Мәселелерді маңыздандыру Мінез-құлықты өзгертуге уәж дайындау үшін тренингте талқыланатын мәселелерге қатысушылардың қызығушылығын ояту керек, бұл мәселені әрқайсысы үшін өзекті етіп жасау керек.
Осы мақсатпен рөлдік ойын өткізуге болады.
Оқыту Оқытушы-тренер психологиялық-педагогикалық білімді меңгеруі және оларды оқу процесінде іскерлікпен қабылдап алу әдістерін меңгеру қажет, ақпараттарды қатысушылардың жинақтауы және ұсынуы, олардың мінез-құлық қатынастарына ықпал ету керек.
Оқытушы-тренер оқудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен тәсілдерін, ақпараттардың қайнарларын, алдын алу, білім беру бағдарламаларын білулері тиіс.
Табысты оқу үшін қажетті шарттар: - оқушының оқуға дайындығы;
- оқудың әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану;
- білімді нығайту үшін қайталауды пайдалану;
- шынайы өмірлік жағдаймен оқу процесінің сәйкестігі;
- дұрыс пікірдің, оқытушы-тренерлердің оқушылардың әрекеттерін адекватты бағалаудың дер кезінде болуы.
Тікелей оқудың 2 кезеңі өзіне:
І. Ақпараттық блок немесе теориялық білімді ұсынуды;
ІІ. Тәжірибелік машықты шыңдандыруды қосады.