Оқытудың міндеттері



бет2/2
Дата28.09.2023
өлшемі16,1 Kb.
#182802
1   2
Байланысты:
Бөлмелерді жинауға қойылатын санитарлы

Іс әрекеттері:
1.Орамалды тағып, халатты, алжапқышты, резеңке биялайды киіңіз
2.Зарарсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеңіз.
3.Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізіңіз. Таза шүберекті ерітінділердің біріне малып жиһаздарды, терезе алдын сүртіңіз.
Еденді мынадай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға, сонан соң төрден сыртқа қарай.
4.Ылғалды жинастырудан соң бактериоцидті шамды 30 минутқа қосыңыз.(бөлменің көлеміне байланысты есептеледі)
5.Жинастыру құралдарын зарарсыздандыру қажет: еден жуатын шуберек пен қабырға сүртетін шуберекті зарарсыздандыру ерітіндісіне 1 сағатқа бөлек- бөлек салып, сонан соң оларды суда шайып, кептіру қажет.
Емшара бөлмеге басты жинастыру жүргізу
Әзірлеу қажет:
-шелек;
-швабра;
-шаралар;
-еден жуу үшін шүберек;
-залалсыздандырылған шүберек;
-гидропульт;
-жуғыш ер-ді;
-зарарсыздандыру ерітіндісі;
-өлшемі бар ыдыстар;
-халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялайлар.
Іс әрекеттері:
1.Орамалды байлап, халатты, алжапқышты, биялайды киіңіз.
2.Зарарсыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеу қажет.
3.Жұғыш ерітіндіні әзірлеңіз .
4.Бөлмені дайындаңыз: жиһаздар мен заттарды қабырғадан ортаға қарай ығыстырыңыз.
5.Шүберекті жуғыш ерітінділеріге малып, заттар мен жабдықтарды сүртеді.
6. Шүберекті зарарсыздандыру ерітінділерінің біріне малып, заттар мен жабдықтарды сүртеді. Қабырға мен төбеге, еденге гидропультпен зарарсыздандыру ерітіндісін шашып, 1 сағатқа бөлмені жауып қояды
7.Барлығын таза сумен шаю қажет.
8. Залалсыздандырылған шүберекпен құрғата сүртіңіз.
9. Таза халатты киіп,жиһаздар мен құралдарды орнына қойыңыз.
10.Бактериоцидті шамды 2 сағатқа қосыңыз.
11.Бөлмені желдетіңіз (20-30 минут).
12. Жинастыру құралдарын зарарсыздандырып, сумен шайып, құрғатып, арнайы бөлмеде сақтаңыз.
Ескерту: Терапевті бағыттағы бөлмелерге (палаталар, дәліз,дәрігерлік бөлме, медицина қызметкерлері үшін бөлмелер, төсек- орын сақтайтын бөлме) айына бір рет,
ал хирургиялық бағыттағы бөлмелерге (ине егу, таңғыш таңу, операциялық, операциядан шыққан пациенттерге арналған палаталар, босану залдары, жаңа туған балалар мен шала туған балаларға арналған палаталар, жұқпалы ауруларға арналған бокстар, бактериологиялық және вирусологиялық зертханалар) – аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізеді.
4.Білім берудің және оқытудың әдістері
Практикалық сабақ: кәсіптік құзіреттілік аймағының көлемінде манипуляцияларды меңгеру үшін, клиникаға дейінгі кабинеттерде және клиникалық базаларда жүргізіледі.
5.Бақылау әдістері:студенттерді іс-әрекет алгоритмдері арқылы тексеру
6.Бақылау сұрақтары
1.«Антисептика», «асептика», «залалсыздандыру» анықтамасы.?
2. Залалсыздандыру әдістерін атаңыз?
3. Орталық залалсыздандыру бөлімшесінің құрылысы атаңыз?
4 . Медицинада тағайындалған бұйымдарға залалсыздандыруды жүргізу жағдайына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар?
5. Жуушы ерітіндінің құрамы және температурасы, ұстау уақыты, қолдану реттілігі.?
6.Залалсыздандыру қораптарының (бикстердің) түрлері және оларды залалсыздандыруға дайындау?
7.Медицинада тағайындалған бұйымдарға залалсыздандыруды жүргізу ?
8.Жуушы ерітіндінің құрамы және температурасы, ұстау уақыты, қолдану?
9.Залалсыздандыру алдындағы тазарту сапасына бақылау жүргізу?
10. Залалсыздандыру үшін медициналық тағайындау бұйымдарды орау?
11. Залалсыздандыру қораптарының (бикстердің) түрлері және оларды залалсыздандыруға дай-ындау?
12. Залалсыздандыру қораптарына материалдарды салу әдістері( универсалды,
түрлік)?
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: КӨРНЕКІ ЖӘНЕ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
«Медбикелік іс негіздері» Г.И.Морозова –ГЭОТАР-Медиа.
«Пациенттерге арналған жалпы күтім» С.К.Байболина.- Алматы 2008ж.
«Медбике ісі негіздері» пәні бойынша медбикелік технологиялар стандартының жинағы
М.Ш. Нурманова, Ж.Т. Матакова, Э.Т. Бейскулова
Қосымша :
«Медбикелік іс негіздері» пәніне практикалық басшылық» С.А.Мухина, И.И.Тарновская -
ГЭОТАР-Медиа. 2014 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет