Оқытушы: Ерназарова Лаура Узакбаевна Тобы; дш-22 11-К3 Шымкент қаласы 2022 ж


Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)



бет16/24
Дата18.01.2023
өлшемі201,61 Kb.
#165822
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
10 -11 сынып 22-23

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)




Сабақтың мақсаты:

Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;



Құндылықтарды дарыту




Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Тарихы терең, шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан да бауыры кең, құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды. Оны біз жеріміздің кеңдігімен ғана емес, пейліміздің кеңдігімен де, ырысты тірлігімізбен ғана емес, ынтымақты бірлігімізбен де дәлелдеп отырмыз. Бүгінде тәуелсіз елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері жасап жатыр деп мақтанамыз.
Егемендікті егелеген кезеңде талай елдер қақтығыстар мен қантөгістерге жол беріп алса, біз бірлігіміздің арқасында тірлігімізді түзедік, көркейдік. Бұл Елбасының сындарлы саясатының жемісі болумен қатар ел халқының, соның ішінде мемлекетті құраушы негізгі қазақ халқының кеңпейіл толеранттылығының жемісі екені даусыз.
Иә, ел тұтастығы мен рухани келісімнің маңыздылығы адамзаттың үйлесімді де берекелі өмір сүруінде алатын орны ерекше екені белгілі. Қашан да татулығы жарасқан, ауыз бірлігі мен достастығы үйлесім тапқан ел бір арнаға түйісіп, халықтың тілегі мен ынта – ниеті асыл, тілек – армандары орындалып, бақытты қоғам әрі бейғам өмір кешетіндігі ежелден белгілі.
Ең далам – анам, мен – балаң,- деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым – Қазақ елі. Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құяды. Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен буталы орманы, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт-түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махаббат сезіміне бөлейді. Қасиетті, туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерім үшін мен саған қарыздармын, қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асау желің үйретсе, жомарттық пен ақ пейілдікті мына жатқан жеміс талы сай-салаңнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім. Осынша сұлулыққа бөленуіне қандай себеп, әсер етуші қандай күш деп толғанамын, ойлана келіп тау қуысындағы әрбір бұтаның, өзенге күлер әрбір бұлақ көзінің теңіздей тербелген егістегі дән сабағының, жайлауыңдағы әрбір талдың, ауылдағы әрбір жеміс ағашының бойында адамның жұмсаған күш-жігерін, төгелген тері – еңбектен жазылған шежіресі барлығын ұғамын. «Туған жерім – алтын бесігім» деп туған елді көркейтуде аянбай тер төккен еліміздің перзенттерінің еңбегіне сүйеніп, өзім де солардың қатарында болғым келеді. Осынау күн сәулеулі нұрын шашқан кең байтақ даламда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Халқымның ерлігі – еңбекте, арманы – әнінде, қуанышы – күйінде, бақыты – бауырмандығында, жасампаздығы – жарқын істерінде деп түсінемін. Елімнің тарихында бұрын соңды болмаған саясы, әлеуметтік, мәдени-тарихи жетістітердің бірінен соң біріне қол жеткізіп жатыр. Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Ол дүние жүзінің көптеген елдері мен достық байланыс орнатты. ТМД, БҰҰ ұғымдарына мүше болып, дүниежүзілік қауымдастықтан өз орын алды. Еліміз үшін жиырмасыншы ғасырдың маңызы зор. Себебі еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Өзіміздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихимызды көрсететін рәміздерімізді белгіледік. Еліміздің елдігін танытатын белгілерінің ішінде – Мемлекеттік Тудың, Елтаңбаның, Әнұраның жөні бөлек. 1998 жылы 10 маусым күні жаңа Астана дүние жүзіне таныстырылды. Бүгін де әлем назарын өзіне аударып, келешегін қызықтырып отырған Қазақстанның әр күні, айы, жылы жағымды жаңалыққа толы. Қиын мезгілде бейбіт өмір сүріп жатқан қазақстандықтар Нұрсұлтан ағамыздың ұстанған саясатын толық қолдайды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, бізде ол кісінің жүргізіп жатқан ісін қуаттаймыз. Біздер жастар, қазақ елінің ертеңіміз. Бірінші ұлан-ғайыр жұмыстарды біз жалғастыратын боламыз. Соңдықтан да менің құрбыларым өте жақсы оқып, білімді болып ер жетуі тиіс. Мен осы Қазақстанымның болашағы зор екеніне сенемін, өйткені біздің елімізде татулық та, достық та, байлық та бар. Тек қана іскер жандар мен білімді азаматтар керек деп ойлаймын. Мен өзімнің кең-байтақ Қазақстанымды сүйемін. Адам асқар арманына халқын, тілін, Отанын туған жерін шынайы сүйсе ғана қолын жеткізе алады. Ендеше, мен бақыттымын. Қазақ жастары алаңсыз өмір сүруі үшін ең керегі – бейбітішілік. Біз осы тәуелсіздігімізді аңсап, зорығып зорға жеттік. Сондықтан да тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Бұл – біздің туған ел алдындағы перзенттік борышымыз. Көгілдір аспанымызды соғыстың бұлты торламай, осыдан жарты ғасыр бұрын адамзат баласына жасалған қатыгездік қайталанбай халқымыз азат, еркін, бейбіт өмір келсе екен. Көрші елдердегі ел басына түскен ауыртпашылық, соғыс зардабы бізге келмесе екен. Біздің қазақ елі аяғынан тік тұрып, гүлденіп көркейтіп, біз сенімді жастар елінің керегіне жарап, кірпіш болып қаланса деп армандаймын. Сол асқақ арман мені әлдилеп алға жетелеп келеді. Жарқын болашақ бізді алдан бұлғап шақырады. Кең пейілді қазақ халқымның қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен-жеңіске жеткізеді.
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар,-делінеді біздің Әнұранымызда. Бұл-елдік пен ерліктің жыры. Бірлікке бастаған мәңгілік жарасымдылықтын нышаны. Қазақ елін мекен еткен әрбір ұлт осы сөздерден нәр алып, елін сүюдің шынайы сезіміне бөленсе деймін. Өйткені, біздің ортақ Отанымыз-Қазақстан жүздеген халықтар мен ұлыстардың ынтымағы жарасқан ошағы болып отыр. Ендеше, осы татулығымыз елдіктің ырысы мен ынтымағын жарастырады деп сенемін.
Қызыр атамыздан: «Қайда барасыз?»-деп сұрағандарға, «Бірлігі жарасқан, берекесі ұйыған елге барамын»,- деп жауап беріпті деседі. Ал біздің ел тату-тәтті күн кешуде. Ол осы берекенің арқасы. Бүгінгі жетістігіміздің әрбір сәті-өзара түсіністіктің нәтижесі. Барлық ұлт өкілдері Отанымызды мақтан тұтады. Сондай сәтте кеудемді жылы сезім тербейді!Менің жас жүрегім елім деп, жерім деп мәңгі соғады. Елім үшін, халқым үшін қызмет етемін! Сол елімнің бақытының баянды болуын тілеймін!



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




Компьютер

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет