Бiлiм берудi информатизациялау - білім беру жүйесін микропроцессорлық техникаға негізделген ақпараттық ӛніммен, құралдармен және технологиялармен қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың комплексі.
Білім беру технологиясы -қатысушылардың комфорттық жағдайды қамтамасыз етіп, нақты нәтижеге жету мақсатындағы білім беру процесін жобалаудағы, ұйымдастырудағы, бағдарлаудағы және коррекциялаудағы мұғалімдер мен 20 оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің процестік жүйесі. Б.Б.Т. кіретіндер: мақсаттық бағытталғандық, сүйенетін ғылыми жүйесі, нәтижені бағалаудың ӛлшемдері, нәтижесі, қолданудағы шектеуліктер.
Дамытып оқыту- оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету.
Дәстүрлі оқыту - ең алдымен оқытуды ұйымдастырудың кластық-сабақтық жүйесі тусініледі. Ол Я.А.Коменский белгілеген дидактика принциптеріне негізделіп XVIII ғ. қалыптасып, дүние жүзінің мектептерін де осы күнге дейін оқытуды осылай ұйымдастыру басым болып келеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты ролді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменскийдің, Н.Пестолоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы құрайды.