Олай болса Күміс апайдан қонақ кәде сұраймыз!!!
2-жүргізуші: Енді ортаға ұстаздарымыздың 60-70 жылдардағы билеген биімен ортаға 3 а КШО тобының қыздарын шақырамыз.
1-жүргізуші: Сіздерге көп-көп рахмет қымбатты қонақтар!
Барлығыңыз да студенттік өмірді бастан кешірдіңіз. Жастық шақтың қызығы мен қиындығын бірге өткізген, бірге жүрген студенттік достарыңызбен кездесу барысында бір сәт сол кезді еске алсақ, мына өлең жолдары еріксіз еске оралады.
2-жүргізуші:
Жатақхана.Студенттер.Тар бөлме
Шашыраған кітап-дәптер әр жерде
Арман қуып келген жастар күні ертең
Қаламының ұшыменен нан жеуде
Елең қылмай бөлмесінің тарлығын
Қызық қуып өткізеді әр күнін
Ертеңгі күн жүгіреді сабаққа
Талғажау қып түнгі астың қалдығы
1-жүргізуші:
Қалта жұқа болғасын ба қамкөңіл
Дәл осылай сынай ма екен әлде өмір
Ортасынан Біржан,Ақан секілді
Табылады сері менен сал небір
Көпшілігі шалғай жерден,ел алыс
Бойларында бұлтылдаған бұла күш
Ойларында туған ауыл,ата ана
Тағат таппай күткендері демалыс
1-жүргізуші:
Ән: «Ұстазым менің».
Орындайтындар: Тлебалиева Мөлдір, Қарес Делшат.
1-жүргізуші:
Ардақты асыл білім мекеніне
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді - деп келесі сөз кезегін 1972 жылғы Орал педучилищесінің түлектеріне береміз.
Ән: «Ұстазға құрмет»
Орындайтындар: Сұлтангалиева Жансұлу, Кенжебай Махаббат 3спКШО
2-жүргізуші: Қымбатты қонақтар, біз сіздермен «Ойыншықтар ассоциациясы» тренингіне кезек береміз.
Қазақ биі. Орындайтын: Гильманова Лунара, Қайыпқалиева Дария
Ендігі сөз кезегін шарамыздың қонақтарына берейік, өз оқытушылары туралы үзік сырлар мен қызықты сәттерін айтсын.
Ұлдай Мусиновна
Роза Әжмұратқызы
Лиза Мұхамбетжановна
Райхан Нығметовна
Райхан Тілепеновна туралы айтады.
1- жүргізуші: Ұстаздар туралы өлең жолдарын арнамақ боп келген колледж студенттеріне сөз беріледі.
1. Мақсот Мира 3 а КШО
2. Ибатуллиева Айдана 3 сп КШО
3. Айкелова Әсемгүл 3 сп КШО
2-жүргізуші:
Ән: «Мұғалімім менің»
Орындайтын: Садирова Назерке .
1-ші жүргізуші: Сөз кезегін «педагогика, психология» кафедра меңгерушісі Нұрашева Гүлнар Сырымқызына береміз.
2-жүргізуші:
Бірі үйдегі қом атаның өркеші
Бірі үйдің сәулетайы,еркесі
Жастық арман бас қойғызар жастыққа
Аяғына жетпесе де көрпесі
Жүзерінен шалқып есіп ізгі леп
Кітап бетін отырғаны сүзгілеп
Арасынан табылады Төлеген
Арасынан кездеседі Қыз жібек
1жүргізуші:
Бірі балғын бірі естияр,ересек.
Бәрінің де көздегені-келешек
Біреулері біреулерден алашақ
Біреулері біреулерге берешек
Жатақхана анымайды базардан
Жүректерді әлдилейді әз арман
Нөмірі жоқ телефондар арқылы
Еш жаңалық тыс қалмайды назардан
Шеттерінен батыр әрі әдемі
Өйткені бұл-жастық шақтың әлемі
Үлгерімі болмаса да үлгілі
Министірлік орындықтан дәмелі
Ән: «Балалық шақ».
Орындайтын: Сисенова Ұлболсын.
Сөз кезегі 1972 жылғы Орал педучилищесінің түлегі, топ старостасы Зауре Даулетқызына беріледі.
2-жүрізуші:Студенттер, аяулы ақ мамандар,
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар
Білім қуып бөлмеге қамалғандар
Студенттер аптыққан пәк көңілдер,
Өкініштер,шаттықтар,тәтті өмірлер,
Ауылға жиі айтатын сәлемдер:
«Ақша сал», «Жетпей жатыр», «Ап жетіңдер!»
Студенттер,сарылып ой қуғандар
Қарынды қанағатқа тойдырғандар
Қара нанды достармен қақ бөліп жеп,
Күн сайын,апта сайын то қылғандар.
Студенттер болашақ жас мамандар,
Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар,
Бастарына тек кітап жастағандар,
Студенттер,ұстазға ұнағандар.
Сүрінгендер кей жерде құлағандар
Қайтадан тапсырам деп жылағандар
Тәттіні, ащыны да татып тұрар
Студенттің жан сырына құлақ саңдар,
Сонда да жандарында жанып тұрар.
Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды,
Студенттер,студенттер,бақыттылар!!!
Соңы: Студенттердің қоштасу әні.
Амандасып отыру, тыныштық сақтау, кездесуге шақырылған колледж түлектерімен амандасу.
Шараның мақсат-міндеттерімен танысады;
көңіл-күйі көтеріңкі болады. Топтар шараның мақсат-міндеттерімен танысып, шараға даярланады.
Слайд материалдарынан колледж тарихымен танысып, біліп отырады.
–оқытушылар семинариясы
-педагогикалық техникум
– Орал педагогикалық училищесі
– педагогикалық колледж
|