Оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтан басқа түрлері
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін еме.
Сыныптан–сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі–оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтант оқушылардың сыныптық–сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілетттерін арттыру мақсатынд оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмысары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына бйланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шыармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақрына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меғгергенін, соғн орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт–бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.
Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жзып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыстардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдастыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде.