ІY. Отбасытәрбиесі Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этноәлеуметтік рөлдерге; өз отбасына және ұрпақты жалғастыруға;
адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау.
Y. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
экологиялық даму саласында мемлекеттік саясатқа, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына;
экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне;
«адам-қоғам-табиғат» жүйесіне;
табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке;
кәсіби білім мен өнімді еңбекке;
нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру;
экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға;
еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге;
мамандық таңдауына;
үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту.
ҮІ. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік құру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне;
сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне;
зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне; пікірталас жүргізу дағдыларына;
жасампаз қызметке;
топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпараттың түрлі дереккөздеріне; қажетті ақпарат алу арналары мен іздестіру жолдарына;
өз қызметінің түрлі салаларынан алынған ақпаратқа; Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне;
Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық бі лдіру;ақпарат дереккөздерін таңдау және талдау жасау, өздігімен іздестіру жолдары мен тәсілдеріне;
Интернет-сауаттылық қалыптастыруға; ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға;
жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру.