1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен студенттер!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті училище, колледж түлектері!
1-жүргізуші:
100 жылдық тарихы бар Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж тарихына шолу жасасақ:
1913 жыл
1920 жыл
1937 жыл
1994 жыл
1998 жылы колледжге Жаhанша Досмұхамедов есімі берілген болатын. Колледж туралы слайд көрсету. Колледж тарихына қысқаша шолу жасап, айту
1-жүргізуші:
Ұстазым ұлы өнеге ұлықтаған
Жанашырға өзіңіздей жолықпағам
Мен де бүгін мектепте мұғаліммін
Келіп тұрмын кездесуге ұмытпағам,-деп алтын ұя білім ордасын сағына келген 1952 жылғы Орал педагогикалық училище түлегі Уалиев Қайырғали Уалиұлын және 1972 жылғы түлектерді зор қошеметпен қарсы алайық.
2-жүргізуші:
Талаптың мініп тұлпарын
Тас қияға өрледің
Бір ғалым еді іңкәрің
Әр қиырға сермедің
1-жүргізуші: Бала Жаһанша уақыты мен біздің толқынға дейінгі аралықты бұл шежірелі білім ордасынан талай түлек арман аралына қанат қақты. Осы түлектердің өмірде кірпіш болып қалануына колледжіміздің ұстаздары ерен еңбек сіңірді.
1-жүргізуші: Қымбатты түлектер! Сіздерді 100 жылдық мерей тоймен құттықтай отырып, Уалиев Қайырғали Уалиұлы туралы даярланған слайдқа шолу жасайық.
(1952 жылғы Орал педагогикалық училище түлегі Уалиев Қайырғали Уалиұлы туралы слайд)
|