Сабақтың тақырыбы «Интернет технологияның мақсаты мен міндеттері. Интернет қорлары»



бет1/6
Дата12.06.2020
өлшемі410,5 Kb.
#73208
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
000198e4-d44c1b5d


Пәні

Жаңа педагогикалық технологиялар

Тобы

3б КШИ, 3 б КШО

Уақыты

19-20.01.2017

Сабақтың тақырыбы

«Интернет технологияның мақсаты мен міндеттері. Интернет қорлары»

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат -міндеттері

А) Ақпараттық: Интернет технологиясы, интернет өорлары туралы ақпарат беру. Интернетке қосылу жолдарын меңгерту

Ә) Коммуникативтік: Нақты өмірлік жағдайларда өз міндетін шешу үшін компьютерлік коммуникацияның құралдарын қолдану

Б) Проблеманы шешу: Әртүрлі жағдайда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болу

Сабақтың түрі

дәріс

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар

Әңгіме, түсіндіру, баяндау, салыстыру

Сабақтың әдіс – тәсілдері

Сұхбат, сұрақ-жауап, жабдықтау.

Пән аралық байланыс

Ағылшын.

Оқытудың құралдары

Техникалық: компьютер, интерактивті тақта, видеопроектор, ACTIVpen электрондық қалам, ACTIVote құрылғысы

Программалық: MS Windows операциялық жүйесі, MS Windows ОЖ стандартты программалар тобы, MS Office пакеті, ActivStudio

Дидактикалық: үлестірме қағаздар, презентациялық материалдар т.б.

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

1.Амандасу

2.Студенттерді түгендеу


Сәлемдесу

Орындарына отыру



Балалардың сабаққа дайындығы

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру




Қоғамның ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үдерісінде пайда болған интеллектуалдық ортада адамға өмір бойы өз білімін жетілдіріп отыруға зор мүмкіндік беріліп отыр. Бұл мүмкіндік жаңа білім беру жүйесі құрылған жағдайда іске асырылмақ. Демек, ақпараттық қоғамда жаңа заманға лайықты білім беру жүйесін қалыптастыру білім беруге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) ендірумен тікелей байланысты. АКТ құралдары өзінің дидактикалық мүмкіндіктерімен оқыту жүйесінің барлық компоненттеріне (оқытудың мақсатына, мазмұнына, әдістері мен ұйымдастыру түрлеріне) әсер етуімен қатар, адамның интеллектуалдық, шығармашылық әлеуетін, аналитикалық, сыни ойлау қабілетін, оқу барысында түрліше ақпарат көздерімен өздігінше жұмыс істей алу қасиетін дамыту секілді күрделі педагогикалық міндеттерді шешуді де қамтамасыз етеді. Мұндай АКТ құралдарының қатарына Интернет-технологияларды жатқызуға болады.

Зерттеуші ғалымдар интернет-технологияларға түрліше анықтамалар береді. Мысалы, Р.Н.Авалуев пен Н.Г.Астафьева интернет-технологияларды Интернет желісінде ақпараттарды алу, өңдеу, сақтау, жіберу және пайдалану қызметін қамтамасыз ететін автоматтандырылған орта ретінде қарастырады. Ал, З.Р.Девтерева интернет-технологияларға Интернет желісіндегі әртүрлі ақпараттық ресурстарды: сайттарды, блогтарды, форумдар мен чаттарды, электрондық кітапханалар мен энциклопедияларды, интерактивті оқулықтарды құру және олардың қызметін үйлестіру технологияларын жатқызады.



Интернет-технологияны білім беру үдерісінде қолданудың дидактикалық ұстанымдары деп оқыту мазмұнын талдауды, оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі бастапқы шарттарды түсінеміз. Дидактикалық ұстанымдар оқу үдерісінің белгілі заңдылықтарына сүйенетін және білім алушының психологиясын ескеретін, оқыту үдерісін ұйымдастыру еркешеліктерін бейнелейтін нормативті негіздер болып табылады.

Жаңа материалды игеріп, сабақты қызығушылықпен тындап, әр оқушы өз түсініктерін айтты.






Ақпаратты өндейді, талдайды. Қарым-қатынастағы адамды тыңдай, сыйлай біледі.
Берілген ақпараттарды талдайды, модульдейді, жіктейді.

Ұсынылған ақпаратты белгілі мен белгісізге ажыратады

АКТ құралдарын оқытуда пайдалана алады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет