Оқытудың мақсаты



бет2/7
Дата16.02.2022
өлшемі37,03 Kb.
#132031
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 сынып хим курс

Оқытудың мақсаты:
әлемнің кешенді жаратылыстану-ғылыми сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, шығармашылық және интеллектуалдық қабілетті, әмбебап коммуникациялық біліктілік пен функционалды сауаттылықты дамыту, денсаулық сақтау мен туған өлкенің табиғатын қорғауға деген экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу болып табылады.
Оқыту міндеттері:
химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндермен интеграциялау арқылы оқушының химиялық білімі мен зерттеу мәдениетін қалыптастыру;
күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;
қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;
адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;
оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет