«ОҚытудың инновациялық интерактивті әдістері»



бет57/98
Дата07.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#85038
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   98
Байланысты:
b2a2fbcd-a250-11e4-8a1d-f6d299da70eeОИИӘ УМК




№9 дәріс

Тақырыбы: Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасындағы рефлексивтік есеп


Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылады қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын көздейді.


Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың,тәжірибенің,ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға,ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану»деп сипатталған. Олар қолданатын кез келген нысанның артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалармен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың,дамуы,оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер 2001) деген сөзді басшылыққа ала отырып мұғалімдерге арналған нұсқаулықпен таратпа материалдардан осы модульді өз іс-тәжірибеме қолдануды көздеп сыни тұрғыдан ойлау түрлеріне мән бердім. Себебі оқушыларға сыни ойлау тұрғысынан сабақтарымның қызықты және тартымды өткенін қаладым. Ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйенсек сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерінің көтерілуіне ықпал етеді. Мен тәжірибелік сабақтарымды өткізу барысында курстың алғашқы «бетпе-бет» кезінде осы модульдің әдіс-тәсілдерін жиі қолдандым. Бұл әдісті қолданғандағы мақсатым барлық оқушыларды тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізуге, сыни ойлауын дамытуға,сабаққа деген ынтасын арттыруға ықпал етеді деп ойлаймын.
Бұл модульді жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру барысында, алғашқы сабағым «Ас қорыту мүшелерінің құрылысы» атты тақырыпта тапсырмалар орындату арқылы көз жеткіздім және сын тұрғысынан ойлауды сабақтарымда сәлемдесуден бастап,қорытынды мен рефлексиядан аяқтадым.Нәтижесінде класта ынтымақтастық атмосфераның қалыптасып, оқушылардың әрі қарай өз беттерінше ақпарат жинауға,түйіндеуге, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға берері мол екенін түсіндім.
Ең алдымен сабақ бастамас бұрын,атмосфералық ынымақтастықты қалыптастыруды оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын амандасудан бастап алып, сабағымда үй тапсырмасы бойынша берілген «Асқазанда астың қорытылуы» атты тақырыптың дәлелдемесі ретінде кластағы үздік оқушы Уайсбай Гүлбақыттың АҚТ-нықолданубарысында дайындап келген презентациясымен слайдтарын сыни тұрғыдан ойлау арқылы түсіндіруі, оқушының өзін сан қырынан көрсете білгендігі мені қатты таң қалдырды және қалған оқушыларға тақырып бойынша толық түсінік қалыптасуына ықпал етті. Осы тақырыпты қорытындылау кезінде де сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру мақсатымен оқушыларға (10 сұрақ) тест жұмысын орындаттым, әрине тақырыпты қорытындылау барысында тест сұрақтарына оқушылардың анағұрлым толық жауап беруі, өз ойларын анық білдіруі, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылып,орындап болған соң тесті бағалау дайын үлгісі бойынша: 5-6 сұраққа- «3», 7-9 сұраққа - «4», 10 сұраққа- «5» деген баға арқылы өзара жұптық бағамен бағаланды,келесі жаңа сабақты меңгеру барысында «ЖИГСО» әдісі арқылы мәтінді 3-ке бөліп үш топқа таратып бердім. Үш топтың әрқайсысы тақтаға шығып жұмыстарын қорғады, балалар өздерінің жасаған постерлерін екі жұлдыз бір тілек айту арқылыбағалады. Әр топтан бір оқушы қысқаша өзінің ойын айта өтті. Топтар топтық таныстырылымды плакат бетіне түсірді. Бірінші топтан Аружан, екінші топтан Айнұр, үшінші топтан Сырым топтық таныстырылымды қорғау кезінде алған мағлұматтарды жан-жақты байланыстырып, өздерінің сыни тұрғыдан ойлуын, ақпаратты терең түсіну қабілеттерін көрсете білді. «Асқазанда астың қорытылуы» тақырыбында сыни тұрғысынан ойлауын дамыту үшін үшінші сабағымда тапсырманы орындауда – атыспақ ойынын ұйымдастырдым мұнда балалар бір-біріне сұрақтар дайындады,сұрақтарға жауап берулеріне қарай бір-бірін жетон арқылы бағалады.Жаңа тақырыпты меңгеру барысында біреуі үйде үшеуі қонақта әдісімен сабақты меңгерді,жасаған постерлерін екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалады, жасаған ассосацияларын қорғады және үш шапалақ арқылы қолпаштап әр топ бір-бірін ишара белгілерімен бағалады.Төртінші сабақ « Аш-ішекте астың өзгеруі мен асқазан-ішек ауруларының алдын алу» тақырыбында берілгендеңгейлік тапсырманы орындауда оқушылардың әр тапсырманы сыни тұрғыдан ойлау арқылы көңіл бөліп жатқандарын көрдім. «Жигсо» әдісін қолданғанда оқушылар ынталы, жинақты, белсенді араласты, көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлауды дамыту мақсатында бірінші топта «Асқазандағы астың қорытылуы» тақырыбында постер қорғады.
Әр топ өз идеяларын қорғау барысында топ мүшелерінің сыни тұрғыда ойлаудың қалыптасқандығы байқалды. Әсіресе тапсырмаға ерекше шығармашылықпен қараған бірінші топ басқаларға сұрақ тастай отыра,сыни тұрғыдан ойлауды тұжырымдады.Әр топқа жағдаяттық сұрақтар қойылды.Әрбір тапсырмаға шектеулі уақыт берілгенде оқушылар бір-бірін сыни тұрғыда пікір алмасу арқылы тексерді,өз ойын ортаға салады.Содан соң Интерактивті тақтаға сұрақтардың жауаптары шығып, егер де бес сұраққа жауап берсе -жасыл, төрт сұраққа жауап берсе сары, үш сұраққа жауап берсе қызыл. Әрі мұнда менің байқайтыным балалар бір-бірінің жіберген қателерін түзей қоймай ортақ пікір ретінде талдау жұмысы жүрді. Оқушыларды мадақтау арқылы, олардың оқуға деген қызығушылығын арттырдым.Сабақ соңында кері байланысқа оқушылардың пікірлері жазылған парақшалар ілінді. Оқытуды жақсартуды қамтамасыз ету үшін, өзін-өзі бағалауға ықпал етіп, сұрақ қою арқылы диалогтік қарым-қатынасты қамтуды сабақта басты назарда ұстадым /Нұсқаулық 59-бет/. Бұған себеп мынадай: Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбекқор белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері,зерттеушілік әңгіме,дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен «іс-әрекетке тартылумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. (Нұсқаулық 50бет).Диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру жеңіл болмақ. Диалогтық әңгімеде мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мұғалімнің басшылығымен орындалады. Осы, диалогтің мақсаттарын анықтауда көп еңбек сіңірген, яғни ол «мұғалім зерттеуші » түсінігінде емес, «мұғалім-дамыту жұмысының көшбасшысы» (Frost2011),(Мұғалімге арналған Нұсқаулық- 87 бет) түсінігін қолданып, оқушыларға тақырыпты өз беттерімен оқуға уақыт бердім және оқығандарын қағаз бетіне түсірулерін сұрадым. Сабақ барысында сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайдаоқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы артады,жауап берудің тиімді құралына айналады.Оқушылар берілген тапсырма бойынша мәтінді оқып шығып, топтық жұмыс жасады және оны қорғады. Топтағы оқушылардың барлығы да өз әлінше сабаққа араласып, өз ойларын толық айтуға тырысты. Мәтін бойынша таныстырылым кезінде осы топта ерекше көзге түскен Гүлбақыт болды. Сырым да Данияға көмектесіп таныстырылым жасау барысында өз үлесін қосты. Топ басшысы Гүлбақыт өз тобының жұмыс істеуін жоғары деңгейде деп бағалапты. Мен де осы бағалаумен келістім, себебі оқушылардың жасаған жұмыстары өте тартымды болды. Топ мүшелері мәтінді талдаукезінде бір-бірін тыңдап, өз сұрақтарына жауап алу арқылы Айнұрдыбелсенділік көрсеткендіктен «жақсы» деп, ал Азаматқа өз ойын толық жеткізе алмағандықтан «орташа» деп бағалаған кезде, Азамат өзінің осы бағаға қанағаттанатынын айтты. Осы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану барысында байқағаным: әр топ тақырыптың мазмұнына тоқтала отырып, сыни тұрғыдан мәтіннің мағынасын ашып, талдау жасау арқылы уақытты үнемдеді. Әр топтың міндеті әр түрлі болғандықтан тапсырма оқушылардың қызығушылығын арттырды. Бұл сабақта оқушылар белсенділік көрсетіп, өздерінің пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап беруге ат салысты.Класта көп үндемейтін балаларда мәтіннің мазмұнын ашуға бір ауыздан қатысты.Оқушылар осындай тапсырмаларда белсенділік танытып отырды. Сабақ соңында кері байланысқа, оқушыларыма «Білдім», «Мен үшін жеңіл болды», «Білгім келеді» таратпасын толтырттым. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып пікірлерін жазып тапсырды.
Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып,баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап,зерттеу жүргіуге қабілетті бола түседі.Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 51 бет) 
«Мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы » арасындағы қатынас сәтті өтті.
Мұғалім іс-әрекеті; Әр деңгейге байланысты сауатты сұрақтар мен тапсырмалар беріп,сабақты ұйымдастырады. Кластың педагогикалық және психологиялық ахуалы ескеріледі.
Оқушы іс-әрекеті: Қабылдайды,түсінеді,ойлайды, пайымдайды, көрсетеді,жазады. Алған білімді пайдаланып, проблеманы шешеді,салыстырады,ашады, талдайды, нәтижесін көрсетеді, шығармашылық жұмыстар құрастырады, бағалайды, талқылайды, пікір айтады.
Технологиялық артықшылығы мен ерекшелігі:Оқушы игерген білімін анық айтады,ашады.Белсенділігі артады.Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді.Өзіне-өзі деген сенімділігі артады.Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді. Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады.Оқушының білімді қабылдау деңгейі сыни баға беруге дейін көтеріледі.Технологияның тиімділігі оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығы. Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі; біріншіден оқушының әлеуметтік-психолгиялық танымы,екіншіден оқушының ынтасы, үшіншіден оқушының теориялық дайындығы есепке алынуы керек. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»модулін тәжірибеме енгізу барысында курс бойынша меңгерген теориялық білімнің іс-жүзіндегі оқушы назарын оқыту мақсаты мен жетістікке жету критерийлеріне аударуға жетелейтіндігін,әр оқушының дамуына мүмкіндік беретінін, оқушыны мақсат қоя жұмыс жасауға үйрететінін, оқушыға өз жұмысының сапасы туралы,мұғалімге оқушының дамуы туралы,ата-аналарға және қоғамға балалардың оқу жетістіктері туралы ақпарат беретінін түсіндім. Оқушылармен тиімді байланыс қамтамасыз етілсе,олар өзіндік оқуға белсенді қатысса оқушылардың білім алуына түбегейлі ықпалы сөзсіз болатындығын ұғындым (Мұғалімге арналған нұсқаулық,57бет).
Тиімділігіне көз жеткеннен кейін, менің де оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауғ үйретуге деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Осыған дейін қолданылып келген бағалау әдістерінің оқушылардың белгілі бір тарау бойынша білім,білік,дағды деңгейлерінің қалыптасуы туралы толық мағлұмат бермейтіндігіне көзім жетті. 
Оқушылар тоқсан сайын алынатын түрлі бақылауларда жақсы нәтиже көрсету үшін,көбіне жаттап оқитынын байқадым. Өз тәжірибемде сыни ойлауды сабақ жоспарында да, іс жүзінде де, сабақты қорытынылау барысында да жүзеге асыратынымды,сыни ойлаудың сабақ барысында үздіксіз жүретін үдеріс екенін, нәтижесінде мұғлімнің сол тақырыпты өтуде белгілеген мақсаттары оқушының жетістікке,білім нәтижесіне жеті мақсатына айналатындығын түсіндім.
Іс-тәжірибемде жоғарыда айтылған сыни тұрғыдан ойлаудың тәсілдерін қолданғаннан кейінгі нәтижем мынадай: оқушылар топтық жұмыста өздерін жан-жақты көрсете білді,сыни тұрғыдан ойлауы дамыды,өзін-өзі бағалауды,жұппен жұмыс жасауды үйренді,рөлдік тапсырмаларда өз міндетін атқаруды білді,болашақта мақсат қоюды үйренді, өздеріне деген сенімділік пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет