1 МОДУЛЬ 1.Тақырыбы: Пәнге кіріспе
Сағат саны: 2 Жоспар: Курстың мақсаты мен міндеттері.
Тарих методологиясының ғылыми және оқу пәні ретінде қалыптасуы.
Тарих методологиясының кеңестік тарих ғылымында зерттелуі.
Әдістемелік нұсқау: Білім алушылар тарих әдіснамасы пәнінің мақсат-міндеттерімен танысады. Тарих әдіснамасының қалыптасып, даму барысының тарихнамасын талдйды. Ерте философиялық ой-тұжырымдарды заманауи ғылыми зерттеулер салыстыра талдайды.
2.Тақырыбы:Ғылым ретіндегі тарихтың пәні
Сағат саны: 2 Жоспар: Тарих ұғымы. Тарих шынайылық ретінде және тарих ғылым ретінде.
Тарих ғылымы пәнінің қазіргі түсінігі.
Жаңа тарихи субпәндер. Клиометрия. Психотарих. Ментальділік тарихы. Гендерлік тарих.
Әдістемелік нұсқау: Студенттерге ғылым ретіндені тарихтың пәнін, тарихи даму динамикасының проблемалары, тарихтағы детерминизм мәселелерін талдайды. Детерминизм (лат. шектеу, шекарасын айқындау) – барлық құбылыстар мен процестердің өзара байланыстылық және өзара айқындылығы туралы ілім, жалпылама себептілік жөніндегі доктрина.
3-4.Тақырыбы:Тарихи теория
Сағат саны: 4 Жоспар: Тарихи теория ұғымы, оның тарихтағы тұлға айналысындағы тұжырымдалуы.
Тарихи теория және тарих ғылымының категориялық аппараты.
Тарихи уақыт.
Әдістемелік нұсқау: Білім алушылар тарихи теория мәселесін, оның методологиялық алуандылығын, тарихи заңдылық, тарихи қажеттілік және тарихтағы кездейсоқтық мәселелерін түсіндіру бағытында жұмыс жасайды.
Тарихи теория – тарихтың мәні, мазмұны және мағынасы, алынған нәтижелерді жүйелеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оны зерттеудің принциптері және әдістері туралы түсініктер.