«Келісімнің» үлгісі * кешікпейміз;
* білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз;
* «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз;
* ашық айтамыз;
* бір-бірлеп сөйлейміз;
* мәселенің мәні бойынша сөйлейміз;
* бір-бірімізді тыңдаймыз;
* бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз;
* өзгелердің сезімін сыйлаймыз;
* құпиялылықты қадағалаймыз;
* уақытша шекараны қадағалаймыз;
* бір-бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т.б.
Топтардың хабарландырылу деңгейінің бағасы Оқытушылардың (тренерлердің) алдында тұрған міндеттердің бірі тренингке қатысушылардың хабарландырылу деңгейін бағалау болып табылады. Осы мақсат үшін тренинг тақырыбы жөнінде сұрақтары бар сұрақнамалар немесе сауалнамалар пайдаланылады. Сауалнамалар барлық тренинг өтіп болғанша сақталады, содан кейін оқушылардың білім деңгейі тағы бір рет бағаланылады. Нәтижелерін салыстыра отырып, қатысушылардың білімдері мен машықтарында қандай өзгеріс бар екенін білу қызық болады. Оның үстіне, тренингтің тиімділігін бағалауға болады.