Оқыту моделі материалды баяндау негізі болып табылады (оқу процесінің моделі), оның негізгі белгісі - ол оқушылардың қызметі, ал оны мұғалім ұйымдастырады. Оқыту моделі ұғымы дидактикалық даярламаларды қорытады, біріктіреді және дидактикалық ізденісті сипаттауға көмектеседі.
Оқыту моделінің қосымша сипаттамасына: уақыт кеңістігіндегі кезең жүйелілігі; өз-ара іс әрекетінің сипаты (мұғалім-оқушы) және қимыл принциптері (оқушы қызметіне мұғалімнің көзқарасы); күтілетін нәтижесі (модельдің педагогикалық бағыты) жатады.
Дәстүлі сабақ – ол барлық сынып оқушыларымен толық сабақ өткізу. Дәстүрлі сабақта мұғалім жаңа сабақ материалына сүйене отырып, оны түсіндіреді, біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырады, білім береді, оқушылар оны қайталайды және оның нәтижесін бағалайды. Сондықтан дәстүрлі оқыту репродуктивтік сипаттама алады, білім беру мен іс-әрекет дәстүрі дайын дайын түрінде беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |