Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернеттің қажеттілігі. Үйде интернет желісіне қосылу Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі144,57 Kb.
#24183
Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернеттің қажеттілігі. Үйде интернет желісіне қосылу

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Интернетке анықтама беру. Компьютерлерді желіге біріктірудің артықшылықтарын көрсету. WWW, Web ұғымдарын беру. Интернетке шектеусіз қатынас құруды және әр түрлі тәсілдермен қатынау мүмкіндігін көрсету. Сервер және Модемге анықтама. Интернет провайдерін таңдай білу. Желіні орнату шеберімен жұмыс.

2. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу

3. Дамытушылық: Ортақ ресурстарды баптау мен ортақ қатынасты құру жолдарын үйрету. Тыңдаушының ұялы телефондармен байланысын қолдануды үйрету.

Сабақтың типі: Аралас сабақ, жаңа білімді меңгеру сабағы, оқу материалын бекіту сабағы,

қайталау сабағы, материалды қорытындылау және жүйелеу сабағы.



Сабақтың түрлері: Сайыс сабақ, жарыс сабақ, семинар, ойын сабақ, саяхат сабақ, әңгімелесу, сырттай саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: 1. Иллюстрациялық түсіндіру. Оқушыларға ақпаратты әңгімелеу, лекция, семинар,

коллоквиум, демонстрациялық жеткізу.

2. Репродуктивті әдіс. Білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді

игерту.


3. Зерттеу әдісі. Мұғалімнің оқушыға шығармашылық тапсырма беруі, оқушылардың өз

беттерімен шешіп, мәтінмен, есептер шығарту, үлестірмелі материалдармен жұмыс.

4. Эвристикалық әдіс. Ішінара ізденгіштік әдіс, оқушылар мақсатты немесе міндетті

мұғалімнің көмегі арқылы шешу.

5. Мақсатты әдіс. Мұғалім белгілі мақсат қойып, оған жету жолын көрсетеді, оқушылар

одан әрі әрекетке көшеді.



Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі.

  1. Жекелік үлгі-танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.

  2. Жан-жақтылы барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.

  3. Топтық жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.

  4. Ұжымдық форма-ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: презентация слайдтарын қолдану, үлестірме қағаздағы тапсырмалар.

Пән аралық байланыс: математика, ағылшын тілі

I. Ұйымдастыру кезеңі;

II. Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі;

III. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі;

IV. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру кезеңі;

V. Сабаққа мақсат қою;

VI. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі;

VII. Жаңа сабақты қорытып, бекіту кезеңі;

VIII. Оқушылардың білімін бағалау, үй тапсырмасын хабарлау және нұсқау беру кезеңі.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар.

Тыңдаушы білуі тиіс:


  • Компьютер желілерінің түрлерін

  • Телефондық желілерді

  • Қолданылмайтын таңбаларды

Тыңдаушының меңгеруі тиіс:

  • Компьютерлерді желіге біріктірудің артықшылықтарын білу.

  • WWW, Web ұғымдарын білу.

  • Сервер клиент

  • Модем

  • Интернет провайдерін таңдауды

  • Желіні орнату шеберімен жұмысты.

  • Ортақ ресурстарды баптау

  • Ортақ қатынасты құру жолдарын үйрету.

Сабақтың барысы



Жаңа материалды игеру.

Уақыты



Ұйымдастыру бөлімі.

Тыңдаушылары тексеру. Жаңа сабаққа қажетті үлестірме қағаздарды тарату.








Жаңа материалды түсіндіруге кіріспе

Тыңдаушының жаңа тақырыпқа байланысты білуі тиіс сұрақтарға жауап:

Желіге анықтама

Компьютер желілерінің түрлері

Телефондық желілер

Қолданылмайтын таңбалар








Жаңа материалды түсіндіру.

Интернет деген не және ол не үшін керек

Ресурстарды бірге пайдалану мүмкіндігінен басқа компьютерлерді желіге біріктірудің артықшылықтарының бірі – бұл тағы да Интернетке бірге қосылу. Интернет ақпаратқа шектеусіз қатынас құруды және әр түрлі тәсілдермен қатынау мүмкіндігін береді. Сендердің желілерің қалай жаңылсусыз жұмыс істей бастаса, Интернетке жалғастыруды баптауға кірісуге болады.

Интернет – миллиондаған компьютерді алып желілердің желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және ең белгілі желі.

Интернет сөзі халықаралық желі (INTERnational NETwork) дегенді білдіреді, бұл оның ең нақты анықтамасы.

Интернет – бұл барлық әлемдегі компьютерлер мен серверлердің жиынтығы. Бұл клиент-сервер, сондықтан онда ақпаратты сақтайтын серверлер бар және сендер басқа компьютерлерден ақпарат ала аласыңдар. Интернетке миллиондаған клиент пен сервер біріккен, ал жария ақпараттың көлемін бағалау тіпті қиын.

Интернетті кім қадағалайды?

Интернеттің жұмысына жауап беретін нақты адам жоқ. Интернетте президент жоқ. Сондай-ақ, бас әкім де жоқ. Бірақ Интернет қоғамдастығын (Internet Society, ISOC) құрайтын еріктілер тобы бар. ISOC компьютерлер ақпарат алмаса алатын арнайы ережелердің бар болуына кепілдік береді.


Барлық әлем қазіргі күні телефондық қоңырау қашықтығында тұр. Модем мен компьютерге ие бола отырып, сендер әлемдегі ең үлкен компьютерлік желімен – Интернетпен байланыс жасай аласыңдар (егерде сендердің жолдарың болып жатса, онда модем де кероек емес: көптеген колледжілер мен бірлестіктер өз студенттері мен қызметкерлеріне Интернетке тура қатынауға мүмкіндік береді)

Модем – бұл компьютер мен телефон желісінің арасындағы аудармашыдай. Оның крек болуы телефон желілері мен компьютерлер ақпаратты екі әр түрлі және үйлеспейтін тәсілдермен береді және өңдейді. Компьютерлер сандар тілінде «сөйлеседі» – олар ақпараттарды сандардың тізбегі түрінде жөнелтеді жән сақтайды. Телефондық желілер оссилограф экранында толқындар секілді көрінетін аналогтық сигналдармен жұмыс істейді. Сендердің компьютерлерің мәліметтерді телефон желісі бойынша басқа компьютерге беруге дайын болған кезде, модем компьютерден сандарды сондай толқындарға ( бұл сықырлаудың сырылындай естіледі) түрлендіреді, яғни оларды «модульдейді». Егерде сендердің модемдеріңе ақпарат толқындар түрінде келетін болса, онда оларды компьютерге түсінікті сандарға түрлендіреді – «кері модулдейді». Барған сайын жиі-жиі құрамдас модемдері бар компьютерлерді шығаруда. Егерде сендердің компьютерлеріңде ондай жоқ болса, онда өздеріңе сатып алатын модемнің ақпаратты жеткізу жылдамдығы қандай болуы тиісті екендігін шешуге тура келеді. Модемнің жылдамдығы секунд ішіндегі биттермен (бодпен) өлшенеді. Бодтың мөлшері – бұл бір секунд ішінде модем жеткізе немесе қабылдай алатын биттің саны. Әріп немесе символ сегіз биттен тұрады.

Интернетке қосылуға дейін сендерге Интернет провайдерін (ISP) таңдау қажет. Бұл сендердің ақша төлеп Интернетке шығуларыңа мүмкіндік беретін бірлестік. Бүгінгі таңда мыңдаған провайдер бар. Сендерге өз мүдделеріңді қанағаттандыратын бірнеше шартты ескеру қажет:



  • Қызмет және қызмет көрсету: провайдер базалық деңгейде Интернетке қатынас құруға мүмкіндік береді. Басқа қызмет көрсету веб-сайт дайындау мен орналастыруды, лездік хабарламалар алмасуды, электрондық поштаның есеп-қисап жазбаларын және қосымша ақша тұратын техникалық қолдауды қамтиды.

  • Мөлшері: провайдердің мөшері қызметтің деңгейі туралы айтады. Ірі провайдерлер үлкен бірлестіктерге тез қосылуға мүмкіндік береді, ал үлкен емес провайдерлер тек қана әдеттегі баяу қосуды ұсынады.

  • Келісімдар: Көптеген провайдерлер олардың қызметтерін алуға келісімге қол қоюды талап етеді. Басқалары егерде келісімге қол қоятын болсаң, онда бірінші қосылуға шегерім жасайды не тегін қосады. Барлық ақпаратты жазба түрде алғаныңа көз жеткіз және егерде провайдердің қызмет сапасы жеткіліксіз дәрежеде болатын болса, онда сендер не істей алатындарыңды біліңдер.

  • Қолдау және жабдық: Интерентпен байланысу үшін провайдер пайдаланатын жабдықтардың сипаттамасын анықтаңдар. Интернет қызметі жұмысын қолдау үшін провайдердің жеткілікті қызметкерлерінің бар екендігіне және сендерде қандайда бір мәселе туындаса, тәулігіне 24 сағат техникалық мамандарға қол жеткізуге болатындығына көз жеткізіңдер. Интернетке шығу үшін аппараттық жасақтама сатып алу қажет пе, әлде провайдер ұсына ма біліңдер. Мысалы, сендерге, атап айтқанда, осы провайдерді пайдалану кезінде бағдарлағыш, ерекше модем немесе өзгеше бағдарламалық жасақтама, брандамаур талап етіле алады.

Жұмысшы тобын құру үшін оған қамтуға ұйғарылған компьютерлердің әрқайсысында Желіні орнату Шеберін (Network Setup Wizard) орындау қажет. Шебердің жұмысын аяқтағаннан кейін компьютерлер өзара әрекеттесе алады. Шебер сонымен қатар Интернетке қосылған компьютерді қорғау үшін Интернеттің брандмауерін (Internet Connection Firewall, ICF) де қамтиды. ICF — бұл желі мен сыртқы әлемнің арасындағы шекараны бақылайтын бағдарлама.

Жұмысшы тобын құру үшін келесі әрекетті істеңдер:



1. Басқа компьютерлерді Интернетке қосатын компьютердің Интернетпен байланысын тексеріңдер.

2. Жұмысшы тобы үшін атау таңдаңдар. Атау ақпараттық болуы тиіс, мысалы, Компьютерлік сынып, онда мынадай таңбалар болмауы тиіс: ; : " < > * + = \ | ? ,.

3. Келешек жұмысшы тобының компьютеріне желілік кәбілді қосыңдар.

4. Жұмысшы тобының әр компьютерінде желіні орнату Шеберін орындаңдар.

Шеберді іске қосу үшін Іске қосу-ды | Басқару тақтасы-н | Желі мен Интернетке қосылу-ды (Пуск | Панель управления | Сеть и подключения к Интернету (Start | Control Panel | Network and Internet Connections)) шертіңдер, содан кейін Желілік қосылу таңбашасы-н (Сетевые подключения (Network Connections)) екі рет шертіңдер. Одан әрі Тапсырманы таңдаңдар (Network Tasks) тобындағы Орнату немесе үй немесе кіші желі параметрлерін баптау (Setup a home or small office network) сілтемесін шертіңдер. Сұраныс бойынша жұмысшы тобының атауын енгізіңдер.

Ортақ ресурстарды баптау


Жұмысшы тобының пайдаланушылары қандай ресурстарды ортақ, қандай ресурстарды жеке пайдаланушыларға қалдыруға болатындығын шеше алады. Басқаша айтқанда, жұмысшы тобының компьютерін пайдаланушы онда ешкім қатынас құра алмайтын жекеменшік мәліметтерге ие бола алады. Мысалы, жұмысшы тобының пайдаланушысы Есеп-қисап каталогындағы құжаттарды ортақ ете алады, ал Менің құжаттарым каталогындағыларды басқа пайдаланушылардан жасыра алады.

Жұмысшы тобының компьютерінде ортақ ресурс құру үшін келесі әрекеттерді істеңдер:



1. Оң жақ батырмамен Іске қосу-ды (Пуск) шертіңдер де жанама меню пункітінен Серіктес-ті (Проводник-ті (Explore)) таңдаңдар.

2. Ортақ жасағыларың келген каталогты табыңдар, оны оң жақ батырмамен шертіңдер, Ортақ қатынас құру мен қауіпсіздік ((Sharing And Security)) пункіті-н таңдаңдар да Қатынас құру (Доступ (Sharing And Security)) қазынасы-на өтіңдер.

3. Осы қапшыққа ортақ қатынас құруды ашу (Открыть общий доступ к этой папке (Share This Folder on the network)) жалаушасын таңбалаңдар да Ортақ ресурс (Общий ресурс (Share Name)) өрісіне ортақ ресурстың атауын енгізіңдер.

11.1 сурет. Ортақ ресурсты баптау

Ортақ қатынас құруды өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңдар:

1. Менің компьютерім (Мой компьютер (My Computer)) таңбашасы-н екі рет шертіңдер.

2. Windows орнатылған дискіні екі рет шертіңдер (мысалы, С:).

3. Documents And Settings каталогын екі рет шертіңдер.

4. Өзіңнің жеке каталогыңды екі рет шертіңдер.

5. Өзіңнің жеке каталогыңдағы кез келген қапшықты шертіңдер де Қасиеттер (Свойства (Properties)) пункітін таңдаңдар.

6. Қатынас құру қазынасы-нда Осы қапшыққа ортақ қатынас құруды өзгерту (Отменить общий доступ к этой папке (Make This Folder Private)) жалаушасын таңбалаңдар.







Жаңа материалды бекіту.

  1. Интернет дегеніміз не?

  2. Интернетті қалай қолданамыз?

  3. WWW дегеніміз не?

  4. FTP дегеніміз не?

  5. IP дегеніміз не?

  6. Үш ұғымдарының бір-бірімен байланысын атайтыңыз?.

  7. Шолғын бағдарлама?

  8. Домен атуларын атаңыз.

  9. Провайлерді таңдау талаптары.

  10. Ақпарат алмасу құралы – модем.

  11. Интернетке саяхат жасау (желіге қосылу) жолдары.






Компьютердегі практикалық жұмыс.

11 тапсырмаларын орындаңыз.








Қорытындылау.






Пән мұғалімі: Шажабаева К.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет