Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жайсан ауылы «Жайсан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы»
Бастауыш сынып мұғалімі: Абдыкаимова Нургуль Абдрешовна
Тақырыбы: «3 санын қосу және азайту»
Математика пәнінен
2 – сынып
Тақырыбы: (Ашық сабақ).
Мақсаты: 1. Санға 3-ті қосу және азайту (9+3 , 8+3, 12-3) тәсілдерін үйрету. Екі амалмен шығарылатын есептерді шығару.
2.Ойлау, жүйелеу есептеу дағдыларын дамыту.
3. Білімділікке, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ішінара ізденіс, талдау-жинақтау.
Көрнекілігі: Оқулық, дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Жұмбақ жасыру.
Есептеу мен санауға,
Үйретеін қай сабақ?
( Хормен математика сабағы)
-Ендеше, балаларматематика сабағын бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
№ 4 тапсырма
«Жұбын тап» ойыны.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
-Балалар, біз бүгінгі сабақта 3 санын қосу және азайту тәсілдерін үйренеміз.
ІҮ. Жаңа сабақ:
Оқулықтағы № 1 тапсырма:
2+3 3+3 4+3 5+3 6+3 7+3 8+3 9+3
8+3=11 11-3=8 (8+2)+1=11 (11-1)-2=8 9+3=12 12-3=9
Дәптермен жұмыс:
Көркем жазу: 3 3 3.
Ү. Түсінгендерін тесеру:
Оқулықтағы № 2 тапсырма
Тура теңдіктер құр.
8+3=11 11-3=8 3+8 11-8
Оқулықтағы № 3 тапсырма
Түске дейін – 20 кг картоп әкелінді.
Түстен кейін – 15 кг картоп әкелінді.
Жұмсалды – 5 кг картоп.
Неше кг картоп қалды?
(20 кг+15 кг)-5 кг=30 кг
Жауабы: 30 кг картоп.
Оқулықтағы № 4 тапсырма.
Қапта ұн – 11 кг.
Жұмсалды – 2 кг.
Тағы 3 кг ұн салынды
Неше кг ұн болды?
(11кг-2 кг) + 3 кг = 12 кг
Жауабы: Қаптағы ұн 12 кг болды.
Сергіту сәті:
Түн болды, күн шықты,
Жел тұрды, жаңбыр жауды.
Найзағай сарт етті,
Біз отыра қалдық.
ҮІ. Қорыту:
«Поезд құрастыр» ойыны.
№ 7. Ұзындығы 13 см кесінді сызу.
Осыдан 2 см, 3 см, 10 см қысқа кесінді сызу.
«Ойлан,тап» ойыны. № 6 тапсырма.
Ойынның шарты: Бос әйнекшеге керекті сандарды қой.
8 + 3 = -3=
18 + 3= - 3=
28 + 3= - 3=
Шығармашылық тапсырма:
2+2, (5+2)-3; (5-3)-1; (5-3)+2.
ҮІІ. Үйге тапсырма:
№ 5, 59-бет.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |