Оқытушы: Ерназарова Лаура Узакбаевна Тобы; дш-22 11-К3 Шымкент қаласы 2022 ж



бет2/24
Дата18.01.2023
өлшемі201,61 Kb.
#165822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
10 -11 сынып 22-23

Міндеттері:

  • Колледждегі тәрбие жұмысының құқықтық-нормативтік базасын жасау, ғылыми-әдістемелік, педагогикалық ұйымдастырушыны ақпараттық жағдайымен қамтамасыз ету, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге жағдай жасау.

  • Педагогикалық-психологиялық қолайлы ахуал қалыптастыруға ықпал ету, әлеуметтік-психологиялық қызмет аясын кеңейту.

  • Жастарды демократиялық, еркіндік, ар-ождан және заңды құрметтеу рухында тәрбиелеу.

  • Жастардың өз еліне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауына қол жеткізу, адамгершілік сапалар, кәсіптік мүдделер, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде азаматтық ұстаным қалыптастыру.

  • Оқушылардың қабілеттерін және ойларын дамытуға жағдай жасау, түрлі шығармашылық, жеке және қоғамдық маңызды қызметтерін ұйымдастыру.

  • Тәрбие саласы бойынша әлеуметтік әріптестермен жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

  • Жастар арасында өз ұлтына деген патриоттық сезімін ояту, ұлттар және ұлыстар арасында жоғары деңгейдегі қарым-қатынас жасау мәдениетін көтеру, өзге халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге үйрету.

  • Жастардың салауатты өмір сүру салтын ұстануды қажет етуін, өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру, есірткі мен өзге де зиянды заттарды қабылдауына жол бермейтін бірыңғай жүйені жетілдіру.

  • Отбасының бала тәрбиесіндегі ролін күшейту, ата- аналармен педагогикалық мәдениетін көтеру, оларды колледжді басқару ісіне қатысуын қолдауды дамыту.

  • «Оқытушы-оқушы-ата-ана» жүйесінде конфликтік жағдайларды жоюға бағытталған қарым-қатынас, жағымды атмосфера орнату.

  • Жастардың саяси-құқықтық, ақпараттық мәдениетін көтеру.

  • Жеке мәдениетті қалыптастыру, өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауға дағдыландыру, төзімділікке тәрбиелеу.

  • Дарынды жастарды қолдау, үйірме, секция, клубтар жұмысын жандандыру.

  • «Көшбасшылар мектебі» қызметінің жұмысын жандандыру.

  • «Мейірім акселераторы» еріктілер тобының құрамын толықтыру, лидерлік бірлестіктер арқылы жастарды өзін-өзі басқаруға қолдау жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет