«ОҚытудың инновациялық интерактивті әдістері»


№5-6 дәріс Тақырыбы: Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер



бет2/5
Дата07.05.2017
өлшемі2,62 Mb.
#16142
1   2   3   4   5


№5-6 дәріс

Тақырыбы: Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер

  1. Негізгі әдістемелік инновациялар


  2. Оқудың интерактивті әдістері үлгілері:

  3. Тренингті өткізу құрылымы мен кезеңдері

Инновациялық оқу жұмысы оқу процесіне нәтижелі білім алуға бейімдейтін, жаңа технологияларды орынды енгізумен тұжырымдалады. Бұлар – кабельдік және спутниктік теледидарлар, бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафондар, партфолио сияқты инновациялық технологиялар, оқудағы және тәрбиелеудегі, өмірлік дағдыларды қалыптастыру жөніндегі тренингтер, соның ішінде әлеуметтік тәлімдегі және т.б. жеке-дара жетістіктер.

Инновациялық тәсіл оқу процесіне – тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, дистанциялық оқудың өзгешелігіне және жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талаптары мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне, мінез-құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Ал бұл, педагог жұмысындағы артықшылық жанама педагогикалық ықпал жасауға берілетіндігін білдіреді: тікелей жасалатын әдістерден, лозунгтардан және үндеулерден бас тартылады, артық дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның есесіне бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттарды жасау арқылы дамытуды білдіреді.

Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерктивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді.

Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.

Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналардан тұрады:

* білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі;

* күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу;

* тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік;

* жақын эмоциялық жағдайларда онсол күйге бірге түсуі, тапсырмаларды қабылдау мен жүзеге асыруда бойда болатын үндес сезімдерді бастан кешуі.

Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс, олардың осыған байланысты не біледі, нені ойлайды түсінуге және рефлекстеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады, оны қызметтестік пен кооперацияның әлде қайда жоғары нысандарына ауыстырады.

Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі.

Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады.

Педагог өзі арқылы оқу ақпаратын жіберетін, өзіне тән фильтр рөлінен бас тартады, және жұмыста ақпарат көздерінің біреуінен көмекші рөлін атқарады.

Интерактивті оқыту интенсивті оқытуда да кеңінен қолданылады.

Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет. Интерактивті оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз етеді.

Интерактивті әдістер ешқандай жағдайда да дәрістік материалдардың орнын ауыстырмайды, бірақ оны жақсы меңгеруге септігін тигізеді, және ең маңыздысы: пікірді, қатынастарды, мінез-құлық машығын қалыптастырады.

Интерактивті оқыту әдістеріне білім алу және оны дамыту процесіне белсенді ат салысуға тарту жатады:


«Ми штурмы» (шабуыл)

* Шағын-лекциялар

* Топтардағы жұмыс

* Бақылау парағы немесе сынақ

* рөлдік ойын

* ойын жаттығулары

* жобаны әзірлеу

* жағдайлық тапсырмаларды шешу

* Сапаршыны (визитерді) шақыру

* Сарапшы топтарының пікірсайыстары

* Сұхбаттар

* Сахналау

* Жағдайдан жеңілу

* Оқушының рөліне ену

* Сюжеттік суреттерді талқылау

* Сұрақ – Квиз (бақылау) және т. б.

Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды пайдалана отырып: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдылар, флипчарттар, постерлер, компьютерлер және т.т. таныстырулар жатады.

Сонымен қатар, оқу процесіне топтық пікірсайыстар, жазбаша мазмұндамалар және шығармалар, сұхбаттар, жастарды «тең – теңімен» қағидаты бойынша құрдастарымен жұмыс істеуге оқыту, бейнефильмдер мен бейнесюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды өткізу.



Оқудың интерактивті әдістері үлгілері:

«Ми шабуылы»,«ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек.

«Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және/немесе қатысушылардың белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.

Өткізу алгоритмі:

1. Қатысушыларға талқылау үшін белгілі бір тақырып немесе сұрақ беру.

2. осы мәселе бойынша өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау.

3. Айтылғандардың барлығын жазу (олардың бәрін қарсылықсыз қабылдау керек). Егер сізге ол түсініксіз болатын болса, айтылғандарды қайталап анықтауға жол беріледі (кез-келген жағдайда идея қатысушының аузынан қалай шықса, солай жазылады).

4. Барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткеннен кейін, берілген тапсырма қандай болғанын қайталау керек, және қатысушылардың сөзінен сіз не жазып алдыңыз соның барлығын тізіп шығу керек.

5. Қатысушылардан, олардың пікірі бойынша алынған нәтижеден қандай қорытынды жасауға болатынын және тренингтің тақырыбымен байланысты оның қалай болатынын сұрай отырып жұмысты аяқтау қажет.

«Ми шабуылы»аяқталғаннан кейін (көп уақытты алмай, орташа 4-5 минут), жауаптың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және келесілерін таңдау қажет. «Ми шабуылы» қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады:

- даулы мәселелерді талқылау

- талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;

- қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау;

- дәрісханалардың дайындығы мен хабарландырылуын анықтау.



Шағын топтардағы жұмыс

Алдын ала сақтандыру оқуы процесін оқушыларға шамамен жобалап құру қажет. Аталған жағдайда ең тиімдісі топтарда жұмыс істеу. Мұндай жағдайда оқытушы диагностика мен мониторингті қамтамасыз етеді, оқу-жаттығу ортасын ұйымдастырады, алғашқыда басқа ресурстар болмаса қолдау (кеңес, нұсқаулар береді) көрсетеді.

Ұқсастығын немесе белгілі бір құбылыстардың айырмасын жариялау қажет болса, жұмыстың мұндай нысаны қолданылады, қатысушылардың әр түрлі топтарының бір және сол мәселеге қатынасын анықтайды.

Білім процесінің субъектісі ретінде топтың интерактивті режимін енгізу не береді? Бұл, ең алдымен:

* Қарым-қатынас жасау және өзара әрекет ету машығын дамытады.

* Топтың бағалық-бағыттаушылық бірлігін қалыптастырады.

* Жағдайға байланысты әлеуметтік рөлдер сменасының икемділігін кеңейтеді.

Тест сынағы

Тест сынағы әдісінің көмегімен жастардың хабарландырылу деңгейін немесе олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасын анықтайды. Тест сынағын дұрыс жасау әдісі орынды болуы тиіс: олар сауатты, анық, ұғынықты тілде жасалуы қажет және оқушылардың сезімін қорғауы керек.

Тест сұрақтарын ала отырып оқушылар оларды назар сала оқулары және тиісті графада өздерінің жауап нұсқаларын: «дұрыс», «дұрыс емес», «білмеймін» деп белгілеулері тиіс.

Содан кейін, егер тест жасырын болмаса, жауаптары сабақтарда немесе топтарда талқыланады. Жасырын тест сынағы қорытындысын оқытушылар (тренерлер) шығарады. Ал кәдімгі тест сынағы қорытындысын – жауаптарын оқушылармен бірге талқылағаннан кейін оқытушылар (тренерлер) шығарады.



Рөлдік ойын

Рөлдік ойын - бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және т.б.) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Оқытушы балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.

Бұл әдістің артықшылығы сол, әрбір қатысушы өзін ұсынылған рөл жағдайында көрсетеді, сол не басқа жағдайды айтарлықтай шынайы байқайды, сол не басқа әрекеттердің салдарларын сезінеді және шешім қабылдайды.

Жұмыстың аталған нысаны ойын жағдайларын құрастыру жолымен, тапсырылған шарттармен алдын ала белгіленген мінез-құлқын, сол немесе басқа жағдайларда адамдардың мінез-құлқы мен эмоционалдық реакциясын бейнелеу үшін қолданылады.

Шағын лекциялар

Шағын лекциялар теориялық материалды ұсынудың тиімді материалдарының бірі болып табылады. Оны бастар алдында алдыда тұрған тақырыппен байланысты, ми штурмын немесе рөлдік ойынды өткізу қажет, ол қатысушылар үшін оның маңызын арттырады, оларды ақпараттандыру дәрежесі мен тақырыпқа қатынасын анықтайды.

Материал қатысушылар үшін ұғынықты тілде мазмұндалады. Әрбір терминге анықтама беру қажет. Теорияны «жалпыдан жекеге» қағидаты бойынша түсіндірген дұрыс. Келесі сұраққа көшер алдында айтылғандардың бәрін жинақтау және сіздің дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізу керек.

Беделді қайнарларға сүйену маңызды және айтылғандардың бәрін – сіз ойлап таппағаныңызға, оны осы саладағы мамандар зерттеп және сипаттағанына назар аудару керек. Ойын аяқталғаннан кейін қатысушыларда пайда болған барлық сұрақты талқылау керек, содан кейін, аталған ақпаратты тәжірибеде қалай қолдануға болады және мұны қандай нәтижемен жүргізуге болады, соны сұрау керек.

Шағын лекцияларды интерактивті режімде өткізу ұсынылып отыр: қандай да бір ақпаратты хабарлар алдында тренер қатысушылар бұл туралы не білетінін сұрайды; қандай да бір бекітуді ұсынғаннан кейін тренер бұл мәселе бойынша қатысушылардың ой-пікірін талқылауға ұсыныс жасайды. Мысалы:

* Ал сіз қалай ойлайсыз?

* Сіз мұны қалай істеуді ұсынасыз?

* Бұл неге алып келуі мүмкін, сіз қалай ойлайсыз? Және т.б.



Жобаны әзірлеу

Бұл әдіс қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып, талқыланатын мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, топ немесе жекелеген бөлімшелердің өз жобасын қорғайтын, басқалардың алдындағы өзінің артықшылығын дәлелдейтін және достарының пікірін білуге мүмкіндігі болады.

Мысалы: өзінің қаласындағы дүлей апаттың қаупін төмендету жөнінде жоба жасау.

Қатысушылардың мамандандырылған мекемелерден кеңес алуға, кітапханалардан әдебиеттер алуға және т.б. алуға мүмкіндіктері бар.

Қатысушыларға газеттен тақырып мәселелеріне қатысы бар басылымдар, суреттер, мақалалар жинауға, содан кейін бұл материалдарды топ болып талқылауды ұсынуға болады.

Бейнефильмдерді көру және талқылау

Сабақтарда дүлей апаттардың қаупін төмендету жөнінде көркем және деректі бейнефильмдерді, олардың фрагменттерін, сондай-ақ бейнероликтер мен бейнесюжеттерді пайдалануға болады.

Тиісті мазмұндағы бейнефильмдерді тек қана қосымша материалдар ретінде емес, сабақтардың және тренингтердің кез-келген түріне оның тақырыбы мен мазмұнына сәйкес пайдалануға болады.

Фильмді көрсетер алдында оқушылардың алдына бірнеше (3-5) шешуші сұрақтар қою керек. Бұл келесі талқылауға салудың негізі болады. Алдын ала таңдалып алынған кадрлармен фильмді тоқтатып, пікір сайыс өткізуге болады.

Соңында оқушылармен бірігіп міндетті түрде жиынтығын шығару және қорытындысын жариялау керек.

Ширату

Ширату денеге және психологияға түскен салмақты кетіру мақсатында қолданылады. Ширату сондай-ақ коммуникативтік машықты (қарым-қатынасты) дамытуға мүмкіндік береді. Олар мазмұны, іс-әрекеттің нысаны және ұзақтығы бойынша ретті болуы тиіс. Мысалы, айталық, зейінді жинақтауды талап ететін жаттығудың алдында көп қимылды керек ететін ширату ойынын жүргізудің керегі жоқ.



Кері байланыс

Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.

Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпараттық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын айтуды ұсынады.

Әрқайсысының сезімдері мен қобалжуларына назар аударып отыру маңызды.

Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қатысушылар тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және сұрақсыз тыңдалуы тиіс. Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін алғыс айтқан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері байланыс ұсынған дұрыс.

Тренинг

Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг деп аталады.

Тренинг дегеніміз не? Тренинг сөзі (ағылшын тілінен train – тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) – бұл жұмыс нәтижесіне және қажетті машықты дамытуға қол жеткізуге бағытталған, машықтану және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу.

Тренинг оған қатысушыларға ақпарат жетіспейтін бөлімшелерге, құрдастарының қысымына төзе алатындай дағды, тәлім (мінез-құлық) қауіпсіздігі дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренингтің талассыз беделі – ол оқу процесіне барлық қатысушылардың белсенді болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Тренинг өткізуге қойылатын талап қандай? Бұл, ең алдымен:

* тренингке қатысушылардың қолайлы саны 20-25 адам;

* тренингке қатысушылардың көлеміне сәйкес, қатысушылардың өзара белсенді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, «тренингтік шеңбер» бойынша орналастыратын орны бар ғимараттың болуы;

* тренингтің кез-келген сабағының басында аталған сабақтың мақсаттарымен және тапсырмаларымен қатысушылардың танысу міндеттілігі;

* тренингтің бірінші сабағында «таныстыру» мен «келісім» қабылдау жаттығуларын – топтардың жұмыс істеу ережесін өткізу;

* достық қалыптағы сенімді атмосфера қалыптастыру және бүкіл тренинг бойында соған қолдау көрсетіп отыру;

* бүкіл тренинг бойында барлық қатысушыларды белсенді араласуға тарту;

* әрбір қатысушының сезімдері мен пікірлерін құрметтеу;

* тренингке қатысушыларды мадақтау;

* тренингке қатысушылардың (оқытушылардың) алдарына қойған оқу-жаттығуларының мақсатына, өз пікірлерін таңбай қол жеткізу;

* тренингтің әрбір кезеңінде тренерлердің уақытша шекті қадағалауын қамтамасыз ету;

* теориялық материиалдар мен интерактивті жаттығуларды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету;

* тренинг аяқталысымен оның қорытындысын шығарудың міндттілігі.

Тренинг бір немесе бірнеше сабақтан тұрады, олардың ұзақтығы – бір сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.



Тренингті өткізу құрылымы мен кезеңдері

1. Тренер (оқытушы) ең алдымен қатысушыларға міндетті түрде тренингтің тақырыбын хабарлауы тиіс.

2. Содан кейін қатысушылар тренингтің мақсаттарымен және тапсырмаларымен таныстырылады. Егер тренингтің мақсаттары және тапсырмалары жазылып, көрінетін жерге ілініп қойылса, онда жақсы.

3. Тренингті өткізуге қажетті материалдар мен жабдықтар алдын ала дайындалады. Оны дайындауға тренингке қатысушыларды тартуға болады.



Кіріспе

Бұл кезең кез-келген қолайлы нысанда өткізілуі мүмкін, бірақ ол келесі жұмыстың сарынына бағыт береді. Сондықтан бұл кезеңде тренер демократиялық, дем беруші атмосфера жасауы тиіс. Егер тренер-педагог өзінің күтетіні туралы және алда тұрған жұмысқа қатысты ережелер туралы айтса, ол дұрыс. Қатысушыларды жұмысқа кіріспе сөздің, мультимедиалық таныстырудың және т. б. көмегімен «кіргізуге» болады.



Таныстыру

Таныстыру кез-келген тренингтің бірінші сабағының қажетті процедурасы болып есептеледі. Таныстыру топтарды жандандыруға, оларға қатысушыларды оқу процесіне тартуға, қарым-қатынас жасау машығын өрістетуге мүмкіндік береді. Таныстыру қатысушылар бірін-бірі білетін жағдайда да жүргізіледі. Таныстыруға: «Сұхбат», «Мені таны», «Визит картасымен алмасу» ойындарын өткізуге болады.



Қатысушыларды күту

Бұл кезеңге семинар-тренингтен олар «айналым бойынша» кезекпен жауап беретін сұрақтардың көмегімен қатысушыларды күту ұғымы жатқызылады. Мысалы: «Бұл семинардан сіздер нені білуді/алуды қалайсыздар?»

Алдын ала ватманға «күту ағашын» салуға болады. Әрбір қатысушыдан семинар-тренингтен жапсырылатын түрлі-түсті парақтарға (стикерлерге) және олар нені күтуге болатынын сұрап жазу және өзінің парағын күту ағашына жапсыру. Содан кейін осы барлық күтуді дауыстап оқу.

Тағы бір нұсқасы, бұл, әрбір оқушы шығып өзінің күтетінін флипчартқа жазу.



Тренингті өткізу тәртібі

Әрбір қатысушы өзінің күтетінін айтып (жазып) болғаннан кейін, тренер-оқытушы оған тренингті өткізу тәртібін хабарлайды. Бұл аталған тренинг-семинардың қаншаға созылатынына, онда қанша сабақ болатынына байланыссыз жасалады. Қатысушылардың сұрақтары бар ма, соны міндетті түрде анықтау керек.



Топтардың жұмыс ережелерін («келісімдерін») қабылдауы

Тренинг-сабағының басынан бастап қатысушылар өз оқуының жауапкершілігін сезінуі, тиісті жұмыс атмосферасын құруы, өзара сыйластық пен сенімге кіруі, сондай-ақ материалды меңгеру тиімділігін арттыруы үшін сабаққа мінез-құлық ережесін – тренинг немесе «келісім» қабылдау ұсынылады.

«Келісім» пункттерін парақ қағазға немесе тақтаға жазу қажет. Әрбір пунктті бірігіп талқылағаннан кейін, көпшілік дауыспен қабылданады және көрнекті орынға ілінеді. Тренинигке қатысушылардың назарын дауыс берілгеннен кейін олардың әрқайсысы аталған «келісімнің» орындалуы үшін жауап беретіндігіне аудару қажет.

«Келісімнің» үлгісі

* кешікпейміз;

* білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз;

* «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз;

* ашық айтамыз;

* бір-бірлеп сөйлейміз;

* мәселенің мәні бойынша сөйлейміз;

* бір-бірімізді тыңдаймыз;

* бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз;

* өзгелердің сезімін сыйлаймыз;

* құпиялылықты қадағалаймыз;

* уақытша шекараны қадағалаймыз;

* бір-бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т.б.

Топтардың хабарландырылу деңгейінің бағасы

Оқытушылардың (тренерлердің) алдында тұрған міндеттердің бірі тренингке қатысушылардың хабарландырылу деңгейін бағалау болып табылады. Осы мақсат үшін тренинг тақырыбы жөнінде сұрақтары бар сұрақнамалар немесе сауалнамалар пайдаланылады. Сауалнамалар барлық тренинг өтіп болғанша сақталады, содан кейін оқушылардың білім деңгейі тағы бір рет бағаланылады. Нәтижелерін салыстыра отырып, қатысушылардың білімдері мен машықтарында қандай өзгеріс бар екенін білу қызық болады. Оның үстіне, тренингтің тиімділігін бағалауға болады.



Мәселелерді маңыздандыру

Мінез-құлықты өзгертуге уәж дайындау үшін тренингте талқыланатын мәселелерге қатысушылардың қызығушылығын ояту керек, бұл мәселені әрқайсысы үшін өзекті етіп жасау керек.

Осы мақсатпен рөлдік ойын өткізуге болады.

Оқыту

Оқытушы-тренер психологиялық-педагогикалық білімді меңгеруі және оларды оқу процесінде іскерлікпен қабылдап алу әдістерін меңгеру қажет, ақпараттарды қатысушылардың жинақтауы және ұсынуы, олардың мінез-құлық қатынастарына ықпал ету керек.

Оқытушы-тренер оқудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен тәсілдерін, ақпараттардың қайнарларын, алдын алу, білім беру бағдарламаларын білулері тиіс.

Табысты оқу үшін қажетті шарттар:

- оқушының оқуға дайындығы;

- оқудың әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдану;

- білімді нығайту үшін қайталауды пайдалану;

- шынайы өмірлік жағдаймен оқу процесінің сәйкестігі;

- дұрыс пікірдің, оқытушы-тренерлердің оқушылардың әрекеттерін адекватты бағалаудың дер кезінде болуы.

Тікелей оқудың 2 кезеңі өзіне:

І. Ақпараттық блок немесе теориялық білімді ұсынуды;

ІІ. Тәжірибелік машықты шыңдандыруды қосады.



1. Ақпараттық блок

Бұл кезеңді толып жатқан қиындықтар туындаған сұрақ берушілердің сұрақтарына жауап беруден бастауға болады. Негізгі материал лекция, мультиймедиялық таныстыру түрінде ұсынылады. Содан кейін оқытушының (тренердің) таңдауына интерактивті оқытудың келесідей: рөлдік ойындар, сөзсайыстар, сапаршыны шақыру, кіші топтардағы жұмыс және т.б. әртүрлі әдістерін пайдалануға болады.



2. Тәжірибелік машықтарды шыңдандыру

Ақпараттық, теориялық тұрғыдағы кез-келген білімді ескере отырып, тәжірибелік іскерлікпен және машықпен міндетті түрде үйлесуі тиіс, осы машықтарды шыңдандыру қажет. Тренингтің аталған кезеңі өзінің өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатысушылардың іс жүзінде меңгеру бейімділігіне шақырады. Осы мақсатпен рөлдік ойындарды, инсценировкаларды, сөз сайыстарды, «ми шабуылын» және жағдайға байланысты жұмыстың басқа да интерактивті нысандарын пайдалануға болады.



Қорытындысын шығару

Қорытынды тренингтің кез-келген сабағының аяғында шығарылады. Ереже бойынша, бұл процедура қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен, сезімдерімен бөлісуге, өздерінің ниеттерін айтуға есептелінген.

Тренер семинарға қатысушылардан олар жаңалардың қандайын біледі, оларға қайсысы қызық, пайдалы, олар қандай жаттығулар орындады, естеріне түсіруді өтінуі, сұрауы мүмкін, сөйте отырып өткен материалдарды нығайтады. Егер тренер тренингке қатысушыларды олардың істеуіне мүмкіндігі бар тәсілдермен: ауызша және жазбаша алғыс жариялап, әлдеқандай бір кітапшалар, буклеттер, кәдесыйлар және тағы басқалармен үнемі көтермелеп отырса, ол жақсы. Не болмаса әлдеқайда жауапты тапсырмаларды сеніп тапсырады.

Интерактивті әдістер әмбебап болып табыла ма?

Жоқ, интерактивті әдістер ешқандай жағдайда да сабақ өткізудің лекциялық нысанын алмастыра алмайды, бірақ лекциялық материалдарды жақсылап меңгеруге бейімдейді, ең маңыздысы сол, пікірлерді, қатынастарды, мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.

Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланудың жағымды сәттері немен тұжырымдалады?

Интерактивті әдістерін пайдалану кезінде оқытушының рөлі күрт өзгереді, ол тек қана процестерді реттеп отырады және оны жалпы ұйымдастырумен айналысады, қажетті тапсырмаларды алдын ала дайындайды және сұрақтарды немесе топтарда талқылауға арналған тақырыптарды қалыптастырады, кеңестер береді, белгіленген жоспардың орындалу тәртібі мен уақытына бақылау жасайды.

Қатысушылар әлеуметтік тәжірибеге - өзінің немесе басқа адамдардың тәжірибесіне жүгінеді, сондықтан оларға бір-бірімен коммуникацияға түсуге, берілген тапсырмаларды бірігіп шешуге, кикілжіңдерді болдырмауға, жақындасудың ортақ нүктелерін табуға, ымырашықлыдққа баруға тура келеді.

Психологтар оқу қарым-қатынасы жағдайында дәл қабылдаудың жоғарылайтынын қадағалаған, жаднама жұмыстарының нәтижелері артады, жеке тұлғаның – назар аудару тұрақтылығы, оны тарата білу сияқты интеллектуалдық және эмоционалдық өзіндік ерекшелігі дамиды; қабылдау кезінде қырағылығы; әріптесінің іс-әрекетін оның дәлелдері мен мақсаттарын талдау қабілеті артады.

Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы қандай? Ең алдымен, интерактивті әдістер:

* оқушылардың қызығушылығын туғызады;

* әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

* әрбір оқушының сезіміне назар аударады;

* оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

* оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

* кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады;

* оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

* өмірлік машықтарды қалыптастырады;

* мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Бұл үшін ең маңызды шарттар – интерактив бойынша тренингтік оқытушылардың жеке қатысу тәжірибесі. Оны ойынға жеке өзі қатысу «ми штурмы» немесе сөзсайыс жолымен ғана үйренуге болады.

В.А.Сухомлинский, кім өзінің оқытушы екенін ұмытса, сол жақсы оқытушы деген. Оқытушыға тәлімгерлік үнді тастап, негізгі ынталануын көрсетсе, өзінің «жоғарыда» тұрғанын ұмытып, «қасында тұрса», оқушылар ретінде үн шығарып, қарым-қатынас жасаудың шынайы қызығушылығын танытса, сол жақсы ұстаз.

Интерактивті оқытуды ұйымдастырудың негізгі ережесі қандай?

Бірінші ереже. Жұмысқа сол немесе басқа межедегі қатысушылардың толық тартылуы тиіс. Осы мақсатта талқылау процесінде семинардың барлық қатысушыларын енгізуге мүмкіндік беретін технологияны пайдалану пайдалы.

Екінші ереже. Қатысушылардың психологиялық дайындығына қамқорлық жасау. Бұл жерде сөз, барлық өткен сабақтар жұмыстың сол не басқа мысалын тікелей енгізуге психологиялық дайын екендігі туралы болып отыр. Осыған байланысты шарықтап, шыңдау пайдалы, оқушыға өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, жұмысқа белсенді ат салысқан қатысушыларды үнемі көтермелеп отыру керек.

Үшінші ереже. Интерактивті технологияда оқушылар көп болмауы тиіс. Қатысушылардың саны мен оқу сапасы тікелей байланыста болуы мүмкін. Қатысушылардың қолайлы саны – 25 адам. Тек осындай жағдайда ғана шағын топтардың жұмысы жемісті болады.

Төртінші ереже. Жұмыс істеу үшін ғимаратты дайындауға көңіл бөліңіздер. Ғимарат үлкен және шағын топтарда жұмыс істеу үшін қатысушылар оған жеңіл жайғасатындай есеппен дайындалуы тиіс. Оқушылар үшін физикалық қолайлылық құрылуы тиіс.

Бесінші ереже. Процедура және регламент мәселесіне назар аударып отырыңыздар. Мысалы: кез-келген көзқараста барлық қатысушылар, әркімнің сөз бостандығы құқығын сыйлауға, оның намысын сыйлауға төзімділік көрсетіңіз.

Алтыншы ереже. Семинарға қатысушыларды топқа бөлуге ерекше көңіл бөліңіз. Ең алдымен оны еріктілік негізінде жасаған дұрыс. Содан кейін кездейсоқ таңдау қағидатын пайдаланған жөн.

Интерактивті оқыту – бұл таным іс-әрекетін ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол толық нақтылықты және болжамды мақсаттарды айтып отыр. Осындай мақсаттың бірі оқушылар өзінің сәттіліктерін, интеллектуалдық жағдайларын, оқу процесінің өзінде қандай өнімді іс істеу керектігін сезінетін, оқудың қолайлы жағдайын жасаудан тұрады.

Интерактивті оқуды ұйымдастырудың міндетті шарттары:

* оқушылар мен оқытушылардың арасында сенімділік, жоқ дегенде позитивті қатынастардың болуы;

* демократиялық стиль;

* оқушылар мен оқытушылардың арасында қарым қатынас жасау процесінде өзара ынтымақтастық болуы;

* оқытушылардың жеке («педагогикалық») тәжірибесі, оқу процесіне ашық үлгілерді, фактілерді, образдарды енгізу;

* ақпарат беретін нысандар мен әдістердің көптүрлілігі, оқитындардың іс-әрекет нысандары, олардың ұтқырлығы;

* іс-әрекеттің сыртқы және ішкі уәждерін қосу, сондай-ақ оқитындардың өзара уәждері.

Біз неліктен интерактивті әдістерге «иә» дейміз? Олар мыналарды:

* Жоғары уәжділікті.

* Тиянақты білімді.

* Қиялдау мен шығармашылықты.

* Тез тіл табысуды.

* Белсенді өмірлік көзқарасты.

* Командалық рухты.

* Жеке, дербестіктің құндылығын.

* Өз пікірін білдіру еркіндігін.

* Іс-әрекетке ерекше назар аударуды.

* Өзара сыйластықты.

* Демократиялықты қамтамасыз етеді.



№7-8 дәріс

Тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау

  1. Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

  2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту

  3. Сыни тұрғыдан ойлауда сұрақ қоюдың маңыздылығы

Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сыни тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Сыни тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.

Сыни тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрысұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.

Мазмұнға байланысты міндеттер:

1.Әңгімені оқып танысады.

2.Мазмұнын ашады.

3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:

Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:

1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.

З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.

4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.

Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді.

Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.

Сабақта сыни тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;

- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту” технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:

1. Қызығушылықты ояту;

2. Мағынаны тану;

3. Ой – толғаныс.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу технологиясының үш кезеңі

1. Қызығушылықты ояту кезеңі


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет