боларлықтай, бірқатар кішігірім мақсаттарды қоямыз. Қойылған кішігірім мақсаттар арқылы жетістікке жету үшін «диагностика» қатарына қысқа мерзімді өзіндік жұмыстарды белгілейміз. Диагностика жүргізілетін сабақты «логикалық құрылым» қатарына белгілейміз. Диагностика төрт тапсырмадан тұрады: оның ішінде екеуі – білім стандартына сәйкес, ал қалған екеуі күрделі тапсырма (№3 – «жақсы» деген бағаға, №4 – «үздік» деген бағаға) болуы керек. Диагностиканың толық вариантын «диагностика» қатарына жазамыз. «Үй тапсырмасының мөлшері» қатарына диагностикаға жақсы дайындық боларлықтай есептер мен тапсырмалардың нөмірлерін көрсетеміз. «Коррекция (түзету)» қатарына оқушылардың дәстүрлі қиындықтары жазылады. Сабақ беру барысында технологиялық карта барлық оқушыда болуы тиіс. Бұл оқушыларға да, олардың ата-аналарына да оқу процесі кезінде бағыт-бағдар беруге, диагностикада күтілетін жұмыс пен тапсырманың мақсатын дәл білуге көмектеседі. Әрбір оқушы қалаған бағасына сәйкес жұмыстың қандай бөлігін орындауды өзі шешуі тиіс. Бұл технологияның жетістігі сол, оқушы мен ата-аналарға білім беру процесі толығымен айқындалған. Бұл оқушыларға сабақта жақсы жетістіктерге жетуге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет