ОҚытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ҚАҒидалары


ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта санаудың қазақстандық жүйесі



бет2/4
Дата08.09.2017
өлшемі1,05 Mb.
#31422
1   2   3   4

4. ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта санаудың қазақстандық жүйесі
67. Теориялық оқудың бір қазақстандық кредитінің еңбек сыйымдылығы шығыны аудиторлық сабақтар мен оқушылардың дербес жұмыстарын есепке алғанда бакалавриатта 45 сағат жұмысты құрайды.

68. Білім алушылардың академиялық ұтымдылығын және білім беру бағдарламасын тануды (жоғары және жоғарыдан кейінгі білім берудің барлық деңгейі мен нысандарында) қамтамасыз ету үшін европалық білім беру кеңістігінде қазақстандық кредит ECTS кредитте қайта есептеу қажет.

69. ECTS шеңберіндегі академиялық кредит – бұл пәнді зерделеудегі жұмыс көлемінің өлшем бірлігі, яғни дәрісханалық сабақ пен өзіндік жұмыс уақытындағы жұмыс көлемі. ECTS-тің бір кредиті 25-30 академиялық сағаттарға тең.

70. Жалпы оқу жүктемесіне дәрісханалықтан бөлек эссе, рефераттар, курстық жұмыстар (жобалар) жазу, зертханалық сабақтарды орындау, практикадан және стажировкадан өту, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау әр түрлі дайындалу, материалдар жинау және дипломдық жұмыс (жоба) жазу сияқты студенттің өзіндік жұмыстарының түрлері де кіреді.

71. ECTS бір оқу жылындағы оқу жұмысының жиынтық еңбек сыйымдылығын 60 кредитпен (оқушы бір семестрде 30 кредит жинайды, ал триместрде – 20 кредит) бағалайды. Оқу жылының ұзақтығы емтихан тапсыруға 30 аптаны және 6 аптаны құрайды.

72. Еуропа елдерінде бакалавриат дәрежесін алу үшін оқудың ұзақтығы үш жылдан төрт жылға дейінгі мерзімді құрайды және тиісінше 180-240 есептік кредиттік бірлік алуы қажет.

73. Кредиттерді қайта есептеу Қазақстан Республикасында ECTS кредиттері және ауыстыру коэффициенті негізінде қайта іске асрылады.

74. ECTS кредиттерін Қазақстан Республикасының кредитіне қайта есептеу әрбір пән бойынша 1,5-тен 1,8 шегінде ECTS-тің 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру коэффицентіне ECTS кредиттерін бөлу арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар кредиттер толық бірлікпен құрылады.

Курстық жобалардың (жұмыстардың) еңбек сыйымдылығы жалпы пәннің еңбек сыйымдылығына кіреді.

75. Қазақстан Республикасының кредиттерін ECTS кредиттеріне қайта есептеу әрбір пән бойынша Қазақстан Республикасының 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру коэффицентін 74-тармақта көрсетілген Қазақстан Республикасының кредиттеріне көбейту арқылы жүзеге асырылады.

Аталған ауыстыру коэффиценттері теориялық оқыту (аудиториялық сабақтар мен өздік жұмыстарды ескере отырып) кредиттерін қайта есептеу үшін қолданылады.

76. Оқу жұмыстарының басқа түрлерінің кредиттерін қайта есепте мынадай ауыстыру коэффиценттерінің көмегі арқылы 74-тармаққа ұқсас түрде жүзеге асырылады:

Практика: оқу – 0,5-тен 0,6 дейінгі шекте, педагогикалық – 1-ден 1,2-ге дейінгі шекте, өндірістік – 2,5-тен 3-ке дейінгі шекте, зерттеу – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте;

магистранттың (докторанттың) ғылыми (эксперименттік) - зерттеу жұмысы – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте;

білім алушыларды қорытынды аттестаттау – 3,2-ден 4,5-ке дейінгі шекте.

77. Жоғары оқу орындары оқу орны бойынша және факультеттегі ECTS-ті үйлестірушіні тағайындайды.

ECTS жоғары оқу орнының үйлестіруші ECTS-тің принциптері мен тетіктерінің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелеріндегі барлық үйлестірушілердің жұмыстарын бақылайды және үйлестіреді.

ECTS үйлестірушілері оқушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамға ECTS-тің практикалық және оқу аспектілері бойынша кеңес береді.

78. ECTS-тің бағалау бағаны бес санатқа бөлінген оң бағадан ("А"-"Е"), дұрыстауға болатын FX бағасынан) және кредитті ұсынбайтын F бағаларынан тұрады.

Қазақстан Республикасының білімін бағалау жүйесі білімалушының оқу жетістігін балдық-рейтинг әріппен бағалау жүйесіне негізделген, кредиттерді тағайындауды қарастыратын он оң нәтижелі бағадан ("A"-дан "D"-ге дейін), сонымен қатар кредитті ұсынбайтын бір қанағаттанарлықсыз "F" бағадан тұрады.

79. Бағаны ауыстыру ECTS бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бағасы білім алушының жетістігі және осы Қағидаларға 3-4-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.



5. ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың Қазақстандық үлгісі шеңберіндегі академиялық ұтқырлық
80. Қазақстанның жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықты жоспарлау және ұйымдастыру кезінде қолдануға қажет төмендегідей нормативтік құжаттар көрсетілген:

ұтқырлық бағдарламалары бойынша кететін студенттің өтініші;

ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу туралы келісім;

оқу туралы транскрипт;

ақпараттық пакет (курстар тізімдемесі).

81. Жоғары оқу орны ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсыру туралы ереже әзірлейді, ол ECTS-ті қолдану бойынша жоғары оқу орнындағы негізгі құжат болып табылады.

82. Академиялық ұтқырлықты кеңейту үшін ЖОО Ақпараттық пакет (бұдан әрі – АП) әзірлейді. АП формасы, құрылымы, мазмұны және форматын ЖОО дербес анықтайды.

83. АП мемлекеттік, ағылшын немесе орыс тілдерінде дайындалады.

84. АП жоғары оқу орнының академиялық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ғылыми тәрізді едәуір маңызды қызмет салаларын сипаттайды және қосымша ақпаратты (спорттық-көпшілік іс-шаралар, мәдени-бос уақыт қызметтері, материалдық-техникалық база және тағы басқа) қамтиды.

85. АП-да жоғары оқу орнының төмендегі негізгі бөлімдер бойынша сипаттамалары бар:

1) жоғары оқу орны туралы жалпы ақпарат;

2) оқу бағдарламалары туралы ақпарат (курстар тізімдемесі);

3) білім алушыларға арналған қосымша ақпарат.

86. Алынып тасталды

87. Алынып тасталды

88. Алынып тасталды

89. Алынып тасталды

90. Білім алушының өтінішінде студентті жіберетін жоғары оқу орнының атауы және толық мекен-жайы, факультеттің/департаменттің және жалпы алғанда, жоғары оқу орнының академиялық ұтқырлық бағдарламасын үйлестірушісінің аты-жөні, сондай-ақ студенттің жеке ақпараты. (аты-жөні, тегі, туған күні, айы, жылы, мекен-жайы) көрсетілуі тиіс.

Өтініште ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушының уәжділігі туралы ақпарат, білім алушылардың шетелдегі оқу тілі бойынша біліктілік деңгейі, еңбек тәжірибесі және алдағы шетелде білім алуы туралы мәліметтер жазылады, шетелде оқу грантына ие болу мүмкіндігіне белгі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

91. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу келісімі студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту процесін реттейтін негізгі құжат болып табылады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ағылшын тілінде толтырылады.

92. Қабылдаушы жоғары оқу орны студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуы туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қабылдайтын жоғары оқу орны, студент және жіберетін жоғары оқу орны – үш тарап келісімге қол қояды.

93. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының оқығанын растайтын соңғы құжат осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған студенттер үшін – ағылшын тілінде, ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған студенттер үшін – орыс және/немесе қазақ тілдерінде толтырылатын білім туралы трансткрипт болып табылады.

94. Білім алу туралы транскриптке оқу бағдарламасы (курс (пән) коды), пәннің атауы, пәннің оқыту ұзақтығы (жыл, семестр, триместр), оқу бағасы (ұлттық шкалада (егер болған жағдайда) және ECTS шкалада), ECTS-тегі берілген кредиттер саны туралы мәліметтер енгізіледі.

Оқудың толық бағдарламасында ойдағыдай оқыған жағдайда берілген дәреже/диплом туралы белгі жасалады.

95. Білім алу туралы транскриптте оқу бағдарламасының ерекшелігі туралы мынадай (қосымша) мәліметтер көрсетіледі: бағалаудың жоғары оқу орындық жүйесін сипаттау; ECTS бағалау жүйесі, оқу жылы, семестр, триместрдегі ECTS кредиттер санын бағалау жүйесі.
6. Модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәртібі
96. Модульдік оқытудың әдіснамалық негізі ретінде модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу принциптері, әдістемесі және тәртібі саналады.

Оқыту нәтижелерінің тиімділігіне кешенді тәсілдерді сақтау арқылы қол жеткізуге болады. Модульдік принцип бойынша білім беру бағдарламалары да, оқу жоспарлары мен оқу пәндері де құрастырылады.

97. Оқыту нәтижелері білім берудің деңгейіне сәйкес Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Бұл ретте оқытудың бес негізгі нәтижесі көрсетіледі:

білім және түсіну;

білім мен түсінгенін қолдану;

пікір айтуды қалыптастыру;

коммуникативтік мүмкіндіктер;

оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік.

Оқыту нәтижелері барлық бағдарлама бойынша да, жеке модуль мен жеке пән бойынша да анықталады.

98. Модульдік оқытудың мазмұны дегеніміз оқытудың мазмұнын жеке ұйымдастыру-әдістемелік модульдерге айналдыру болып табылады. Олардың мазмұны мен көлемі дидактикалық мақсаттарға, білім алушылардың бейіндік және деңгейлік саралануына қарай өзгеріп отыруы мүмкін.

Модульдердің бірігуі білім алушылардың белгілі санаттарының оқуы (және өздігінен оқуы) үшін және арнайы дидактикалық, кәсіби мақсаттарда іске асуы үшін талап етілетін нақты оқу материалын таңдау және құрастыру еркіндігі мен икемділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.

99. Модульдік оқытудың негізгі принциптері мыналар:

1) білім беру бағдарламаларын, нақты пәндерді құрастырудың және олардың мазмұнын анықтаудың жүйелі тәсілдері;

2) білімді жеке элементтерге бөлшектеу және білім берушілер мен білім алушылар ынтымақтастығының нақты көрінуі;

3) әр модуль ішінде және олардың арасында оқу сабақтары түрлерінің әдістемелік тұрғыдан дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету;

4) модульдік курс пен білім беру бағдарламалары құрылымының икемділігі;

5) білім алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі мен бақылау іс-шараларының семестр барысында дұрыс бөлінуі;

6) студенттердің шығармашылық қызметі үшін алғышарттар құрылатын дамыта оқытудың әдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып табылады.

100. Білім беру бағдарламасының әрбір модулі оқытудың белгілі нәтижелеріне, яғни құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте модульдер пәндердің мазмұндық бірлігі негізінде «көлденең» немесе «тік» сызба бойынша құрастырылуы мүмкін.

101. «Көлденең» модульде барлық құрамдас пәндер параллель оқытылуы мүмкін білім беру нәтижелеріне тең дәрежеде және біршама тәуелсіз қызмет етеді.

«Тік» модуль іргелі және жалпы кәсіби деңгейден арнайы тар қолданбалы деңгейге дейін белгілі бір білім беру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бірінен кейін бірі (ретімен) оқытылатын пәндерді қамтиды.

102. Модульдік білім беру бағдарламалары мамандарды даярлаудың құзыреттілік моделінің контексінде әзірленеді. Бұл жағдайда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру барысында қалыптастырылатын құзыреттіліктер пән саласына қатысты және әмбебап (жалпы және пәннен тыс) құзыреттіліктерге бөлінеді.

Құзыреттіліктер білім мен түсінікті (академия саласындағы теориялық білім, білу және түсіну қабілеті), қалай әрекет етуді білуді (нақты жағдайларға білім мен дағдыларды практикалық және жедел қолдану) және қалай болатынын білуді (әлеуметтік контексте өзгелермен өмірдің ажырамас бөлігі ретіндегі бағалық аспект) қамтиды.

103. Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды көздейді:

1) оқу пәндерінен қайталау фрагменттерін алып тастау мақсатында қолданыстағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын алдын ала терең пәнаралық тексеру;

2) МББ кіретін оқу модульдерінің тізбесін анықтау;

3) бір МББ аясында ықтимал білім беру траекторияларын белгілеу (бағыттарды, магистрлік бағдарламаларды, элективті пәндер мен қосымша білім беру бағдарламаларын есепке ала отырып);

4) профессорлық-оқытушылық құрамның еңбек шығынын және ЖОО-ның материалдық-техникалық, ақпараттық-кітапханалық және баспа-полиграфиялық базасының сапалы жаңартылуын талап ететін оқу модульдерін іске асыру жүйесін әзірлеу;

5) оқу үдерісінің қазіргі заманға сай жаңаруына жауап беретін жаңа қағидаттарда әкімшілік-басқару қызметін іске асыру.

104. Білім беру бағдарламаларының модульдері нақты салалар немесе пәндер бойынша оқыту бағдарламаларының логикалық өзара байланыстағы компоненттерін білдіреді.

105. Бір модульдің көлемі 5 және одан да көп қазақстандық кредитті немесе 8 және одан да көп ECTS кредиттерін құрайды және екі немесе одан да көп оқу пәндерін қамтиды.

106. Кәсіптік практикалардың түрлері, дипломдық жұмыстар және магистрлік/докторлық диссертациялар өзара байланысына және оқу пәндерімен мақсаттарының бірлігіне қарай білім беру бағдарламаларының тиісті модуліне қосылады. Сонымен қатар, кәсіптік практиканың әрбір түрі әртүрлі модульдерге жатуы мүмкін.

107. Модульдің құрамында кредиттегі әрбір құрамдас компоненттің модульдің жалпы еңбек көлеміндегі оның тікелей пропорционалдық үлесі анықталады.

108. Модульдік қағидаттарға сәйкес білім беру бағдарламасын және оқыту пәндерін өзге нұсқалық бөліктерден (міндетті оқыту үшін модельдер) және вариативті, яғни еңбек нарығының, жұмыс берушілердің және студенттердің қажеттілігін есепке алатын ауыспалы модульдерден құрау мақсатты болып табылады.

Сонымен бірге білім беру бағдарламасының оқу пәндері үш топқа бөлінеді:

А тобы - міндетті пәндер, олар қатаң берілген бірізділікпен оқытылады;

В тобы - міндетті пәндер, олар еркін бірізділікпен оқытылады;

С тобы таңдау бойынша пәндер, кез келген академиялық мерзімде оқытылады.

109. Модульдер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) жалпы модульдер – мамандығымен, сондай-ақ әлеуметтік-этикалық, мәдени құзыреттілікпен (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық), экономикалық (кәсіпкерлік) және ұйымдастыру-басқару құзыреттілігіне тікелей байланысы жоқ жалпы білім беретін құзыреттіліктерді қалыптастыратын жалпы білім пәндері (бұдан әрі – ЖБП) және базалық пәндер (бұдан әрі – БП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;

2) мамандық модульдері – мамандықтың негізін құрайтын және нақты жалпы білім беру бағдарламасының, сондай-ақ жалпы құзыреттіліктердің (сын тұрғысынан ойлау, креативті, шығармашылық), белсенді өмірлік ұстаным, инновациялылық) шеңберінде жалпы кәсіптік және арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған БП және кәсіптік пәндер (бұдан әрі – ПП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;

3) біліктілік шеңберінен шығатын қосымша модульдер – мамандығына қатысы жоқ және қосымша құзыреттіліктерді (ақпараттық технологиялар, шетел тілдері және т.б.) қалыптастыруға бағытталған пәндер кезеңдерін қамтиды;

110. Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мынадай компоненттерді қамтиды:

1) білім беру бағдарламасының атауы;

2) білім беру бағдарламасының деңгейі: (бакалавриат/магистратура/PhD докторантура);

3) білім беру бағдарламасының паспорты, сондай-ақ білім беру бағдарламасының бітірушілері меңгеруі тиіс негізгі құзыреттер:

ана тілі саласында;

шет тілдері саласында;

іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық;

компьютерлік;

оқу; әлеуметтік (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық);

кәсіпкерлік, экономикалық;

мәдени, сондай-ақ қосымша қабілеттер: сын тұрғысынан ойлау, креативті, (шығармашылық), инновациялық өлшем, белсенді өмірлік ұстаным);

4) әрбір модуль бөлінісінде қалыптасатын құзыреттіліктерді, қазақстандық кредиттердегі және ECTS кредиттердегі көлемін, оқыту кезеңін, модуль компоненттерін (құрамдас модульдің (пәндер, практикалар және т.б.) коды және атауы), пәндер топтамасын (ДБП, БП, ПП), міндетті компонентке немесе таңдау бойынша компонентке тиістілігін, кредиттердің санын және әрбір құрамдас модульге қатысты бақылау формасы) көрсете отырып, модуль түрлерінің шеңберінде білім беру бағдарламасының мазмұны;

5) білім беру бағдарламасының модульдері бөлінісінде игерілген кредиттердің көлемін көрсететін жиынтық кестесі осы ереженің 9-қосымшасына сәйкес.

111. Оқу пәндеріне модуль құруда оның бағдарламасы білім алушылардың қажетті білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік алуына бағытталған модульге (кіші модульдер, бөлімдер) құрылады.

Сонымен қатар, оқыту пәндерінің модульдік бағдарламасы білім алушылардың дәрісханалық пен өзіндік жұмысы ретінде оқытылады және оқытушыларды ақпараттық функциялардан босатады.

112. Модульдік оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:

1) оқу пәндерінің мақсаты мен міндеттерінің тізбесі;

2) білім алушылардың «түсу алдындағы» және пәндерді меңгергеннен кейінгі (пререквизиттер және постреквизиттер) дағдыларына (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар;

3) пәндердің әрбір модуліне сипаттама (модульдік бірліктер тізбесі, яғни олардың қысқаша мазмұны, семинарлық және зертханалық-практикалық сабақтардың жоспарлары, студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары мен сұрақтары, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен, тапсырманы орындау және тапсыру кестесі);

4) қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама (оқыту мен оқу жетістіктерін бақылаудың негізгі формалары мен әдістері, оқытушының талаптары, курстың саясаты мен рәсімі);

5) білім алушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін бағалау жүйесі.

113. Білім бағдарламалары жалпы білім беру және қосымша құзыреттіліктер қалыптастыруға бағытталған өзіндік оқыту модульдерінен (кіші модульдер, бөлімдер, тақырыптар) тұратын пәнаралық модульдерді қамтиды. Бұл ретте мақсаттары бір болған жағдайда бірнеше пәндер бір модульге бірігуі мүмкін.

114. Модульдік тәртіппен жасалған оқу жоспары: ЖББП, БП, ПП кезеңдерінің пәндерінде қалыптасатын, жалпы мамандықтардан, қосымша және пәнаралық модульдерден, қосымша оқыту модульдерінен тұратын білім беру мазмұнының моделін көрсетеді және міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.

115. Модульді зерделеп аяқтаған соң қорытынды бақылау модуль бойынша кешенді емтихан нысанында не әрбір компонент – оқу пәні бойынша өзіндік емтихан нысанында өткізіледі.

Егер кешенді емтихан өткізілген жағдайда қорытынды бақылау бағдарламасына негізгі компонент бойынша сұрақтар кіреді, ал басқа компоненттер бойынша қорытынды бақылау нысаны реферат, эссе немесе курстық жұмыс (жоба) болып табылады.

Кешенді емтихан кезінде баға тұтас модуль бойынша да, оның әрбір компоненті – оқу пәні бойынша да жеке қойылады.

116. Модуль бойынша кредиттер алудың шарты әрбір компоненттегі жұмыстың барлық түрлерін орындау және қорытынды бақылау бойынша оң баға болып табылады.

Егер тұтас бір модуль бойынша қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда, білім алушылардың оның жеке компоненттері – оқу пәндері бойынша оң бағасы, онда олар қайта есептеледі. Келесіде білім алушылар бұл пәнді оқымайды.



1-қосымша

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес бағалаудың әріптік жүйесі





Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз



2-қосымша
_______________________________________________________________(жоғары оку орнының атауы/ the name of High Educational Estabishment/_______________________________________________________________/наименование высшего учебного заведения)
_______________________________________________________________Транскрипт /The transcript/ Транскрипт
Серия №
Аты-жөні/Name/Ф.И.О. ___________________________________________________________________________________________________________________Факультеті/Faculty/Факультет ____________________________________
_______________________________________________________________
Мамандығы/Specialty/Специальность ___________________________________
Түскен жылы/Year/Год поступления ____________________________________
Оқутілі/Language/Язык _______________________________________________


№ п/п

Пәндердің атауы/ Courses/ Наименование дисциплин

Кредит саны/ Credit hours/ количество кредитов

Бaғa/ Grade/Оценка

Пайызбен/ In persent/ в процентах

Әріптік/ Аlphabetі/ Буквенная

Балмен/ In points/ в баллах

Дәстүрлі жүйемен/ Traditional/ традиционная

1

2

3

4

5

6

7




















































































Кәсіптік практиканы өтті/Has passed professional practice/      Прошел профессиональные практики




Кәсіптік практикалардың түрлері/ The orm of professional practice/ Виды профессиональных практик

Практика өту кезеңі /the period of passage of practice/ Период прохождения практики

Кредит саны/ Credit hours/ Количество кредитов

Баға/Grade/Оценка

пайызбен/ inperse t/ В процентах

Әріптік /alphab  ic/ Буквенная

Балмен/inpoints/ В баллах

Дәстүрлі жүйемен/ Traditiona / Традиционная











































Білім алушыларды қорытынды аттестаттау/Final state attestation/Итоговая аттестация обучающихся


Мемлекеттік емтиханды тапсырды/ Has passed the state examinations/Сдал государственные экзамены

МАК-тың хаттамасының күні және нөмірі Дата и номер протокола ГАК/ date and number of the report of SAC

Баға/Grade/Оценка

пайызбен in persent/В процента

Әріптік/ alphabet c/ Буквенна

Балмен/in points/В баллах

Дәстүрлі жүйемен/ Traditional/ Традиционна

Мамандығы бойынша/On a speciality/ По специальности











Пәндер бойынша/ On disciplines/ По дисциплинам:














































Қорытынды жұмысты орындады және қорғады/Has executed and has defended degree work/Выполнил(а) и защитил(а) выпускную работу




Қорытынды жұмыстың тақырыбы/ Theme of degree work/Тема выпускной работы

МАК хаттамасының күні және нөм ірі/date and number of the report of SAC/ Дата и номер протокола ГАК

Кредит саны/ Credit hours/ Количеств  кредитов

Баға/Grade/Оценка

пайызбен  in persent/ В процента

Әріптік/ alphabet c/ Буквенна

Балмен/in points/в баллах

Дәстүрлі жүйемен/ Traditio al/ Традицио ная



ГАК


















































































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет