«ОҚытудың инновациялық интерактивті әдістері»


Осы кезендердін ұтымды өткізілуі мынадай нэтижелерге кол жеткізеді



бет5/5
Дата07.05.2017
өлшемі2,62 Mb.
#16142
1   2   3   4   5

Осы кезендердін ұтымды өткізілуі мынадай нэтижелерге кол жеткізеді:

  • оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;

  • басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйретеді;

  • өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;

  • керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;

  • ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту

Қазіргі болып жатқан саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр.Осыған орай жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып отыр.

Сол себепті болып жатқан білім беру саласындағыөзгерістерге, қоғам сұранысына байланысты жоғары мәдениетті білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру бүгінгі күнде өзекті мәселе.

Біліктілікті арттыру жүйесі қоғам сұраныстарын дер кезінде жауап беруге мүмкіндігі бар үздіксіз білімнің ең бір оралымды құрылымдарының бірі. Маман үшін ол – қалыптасқан кәсіби іс – әрекетіне өзгерістер енгізу, өз тәжірбиесін басқа нақты адамдардың, қоғамда жинақталған тәжірбиемен байланыстыру, біріктіру, кәсіби құзырлықты қалыптастыру.

Білімнің әлеуметтік және өмірлік рөлінің, адамның танымдық – шығармашылық мүмкіндігінің өзгеруі оқытудың ақпараттық құзыреттілігін дамыту деңгейіндегі, үздіксіз білім жүйесіндегі білім беру ісін жаңаша ұйымдастыруды талап етуде.Басты мәселе білім алушыны айналаны танып білу, одан өзіне қажеттісін таңдай алу, өз бетінше ізденіп білімін , тәжірбиесін молайту жағдайына қоя білу болып отыр.Тек осылайша ұйымдастырылған оқу ғана тұлғаның жекелік, ақпараттық, кәсіби деңгейін арттырып, дамуына жол ашады.

Ең алдымен біз оқушылардың психологиялық ұстанымдарын ескере келе, сыни ойлауды дамыта отырып ақпараттық құзыреттілігін дамытуға бағытталған, білімнің мазмұндық функцияларын, ақырғы нәтижеге бағыттай оқыту сапасын арттыру.

1. Мотивациялық кезең

Қарастырылуға тиісті мәселе төңрегіндегі бастапқы білім деңгейлерін анықтау.

Мәселені әр қырынан талқылау;

Әр түрлі идеялар, көзқарастарды ортаға салу;

Тәжірбиемен алмасу;

Белсенді оқу әрекетіне ынта – ықылас туғызу;

2. Жаңа ақпаратпен жұмыс

Қалыптасқан кәсіби көзқарастарды өзгертуге бағытталған жұмыстар.

Теориялық білімдерді меңгеру;

Өз тәжірбиесін басқалармен позициясымен салыстыра отырып, коррекция жасау;

Жаңалықтар, болжамдар таба білу;

3. Жаңа кәсіби көзқарастар қалыптастыру

Әрекеттің жаңа түрлерін меңгеру;

Жаңа шығармашылық ойлардың тууы;

Жаңалықты практикада қолдану;

Рефлексия.

Жаңа мақсатқа сай түзілген оқу құрлымы мен мазмұнында логикалық жүйелілік сақталады.Іс – әрекетті жаңа ақпараттар жайлы идеялар жинақтаудан басталып, шешім қабылдаумен аяқталатындай етіп жоспарланады.

Мақсаткерлік ақпараттық құзыреттілікті дамыту, мәселенің идеясын ашу, оны шешудің жолдарын, құралдарын белгілеу, жаңалықты жан – жақты талдап, практикада қолдана алу сияқты әрекетерді қамтиды.Ашық қойылған мақсат нақты нәтижеге әкелетін алғашқы қадам.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі.

Жеке, топтық жұмыстар әзірлеу, эссе, бақылау жұмыстары, әртүрлі кесте, модельдер жасап қорғау, дискуссия, пікір алмасулар сияқты танымдық- рефлексиялық әрекеттер арқылы оқушылар өздері үшін маңызды болған мәселелерді туындайды.

Сыни тұрғыдан ойлау – бұл біздің ғасырда дамуымызға мүмкіндік беретін ерекше қабілет.

Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілетін пункті болып табылады.Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді туғызады.Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген «шикізаттарды» ақпараттарды өңдеу керек болады.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады.

Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп табады да , сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі,Сонымен қатар ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларға қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.

Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі.

Басқалармен таласып оқығанда , талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз өз көзқарасымызды дәлелдеп, оған терең бойлай түсеміз.Сонда ғана алған ақпаратымыз сыни тұрғыдан ой елегінен өткен дәлелді, ойға қонымды болып табылады.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану оқушылардың ақпараттылық құзыреттілігін дамытуда басты құрал болып табылады.

Ақпараттық құзыреттілік

Сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, соның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен аталған жұмыстарды жүзеге асыруға;

Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;

Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

Ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білім алушының білім беру деңгейіндегі жетістіктері:

1) Ақпараттық ізденісті жоспарлау:

Ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;

Ұсынылған ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;

Анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.

2)Алғашқы ақпаратты алу:

Бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі;

Оқушыға сұрақ қоя отырып, ақпаратты алады;

Ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады.

3) Ақпаратты екінші қайтара алу:

Берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;

4) Ақпаратты алғашқы өңдеу:

Алынған ақпаратты қарапайым берілген құрылым (1 белгі бойынша) аясында жүйелендіреді

5) Ақпараттарды өңдеу:

Алынған ақпаратты дәл баяндай алады;

Ақпараттың жеткіліксіздігін немесе өзінің түсінбегендігін ескертеді;

Ұсынылған ақпарат көздерінен дәйектерді таба біледі және оларды негіздей алады.

А.Қ.Ш. Мичиган штатында Хоуп колледжінің америка әдебиетінің мұғалімі Дэвид Клустердің ұсынған анықтамасы бес пунктен тұрады :

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз.

Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, жіберілген пункті болып табылады.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

Төртіншіден, сын тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сын тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын іздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі. Сонымен қатар, ол сол мәселені шешудің басқа да жолдарының бар екендігін мойындайды да, өзі таңдап алған жолдың басқаларына қарағанда ақылға қонымды екендігін дәлелдеуге тырысады.

Бесіншіден, сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі немесе философ Хана Арендттің жазуынша «тек кімде кімнің қатысы болғанда ғана кемелге жетуге болады». Басқалар таласып оқығанда, талқылап, қарсы пікір айтқанда немесе ой бөліскенде біз көзқарасымызды дәллдеп, оған терең бойлай түседі. Сыни тұрғыдан ойлау анықтымасының бес пунктінің барлығы оқу әрекетінің кез келген түрінде орын алуы мүмкін.

Қорытындылай келгенде, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, яғни, білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның тиімділігі – оқушының құзыреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:

1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.

2. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті қарым-қатынас орнауы.

3.Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады.

4. Алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алу.

5. Оқушыны ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді.

6. Бірін –бірі сыйлауға баулуы.

7. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.

8. Оқушының шығармашылық белсенділігінің артуы.



Сыни тұрғыдан ойлауда сұрақ қоюдың маңыздылығы

Қазіргі білім беру саласында болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер мұғалімдерге үлкен міндет артады. Мұғалімдерді толғандыратын негізгі мәселе: оқушыларды қалай біз өзгермелі өмірге дайындай аламыз. Ол үшін еркін, өзіндік ой-пікірі бар, сенімді, сыни пікір - көзқарастары дамыған тұлғаны қалыптастыру керекпіз. Ал оқушылар үшін басты мәселе – сыни тұрғыдан ойлауды үйрену, яғни оқушы жаңа ақпаратты қабылдап, оны саналы түрде зерттеп, сын елегінен өткізуі қажет. Оқушылар ақпаратты және идеяларды өз бетімен түсініп қабылдап қоймай, өзіңе пайдалысын алу керек. Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету маңызды болғандықтан оны жүйелі түрде жаттықтырып отыру керек. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту – күрделі міндет, көбінесе дамыту мұғалімнің қойған сұрақтарына да байланысты болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше.

Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. Оқушылардың жауап беретін сұрақтары бір немесе екі сөзбен шектелсе, ондай сұрақтар төмен дәрежелі сұрақтар болып табылады. Төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық», «жай», деп те атайды. Мысалы, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясында бұндай сұрақтар «жіңішке» деп беріледі. Жай сұрақтар нақты ақпараттарды қажет ететін сұрақтар болып табылады, көбінесе жаттап еске сақтауды талап етеді. Төмен дәрежелі сұрақтар ешқандай ойды топтастыра алмайды, толғаныс тудыра алмайды. Ондай сұрақтарға жауап беру үшін тақырыпты түсіну жеткілікті. Оқушылар жай сұрақтарға жауап бергенде нақты ақпараттарды қолданады, ал сол ақпараттарға қатысты негізгі идеяның, сол фактілердің шығу себептерін түсіндірмейді және түсінбеуі де мүмкін. Себебі берілген фактілерді жаттап алып-ақ, жауап бере алады. Оқушылардың ойлауын шектеп, жатқа айтуға бағытталған сұрақтар оқушылардың ойлауын дамытпайды. Сонымен қатар, жай сұрақтар оқушылардың әңгімелесуіне, яғни диалог құруына мүмкіндік бермейді, мәнерлі сөйлеуін шектейді, қысқа ғана жауап беруге баулиды, сол себептен шығармашылығы да дамымайды. Біздер, мұғалімдер, қашан да жай сұрақтарды қоюға әуесқоймыз. Ойыма менің мына оқығаным түсіп отыр. «Джон Дьюи сыныпқа –«Жерде шұңқыр қазсаңыз не табасыз?» деген сұрақ қойғанда, сыныптағы бірде-бір оқушы жауап бере алмады. Сұрақты қанша рет қойса да, бұл сұраққа жауап ала алмады. Сонда сол сыныпқа сабақ беретін мұғалім: «Сіз сұрақты дұрыс қойған жоқсыз», деп Дж. Дьюге реңіш білдірді. Сыныпқа қарап мұғалім: «Жердің кіндігі (ортаңғы нүктесі) қандай формада/ қалыпта?» деген сауал қойғанда, сынып жаппай «Біртекті құрылым (сплав)», деп жауап берді.» Көп жағдайда қазіргі таңда осындай мысалдар біздің мектептерде жиі көрініс алады.

Мұғалімдердің арасында төмен дәрежелі сұрақтар оқушылар үшін жеңіл, себебі нақты жауаптары бар деген қалыптасқан ұғым бар. Дегенмен, кейбір зерттеушілердің айтуынша, кейбір оқушылар бұндай сұрақтарды қиын және қауіпті деп санайды екен.

Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Мұндай сұрақтар ойлау іс-әрекетінің үйрену тәжірибесінде әртүрлі деңгейдегі ойлауды көрсететіндіктен олардың маңызды екендігіне ешқандай күмән жоқ. Оқушыларды ойлауға, ойларын қайта құруға, толғануға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, пайымдауға, болжауға жетелейтін сұрақтар олардың жан-жақты ойлануына мүмкіндік береді. Мұғалімнің қойған сұрақтары сыныпты жұмысқа дайындап, не маңызды, не дұрыс, не дұрыс емес (бұрыс) екендігін және оны қалай жеткізіп айтуға болатындығын, сонымен қатар, кімнен және неден келіп жатқан ақпараттар, білім екендігін айқындап беруге көмектеседі.

Жай сұрақ қою шеңберінен шығып, жоғары дәрежелі сұрақтарды қойған кезде оқушылардың ойлау қабілеттері дами бастайды. Оқушылардың ақпараттарды білуі - ол үйренудің бір жолы, ал алған білімді тиімді пайдалану үшін ол білімді мақсатты түрде талдау, қорыту, сұрыптау керек. Тағы бір маңызды нәрсе – ол барлық жастағы балаларға жоғары деңгейдегі сұрақтар қою. Көптеген мұғалімдер мұндай сұрақтарға тек ересек балалар ғана ойланып жауап бере алады деген ойда. Әрине, бұл дұрыс емес. Балалардың жоғары дәрежелі сұрақтарға берген жауаптары олардың танымдық дамуын бейнелейді. Балабақшада тәрбиеленетін балалар болсын, жоғары сыныпта оқитын оқушылар болсын қойылған жоғары дәрежелі сұрақтарға өз мүмкіндіктеріне сай жауап береді. Жауаптар баланың даму деңгейіне, әр сұраққа жауап беру қабілетіне қарай бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Мұғалімнің міндеті – оқушыларды ойлаудың төменгі таяз деңгейінен жоғарғы терең ойлау деңгейіне дейін көтеріп, үйретіп жеткізу. Міне, осылай болғанда ғана оқушылар өз білімін және идеяларын іске асырып қолдана алады. Оқушылардың сұрақ қоюы мен ойлауы қарапайым немесе есте сақтау деңгейінен көтерілмей қалып қойса, онда олардың алған білімі ұмытылып, әрі қарай пайдалануға жарамай қалады.

Сыныпта осындай әртүрлі сипаттағы сұрақтар қойылу үшін оқушыны оған үйретіп қана қоймай, сонымен бірге сол ортаны жасау қажет. Сондықтан мұғалімдер үшін нақты стратегиялар ұсынылады:


  • Жан-жақты жауптарды талап ететін сұрақтар қою.

  • Сұрақ қойылған соң, оқушылар жауаптарын ойланып алу үшін уақыт беру. Сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріспен қатар, зерттеуде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де кідіріс жасау қажет екені атап көрсетілген. Харгривс пен Гэлтон (2002) жалпы алғанда, мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын шамамен екі секундтай кідіретіндігін анықтаған.

  • “Сіз не қосар едіңіз?” деген жолай сұрақтар қою.

  • “Қызық екен, мен ол туралы ойламаппын” деген түсінікті пайдаланып, естігендерін сынамай және қарсыласпай, өз пікірін айта алу.

  • Сұрақтарды басқа оқушыларға бағыттауға мүмкіндік беріңіз.

Сонымен, біз күнделікті сабақта жоғары деңгейлі сұрақтарды үнемі пайдалануды дәстүрге айналдырсақ, жүйеге енгізсек, мынадай маңызды тапсырмаларды іске асырамыз:

  • Оқушылар тапсырмаларды орындауда белсенділік көрсетеді;

  • Оқушылардың өз ойларын айтуға қолайлы жағдай туғызады;

  • Оқушылардың оқуға деген ын,тасы артады;

  • Мұғалімдер оқушылардың бір-бірінің пікірлерін құрметтейтін ортаны қамтамасыз етеді;

  • Сын тұрғысынан ойлауға көмектеседі;

  • Сын тұрғысынан ойлаудың алғашқы қадамдарына қолайлылық тудырады.




№9 дәріс

Тақырыбы: Бағдарламаның  сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасындағы рефлексивтік есеп

Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту  үшін маңызды болып табылады қазіргі  ең басты педагогикалық түсінік. Бұл оқушылардың да, мұғалімдердің  де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы оймен қабылдауын көздейді.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың,тәжірибенің,ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.

Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға,  баламалы шешімдерді қабылдауға ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге  дайын болуға,ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану»деп сипатталған. Олар қолданатын кез келген нысанның артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалармен стандарттар ғана емес,сондай-ақ баланың,дамуы,оқуы және ынтасы туралы түсінік,  сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады  (Александер 2001) деген сөзді басшылыққа ала отырып мұғалімдерге арналған нұсқаулықпен таратпа материалдардан осы модульді өз іс-тәжірибеме қолдануды көздеп  сыни тұрғыдан ойлау түрлеріне мән бердім. Себебі оқушыларға сыни ойлау тұрғысынан сабақтарымның қызықты және тартымды өткенін қаладым. Ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйенсек сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерінің көтерілуіне ықпал етеді.  Мен тәжірибелік  сабақтарымды өткізу  барысында курстың алғашқы «бетпе-бет» кезінде осы модульдің әдіс-тәсілдерін жиі қолдандым. Бұл әдісті қолданғандағы мақсатым барлық оқушыларды тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізуге, сыни ойлауын дамытуға,сабаққа деген ынтасын арттыруға ықпал етеді деп ойлаймын.

Бұл модульді жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру барысында, алғашқы сабағым «Ас қорыту мүшелерінің құрылысы» атты тақырыпта тапсырмалар орындату арқылы көз жеткіздім және  сын тұрғысынан ойлауды сабақтарымда сәлемдесуден бастап,қорытынды мен рефлексиядан аяқтадым.Нәтижесінде класта ынтымақтастық атмосфераның  қалыптасып, оқушылардың әрі қарай өз беттерінше ақпарат жинауға,түйіндеуге, сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға берері мол екенін түсіндім.



Ең алдымен сабақ бастамас бұрын,атмосфералық ынымақтастықты қалыптастыруды оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын амандасудан бастап  алып,  сабағымда үй тапсырмасы бойынша берілген «Асқазанда астың қорытылуы» атты тақырыптың дәлелдемесі ретінде кластағы үздік оқушы Уайсбай Гүлбақыттың АҚТ-нықолданубарысында дайындап келген презентациясымен слайдтарын  сыни тұрғыдан ойлау арқылы түсіндіруі,  оқушының өзін сан қырынан көрсете білгендігі мені қатты таң қалдырды және қалған оқушыларға тақырып бойынша толық түсінік қалыптасуына ықпал етті. Осы тақырыпты қорытындылау кезінде де сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру  мақсатымен   оқушыларға (10 сұрақ)  тест жұмысын орындаттым, әрине тақырыпты қорытындылау барысында  тест сұрақтарына  оқушылардың анағұрлым толық  жауап беруі, өз ойларын анық білдіруі, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылып,орындап болған соң тесті бағалау дайын үлгісі бойынша: 5-6 сұраққа- «3», 7-9 сұраққа - «4», 10 сұраққа- «5» деген баға арқылы өзара жұптық  бағамен бағаланды,келесі   жаңа сабақты меңгеру барысында   «ЖИГСО» әдісі арқылы  мәтінді  3-ке бөліп үш топқа таратып бердім. Үш  топтың әрқайсысы тақтаға шығып жұмыстарын қорғады, балалар өздерінің жасаған постерлерін  екі жұлдыз бір тілек айту арқылыбағалады.  Әр топтан бір  оқушы қысқаша өзінің ойын айта өтті. Топтар топтық таныстырылымды плакат бетіне түсірді. Бірінші топтан  Аружан,  екінші топтан Айнұр, үшінші топтан Сырым топтық таныстырылымды қорғау кезінде алған мағлұматтарды  жан-жақты байланыстырып, өздерінің  сыни тұрғыдан ойлуын, ақпаратты терең түсіну қабілеттерін көрсете білді. «Асқазанда астың қорытылуы» тақырыбында сыни тұрғысынан ойлауын дамыту үшін үшінші сабағымда тапсырманы орындауда – атыспақ ойынын ұйымдастырдым мұнда балалар бір-біріне сұрақтар дайындады,сұрақтарға жауап берулеріне қарай бір-бірін жетон арқылы бағалады.Жаңа тақырыпты меңгеру барысында біреуі үйде үшеуі қонақта әдісімен сабақты меңгерді,жасаған постерлерін екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалады, жасаған ассосацияларын  қорғады және  үш шапалақ арқылы қолпаштап әр топ бір-бірін ишара белгілерімен бағалады.Төртінші сабақ « Аш-ішекте астың өзгеруі мен асқазан-ішек ауруларының алдын алу» тақырыбында берілгендеңгейлік тапсырманы орындауда оқушылардың әр тапсырманы сыни тұрғыдан ойлау арқылы көңіл бөліп  жатқандарын көрдім.  «Жигсо» әдісін қолданғанда оқушылар ынталы,  жинақты,  белсенді араласты,  көзбен көретін айғақтар негізінде сыни ойлауды дамыту мақсатында  бірінші  топта «Асқазандағы астың қорытылуы» тақырыбында постер  қорғады.

Әр топ өз идеяларын қорғау барысында топ мүшелерінің сыни тұрғыда ойлаудың қалыптасқандығы байқалды. Әсіресе тапсырмаға ерекше шығармашылықпен қараған бірінші топ  басқаларға сұрақ тастай отыра,сыни тұрғыдан ойлауды тұжырымдады.Әр топқа жағдаяттық сұрақтар қойылды.Әрбір тапсырмаға шектеулі уақыт берілгенде  оқушылар бір-бірін  сыни тұрғыда пікір алмасу арқылы тексерді,өз ойын  ортаға салады.Содан соң Интерактивті тақтаға сұрақтардың жауаптары шығып, егер де  бес сұраққа жауап берсе -жасыл, төрт сұраққа жауап берсе сары, үш сұраққа жауап берсе қызыл. Әрі мұнда менің байқайтыным балалар бір-бірінің жіберген қателерін түзей қоймай ортақ пікір ретінде талдау жұмысы жүрді. Оқушыларды мадақтау арқылы, олардың оқуға деген қызығушылығын арттырдым.Сабақ соңында кері байланысқа оқушылардың пікірлері жазылған парақшалар ілінді. Оқытуды жақсартуды қамтамасыз ету үшін, өзін-өзі бағалауға ықпал етіп, сұрақ қою арқылы диалогтік қарым-қатынасты қамтуды сабақта басты назарда ұстадым  /Нұсқаулық 59-бет/. Бұған себеп мынадай: Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбекқор  белгілі бір  өзара әрекеттестік  үлгілері,зерттеушілік әңгіме,дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді   игерудегі бірлескен  «іс-әрекетке  тартылумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері  өрістеуіне және зияткерлік қырларының  дамуына  ықпалын тигізетіндігін көрсетті.       (Нұсқаулық 50бет).Диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру жеңіл болмақ. Диалогтық әңгімеде мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мұғалімнің басшылығымен орындалады. Осы, диалогтің мақсаттарын анықтауда көп еңбек сіңірген, яғни ол «мұғалім зерттеуші » түсінігінде емес, «мұғалім-дамыту жұмысының көшбасшысы» (Frost2011),(Мұғалімге арналған Нұсқаулық- 87 бет) түсінігін қолданып,  оқушыларға тақырыпты өз беттерімен оқуға уақыт бердім және оқығандарын қағаз бетіне түсірулерін сұрадым.  Сабақ барысында сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайдаоқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы артады,жауап  берудің тиімді құралына айналады.Оқушылар  берілген тапсырма бойынша мәтінді оқып шығып,  топтық жұмыс    жасады және оны қорғады. Топтағы оқушылардың барлығы да өз әлінше сабаққа араласып, өз ойларын толық айтуға тырысты. Мәтін бойынша таныстырылым  кезінде осы топта ерекше көзге түскен Гүлбақыт болды. Сырым да Данияға көмектесіп  таныстырылым  жасау барысында өз үлесін қосты.  Топ  басшысы  Гүлбақыт өз тобының жұмыс істеуін жоғары деңгейде деп бағалапты. Мен де осы бағалаумен келістім, себебі оқушылардың  жасаған жұмыстары өте тартымды болды.   Топ мүшелері мәтінді талдаукезінде бір-бірін тыңдап, өз сұрақтарына жауап алу  арқылы Айнұрдыбелсенділік көрсеткендіктен «жақсы» деп, ал Азаматқа өз ойын толық  жеткізе алмағандықтан «орташа» деп бағалаған кезде, Азамат өзінің осы бағаға қанағаттанатынын айтты. Осы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану барысында  байқағаным: әр топ  тақырыптың  мазмұнына тоқтала  отырып,  сыни тұрғыдан  мәтіннің мағынасын ашып, талдау жасау арқылы уақытты үнемдеді. Әр топтың міндеті әр түрлі болғандықтан тапсырма оқушылардың қызығушылығын арттырды. Бұл сабақта оқушылар белсенділік көрсетіп, өздерінің пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап беруге ат салысты.Класта көп үндемейтін  балаларда мәтіннің мазмұнын ашуға бір ауыздан қатысты.Оқушылар  осындай тапсырмаларда белсенділік танытып отырды. Сабақ соңында кері байланысқа, оқушыларыма «Білдім», «Мен үшін жеңіл болды», «Білгім келеді» таратпасын толтырттым. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып пікірлерін жазып тапсырды.

Оқушылар өздерінің құрдастарымен,  сарапшылармен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып,баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап,зерттеу жүргіуге қабілетті бола түседі.Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі  оқушылардың тиімді дәлелдерді  жүйелеу  қабілеттерін жоғарылатады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 51 бет) 

«Мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы » арасындағы қатынас сәтті өтті.

Мұғалім іс-әрекеті; Әр деңгейге байланысты сауатты сұрақтар мен тапсырмалар беріп,сабақты ұйымдастырады. Кластың педагогикалық және психологиялық ахуалы ескеріледі.

Оқушы іс-әрекеті: Қабылдайды,түсінеді,ойлайды, пайымдайды, көрсетеді,жазады. Алған білімді пайдаланып, проблеманы шешеді,салыстырады,ашады, талдайды, нәтижесін көрсетеді, шығармашылық жұмыстар құрастырады, бағалайды, талқылайды, пікір айтады.

Технологиялық артықшылығы мен ерекшелігі:Оқушы игерген білімін анық айтады,ашады.Белсенділігі артады.Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді.Өзіне-өзі деген сенімділігі артады.Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді. Шығармашылық деңгейге  дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады.Оқушының білімді қабылдау деңгейі сыни баға беруге дейін көтеріледі.Технологияның тиімділігі  оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығы. Деңгейге  бөліп оқытудың тиімділігі; біріншіден оқушының әлеуметтік-психолгиялық танымы,екіншіден оқушының ынтасы, үшіншіден оқушының теориялық дайындығы есепке алынуы керек.  «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»модулін тәжірибеме  енгізу барысында курс бойынша меңгерген теориялық білімнің іс-жүзіндегі оқушы назарын оқыту мақсаты мен жетістікке жету критерийлеріне  аударуға жетелейтіндігін,әр оқушының дамуына  мүмкіндік беретінін, оқушыны мақсат қоя жұмыс жасауға үйрететінін, оқушыға өз жұмысының сапасы туралы,мұғалімге оқушының дамуы туралы,ата-аналарға және қоғамға балалардың оқу жетістіктері туралы ақпарат беретінін түсіндім. Оқушылармен тиімді байланыс қамтамасыз етілсе,олар өзіндік оқуға белсенді қатысса оқушылардың білім алуына түбегейлі ықпалы сөзсіз болатындығын ұғындым (Мұғалімге арналған нұсқаулық,57бет).

Тиімділігіне көз жеткеннен кейін, менің де оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауғ үйретуге деген көзқарасым түбегейлі өзгерді.  Осыған дейін қолданылып келген бағалау әдістерінің оқушылардың белгілі бір тарау бойынша білім,білік,дағды деңгейлерінің қалыптасуы туралы толық мағлұмат бермейтіндігіне  көзім жетті. 

Оқушылар тоқсан сайын алынатын түрлі бақылауларда  жақсы нәтиже көрсету үшін,көбіне жаттап оқитынын байқадым. Өз тәжірибемде  сыни ойлауды сабақ жоспарында да, іс жүзінде де, сабақты қорытынылау барысында да жүзеге асыратынымды,сыни ойлаудың сабақ барысында үздіксіз жүретін үдеріс екенін, нәтижесінде мұғлімнің  сол тақырыпты өтуде белгілеген мақсаттары оқушының жетістікке,білім нәтижесіне  жеті мақсатына айналатындығын түсіндім.



Іс-тәжірибемде жоғарыда айтылған сыни тұрғыдан ойлаудың тәсілдерін қолданғаннан кейінгі нәтижем мынадай:  оқушылар топтық жұмыста өздерін жан-жақты көрсете білді,сыни тұрғыдан ойлауы дамыды,өзін-өзі бағалауды,жұппен жұмыс жасауды үйренді,рөлдік тапсырмаларда өз міндетін атқаруды білді,болашақта мақсат қоюды үйренді, өздеріне деген сенімділік пайда болды.


№10 дәріс

Тақырыбы: Case-study әдісін қолдану арқылы оқыту

  1. Case-study түсінігі

  2. CASE STUDY әдісінің дағдыларды дамытуы


  3. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты


Оқытудың интерактивті әдісі ретінде кейс студенттер тарапынан қолдау табуда: олар мұнда оқу материалының теориялық ережелерін меңгеру мен практикалық игеруді қамтамасыз ететін ойынды көреді. Сонымен қатар, жағдайды анализ жасау студенттердің кәсіби жетілуіне өте күшті әсер етеді, олардың есеюіне әкеледі, олардың сабаққа деген қызығушылғы мен оң көзқарасын қалыптастырады.

Кейс-әдісі оқытушының оойлауын бейнесі ретінде көрініс табады, оның басқаша ойлау мен әрекет жасауына, өз шығармашылық күш -жігерін жаңартуға әсер ететін ерекше парадигмасы. Бұл жерде негізгі мәселелер оқу барысын кең түрде демократияландыру мен түрлендіру, оқытушылардың еркіндігі, олардың прогрессивті ойлау стилін, педагогикалық қызметінің этикасы мен мотивациясын қалыптастыру ретінде көрініс табады.

Кейс өз тұрғысында кейбір рөльдік жүйе ретіндегі көрініске ие болып табылады. Роль деп белгілі әлеуметтік позицияда тұрған адамдарға қойылатын талаптар жиынтығын айтамыз. Кейстегі рольдердің жоғары концентрациясы кейс-әдісін оның шеттетілетін рольдік формасына айналуына әкеліп-соғады-оқытудың ойын әдісі, яғни, ол ойын өзіне интеллектуальды жетілудің нәзік технологиясы бақылаудың тотальды жүйесін жинақтайды.

Кейстегі әсерлер жазбаша түрде болуы ықтимал. Бұл жағдайда оларды дұрыс ойластыруымыз қажет (алынатын нәтижесі, тиімділігі). Немесе олар мәселені шешу тәсілі ретінде ұсынылуға тиіс. Қалай болғанда да практикалық әсер ету моделін түзу оқушылардың кәсіби сппасын қалыптастырудың тиімді құралы түрінде көрініс табады.

Кейс әдісінің білім беру жүйесіндегі орны біркелкі емес. Ол брлық кәсіп өкілдерінің кейбіреулерінде басым болуға тиіс сапаларды қалыптастыруға көмектеседі. Осыдан келіп кейс-әдістің стратегиялық даму қағмдаларын құрастыруға және оқытуға ендіруге болады. Ол қағидалар төмендегідей:

Біріншіден , кейс-әдісті қазіргі нарық мамандықтарына, оның ішінде менеджер, экономист, әлеуметтанушы, маркетолог, брокер және т.б мамандықтарға оқытуға тезірек ендіру қажкт. Оларда ситуациялық білім және ситуациялық қызмет басым. Шын мәнінде, кейс-әдісі бұл мамандықтарға қандай да бір қозғалтқыш болып табылады, стандартты емесжағдайларда нәтижелі әсер етуге қабілетті.

Екіншіден, ол ересектерге білім беруде, олардың білімін жетілдіруде ерекше тиімді., ситуативтілік арқылы бар білім жүйесін жаңасына жеңіл ендіреді. Бұл әдіс ересектердің дайындық түрі мен деңгейіне, оның мотивациясына, білімді тез жетілдіру мен жаңарту әдісіне көбірек сәйкес келеді. Ересектерге әруқытта пән бойынша кейбір білім деңгейі әруақытта бар, ол белгілі әдіснамалық парадигманы, ойлаудың қалыатасқан тәсілдерін және әдістерін меңгерген. Оның бойында қалыптасқан біраз құндылықтар жүйесі , мінез стандарттары және т.б. бар. Бір жағынан, ересектермен оқу жұмысы өскелең жастарды оқытқаннан әлдеқайда жеңіл, өйткені бұл оқыту басынан басталған жоқ. Екінші жағынан, ойлау консерватизмі мен өзгерісі келмейтіннегитивті көрініс орын алуы ықтимал.

Сондықтан, оқытушы кейсологтың алдына қойылатын бірінші міндет, догматтар мен амбицияларды жоюға бағытталуы, сонан соң өз тұлғасын прогрессивті өзгертуді алдымен қалауы, соңынан соған ұмтылуы болмақ. Жастар аудиториясында жеңіл жетістікке қол жеткізуге болатын нәрселер, ересектер аудиториясында қосымша , кей жағдайда ерекше күш жұмсаумен жүзеге асырылады.

Үшіншіден, кейс-әдіс оқытудың басқа әдістермен, соның ішінде дәстүрлі түрлерімен де органикалық үйлесімде қолданылуы тиіс, өйткені, бұл студенттер бойында міндеттті, нормативті білімді қалыптастырады. Ситуативті оқыту болса динамикалық ситуация жағдайында білімді іздену мен пайдалануға үйретеді, иілгіштік пен ойлау диалеккалығын жетілдіреді.

Мұнда шектен тыс пайдалану болашақ маманды қажетті нормативті «қаңқасыз қалуға ұрындырады. Оның барлық білімі көптеген ситуацияларды білуге шоғырланады да, онда ешқандай әдіснамалық қағидалар мен жүйелер болмайды. Оның меңгергені өзі кездескен ситуацияларды ойластырумен шектеледі де, жаңа ситуацияларға кездескенде «рулсіз және желдеткішсіз» қалып қояды.

Төртіншіден, оның қолданылуы әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық, және педагогикалық тұрғыдан негізделген жәнет қамтамасыз етілген болуы тиіс. Бұл қамтамасыз ету ЖОО оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру деңгейінде де қажет. Мамандықтарды, оқу пәндерін және олардың тарауларын оқытуда кейс-әдісін қолдану дәстүрлі әдіспен салыстырғанда аса үлкен тиімділік беретінін өте алдын ала анық диагностикалау және эксперттік бағалау қажет. Бұл әдіс әдістемелік семинарда пікірталас негізі, оқытушылардың озық педагогикалық тәжірибе өзегі болып, оқытушылар білімін жетілдіру мақсатында көрініс табуы тиіс.

Кейстердің бұл функционалды өрісі әзірге потенциалды сипатқа ие болғанымаен, яғни біздің елімізде кейс-әдісін жақын болашақта оқу үрдісінде кең етек алуда. Украиндық, ресейлік және қазақстандық алғашқы кейстер батыстың дәстүрлі түрінен өзіндік ерекшеліктерімен, ізденіс қызметінің басымдылығымен айқындалады. Оның ішінде отандық кейс-әдіс тек қана экономикалық мамандықтар, пәндер және олардың тарауларын оқыттумен шектелмей, білім беру саласындағы пәндердің басым көпшілігін қамтуда. Оның басты себептерінің бірі Қазақстан ағарту қызметкерлерінің ғылыми әдіснамалықтұрғыдан жетіктігі, ұстаздардың ізденімпаздығы, жаңа оқыту технологияларын жете зерделеп, іс-тәжірибеде сынақтан өткізуге ұмтылуында. Еліміздегі өзгерістердің қоғамның барлық салаларындағы, соның ішінде ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістердің сапалы бағыты мұғалімдердің ізденіске толы қызметімен тікелей араласуы арқылы жүзеге асырылуда.

Кейс –стади амал-тәсілі немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі(метод конкретных учебных стиуаций») xx ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.

Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина және т. Б. Салаларда жемісті қолданылуда. Қазір кейс-стади амал-тәсілін педагогикалық оқыту үрдісіне енгізу әдіс-тәсілдерін: Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, Э.хансен, М.В. Коротков, М.В. Кларин, А.И.Наумова, А.М.Зобина, М.С.Керимбаева, В.А.Канн-калик, Н.Д.Никандров, Б.Н.Киселева, И.В. Липсина, Г.А.Полонский, Д.Экинсон, И.Уилсондар қарастыруда.

Кейс амал-тәсілінде басты назар оқушылардың ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т. б. Шәкірттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.

Демек, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс-стади амал-тәсілін қолдану - қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа деген қызығушылығын туғызатын жеке педагогиканың жаңа инновациялық жүйесі.


CASE-STUDY ӘДІСІ (КЕЙС-СТАДИ)

Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол студенттерді пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді.

CASE-терді құрудың келесі негізгі сатылары белгіленген: мақсаттарды анықтау, әр түрлі жағдайларға критерилерді тағайындау, қажет ақпарат көздерін белгілеу, CASE – тегі алғашқы материалдарды дайындау, сараптама жасау, oны қолдану бойынша әдістемелік материалдар дайындау. Оқу процесіндегі кейстермен жұмыс жасау технологиясы келесі сатылардан тұрады:

1) кейс материалдарын зерттеушілердің жеке өзіндік жұмысы (мәселені сәйкестендіру, негізгі баламаларды тұжырымдау, ұсынылған әрекетті немесе шешімді ұсыну);

2) негізгі мәселені енгізуге және оны шешуге байланысты шағын топтармен жұмыс.

3) жалпы дискуссиядағы (оқу тобы шегінде) шағын топтардың тұсаукесерлері және тәжірибе нәтижелері.

CASE STUDY әдісі келесі дағдыларды дамытады:

1. Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.

2. Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.

3. Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.

4. Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарғабірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.

5. Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама – қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б.

6. Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларынқалыптастыруды талап етеді.

Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін.



Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты:

Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады. Кейс-әдісте қолданылатын негізгі ұғымдар «жағдай» және «анализ», сонымен қоса олардан туатын – «жағдайды талдау» ұғымдары болып табылады.

Кестеде кейс - әдісін қолдану кезіндегі әр түрлі анализ түрлері көрсетілген.

Аналитикалық қызметтің көптүрлілігі

Оларға сипаттама

Негізгі түрлері

Проблемалық анализ

Проблемаларды атап көрсету, проблемалық өріс қалыптастыру, олардың квалификациясы

1. Жағдайдың проблемалық  мазмұнын талдау.
2. Жағдайдың проблемалық шарттарын талдау.
3. Жағдайдың проблемалық нәтижесін талдау.

Жүйелі анализ

Құрылымымен  және функцияларымен сипатталатын кейбір жүйелер сияқты объектіні жүйелік жол жағынан қарастыру.

1. Дескриптивті анализ, яғни бар құрылымдар негізінде, функция қалыптасады.
2. Конструктивті анализ яғни, берілген функциялар негізінде құрылым құрылады.

Праксеологиялық анализ

Қызметтік процесстерді оптимизациялау көзқарысына байланысты қарастыру.

1. Қызметті оптимизациялау жолдарын талдау.
2. Қызметті алгоритимизациялау  және  үлгілеу.

Прогностикалық анализ

Жағдайдың болашақ дамуына қатысты болжауды қалыптастыру.

1. Жүйенің болашақ күйі берілсе және болашаққа жетудің мүмкіндіктері анықталған болса нормативті прогностикалық талдау.  
2. Трендттік модельдер құру арқылы  болашақтың жағдайы анықталатын ізденісті  прогностикалық талдау.

Оқытуды ұйымдастыру әдістері жүйесіндегі кейс әдісі:

Кейс әдісінің маңызды ерекшелігі, оның басқа әр түрлі оқыту әдістерімен тиімді үйлесуі болып табылады. Кестеде кейспен жұмысты ұйымдастыруда әр түрлі әдістермен үйлесу мүмкіндіктері берілген.



Кейс-әдісімен үйлескен әдіс

Оның кейс - әдістегі ролінің сипаты

Үлгілеу

Жағдайдың үлгісін құру

Жүйелі талдау

Жүйелік ұсыныс және жағдайды талдау

Ойша тәжірибе

Жағдай туралы білімді ойша түрлендіру арқылы  алу тәсілі.

Сипаттау әдістері

Жағдайдың сипатын құру

Проблемалық әдіс

Жағдайдың негізінде жатқан түйінді мәселені ұсыну.

Жіктеу әдісі

Жағдайды құрастыратын қасиеттер, тараптардың реттелген тізімін құру.

Ойын әдістері

Жағдай кейіпкерлерінің жүріс-тұрысының нұсқаларын ұсыну.

«Миға шабуыл»

Жағдайға қатысты ойларды  генерациялау.

Пікірталас

Түйінді мәселе және оны шешу жолдары жайлы көзқарастармен алмасу.

Кестеден көрініп тұрғандай, білім беру үрдісін ұйымдастырудың әр түрлі әдістері кейс - әдіспен сәтті үйлесуі мүмкін.

Кейстердің бастаулары:

Кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады. Интеллектуалды азық ретінде оның өзінің бастаулары бар. Кейстердің бастауы - өмір деген тезис біреуге күмән келтіруі мүмкін емес. Қоғамдық өмір өзінің әртүрлілігімен кейстің сюжетінің, түйінді мәселесінің және деректік базасының бастауы болады.

Білім келесі бастау болып табылады. Ол кейс - әдіске үйлескен басқа оқыту мен тәрбие әдістерінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.

Ғылым – бұл бейнелік кешен ретіндегі кейстің үшінші бастауы. Ол аналитикалық іс-әрекетпен және жүйелік жақындасумен, сонымен қатар, кейске және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен, екі негізгі әдістемелерді ұсынады.

Кейстің негізгі детерминация бастауларының ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Кейстерді құраудың шынайы тәжірибесінде әдетте бастаулардың біреуі басым болуы байқалады. Осылай қарастыру негізгі бастауларының әсер ету дәрежесіне қарай кейстерді топтауға негіз болуы мүмкін. Бұл жерде даусыз шынайы өмір жағдайларын бейнелейтін, тәжірибелік кейстерді, негізгі міндеті оқыту болып табылатын оқыту кейстерін, зерттеулік іс-әрекетті іске асыруға бағытталған ғылыми-зерттеулік кейстерді ерекшелеуге болады.

Кейстің құрылымы:

Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.

Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:

- Жағдайлар – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.

- Жағдайдың контексті - хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.

- Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.

- Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

- Қосымшалар.



Кейсті құрастыру сатысы:

Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.

Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.

- Жағдай моделін құру немесе таңдау.

- Сипаттауды құру.

- Қосымша ақпараттарды жинау.

- Ақырғы мәтінді даярлау.

- Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру.



Кейспен жұмыс істеуді ұйымдастыру:

Нұсқалары өте көп, бұл оқытушының шығармашылығы үшін мүмкіндік. Біз жұмыс ұйымдастыруға болатын, максималды жалпыланған сабақ үлгісін ұсынамыз.

Сабақты ұйымдастыру сатылары:

Бірлескен іс-әрекетке жұмылу сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті: бірлескен іс-әрекетке дәлелдеме құру, талқылауға қатысушылардың бастамаларының айқындалуы.

Бұл сатыда келесі жұмыс нұсқалары болуы мүмкін:

- Кейс-стади мәтіні студенттерге өз бетімен зерделеу және сұрақтарға жауап дайындау үшін сабақ басталғанға дейін таратылып берілуі мүмкін.

- Сабақ басында тыңдаушылардың кейс-стади материалдарын білуі және талқылауға қызығушылығы анықталады.

- Кейс-стади негізінде жатқан басты мәселе анықталады, және ол курстың сәйкес бөлімімен үйлестіріледі.

Біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті: – мәселелені шешуге арналған іс-әрекетті ұйымдастыру. Іс-әрекет кішігірім топтарға біріктірілуі және жеке болуы мүмкін. Тыңдаушылар оқытушы берген қандай да бір анықталған уақыт көлемінде сұраққа ұжымдық жауап дайындау үшін уақытша кішігірім топтарға бөлінеді. Әрбір кішігірім топтарда (басқа топтардан тәуелсіз) жауаптарды салыстырулар, оларды өңдеу, тұсаукесер үшін рәсімделетін жеке бір көзқарасты өндіру жұмыстары жүреді. Әрбір топта шешімді жеткізетін «спикер» таңдалады немесе тағайындалады. Егер кейс сауатты құрылған болса, онда топтардың шешімдері сәйкес келмеуі керек. Спикерлер топтардың шешімін таныстырады және сұрақтарға жауап береді. Оқытушы жалпы дисскусияны ұйымдастырады және бағыттайды.

Талдау және біріккен іс-әрекеттің рефлексиясы сатысы:

Бұл сатының негізгі міндеті: - кейспен жұмыстың нәтижелерімен білімдік және оқытулық нәтижелерін айқындау. Сонымен қатар, бұл сатыда сабақтың ұйымдастырылуының тиімділігі талданады, біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың түйінді мәселелері анықталады, ары қарай жұмыс жасау үшін міндеттер қойылады. Оқытушы әрекеттері келесідей болуы мүмкін: оқытушы кейс-стадиді талқылау үрдісін және барлық топтардың жұмысын талдай отырып пікірталасты аяқтайды, оқиғаның шынайы дамуына қысқаша түсініктеме береді, қорытынды шығарады.


11 дәріс

Тақырыбы: Case-study әдісін қолдану арқылы оқыту

  1. Кейс амал-тәсілдерін пайдалану мәселелері

  2. Кейс технологиясын оқытуда қолдану мысалдары

Кейс амал-тәсілдерін пайдалануда мына мәселелер:

1) Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіруге алдын-ала дайындалған мәтіндер не тапсырмалар беру;

2) Микротоптардың басшыларымен өздерінің ойларын бөлісу,бірге талдау, басшының оқушылар түсінбегенде микросабақтар өту;

3) Сыныптың бірнеше микротоптарға бөлінуі;

4) Әрбір топтың өзінің басшысы болуы;

5) Мұғалім бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы ескеріледі. Сонымен қатар кейстік амал-тәсілде жағдаяттарға байланысты мынадай бес түрлі пікірсайыс ұйымдастырылды:

1) Мұғалім оқушыға қарсы сұрақ береді.

2) Мұғалім-оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.

3) Оқушы-оқушы рольдік ойындар да қолданылады.

4) Мұғалім оқушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды.

5) Оқушы-оқушы пікірталасады.

Кейс бірыңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен тұрады:

1) кейс дайындау бөлімі

2) нақты жағдаяттар бөлімі

3) кейске кіретін қосымша тапсырмалар.

Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда кейс мынадай кезеңдер бойынша дайындалды.

1-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың мақсатын айқындау.

2-кезең. Кейсті түзуге материалдар жинау. Сыныптағы оқушылар саны және олардың қазақ тілі пәнінен білім деңгейлері мен сөздік қорының көрсеткіші;

3-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды жинақтау;

4-кезең. Сабақтың қай кезеңінде кіргізуге болатынын болжау;

5-кезең. Оқушылардың күтілетін нәтижені болжау;

6-кезең. Нәтижеге қол жеткізу үшін кейсте кемшіліктерді жою.

7-кезең. Мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды қазақ тілі сабағына енгізу.

Кейс амал-тәсілдері қолданылған сабақтарда сыныпты төрт адамнан тұратын микротоптарға бөлдік. Олар:

1.Сарапшы – әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Сарапшының міндет микротоптарға қатысып отырған оқушылардың жауаптарын қорытындылау. Керек болса, микросабақтар өту. Оқушылар жауаптарының дұрыстығы не бұрыстығы сарапшыға тексертеді.

2.Жол сілтеуші – бұл-тапсырманы басқалардан ерте шығаратын, әдетте жақсы оқитын оқушы. Ол оқушылар жауап таба алмай жатқанда, дұрыс жолды айтады.

3.Баяндаушы – бұл тапсырмада берілген мәтін не басқа жағдаяттарға еніп, басқа оқушыларға түсіндіреді. Өзі ойнап тұрған образдың жүрісін, қимылын, ым-ишрасын айнытпай салу арқылы дұрыс жолды сілтейді. Мысалы, доп жайлы жұмбақ жасырылғанда, доптың келбетін салу керек.

4.Қарсы сұрақ қоюшы – бір оқушы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға басқа оқушылар жауап берулері қажет.Бұл оларды өз пікірлерін басқа біреуге дәлелдеуге үйретеді. Кейс сабақтарында берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыруға, олардың диалогттік және монологтік сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Оқушыларға тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді. Кейс технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы мұнда оқушы – өздігінен ізденетін, алдарында тұрған проблеманы шешетін субъект. Мұғалім сабақта тек бағыт-бағдар беруші қызметін атқарады. Кейс технологиясында оқушылар санына қарай бірнеше микротоптарға бөлінеді. Әрбір топ проблеманы шешуде өзінің пікірін дәлелдейді

1 – үлгі-сабақ.

1)презентация – мұғалім оқушылардың барлығына бірдей сабақтың мақсатына қарай белгілі бір проблема қояды. Осы проблеманы түсіндіреді.

2) Ұстанымы – оқушылар мұғалім түсіндірген проблема бойынша өз пікрлерін дәптерлеріне жазады. Әрбір оқушы өз идеяларын жеке жазып, басқа оқушылардан көшірмейді. Оқушылардың жазған ұстанымдары кейінірек проблеманы топ болып талқылағанда қажет болады.

3) Проблеманы талқылау – оқушылар проблеманы топ ішінде талқылап, дұрыс шешім шығарады. Топ ішінде оқушылар бір-біріне үйретеді, үйренеді.

4) шешім шығару – топ ішінде қабылданған шешімді басқа топтарға айтып, өзінің пікірін дәлелдеу. Басқа топтарда айтылған пікірге өз көзқарастарын білдіреді. Мысалы, мұғалім оқушыларға мынадай мазмұнда мәтінді тақтаға жазады:

«Бұлақ»

Біздің ауылдың маңында бұлақ ағып жатыр. Бұлақтың суы лас,лай. Бұлақ бірнеше жылдан бері қараусыз қалған. Жан-жағына шөптер өсіп кеткен. Бұлақтың суын ауыл тұрғындары пайдаланбайды.



Мұғалім мәтінді оқып, оқушыларға мынадай проблеманы шешуді ұсынды.

Шешілетін проблема: Бұлақтың суы қандай болуы керек.

Оқушылар проблеманы шешуге топ болып кірісті. Әрбір топ өздерінің көзқарастырын ортаға салды.

Бірінші топтың оқушылары мынадай мазмұнда мәтін құрастырды:

Біздің ауылдың маңында бұлақ бар. Бұлақтың суы мөлдір, таза болуы керек. Ауыл адамдары бұлақты үнемі күтіп, таза ұстайды.

Екінші топтың оқушылары: Бұлақты үнемі тазалау қажет. Сонда оның суы таза болады. Бұлақтың суымен адамдар шөлін қандырады.

Үшінші топтың оқушылары: Бұлақ көрсең – көзін аш деген бар. Балалар, үлкендер үнемі бұлақты тазалап ұстауы керек. Бұлақтың суы қыста жылы, жазда салқын болады.

Кейс технологиясының ұтымдылығы төмендегідей:

- Балалар өзара пікірталастыруға, өзінің пікірін дәлелді құруға дағдыланды;

- Топ ішінде белсенді тілдік қатынас орнады;

- Проблеманы өздігінен шешуге ұмтылды, шығармашылық жұмыстарды орындауға үйренді;

- Тапсырмада берілген сұрақтарға жауап іздеп, өзіндік пікір айтуға дағдыланды;

- Ауызша сөйлеу дағдылары жетіліп, мәтін құрастыру біліктері дамыды.

2-үлгі-сабақ,

Сабақ тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ауызша сөйлеуге дағдыландыру.

Ертегі кейіпкерлерінің жағымды және жағымсыз әрекеттерін талдауға үйрету.

Көрнекілігі: жануарлардың суреттері, алмалар, шарлар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушыларға мәтінді оқып беру

«Үндемес ит»

Ерте заманда үй жануарлары түйе, қой, сиыр, жылқы, ит – бәрі бас қосыпты. Түйе тұрып мақтаныпты.

Менің адам баласына пайдам шаш етектен! Көшсе көлікпін. Сүтімнен шұбат жасап ішеді. Жүнімнен неше түрлі киім киеді.

Қой, сиыр, жылқылар да өз қасиеттерін айтып асып-тасады. Бәрі де өстіп шалқып отырғанда, ит тырс етіп үндемей, қалғып-мүлгіп отыра береді. Сонда түйе:

- Әй, салпақ құлақ! Неғып аузыңа құм құйылып қалды Ауыз толтырып айтар ештемең жоқ-ау, сірә,- дейді. Сол кезде бұл әңгімені қожайындары тыңдап тұрып:

- Бұл ит сендерді күзетпесе, қасқыр бәріңнің түбіңе жетер еді, - депті.

(«Балдырғаннан»)

Бұл мәтінді оқып берген соң, оқушыларды рольге бөліп, бірін сиыр, бірін түйе, бірін жылқы, бірін қой, бірін ит етіп сөйлетеміз.

Баяндаушы. Өздеріңнің жақсы пайдалы жақтарыңды айтыңдар.

Сиырдың сүт беретінін, одан айран, құрт, ірімшік жасайтынын, түйенің шұбатын, жүнін т. б. пайдалы жақтарын айтады

Қарсы сұрақ қоюшы: Енді кемшіліктеріңді айтыңдар.

Балалар суда жүзе алмайтынын, аспанда ұша алмайтындарын т. б. кемшіліктерін айтады.

Дәлелдеуші: Оларға аспанда ұшудың, суда жүзудің керегі жоқ екендігін түсіндіреді.

Сарапшы: үй жануарларының барлығының да пайдалы екендігін айтады.

1-тапсырма. Жануарлардың төлдерін ата, қандай жануар өзіңе көбірек ұнайды деген сұраулар мен тапсырмалар беру арқылы сабақты қорытындылау.

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Кейс сабақтарында алдын-ала дайындалып қойылған тапсырма бойынша

Жұмыс істелді. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне қарай және игерген білімдеріне қарай проблемалық сипатта тапсырма берілді. Сыныпта қанша топ болса да, барлығына бірдей тапсырма беріліп, әрбір топ проблеманы өздерінің білімдері мен ерекшеліктеріне қарай жан-жақты, әр қырынан немесе барлығы бір ғана қырынан зерттейді.Әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Ол сарапшы микротоптың жауаптарына талдау жасайды, бағалайды, қажет кезінде өзінің тобындағы үлгерімі нашар оқушыларға сабақ үйретеді.Кейс амал-тәсілін қолданғанда, бағыт-бағдар беруші сонымен қатар талап қорытынды сөз сөйлеуші қызметін атқарады.Кейстік амал-тәсілде, әрбір топ өзінің шығарған шешімдерін басқа топтардың алдында дәлелдейді. Дәлелдеуге барлық оқушы қатысуға рұқсат беріледі.

Мысалы, оқушыларға мына тектес мәтін берілді.

Тапсырмалар

1. Мәтінді оқып шығыңдар, мәтін туралы түсініктеріңді жазыңдар.

2. Мәтіннен дауысты және дауыссыз дыбыстарды тауып астын сызыңдар,

Дауысты дыбыстардың астын ірі сызықпен, дауыссыздардың астын екі сызықпен сызыңдар.

3. Әдеп туралы өзің не айтар едің

Әдеп.

Бір жұрттың үлкен әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем береді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре одан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:



- Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп сұрады дейді.

Сонда әкім:

- Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба? – дейді.

Тапсырмалар.

1. Мәтіндегі диалогті монологқа ауыстырыңдар.

2. Мәтіннен әдептілік туралы өздеріңе ұнаған үзіндіні жазылған жерін тауып белгілеңдер.

3. Мәтіннің мағынасын қандай мақал-мәтелдермен бересіңдер.

Мейірімді қыз

Көше бойында бір қуыршақ жатыр. Басына, тақия, үстіне ақ көйлек кигізіп үлбіретіп қойған. «Дәуде болса, бір бала ұмытып кеткен-ау» деп жан-жағыма қарай бергенім сол еді, оң қапталымдағы қызыл қақпадан төрт- бес жасар қыз бала шыға келді. Мен қуыршақты алып, соған қарай жүрдім. Жақындай бергенімде қыз бала:

- Жөндеп көтермейсіз бе, бір жерін сындырасыз ғой, - деді кейіп.

Қарасам, қуыршақтың қолынан, салбырата ұстап келеді екен. «Жаны ашып кетті ғой, қандай мейірімді қыз»,- деп ойладым ішімнен.:

Әрбір топ сабақ соңында өз ойларын ортаға салды, сабақтың соңында тапсырманы қорытындылап, балалар бағаланды.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін, бастауыш мектеп оқушыларында қалыптасқан дағдылар мен біліктер төмендегідей:

1. Оқушылар сабақта тілдік материалды меңгерді.

2. Оқушылар бірін-бірі үйретті.

3. Оқушыларда топтық оқу дағдылары қалыптасты.

4. Оқушылар басқа адамның айтқан пікірін құрметтеуге дағдыланды.

Кейс технологиясын оқытуда қолдану мысалдары

А.М.Баяндинова, экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.А.Темирбулатова, аға оқытушы А.Г.Гиззатжанова, оқытушы МАРКЕТИНГ ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ КЕЙС-ТЕХНОЛОГИЯЛАР Қазақстанда соңғы екі онжылдықта маркетинг жылдам қарқынмен дамыды, республикамыз ғаламдық нарықтарға кірді және көптеген мемлекеттердің негізгі сауда әріптесі болып табылады. ХХI ғасырдың технологиялық революциясы маркетинг тәртібін түбегейлі өзгертті, оны ауқымды жүйелер - телекумминикациялар жүйесіне және компьютерлік технологияларға енгізу арқылы, азық-түліктің жаңа түрлері және маркетингтік өнім мен қызметтің жаңа қыры ашылды. Электрондық маркетинг өнімді таңдау стратегияларына да үлкен мүмкіндіктер ашты. Ол стратегиялар - өнімді шығару, бағалау және тасымалдау болып табылады. Маркетинг пәнін оқуда шешім қабылдау мен жағдайды талдау, дағдыны дамыту көбіне оқушыларға қиындық әкеледі, ал маркетинг менеджерлері ұйымдастыру кезінде туындайтын түрлі оқиғаларды талдай білуі керек. Кейс-технология бойынша практикалық материалдарды басқару, опробация және семинарлық, практикалық сабақтарды өткізу әдістемесін енгізу көбіне қажетті және инновациялы болып табылады. Қазіргі замандағы маркетологтардың лайықты деңгейіне жету мақсатында студенттерге интерактивті технологияларды оқыту керек. Ол талдау және болжаудың қалыптасуына алып келеді. Біз ұсынатын кейс-технологиялар практикалық басқаруды оқытатын курстың барлық негізгі бөлімдерін қамтиды. Маркетологтарды белсенді оқытуда кейс-технологиялардың келесідей үш негізгі сәттерін беруімізге болады: жағдайлық (ситуациялық) талдау және оның түрлері, нақты жағдай үшін дәстүрлі талдау, оқу жүйесінде жағдай мен жұмыс әдісі. Бірінші сәт – жағдайлық талдау, оны шешуге білімі немесе әсер ету жолдары жеткілікті түрде жетпегенде оқушылардың ойында пайда болатын конфликт. Сондықтан, оқу жүйесі кезінде шын өмірдегі ұйымдастырылған жағдайлық есептер ұсынылады. Оны талдай отырып студенттер практикалық қызмет кезінде дағдыны дамытады.



Практикалық жағдайлық мақсаттар экономикалық заңдарды, өндірістер мен басқа да мәселелерді қамтиды, ал оқудағы жағдайлардың мақсаты: ұйымдастырушылық жұмыс түрлері, еңбекақының жаңа түрі және жаңа техника мен технологияларды тиімсіз басқару әдісін енгізуге байланысты пайда болады. Жағдайлардың алдыға қойған мақсаттарында ерекшеліктер болады, бір жағдайда оқушылар тек жауап тапса, екіншісінде табылған жауапты негіздейді, үшіншісінде пайда болған жағдайға негіздеу береді. Әдетте маркетолог өз қызметінде негізгі 3 жағдай түріне жолығады *сызба 1+ :

Сызба 1. Маркетинг пәнін оқытудағы кейс-технологиялар құрылымы

стандартты (жағдай бір оқиғаға бірнеше рет жолығуы мүмкін және ол әр кезде түрлі);
- крититикалы (тосыннан келген жағдай, оның шығыны болуы мүмкін, бұл жағдайда оған кешіктірмей аралысып, оқиғаның нәтижесіне жету керек);

- экстримальды (оқиғаның төтенше жағдайда пайда болуы, онда әр түрлі шығындар болады, радикалды қызметтер орын алады).

Екінші сәт – дәстүрлі нақты жағдайды талдау, ол нақты және имитацияланған жағдайды терең және бөлшектеп зерттеуді ұсынады. Нақты жағдайды талдау әдістері түрлі болады, мысалы жағдайлық жаттығулар және жағдайлардың талдау әдістері (кейс – стади). Берілген оқиғада жағдайлық ережелер әдісінде оқушыға, ұйымдастыру кезінде пайда болған мақсаттың шешуін талап ететін, жағдайлар толық сипатталған мәтін беріледі. Оқушы алдын-ала аналитикалық қызметтерді, яғни мәселелерді жүйелеу, оларды топтау, есеп жүргізу, салыстыру жұмыстарын орындайды. Содан кейін ғана алынған мәліметтер бойынша шешім шығару керек. Бұл әдісті қолданған кезде мәселенің жеке шешу жолдарына үлкен мән беріледі, сондықтан ол көбіне менеджменттің маркетингтік аспектілерін оқып білу кезінде қолданылады. Кейс-стади әдісін қолданудың мақсаты - оқушы ұйымдастырушылық мәселелердің мазмұнымен танысқаннан кейін, өз бетінше жағдайды талдай отырып, өзі ойлаған идеяларын және оларды шешу жолдарын дискуссия кезінде ұсынады. Үшінші сәт - оқу жүйесінде жағдайлардың жұмыс әдісі, олар - кейстер әдісі, «инциденттер», «баскет әдісі», іскерлік корреспонденцияларын талдау, ойындық жоспарлау, «инцинировка» ін ойнау. Осы әдістердің ішінде кейсті талдау әдісі – маркетологтарды оқытудың тиімді әдісі болып отыр. Онда интерактивті технологиялар көп қолданылады, жаңа психологиялық сапа мен білімді қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Көптеген жағдайда студенттерге нақты немесе жаңа ойлап құрылған оқиға туралы қысқаша мағлұмат беріледі және сабақ іскерлік ойын түрінде өткізіледі. Сондықтан онда кәсіптік қызмет пен ойын бірін-бірі толықтырады. Берілген технологиялардың мәні - оқушыға оқу материалы микромәселе түрінде беріледі, ал білім болса белсенді зерттеу және шешімдерді шығаруда жинақталады. Берілген технологиялардың негізгі зерттеу мақсаты – тиімді кәсіптік дайындық және шешімдерді шығарып, жүйелеудегі шығармашылық қызметке байланысты және берілген жағдай түрлерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жағдайдың «индицент» әдістерінің спецификасының мақсаты – шешім қабылдау үшін ақпараттар жинау. Оқушылар жағдайдың «инцидент» әдісі кезінде тек қысқа ғана мәлімет алады және негізделген шешімді қабылдау үшін ақпарат жинайды, нақты жағдайды қарастырып алып, талдап, жүйелеп, өзінің болашақтағы іс-әрекетін жоспарлайды және болжайды. Жағдайдың «Баскет әдісі» - маркетолог қызметінің күнделікті өміріне қатысты құжаттармен, қағаздармен жұмыс істеуіне негізделген. «Ойындық проектілеу» әдісі - маркетологтарды оқытудың интенсивті әдістері болып табылады. Жағдайдың «инцинировка» немесе «ойнау дері» әдістері интерактивті оқыту кезінде қолданылады.

Сонымен, кейс-технологиялар әдісі көбіне аналитикалық талаптарды дамыту және дұрыс шешімдерді қабылдай білуге негізделген. Бұл әдіс білім берудің белсенді әдісі болып табылады және ол практикамен теорияны ұштастыруға арналады.



12 дәріс



Тақырыбы: Проблемалы оқыту технологиясы

  1. Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері

  2. Проблемалық оқытудың күшті жақтары

  3. Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс-әрекетін тұжырымдау

Проблемалы оқыту кезінде мұғалімнің жетекшілігімен проблемалы жағдай жасалып, оқушылар оны шешуге белсенді түрде қатысады, осы іс-әрекеттің нәтижесінде оқушылар кәсіби білімді, дағды мен біліктерді меңгеріп, ойлау қабілеттерін дамытады.

Проблемалы оқыту ынталандырудың ерекше проблемалы түріне негізделеді, сондықтан материалдық дидактикалық мазмұнының тиісті дәрежеде, яғни проблемалы жағдайдың тізбегі ретінде берілуін талап етеді.

Ғылыми білім логикасының түп-төркіні проблемалы жағдайлардың логикасы болып табылады. Проблемалы жағдайлар мазмұнның белгісіздігіне қарай, проблемалықтың деңгейіне қарай, ақпарат сәйкессіздігінің түріне қарай, басқа да әдістемелік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Проблемалы оқыту технологиясы – бұл роблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология. Педагогикалық проблемалы жағдай белсенділікті оятатын әрекеттердің, таным обьектісінің жаңалығын, маңыздылығын, сұлулығын және басқа да ерекшеліктерін айқындайтын мұғалім сұрақтарының негізінде туындайды. Психологиялық – проблемалық жағдай жасаудың өзіндік жеке ерекшеліктері бар. Тым қиын не тым жеңіл танымдық міндет оқушылардың ойында проблемалық жағдай туғызбайды.

       Проблемалы жағдайларды оқу үрдісінің барлық, яғни жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекіту, тексеру кезеңдерінде ойластыруға болады. Мұғалім проблемалы жағдай (ситуация) туғызып, оның шешімін іздеуге оқушыларды бағыттайды. Сөйтіп, бала өз оқуының субьектісіне айналады, соның нәтижесінде бала жаңа білім игеріп, әрекет әдістерін меңгереді.

 Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері

 Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты(жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс ) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

   Атамыш оқыту  жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлес қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский. Мысалы, Дистервергтің дәлелдеуінше, « жаман ұстаз  ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді».

   Проблемалық оқытуды  ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет.Оқушы іштей түйсінген ойлау  қиыншылығы проблемалық жағдаят  деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына  лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

   Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Шінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. «Мен білдім!» деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

   Мұғалім проблемалық оқытудың барысында  оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың  ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

   Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

-         Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

-         Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

-         Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

-         Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.

Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

-         Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

-         Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.Білім беру – оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз үдерісі. Белгілі балалар психологы Д.Б.Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Яғни бұдан шығатын қорытынды – бұл сабақтастықтың яғни  бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.

   Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті яғни актуальды жерлерінде проблемалар бар: 1. Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше  білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым,техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.

   Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

   Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, оқушының таным  дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

   Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан  мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.

Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.

Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор.Оқушылар проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады.



Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс-әрекетін бұлай тұжырымдауға болады: 

1.     Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.

2.     Проблеманы ашу, өнім жасаушы шығармашылық еңбекке қол жеткізу.

3.     Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.

Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы – оқушылардың шығармашылық қабілетін дарынын дамытуға бағытталады.

Проблемалық оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді нәтижелі қорытынды береді.

13 дәріс

Тақырыбы: Ойын технологиясы


  1. Ойын түрінде оқытудың мақсаты

  2. Іскерлік ойыны


Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады. 

Ойын түрінде оқытудың мақсаты:

Жеке – қызмет түрінде білімді ,біліктілікті ,дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.



Мағынасы: Оқу материалын ізденуге ,өндеуге меңгеруге бағытталған танымдық жеке қызметтер.

Іске асыру құралы:Оқушыларды шығармашылық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру.

Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. 
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. 
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. 

Ойындарды дене ( қозғалыс ),ой-өрісі (ақыл-ой),еңбек ,әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек.

Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтпрға бөлінеді:

а/ оқыту,жаттығу,бақылау және қорытындылау;

б/ таным,тәрбие,даму:

в/ еске алу,өнімділік,шығармашылық;

г/ коммуникативтік,таным әдісі,кәсіпке бағдарлау және т.б.

Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік, рөлдік, іскерлік, еліктеушілік және драмалық ойындар.

Пәндер бойынша ойындар барлық оқу пәндері саласына бөлінеді.Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен.

Дамыту ойындар технологиясы ( Б.П. Никитин).

Ойындар қызметінің бағдарламасы түрлі дамыту ойындарынан тұрады.Олар ортақ ойлардан шығады және сипаттамалық ерекшеліктерін игереді.

Әр ойын көптеген мақсаттардан тұрады, оларды балалар кубтар, квадраттар, ою-өрнектер, бұйым бөлшектер арқылы шешеді.

Пәндер бойынша дамыту ойындарына құрылыс, еңбек және техникалық ойындар жатады.

Тапсырмалар әр түрлі түрлерде беріледі: үлгілер түрінде, изометриядағы жайпақ сурет, сызба, жазбаша немесе ауызша нұсқаулар және т.б., сонымен оларды түрлі мәлімет беру әдістерімен таныстырады.

Тапсырмалардың қиындығы өте көлемді олар төменгі сынып оқушыларына лайықтыдан жоғарғы сынып оқушыларының шамасынан жоғары болып келеді. Сондықтан ойындар оқушының тұрақты қызығушылығын туғызады Ойындардағы тапсырмалардың бірте-бірте өсу қиындығы балалардың алға ұмтылуына көмектеседі ,сол арқылы шығармашылық қабілетін дамытады.

Оқушыларға тапсырмаларды шешу дерексіз түрдегі жауап сияқты емес,олар сурет ,геометриялық денелер бұйым бөлшектері көрінетін және сезінетін заттар түрінде беріледі.

Дамыту ойындарының негізгі ерекшелігі мынада:жеңілден ауырға деген ең бір негізгі көзқараспен қабілетіне қарай өз бетінше шығармашылықпен қызмет жасау көзқарасы біріктірілген ,сонда ғана бала өз мүмкіндігін пайдалана алады.

Бұл ойын кезінде бірнеше мәселелерді ,шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты шешуді қамтамасыз етеді:



  • Жас кезден бастап дамыту ойындары шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы зор;

  • Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды;

  • Өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып,бала одан ары нәтижелі дамиды;

  • Мазмұнына қарай дамыту ойындары әртүрлі ,олар мәжбүрлікті көтермейді, бостандықтың және қуаныштықтың шығармашылыққа жағдай туғызады.

Іскерлік ойыны

Жаңа материалды меңгеру ,қорытындылау кешенді мәселелерін шешу ,шығармашылық қабілеттерін дамыту ,жалпы оқу іскерлігін қалыптастыру үшін іскерлік ойыны пайдаланады.Оқу материалдарын әртүрлі жағдайларда түсінуге мүмкіндік береді.

Оқыту барысында түрлі ойындардың үлгілері қолданылады::еліктеу,әрекеттік жылдамдық,рөлдік ойындар ;іскер театр,психологиялық және әлеуметтік драма.

Іскерлік ойынның әдіс - тәсілдері төмендегі кезеңдерден тұрады.



Дайындық кезеңі. Дайындық кезеңі ойынды жоспарлаудан басталады: сценарий дайындау; іскерлік ойынның жоспары; ойынды жүйелеп баяндау; нұсқау мазмұны; мәліметтермен қамтамасыз етуді дайындау.

Ойынға кіру: мақсат, міндеттерін қою; жағдайы, нұсқауы, уақыт тәртібі, ережесі; рөлдерді бөлу; топтарды қалыптастыру; кеңес беру.

Өткізу кезеңі: топтардың тапсырмамен жұмысы, дерекнамамен жұмыс, тренинг, миға шабуыл; ойын құрал-жабдықтарымен жұмыс.

Топтар арасындағы пікірталас: топтардың көрсетулері, нәтижелерді қорғау; пікірталас ережесі, сарапшылар жұмысы.

Талдау және қорыту кезеңі: ойыннан шығу; талдау; баға беру және талдап қорыту; нұсқаулар.

Жан тұлғаны тәрбиелеу мен білім берудің басты міндеттері базалық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың жеке бас әлеуметін барынша дамыту болып саналады. ООның құрамдарының бірі –шығармашылық әлеуетті дамытқан кезде, пәнге танымдық қызығушылық, зияткерлік даму деңгейі, дербес ойлау дәрежесі артады, ізденушілік сипаттағы тапсырмаларды орындауға қызығушылық пайда болады, әуесқойлық,өзіне деген сенімділік , нанымдылық қалыптасады.

Шығармашылық әрекетті оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін ойлаған деңгейге көтеру емес,табиғи қасиеттерінің анықталуына көмектесу болып табылады.

Мен ойынның көмегімен оқушылардың жеке басының шығармашылық әлеуетін анықтауға ,дамытуға және күшейте түсуге тырысамын,өйткені ойын дамытуға ,өмірлік тәжірибесін байытуға жәрдемдеседі ,шынайы өмірдегі әрекеті табысты болуы үшін негізін даярлайды.ойын үстінде адам өмірімен әрекеті ,оқушылардың зияткерлік ,адамгершілік және эмоциялық даму нормасы қайталанады.Ойын сабақтың кез келген кезеңі үшін жарамды.

Сөйтіп,жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін ойын түрлері арқылы дамытудың негізгі мақсаттары төмендегідей:

оқытушылық – оқытудың белгілі бір деңгейін қамтамасыз ету,өтілген материалды қорыту және бекіту;

тәрбиелік – ойын барысында дүниеге эмоциялық – құндылықтық қарым – қатынасын қалыптастыру;

дамытушылық – бітірушінің барабар әлеуметтік өзін – өзі бағалауын қалыптастыру үшін жалпы адамзаттық қабілеттерін дамыту.

Ойын түрінде құрылған сабақ оқу процесінің басымдықтарын – жеке тұлғаның жан-жақты дамыту мен қалыптастыруға қарай өзгертеді. Бұл жағдайда білім мен біліктерді бүкіл сабақ бойы пайдалану талап етіледі.

Ойын арқылы оқыту процесінде қарым – қатынас стилі мен сипаты ,сондай-ақ педагог қызметі өзгереді ол сабақта ұйымдастырушы ,үйлестіруші және кеңесші ретін атқарады.Ойында бірде-бір оқушы елеусіз қалмайды,әрқайсысынан жаңа шығармашылық талап етіледі.

Ойын барысында жеке тұлғаның шығармашылық әлеуеті ашылып, жетілуі үшін, мен әртүрлі – зияткерлікті – эвристикалықты, байланыстырушы шығармашылықты шығармашылық тапсырмаларды пайдаланамын. Осы тәсілдерді пайдалану арқасында шығармашылықты жеке тұлға сапалары:әуесқойлық ,бақылағыштық,елес,қиялдары дамытылады. Бұл кезде жеке тұлғаның мүмкін қабілеттеріне әсерін тигізетін ойлауы ешкімге ұқсамайтын,дербес болады.



Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. 
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс.

Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. 

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. 

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. 

Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды 
көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу. 

14 дәріс

Тақырыбы: Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы

  1. Деңгейлеп-саралап оқытудың үш деңгейі

  2. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының өзектілігі

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.

Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:

- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;

- оқушының ынталандыруға;

- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;

- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;

- баға әділдігіне;

- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.

Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың.



Өзектілігі - Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылык деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты-сынып оқушыларын "қабілетті-кабілетсіз" деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты I деңгейден орындайды. I деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. I деңгейді орындаған оқушы "3" деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы 1 деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда "үлгерімі төмен баяу" оқушы жақсы окитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? деген сұрақ туады. I деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.

Деңгейлеп-саралап окыту технологиясының екінші бір жағы — оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу.

Мәселе – педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекетін ұйымдастыру.

Тақырып – деңгейлеп – саралап оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері.

Актуалдығы – деңгейлеп – саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да – нәтижелі оқушы даярлауда болып отыр.

Бастауыш сыныптарда жаңаша оқыту даралап, саралап оқыту технологиясына негізделеді. Өйткені жаңаша оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді.



Зерттеудің объектісі – мұғалімнің фасилистаторлық (кеңесші, ұйымдастырушы) іс-әрекеті және оқыту –тәрбие процесіндегі оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті.

Зерттеудің бұйымы – деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының оқушыларды және олардың білім деңгейін дамытуға ықпалы (мақсат, мазмұны).

Зерттеудің мақсаты – баланың тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп-саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу.

Зерттеудің тапсырмалары – деңгейлеп – саралап оқытудың тиімділігіне көз жеткізу.

Әр пән бойынша оқу модельдерін әзірлеу және әдістемелерін жинақтау

- оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу

- деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау

- оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.

Зерттеу болжамы – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:

- Оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.

- Оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды).

- Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.

- Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.

- Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады.

- Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.

- Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Қорғалатын жағдайлар – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері.

Жаңашылдығы – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті 3 деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді.

№15 дәріс

Тақырыбы: Жеке тұлғаға бағыттап оқыту

  1. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту түсінігі

  2. Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың моделін құру

  3. ЖТБО технологиясын қолдану барысында оның артықшылықтары

Өткенімізге зер сала қарасақ, білім беру жүйесінде осыған дейін оқушыға білім, білік, дағдыны қалыптастыруды талап етсек, бүгінгі күннің мақсаты – іскерлік қарым-қатынас, оларды өз бетімен білім алуға бағыттау. Сондықтан да қазіргі замандағы педагогикалық ғылымның ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа білім технологияларын қалыптастыру ұмтылу болып табылады. Төмендегі үлгіден білім беру жүйесіндегі кешегі мен бүгінгі қатынасты салыстыра отырып, бүгінгі таңдағы қатынастың артықшылығын байқауға болады.



Білім философиясы


Білім Оқушы



Білім парадигмасы
Пәндік білім Жеке тұлғалық

Басты тұлға
Мұғалім Оқушы

Қатынас
Субъект-объект Субъект-объект

Мақсат
Білім беру Өз бетімен білім алуға үйрету

Міндет
Жағдай жасау
Үйренеді
Оқыту әдістемесі Оқыту технологиясы

.


Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз - педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яки баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіре отырып, дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер мен іс-әрекеттер жиынтығы.

Тұлғаға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау үшін негізгі үш мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн:



  1. Тұлғаға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі түсініктер:

  • Адамның ешкімге ұқсамайтын өзіндік даралық ерекшелігі;

  • Жеке тұлғаның үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік болмысы;

  • Тұлғаның өзіне тән қабілеттері мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі;

  • Өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік көрсететін тұлға әрекеті;

  • «мендік» тұжырымдаманың болуы;

  • Оқушылардың білім алуына жағдай жасау. Өмірлік, кәсиби өсуіне педагогикалық қолдау, психикалық қарым-қатынас бойынша алдын-ала көмек беру іс-әрекеті.

  1. Оқушыларға білім беру әрекетіндегі негізгі принциптер (ұстанымдар):

  • өзін-өзі белсендіретін тұлға ұстанымы;

  • даралық ұстанымы;

  • субъектілік ұстанымы;

  • таңдау ұстанымы;

  • шығармашылық табыс ұстанымы.

3. Технологиялық бөлімі:

  • шығармашылық іс-әрекетке шақыру;

  • баланың жеке басының дамуын қолдау;

  • оқушылардың өз бетінше шешім қабылдауына, білім алудың мазмұны мен жолдарын таңдауға еркіндік беру.

Жоғарыда аталған түсініктемелер тұлғаға бағыттап оқытудың сипаттамасын айқындауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаға бағыттап оқыту дегеніміз оқушының қажеттіліктерін, ерекшеліктерін, іс-әрекетін ескеретін жан-жақты, интеллектуалды ойлау қабілетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тұлғаның «мәденитаралық қарым-қатынас субъектісін» қалыптастыру. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту –бұл жеке тұлғаның белсенділігіне жету. Барлық оқу процесін белсенділендіру жоспарында ең маңыздысы практикалық сабақтарда берілген мүмкіндіктерді барынша қолдану.

Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың моделін құру үшін келесі түсініктерді айыру қажет деп есептейді:



  • түрлі дәрежелі амал – түрлі дәрежелі бағдарлама материалының қиындығына бағытталған болуы тиіс.

  • өзгешелік амал – оқушылардың сыртқы ерекшелігі: білімі, қабілеті, білім беру орталығының типі бойынша болу;

  • жекеше амал – оқушыларды бірыңғай топ бойынша: үлгерімі, қабілеті, әлеуметтік-кәсіби ағымына қарай топтау;

  • субъекті-жекелі амал - әрбір оқушымен жақын қарым-қатынаста болу.

Жеке тұлғаға бағыттап оқытуда білім алушының жеке басы бірінші орында тұрады. Әрбір адам тұлға бола отырып, бір жағына жеке тұлға, екінші жағынан әлеуметтік типтік тұлға, яғни әлеуметтік маңызды сипаттарды қамтушы болып табылады.

Қорыта айтқанда: сыныптағы әрбір оқушының ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескере отырып, оның оқу процесінде жан-жақты дамуын жүзеге асыру болып табылады, тұлғаны оқытудың соңғы нәтижесі мәдениетаралық қарым-қатынасқа жету.

Өзіндік педагогикалық іс-әрекетімді мектептің таңдап алынған бағытына сәйкес құрамын. Сабақты және сабақтан тыс әрекеттерді ұйымдастыруда оқушы тұлғасының барынша дамуы мен оның табысты оқуы үшін жағдай жасауға бағыттаймын.

Мақсатқа жету үшін ЖТБО техникасын қолданамын. Оның негізіне мыналар жатады.



  • іс-әрекет үшін қолайлы ахуал туғызу табыс жағдайын қалыптастыру;

  • оқу материалы мен оны ұсынуда оқушының тұлғалық тәжірибесі мен ерекшеліктерін ескеру;

  • тапсырмалардың әртүрлі деңгейлік сипаты;

  • оқу материалын таңдау мен орындауда таңдау мүмкіндігін беру;

  • оқу әрекеттерін әртүрлі қарым-қатынас негіздерінде құру;

  • шығармашылық белсенділіктерін қолдап отыру.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту-үйрету жағдайларды басшылыққа аламын:

  • өзектендіру

  • мәселелендіру

  • шоғырландыру

  • модельдеу

  • рефлексия

Қолданатын тапсырмаларым ашық және шығармашылық түрдегі, баламалы тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар.

Жүзеге асыру жолдарым:



  • Тұлғалық маңызды мақсаттар қою;

  • Оқушылармен жеке дара, топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін ұжымдастыру;

  • Өзіндік шешім қабылдауда, шығармашылықпен айналасуда, мазмұнды таңдауда еркіндік кеңістігін құру;

  • Жұмыс жасау үшін қолайлы ахуал туғызу, бір-біріне түсіністік, қолдау көрсету;

  • Өзіне деген сенімділікті арттыруға, мәселені талқыламай отырып шешуге, өз әрекеті үшін жауап беруге баулу.

Нәтижелікті анықтау жолдарым: байқау, өзіндік талдау, өзіндік бағалау. Нәтижені бірнеше аспектіде қарастыру жеке оқу мінездемесінің динамикасы, оқушылардың бағалары есепке алынған тұлғалық, топтық мінездемелерінің динамикасы. Мінездемелерді салыстыру (оқушы, мұғалім, ата-ана). Оқушының даму аймағының моделін белгілеу.

ЖТБО технологиясында оқушылардың белсенділігінің байқалу деңгейі - динамикалық өзгермелі көрсеткіш. Балаға бастапқы деңгейден салыстырмалы деңгейге және одан әрі жоғары жауапкершілігі белсенді деңгейге өтуге көмектесу мұғалімнен үлкен күшті талап етеді. Көп жағдайда оқушының шығармашылық деңгейге әкетуі мұғалімге байланысты. Сабақтың құрылымын оқушылардың танымдық деңгейінің белсенділігіне сәйкес құрамын:



  1. Сызықтық (кезекпен әр топта);

  2. Мозаикалы (оқу тапсырмаларына байланысты сол немесе басқа топ әрекетіне кіруі);

  3. Белсенді рольдік (белсенділігі жоғары оқушыларды басқаларды оқыту үшін жұмылдыру);

  4. Кешенді (ұсынылған барлық нұсқалардың қолданылуы);

Сабақтың басты талабы (критериі) барлық оқушылардың өздерінің потенциалды мүмкіндіктеріне әйкес оқу әрекеттеріне көшуі.

Күнделікті күштеп міндеттейтін оқу ірекеті қоршаған ортамен таным әрекетінің бөлігіне айналуы тиіс. Топтық немесе өзара ынтымақтастық (жұппен, топпен) жұмыс түрлерін қайталау-жинақтау сабақтарында, сондай-ақ ауызша журнал, шығармашылық тапсырмалады қолданамын.



  • Топ құрамын, оның санын алдын ала анықтап, ойластырамын. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес топ саны мен сапалық құрамы әртүрлі болады.

Әр топқа жетекші сайланады. Оның қызметі – оқушылардын жұмысын ұйымдастырып ақпарат жинақтау топ мүшелерінің әрқайсының бағаларын талқылау, жүктелген жұмыс бөлігі бойынша ұпай қою. Белгіленген уақыт аяқталған соң жүктелген жұмыс бөлігі бойынша топтар жазбаша немесе ауызша есеп береді қойылған сұрақтарға жауап береді, өз байқауларының сызбаларын тапсырады. Жеке баяндаулары бойынша баға сабақта қойылады,

жазбаша жұмыстарға орындалу сипатына қарай қойылады.


Сабақта қолданатын әдіс – тәсілдер:

  • кейіпкердін тұлғалық қасиеттерін анықтау;

  • тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар құрастыру;

  • тапсырмаларды орындаудың әртүрлі түрлерін таңдау (ғылыми есеп, бейнелер, қойылым)

  • өздерінің мүмкіндіктерін көрсететін рольдік ойындар мен тапсырмаларды орындау (қарсылас, тапқыр, автор, сыншы, жетекші, безендіруші, бақылаушы, анықтама бюросы);

Мұндай тапсырмаларды орындай отырып, дарынды балалар лидер – басшы, бақылаушы сыншы рольдерін алады. Мұғалім олардың таңдауларын бағыттап отырады. Рольдік ойындарға, қойылымдарға қатысу арқылы оқушыларда өзіндік бағаның қалыптасуына, өзіне деген сенімділікке, өз көзқарастары мен ойларының қалыптасуына ықпал етеді.

Оқу үрдісінде ұтымды нәтиже беретін әдіс – мәселені ізденіс әдісі. Бұл әдісті қолдану барысында:



  1. оқушы әрекетінде танымдық мәселемен жағдай туғызу.

  2. мәселедегі қарама – қайшылықты анықтау.

  3. мәселеден туындайтын шығармашылық тапсырмаларды құрастыру.

Оқушылардың қабілеттерін дамытатын топтық талқы, миға шабуыл, шығармашылық жобалар сипаттағы тапсырмалар оқытылатын жалпылауға, салыстыруға, мәнді және мәнсіз белгілерін анықтауға мүмкіндік берді .

Оқу тапсырмалары біртіндеп күрделенеді. Балалардын өздік ізденуіне арналған тапсырмалар беру маңызды. Егер оқушы қызуғушылық танытса, онда ол өзіндік ізденіс әрекетіне дайын деген сөз.

Мәселен: тапсырмаларды оқушының өзіне шешуге мүмкіндік берілуі тиіс. Қателесіп қалған жағдайда оны ерекше басып айтудың қажеті жоқ. Себебі оқушының қызығушылығы төмендеп қалуы мүмкін.

Технологияның ерекшелігі - білім дайын күйінде берілмейді. Блок, сызба құрастыру, сызба бойынша сөз құру, сөйлем құрау, шығармашылық хат, грамматикалық тапсырмаларды өзгертуге арналған (жақты ауыстыру, басқа сөзбен алмастыру, т.б) тапсырмалар оқушылардың ойлауын жетілдіреді.



Тәжірибемде ЖТБО технологиясын қолдану барысында оның төмендегідей артықшылықтарын анықтадым.


Дәстүрлі оқыту

ЖТБО


Білім беру


Қоғамдық тәжірибе негізінде сыртқы әрекеттердің әсерімен тұлғаның білімді игеру үрдісі

Оқушы тұлғасының дамуы мен өздік дамуын қамтамасыз ететін білім беру үрдісі

Оқушы

Оқушы – «саз», таза бет. Мұғалім үшін материал болып саналады.

Оқушы – «тұқым». Өзіндік даму бағдарламасы бар, мүмкіндігіне қарай дамыту

Үрдістің басты кейіпкері

Ұстаз

Оқуш

Білім беру

Оқыту + үйрету: мұғалім білімді дайын күйінде береді. Ал оқушылар білімді қабылдап, қайта жаңғыртады.

Мұғалім мен оқушының пәнді игеру барысында тұлғалық сапалары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған мұғалім мен оқушылардың бірлескен әрекеті

Басты әрекет

Оқыту

Таным әрекеті

Даму шегі

Барлық оқушылар үшін белгіленетін меже – «стандарт»

Оқушылардың қабілеттерінің

барынша дамуына мүмкіндік туғызу



Басты назар

Қоғамның қызығушылығы

Тұлғаның қызығушылығы

мойындалады



Басты көз

Мұғалім, оқулық. Сондай–ақ мұғалім субъект таным бақылаушысы.

Мұғалімнің басты міндеті – білімді игеру ортасын жасау.
Тәжірибені қолдану барысында төмендегідей нәтижелік көрсеткіштерге жеттім:

  1. Оқушыларымның:

  • оқуға деген қызығушылығының артуы

  • танымдық белсенділіктерінің артуы

  1. Үлгерім 100%

Білім сапасы 70% - қазақ тілі пәні бойынша;

Үлгерім 100%

Білім сапасы 78% - математика пәні бойынша.


  1. Әртүрлі сайыстарға:

  • қатысуға деген белсенділіктерінің артуы;

  • жүлделі орындарға ие болушылар. (Халықаралық «Кенгуру» интеллектуалды марафонында Романқызы Гүлмекен, «Ақбота» интеллектуалдық марафонынан Кузембаева Тоғжан, Баткалова Салтанат және мектепішілік олимпиадаларда Шорман Мария қазақ тілінен, Орумбаева Айзат, Хомаров Шыңғыс математикадан, Ысқақова Анель дүниетанудан)

  1. Тәжірибелік мақсаттардың шешілуі:

  • қарым – қатынасқа үйрену;

  • өзара көмек, жауапкершіліктің артуы;

  • шығармашылық қабілеттерінің артуы.

Тәжірибеме байланысты төмендегідей әдістемелік құралдар (дидактикалық тапсырмаларды) жинақтадым.

2-сыныпқа арналған математикадан, қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар, дүниетанудан, қазақ тілінен, математикадан тест тапсырмалары, диктанттар жинағы, математикадан таратылым тапсырмалары.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУГЕ ҚАЖЕТ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Тақырыбы: Кейс-әістің функционалдық мүмкіндіктері


Кейс функциясы деп онын адамдардың  қандай да бір мұқтаждықтарын шешу мақсатында тиімді қолдануды мүмкін етуін түсінеміз. Кейс белгілі бір айқындалған функционалдық жүйе, жиынтық болып табылады, онда қандайда бір функция басым болады.Кейс-әдісті оқыту практикасына ендіру қажеттілігі шиеленіске толы. Ол екі тенденциямен алдын ала айқындалған.

Біріншісі білім берудің жалпы бағытынан шығады, ол нақты білім алудан гөрі ойлау қызметінің икемділігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған, қабілетін дамытуға, оның ішінде оқыту қабілетіне, ойлау парадигмасын өзгертуге, аса қомақты ақпаратты қайта өңдеуге көп көңіл бөлінеді.

Екіншісі маманның жеке тұлғасының сапасын дамыту талаптарынан туындайды, ол бірінші тенденция талаптарын қанағаттандырумен қатар әртүрлі ситуацияларға тиімді мінез қабілеті болуы тиіс,кризис жағдайында жүйелі әрі тиімді әрекетімен ерекшеленеді.

Бұл тенденциялардық қиылысуы мен өзара әсерлесуі кейс-әдстің мамандарға білім берудегі ролін сөзсіз күшейтеді, олар алдымен ересектердің білім беру аумағын, әртүрлі қайта даярлау және мамандардың білімін жетілдіру жүйесін қамтитын болады, әсіресе, басқару саласында, «нарық» мамандықтарының спектрі кең, сонан соң білім беру мен тәрбие жүйесініңбасқа да бөліктерін қамтиды.

Кейс-әдістің маманның дара тұлғасын қалыптастыруға әсері әлі зерттеуді қажет етеді. Дегенмен, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, бұл әдсітің нарық жағдайына көшкен қоғамның мұқтаж мамандарын қлыптастыруға мүмкіндік береді деп айтуға болады. 

Тақырыбы: Delphi ортасы жайлы түсінкте .

Тақырыптың мақсаты: Delphi ортасы жайлы түсінктемені қалыптастыру.

Delphi – Паскальдың алгоримтдік тіліне негізделген және Windows жүйесінде жұмыс істеу үшін жасалынған программалаудың визуалдық тілі. Delphi-де программа жасаудағы жұмыстың үлкен бөлігі компоненттерді таңдауға келіп тіреледі, оларды экранда тышқан көмегімен орналастыру және осы компоненттердің қасиеттерін анықтау болып табылады. Яғни, Delphi жүйесінде негізгі жұмыс визуал компоненттер кітапханасы арқылы жүзеге асырылады. Компоненттер панелі Standart, Additional6 System 32 т.б. қосымша беттерден тұрады. Бұл беттердің әрқайсысының өзіне тән атқаратын қызметі бар. Компоненттер панелінен формаға оқиғаларды өңдеуіш процедуралар тудыратын түрлі компоненттер орнатылған программа. Нәтижесін форма терезесінде көрсету Delphi-де визуал прграммалардың ең түйінді негізі. әсіресе ол үшін компоненттер панелінің Standart бетінде орналасқан мәтіндермен жұмыс істейтін TEdit, мәтін енгізетін TLabel және командалық TВutton кнопкалары жиі пайдаланылады.

Формаға орнатылған Label,Edit компоненттерінің Caption, Text қасиеттеріне мәндер меншіктеу Pascal тіліндегі жазба өрістерімен жұмыс жасауға ұқсайды. Алдымен объект атауы жазылады. Сонан соң нүктеден кейін қасиет атауы жазылады.

Мысалы: Label 1. Caption:=’Алғ.қос’Edit 1 өрісіне енгізілетін қарапайым мәтінді Label 1 өрісіне шығаруға да болады. Олүшінқұрылатынпроцедураденесі

var S:string;

begin

S:=Edit 1. Text;



Label 1. Caption:=S;

end;


мысалы:   y=5x+17/2; x-кез-келген сан

            1. Delphi-де форма және онда орналасқан компоненттер объект ретінде қарастырады. Программа құру барысында объект аты жазылып соңына нүкккте қойылғанда жүйе автоматты түрде олардың тізімі жазылған терезе шығарады. Форма және онда орнатылған компоненттердің қасиеттерін орнату.




Компонент

Қасиет

мән

Form 1

 

Edit 1



Label 1

Button 1


 

Font

Caption


Text

Caption


Font 1

Caption


Time New Roman,14

Функция


{босету}

{босету}


Time New Roman,14

Пуск



 

 

 



 

 

  



2. Button 1 компонентіне тышқанмен екі рет шертеміз. Onclick өңдеуіш процедураның мәтіні көрінеді.

procedure TForm 1. Button 1 Click (Sender:Tobject);

var x:string; y:real;

begin


x:=Edit 1. Text;

y:=5*strToFloat(x) +17/2;

Label 1. Caption:='функцияныңмәні' + # 13+ FloatToStr(y);

end;


Мұндағы #13 арнайыкод, яғни одан соң жазылған мәтін өрістің келесі жолынан басталады.

3.F9 пернесін басу арқылы бағдарламаны іске қосамыз экран бетінде жаңа форма пайда болады. Edit 1 өрісінде x-тің орнына кез-келген сан беріп, пуск кнопкасын шертеміз. Label 1 өрісінде форма нәтижесі пайдаболады.

Бағдарламаны сақтау үшін  File→Save all командасыберіледі. Ашылған сұхбат терезеден кнопкасын басып, жаңа бума құрамыз. Осыбумаға Unit 1.pas файлынжәне  Project 1.dpr файлынсақтаймыз. Автоматты түрде тағы үш файл пайда болады. Файлдарға ат беріп, Unit 1 атауынан алғашқы U әріпі қалдырылады және сол сияқты Project 1 атауынан Pr әріпі қалдырылады.

Мысалы: алдынғы мысалды сақтау үшін жасалып жатқан жұмысқа байланысты ат береміз. Яғни, UFunc.pas 

                                          PrFunc.dpr

Жасалған қосымшаның Delphi орнатылмаған компоненттерде жұмыс жасау үшін жобаны.exe файлын құрамыз. Бұл .ехе файлы арқылы Delphi-дііске қоспатан программамен жұмыс істеуге болады. .ехе файлын құру үшін Project→Build all командасыберіледі.

Delphi-дің негізгі ерекшеліктерінің бірі программа формада орнатылған компоненттердің оқиғаларын өңдеу іш процедуралар ретінде құралады. Әрбір компоненттің өзіне тән қасиетері, әдістерімен оқиғалары бар. Оларды құрылатын  программаның алдын-ала үзіндісідеп есептеуге болады. Яғни, берілген компоненттер программа көлемін азайтып, құруды жеңілдетеді.

Мысалы: компоненттер панелінің  System бетіне орналасқан Ttimer компонентін пайдаланып, форма бетінде жүріп тұрған электрондық сағатты көрсету қажет болатын.

 1. Жаңа проект ашып, формаға Timer 1, Label 1 компоненттерін орнату керек.

2. Команданың қасиеттеріне келесі мәндерді меншіктейміз.




Компонент

Қасиет

мән

Timer 1

 

Label 1



 

Enabled

Interval


Caption

Widht


Height

Left


Top

True

1000


<бос ету>

120


60

100


60
 

 

 



 

 

 



 

 

 



 3.Timer 1 компоненттері Windows-тың жүйелік таймері. Ол қажетті мәліметті милисекунд қлшемімен беріп отырады. Таймерді іске қосу үшін оның Enabled қасиетіне true мәні, нақты уақытты бөліп беруді орындайтын Interval қасиетіне 1сек=1000 милисек мәні меншіктелген.

4.Жалпы TTimer компоненті өңдейтін оқиға біреу ғана. Ол onTimer оқиғасы. Редактор терезесінде сәйкес өңдеуіш процедураны шығару үшін Timer 1 компонентін екі рет шертеміз. Келесіпроцедураларөңделеді:

 

Procedure TForm1.Timer1. Timer (S:T):



Var Date Time: TDate Time;

Begin


Date Time:=Time;

Label 1.Caption:=TimeToStr (Date Time);

End;

 

Сол сияқты басқада компоненттерді пайдалану арқылы  Delphi-де көптеген программалармен жұмыс істеуге болады.


Тақырыбы: Delphi бағдарламалау тілін математика және физика пәндерін оқытуда пайдалану мүмкіндіктері.

Тақырыптың мақсаты: Delphi бағдарламалау тілін математика және физика пәндерін оқытуда пайдалану мүмкіндіктері.

1-есеп.


f=e-ax  ³√ax+bsinbx      a=2.1    b=1.4

Procedure TForm1. Button1 Click (Tobject);

var    a, b, x, f: real;

begin


        a:=StrToFloat(Edit1.Text);

        b:=StrToFloat(Edit2.Text);

f:=EXP(-(a*x))*EXP(1/3*LN(a*x))+b*sin(b*x);  

Label 3. Caption:= ’ f =’+#13+StrToFloat(f);

end;

F12-нібасамыз, сонда Button 2 терезесікөрінеді.



Procedure TForm 1. Button 2. Click (Sender Tobject);

begin


Edit 1.Text:= ’   ’;

Edit 2.Text:= ’   ’;

Label 3. Caption:= ’   ’;

end;


F12-нібасамыз, сонда  Button 3.терезесікөрінеді.

Procedure TForm 1. Button 3. Click (Sender Tobject);

begin

close;


end; end.

F12-нібасып,  Form1 терезесішығады. Мұндабізажәне b мәндерінберіп, F9 клавишасынбасыпжауабынкөреміз. Жауабы: f=3,8367050392E.256



компонент

Қасиет

мән

Form 1

Label 1


Label 2

Edit 1


Edit 2

Lable 3


Button 1

Button 2


Button 3

Caption

Caption


Caption

Text


Text

Caption


Caption

Caption


Caption

Функция

a=

b=





Есептеу

Қайталау


Cоңы
 

           

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 2-есеп.

 

Procedure TForm 1. Button 1. Click (Sender Tobject);



Var x, f: real;a,b: Integer;

begin


             a:=Str To Int (Edit 1. Text);

             b:= Str To Int(Edit 2. Text);

if x<5 then

begin


         y:=SQR(a)*b+x;

 Label 3. Caption:=’ y =’+#13+Float To Str(y);

end;

if x=5 then



begin

        y:=x+1;

Label 4. Caption:=’ y =’+#13+Float To Str(y);

Else x>5 begin

Y:=TXP(1/2*LN(X))-1;

Label 5. Caption:=’ y =’+#13+Float To Str(y);

end

F12-нібасып, «қайталауды» 2 ретшерту



Procedure TForm 1. Button 2. Click (Sender Tobject);

begin


Edit 1.Text:= ’   ’;

Edit 2.Text:= ’   ’;

          Label 3. Caption:= ’    ’;

          Label 4. Caption:= ’   ’;

          Label 5. Caption:= ’   ’;

 

end;



          

F12, «шығу» батырмасынбасамыз.

 

Procedure TForm 1. Button 3. Click (Sender Tobject);



begin

       close;

end;

end.


 

F2-ні басып, а және b мәндерін беріп, есептеуді басамыз. Жауабы:2,463167221Е.273



Кейстіңмақсаты

      Delphi ортасы жайлы  түсінік қалыптастыру, білімді практикада қолдана білу, сонымен қатар тақырып бойынша бақылау сұрақтарындағы мәселелік жағдайларды талқылау. Delphi-дің терезесінде орнатылған негізгі мәзірдің ішкі мәзірлерін білу. .Input Box  функциясымен  Showmessage процедурасын пайдалану тәсілдері  үйрену. Негізгі модульді экранға шығару командасын үйрену. Delphi терезесінің аспаптар панеліне енгізілген  негізгі түймелерді оқып үйрену. Олар қандай іс-әрекеттерді орындайтындығын үйрену?

 Бақылаусұрақтары

1. Delphi-дііске қосу тәсілі. Delphi-дііске қосқанда пайда болатын және  

 Көрінетін терезелер.

2. Delphi-дің терезесінде орнатылған негізгі мәзірдің ішкі мәзірлері ?

3. Оқиға дегеніміз не ?

4. Негізгі модульді экранға шығару командасы.

5. Қасиет дегеніміз не ?

6.Проект, форма дегеніміз не?

7. Негізгі модуль дегеніміз не және оның құрылысы ?

8. Input Box  функциясы мен  Showmessage процедурасын пайдалану тәсілдері .

9. Көрінбеген форманы экранға шығару тәсілі.

10. Қасиеттер қандай айнымалылар?

11. . Delphi терезесінің аспаптар панеліне енгізілген  негізгі түймелерді атап шығыңыз. Олар қандай іс-әрекеттерді орындайды?

 

Кейсті жүргізу тәртібі

1.Теориялық материалдарды оқып игеру сабақтын басталынуына дейін.

2. Топтың бір студентіне «Ежелгі әлемнің санау жұйелерің тақырыбында баяндама дайындату. Баяндаманы талдау және тақырып бойынша баяндамашыға сұрақтар қою.



  1. Топты 2-3 топшаларға бөлу. Топшалардың басшыларын таңдау.

  1. Тақырып бойынша іскер ойындар өткізу. Ойын үш этаптан тұрады:

  • разминка («сұрақ-жауап» жүйесі негізінде тақырып бойынша теориялық білімдерін көрсету);

  • топша басшыларының конкурсы (тақтада топ басшыларына тақырып бойынша бірнеше тапсырмалар ұсынылады, необходимых для выявления практических навыков и умений);

  • Тарқатылған материал бойынша студенттер жұмысы, жазбаша жауаптар. Осы этапта инженерлік калькулятор көмегімен «Кім жылдам»  конкурсын өткізу.

  1. Бақылау сұрақтарын талқылау,  жазбаша жауаптарды талдау, ойынның нәтижесін шығару.

  1. Кейс тақырыбы бойынша шешімдер және қорытынды.

 

Ұсынылатың әдебиеттер

  1.  В.В.Фаронов.  Delphi 5, Учебный курс. М.2000.

  2. О. Камардинов, Х.Жантелі     Delphi 5-6 .   Шымкент  2002.

  3. Росс  Г. В. и др. Основы информатики и программирования/Г.В. Росс, В. Н. Дулькин, Л. А.Сысовеа.-М.:ПРИОР,1999.-160с.

  4. В.В.Фаронов.  Delphi 6, Учебный курс. М.2001.

  5. Ибрагимов У.М., Умирбаев У.У., Нысанов Е.А. Информатика для   пользователя. -Шымкент, ЮКГУ, 2000, -58 с.

  6. Гаевский  А. Ю.  Информатика:Учебное пособие.-2-е изд.,доп.- Киев:"А.С.К.",2004.-536с.

  7. Информатика: Базовый  курс:Учебник для студентов втузов/Под

  8. ред.С.В.Симоновича;МО РФ.-2-е изд.-СПб.:Питер,2004.-640с.-(Учебник для вузов)

  9. Козырев А.А., Юдин А.П. Информатика:Конспект лекций.-СПб.: Изд-во Михайлова В., 2000.-47с.

  10. Могилев А.В. и др. Информатика:Учеб.пособие/А.В.Могилев,Н.И. Пак, Е.К.Хеннер \под ред.Е.К.Хеннера.-М.:Академия,1999.-816с.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ

ОӨЖ №1

Тақырыбы: Оқытушының инновациялық қызметінің мазмұны мен құрылымы   


ОӨЖ №2

Тақырыбы: Мұғалімнің инновациялық әдістерді қолдану дайындығына диагностика жасау әдістері


ОӨЖ №3

Тақырыбы: Инновациялық білім беру жүйесінде мұғалімді интерактивті оқыту әдістерін қолдануға даярлау


ОӨЖ №4

Тақырыбы: Интерактивті оқыту әдістерін түрлі жас ерекшелігіне және білім деңгейіне байланысты тиімді қолдану



ӘДЕБИЕТТЕР



Негізгі әдебиеттер:

  1. Жалпы педагогика :оқулық /Бабаев, С.Б. - 2011

  2. Методика преподавания в высшей школе: учебно -практ. пособие / В.И. Блинов; В.Г.Виненко, И.С.Сергеев / - 2014

  3. Инновационные педагогические технологии. Активное обучение /Панфилова, А.П. - 2011

  4. Педагогикалық менеджмент: оқулық /Паньшина,Т.В. - 2012

  5. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования /под ред.Е.С.Полат - 2009

  6. Тұлғалық педагогика. Педагогикалық теория негіздері :монография / - 2011

  7. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде /Жанпейісова М.М. - 2002

  8. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориясы мен технологиясы /Хмель Н.Д. - 2003

  9. Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік негіздері :оқу құралы /Каримов.А.Н. - 2011

  10. Бұзаубақова К.Ж.. Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық) Тараз. ТарМУ,2003ж.

  11. Өстеміров Қ.,.АйтбаеваА, Қазіргі білім беру технологиялары, Алматы, 2006ж.

  12. Нағымжанова Қ. М., Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Өскемен, 1999ж.

  13. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.

  14. Мұхаметжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә., Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.

  15. Иманбаева А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру технологиялары. Қазақстан мектебі, №2, 2000

  16. Әлімбекова А.С. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру тәжірибесінен //Білім- Образование.// №2(8), 2002

  17. Елеубай С. Білім беру технологиясының қазіргі проблемалары. Алматы, 2001. 270б.

  18. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы- оқушыны дамыту құралы ретінде. –Алматы, 2002

  19. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, Рауан, 1993

  20. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы,2000

  21. Тұрлыханова М. Педагогикалық технологиялар оқу үрдісінде. Алматы, 2000

  22. Шамова Т.И., Третьякова П.И. Педагогические технологии: что это такое и как их использовать в современной школе.-М.,1994

Қосымша әдебиеттер:

  1. Шоқаева Г.Ә. Жаңа технология енгізу арқылы оқу процесінің деңгейін көтеру. №18,5б.//Қазақстан мұғалімі//№18 2002

  2. Курманалина Ш.Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению математике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999.-160 с.

  3. Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной методической системы в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000. -206 с.

  4. Курманалина Ш.Х. Совершенствование методической подготовки будущих учителей начальных классов по обучению мптематике младших школьников: учебное пособие, Алматы: Алем, 1999.-160 с.

  5. Курманалина Ш.Х. Методология и технология создания электронной методической системы в условиях информатизации оброзования: монография. – Алматы: Алем, 2002. – 316 с.

  6. Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях информатизации образования (в соавторстве: Н.Б.Чекалева): Монография. Омск: ОмГПУ, 2002. – 89с.

  7. "Педагогикалық технологиялар" Сальникова, 2005 ж.

  8. Бержанов К.Б., Мусин С.М., Педагогика тарихы. Алматы-2004.






МАТЕРИАЛДЫ МЕҢГЕРГЕНДІГІН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАРЫ


  1. Оқыту әдістері

  2. Сабақ ұйымдастыру түрлері.

  3. Дәстүрлі әдістер.

  4. Қазіргі кезде қолданылатын әдістер.

  5. Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері.

  6. Интерактив ұғымына түсінік.

  7. Оқытудың интерактивті әдістері туралы ұғым, маңызын дәлелдеп талдау.

  8. Жаңа ақпараттық тенологияларды ата?

  9. Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер?

  10. Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі.

  11. Оқудың интерактивті әдістері үлгілері.

  12. Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті

  13. Педагогикалық үдеріске қатысты инновация қандай элементтерге байланысты анықталады?

  14. Инновация анықтамасын айтыңыз.

  15. Оқытудың инновациялық әдістері мен түрлері

  16. Оқытудың дәстүрлі әдістері мен инновациялық әдістерін салыстыр.

  17. Тренингтер мен іскерлік ойындарды қолдану

  18. Педагогикалық жүйе дегеніміз не және ол жайлы білудің қандай қажеті бар?

  19. Педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялылық қандай жағдайларды жүзеге асырумен анықталады?

  20. Педагогикалық инновацияларға нені жатқызуға болады?

  21. Педагогикалық жүйеге инновациялық түрлендірулер қандай бағыттар бойынша енгізіледі?

  22. Педагогикалық жүйелерге жаңалық енгізулер деңгейлерінің мәні қалай сипатталады?

  23. Педагогикалық инновациялар қандай критерийлермен сипатталады?

  24. Педагогикалық теория инновациялылығы қандай бағыттармен анықталады?

  25. Оқу мекемелерінің инновациялылығы қалай сипатталады?

  26. Педагогикалық инновациялық іс-әрекет түсінігі

  27. Мектеп жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар

  28. Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері

  29. Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану

  30. Инновациялық технологияларды оқу-тәрбие саласында пайдаланудың болашағы

  31. Интербелсенді түсінігі, оқытудың интербелсенді технологиялары

  32. Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері.

  33. Интерактивті оқытулар: жаңа тәсілдер

  34. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері

  35. Оқытудың интерактивті технологияларын оқу-тәрбие үдісінде тиімді пайдалану

  36. Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында қолдану

  37. Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.

  38. Оқудың интерактивті әдістері үлгілері: «Ми шабуылы», Шағын топтардағы жұмыс, Тест сынағы, Рөлдік ойын

  39. Тренингті өткізу құрылымы мен кезеңдері

  40. Тәжірибелік машықтарды шыңдандыру

  41. Сыни тұрғыдан ойлау

  42. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту

  43. Сыни тұрғыдан ойлауда сұрақ қоюдың маңыздылығы

  44. Бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасындағы рефлексивтік есеп

  45. Case-study әдісін қолдану арқылы оқыту

  46. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты

  47. Проблемалы оқыту технологиясы

  48. Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшеліктері

  49. Ойын технологиясы

  50. Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет