1952 жылғы Орал педагогикалық училище түлегі Уалиев Қайырғали Уалиұлының өмірбаяны мен еңбек жолы баяндалған слайдты қарап, өмір жолымен танысады.
1.«Ұстаз болу - жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауға батырлық пен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
2.Сіз білім алған кездегі колледж әкімшілігі, колледж директоры есіңізде ме?
3.Сізге дәріс берген ұстаздардың ішінен сізге білімімен, адамгершілігімен әсер қалдырған кімдер есіңізде қалды?
4.Лауазымдық қызметті ұзақ уақыт атқарғансыз. Осы лауазымдық қызметтерді атқаруда училищеде алған білімдеріңіз қалай көмектесті?
Студенттер назарларын тренингке аударып, тұлғалық сапасын танып білуге тырысады.
1968-1972 ж.ж Орал педучилищесінің 3б КО студенттерінің топ жетекшілері мен пән оқытушыларына арнап шығарған өлең шумақтарымен танысады.
Құрманалина Шалқыма Хайруллаевна
(Группа жетекшіміз)
Ұстаз деген -ыстық күннің көзіндей,
Ұстаз деген-қымбат, нәзік сезімдей.
Училищеге алғаш түскен кезімнен ,
Бәйек болды шаршау дегенді бір білмей.
Апайымызда бар қасиеттер сан қилы,
Біз үйрендік ол кісіден талай-талай қыр сырды
«Аман болып жүріңіз» деп, тілейміз
Бақытыңыз айдын көлдей шалқиды
Искакова Ұлдай Мусиновнаға
Екшейді сөз асылын тіл сабағы,
Түзейді, талдап тұрып мін -шаланы.
Мағынасын сөз бен сөйлем түсінбесең,
Ойыңды тозаң басып, кір шалады.
Әдебиетті оқуға ,
Керек тілдің жетегі.
Ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеген
Ұлдай Мусиновнаға мың тағзым!
Молдағалиевна Райхан Тілепеновна
Білу үшін жер жайын,
Географияны оқыдық.
«Мақсатым сол қарлығаш сезімменен
Туған жер табиғаты қорғалсыншы»,- деп, шәкіртіне патриоттық тәрбие беруге еңбегін арнаған Райхан Молдағалиевна апайымызға көп рахмет
Райхан Нығметовна Уразова
Шет тілін оқимыз біз
Тану үшін әр ұлтты.
Қанға сіңген ана тілді, қыздарым,
Шұбарлауға ешқашан жол бермендер! – деп қазақ қыздарын ана тілін
шұбарламай, оның мәңгі жасауына сендер болашақ ұстаз, болашақ ана ретінде
жауаптысындар, - деп құлағымызға құйып тәрбие берген группа жетекшіміз
Райхан Нығметовна Уразоваға бақытты қарттық тілейміз.
Мұхамбетжанова Лиза Мұхамбетжановна
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Мұхамбетжанова Лиза Мұхамбетжановна
Жаттықтырған бар баланы,
Жаттығумен құмарың
Денсаулықты мақсат қылған
Денедегі мұғалім.
Роза Әжмұратқызы
Музыка пәні мұғалімі
Роза Әжмұратқызы
Ән мен күйді бірге алатын,
Жүрегімде шәкіртке орын талап бар.
Музыка пәні ұстаздары,
Өнердегі таланттар
Түлектер қойылған сауалға жауап береді.
Топтың ең үлкендері алғаш сәбилі болған кезде топ студенттері сыйлықтарымен перзентхана ауласында күтуде
Музыка пәні мұғалімі Роза Әжмұратқызы.
(Суретте Айташева Күміс)
3 а КШО тобының қыздарын би билеп, қонақтардың көңіл-күйін көтереді.
2 а КШО тобының студенттері ән орындайды, түлектер қошемет көрсетеді.
1972 жылғы Орал педучилище түлектерінің студенттік кездеріндегі қызықты да қиын оқиғаларын тыңдайды.
Мына қоржында әртүрлі ойыншықтар салынған. Қоржыннан алған ойыншық бейнесіне қарап, өз бойынан соған ұқсас бейнені табу керек. Мысалы, мен қоржыннан қоянның бейнесін алсам,сол қоянның касиеттерін өз бойымнан табуым керек. Яғни, мен қоян секілді жылдаммын, сақпын т.б.
Студенттер ұстаз туралы өлең жолдарын тыңдайды.
Топ студенті ән орындап, қошеметке бөленеді.
Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Нұрашева Гүлнар Сырымқызының құттықтау сөзін тыңдайды.
1972 жылғы Орал педучилищесінің түлегі, топ старостасы Зауре Даулетқызының құттықтау сөзін тыңдайды.
Түлектерге қошемет көрсетіп, аудиториядан шығарып салады.
Шараның тақырыбымен, мақсатымен танысып, білімдерін кеңейтеді.
Шараға әзірлігін, жұмысқа даярлығын ұйымдастырады.
Тақтада көрсетіліп тұрған слайдқа назарларын салып, танымдылық қабілеті дамиды.
Түлектерге қол соғып қошеметпен қарсы алады
1952 жылғы Орал педагогикалық училище түлегі Уалиев Қайырғали Уалиұлының өмір жолымен танысады.
Кештің қадірлі қонақтарына өздерінің көкейкесті сауалдарын қойып, түлектер жөнінде толық мағлұматқа назарларын аударады.
Түлектер сұрақтарды мұқият тыңдап, сұрақтарға кезекпен жауап береді. Сонымен қатар өткен күндерін еске түсіре отырып, әңгімелеп, баяндап отырады.
Өзінің ерекше ұнататын және еске қалған мұғалімі жайында біраз сыр шертеді. «Танысу тренингін» қызығушылықпен тамашалап, кеш қонақтарын жақынырақ тануға мүмкіндік алады.
1968-1972 ж.ж Орал педучилищесінің 3 б КО студенттерінің топ жетекшілері мен пән оқытушыларына арнап шығарған өлең шумақтарымен тыңдай отырып, мұғалімдік мамандықтың маңыздылығын түсінеді, мамандыққа деген сүйіспеншілігі артады.
Осы сәт арқылы ұстаздар мен студенттер жақсы әсер алады
Осы сәтте барлығы бір-біріне жақсы тілектерін айтады
Барлығы хормен ән шырқайды.
Жағымды көңіл-күй орнайды.
Әуезді ән тыңдап, әнді бойларына сіңіреді.
Түлектерлің өміріндегі қиындықтарды, неше турлі қызықтарды білу арқылы өз өміріне қажетті ой түйе алады.
Студенттерде жағымды көңіл-күй орнайды.
Поэзия шумақтарынан ұстаздық қызметтің маңыздылығын сезінеді.
Ән орындау арқылы өз шығармашылықтарын дамытады, қошеметке бөленеді.
Зауре Даулетқызының құттықтау сөзін тыңдау арқылы мұғалімдік қызметтің маңыздылығын терең түсінеді.
Түлектер секілді белсенді де сыйлы ұстаз болып өсуге талпынады.
|