Оқытушы: Кудабаева К. Е. Білімгер: Абай А. М. Мамандық



Дата18.04.2024
өлшемі119,84 Kb.
#200999
Байланысты:
Енбек Коргау Асылжан


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ





Зертханалық жұмыстардың есебі
(тәжірибе атауы)
Пән: Еңбек қорғау


Оқытушы: Кудабаева К. Е.
Білімгер: Абай А. М.
Мамандық: 1304000 ЕТжБҚ
Топ: П1-19к


МАЗМҰНЫ




р/р

Жұмыстың мазмұны

бет

1

Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру




2

Электр тогының адам ағзасына әсері




3

Электр тогымен зақымдау кезінде алғашқы көмек




4

Өндірістік апаттарды зерттеу есепке алу және талдау




5

Жерге тұйықтау қорғанысы




6

Жасанды және табиғи жарықтану есебі




7

|Шудан және дірілден қорғау




8

Кәсіпорындарда өндірістік радияциядан қорғау




9

Заттардың жану және өртке қауіпті қасиеттері


































Зертханалық жұмыс: №2 Электр тогының адам ағзасына әсерін зерттеу.


Жұмыстың мақсаты: Электр тогының адам ағзасына әсерін зерттеу.

Электр қауіпсіздігі – электр тоғының, электр доғасының, электр магнитті алаңның және тұрақты электрліктің қауіпті және зиянды әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін, құралдар мен техникалық және ұйымдық шаралар жүйесі.


Электр тоғының тірі денеге әсерінің әр жақты немесе өзіндік сипаты бар. Адам организімінен өткен электр тоғының термиялық, электромагниттік, механикалық және биологиялық әсері болады.
Тұтынушылардың электр қондырғыларды пайдалануды арнайы дайындалған электр техникалық персонал жүзеге асырады.
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану бойынша жұмыс көлемі мен күрделігіне байланысты электр техникалық персоналдың біліктілігіне сай жиынтықталған энергетикалық қызмет құрылады. Қызметтің осы түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен (бұдан әрі - мамандандырылған ұйым) шарт бойынша электр қондырғыларын
пайдалануға жол беріледі. Электр қондырғыларын пайдалануды ұйымдастыру бойынша міндеттерді тікелей орындау үшін заңды тұлғаның жетекшісі тиісті құжатпен электр қондырғыларын пайдалану үшін жауапты тұлғаны (бұдан әрі - электр қондырғылары үшін жауапты тұлға) тағайындайды, және оның орынбасарын тағайындайды, ал жеке тұлғалар - кернеуі 1000 В-тан жоғары электр қондырғылардың иелері қауіпсіз пайдалану үшін жауапкершілік міндеттелетін арнайы ұйымдармен электр қондырғыларына қызмет етуге келісім-шарт жасайды.
Жеке тұлғалар - кернеуі 1000 В-тан төмен электр қондырғыларының иелеріне электр қондырғылары үшін жауаптылар тағайындалмайды, электр қондырғыларын пайдалану заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
10 кв аспайтын электр қондырғылар орнатылған тұтынушыларда электр қауіпсіздігі үшін жауапты адамның міндетін атқаратын жұмыскер тағайындалмайды. Электр қондырғылары үшін жауапты адам және оның орынбасары тұтынушының басшысы мен мамандар қатарынан тағайындалады. Тұтынушыда бас энергетик лауазымы болған жағдайда электр қондырғылары үшін жауапкершілік оған жүктеледі.
Электр қондырғылары үшін жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығын тұтынушының бас инженері (техникалық басшысы) жасайды.
Электр қондырғылары үшін жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығында оның құқығы мен жауапкершілігі қосымша көрсетіледі.
Электр қондырғылары үшін жауапты адамды және оның орынбасарын тағайындау электр қауіпсіздігі бойынша тиісті тобы беріліп, білімі тексерілгеннен кейін жүргізіледі:
V - кернеуі 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында;
IV - кернеуі 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында.
Электр қауіпсіздігі бойынша топтардың сипаттамасы Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларында қарастырылған.
Тұтынушының басшысы электр қондырғыларына жауапты адамның ұсынуы бойынша құрылымдық бөлімшелердің (филиалдардың) электр қондырғылары үшін жауапты адамдарды тағайындайды. Тұтынушының электр қондырғылары үшін жауапты адам мен құрылымдық бөлімшелердің жауапты адамдары арасындағы міндеттерді бөлу және өзара қарым-қатынас олардың лауазымдық нұсқаулықтарында көрсетіледі.
Электр қондырғыларын техникалық пайдалануды және оларды монтаждау, реттеу, жөндеу, шарт бойынша сынау және өлшеу жұмыстарын атқаратын дара кәсіпкерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпсіздік техникасы мен пайдалану қағидалары бойынша білімі тексеріледі және электр қауіпсіздігі бойынша
тиісті тобы болады.
Тоқтың әсері термиялық, электролиттік және биологиялық болады. Зақымдау түрі бойынша әсерлер келесілерге бөлінеді:
- электро жарақаттар- ұлпаларды жергілікті зақымдау (күйік, электр белгісі, терінің металлдануы);
- электр соққылары адамның салмағына тоқтың әсер етуі;
Әсер ету дәрежесі бойынша келесілерге бөлінеді:
I дәрежесі- есінен танбайды, бірақ бұлшық еттері жиырылып қалады;
II дәрежесі – есінен танады, бұлшық еттері жиырылып қалады;
III дәрежесі – есінен танады, жүрек немесе тыныс алу әрекеттері бұзылады;
IV дәрежесі- клиниклық өлім, тыныс алмайды және қан айналымы тоқтайды.
Электр тоғынан зақымданудың алғашқы себептерін анықтайтын факторлар:
1. I тоқ мәні (негізгі зақымдаушы фактор). Адам үшін өте қауіпті, өлімге алып келетін өндірістік тоқтың жиілігі 50Гц I = 100 мА.
Адам арқылы өтетін (U=220B, t = 50Γц) өндірісітік тоқтың жиілігінің сипатты мәні 3-ке бөлінеді:
- алғашқы сезімдері пайда болған, алғашқы сезілу 0,6-1,5 мА.
- кернеудегі (бұлшық еттердің тырысып қалуының салдарынан) тоқ өтетін бөлігінен ажырай алмайтын адамдардың, жіберілмейтін 10-15 мА, алғашқы сезілуі;
- жүрек бұлшық еттерінің талшықтарының (фибрилл) қысқауы нәтижесінде адамды өлімге алып келеді, кіре берістік фибирлляциялы 100 мА.
- адам денесі арқылы тоқтың өту жолы (тоқ арқандары). Өте қауіпті тоқ жолы, қол-қол жолы бойынша, өмірге қажетті мүшелер арқылы, аяқ-аяқ арқылы өтеді.
- тоқтың түрі (пайда болуы). Тұрақты тоқ, ауыспалы тоққа қарағанда қауіптілігі аз, мұнда бұлар кіре беріс тоқтардың мәні бойынша көрініп тұр, бірақ бұл 250-300 В –тан аз кернеу үшін әділ болады. Гармониктің болу себебінен тура тоқ, аккумлятордан, тұрақты тоқтан қауіптірек болады.
Электр қондырғылардың бірнеше түрімен жұмыс істеген кезде ереже бұзып, немесе ток жүретін қондырғының ашық жеріне тиіп, кеткен жағдайда адаммын өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Адам ағзасына ток тиген кезде, есінен танып қалуы, демалу органдары жұмыс істемеуі және жүйке жүйелерінің бүлінуі мүмкін.
Бұдан басқа электр тоғы адам денесінің ашық жерлерін күйдіруі мүмкін және күюдің ауырлық жағдайы тоқтың шамасына байланысты болады.
Адам ағзасының өтіп жатқан тоққа кедергісі бірнеше факторларға байланысты, тұрақты тоқпа жоқ ауыспалы тоқ па? Адам шаршаған болса, қанша көлемде тоқ тартқан ауыспалы тоқтың соғуына теріс байланысты. Адам ағзасынан тоқ қанша көлемде өтсе, тоқ тарту сонша көлемде өтеді. Адамды тоқ тартқан кезде, 30 секундта денесі 25% төтеп береді, ал 90 секундта — 70% күйіп қалады. Адам ағзасы үшін түрақты тоқ та ауыспалы тоқ та қауіпті, бірақ тұрақты тоқтың қауіпсіздігі 3-5 рет аз, ауыспалы тоқтан. Тұрақты ток 50МА-ге дейін, ал ауыспалы тоқ ІОМА-ге дейін қауіпті.
Тоқ күші 0,05А болса, адамға қауіпті, ал 0,1 А — адам өмірін қияды. Тоқ өткізудің екі түрі бар:
1) электрлік соғулар — олар адамның ішкі ағзасын жарақаттайды, жүйке жүйелерін, көкірек клеткаларын жарақаттайды.
2) электрлік жарақаттар — олар адамның сыртқы терілерін жарақаттайды.
Электр кауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары жұмыс орнын ұйымдастыру.
Электр қауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары 3-ке бөлінеді. Бұларды орындайтын жүмысшылар электр қондырғыларын іске қосқанда өте білімді жауапты маман болуы тиіс.
1) оперативтік персонал — кезекші электротехникалық персонал — бүкіл қарамасындағы электр қондырғыларын қосып және соған жауап береді.
2) жөндейтін персонал - бұлар электр қондырғыларын жөндеу, 
реттеу, монтаждау сияқты жүмыстарға жауап береді.
3) оперативтік жөндеу персоналы — бұлар әрі жөндеу, реттеу, монтаждау 
мен қоса бүкіл, электр қондырғыларын іске қосып, жауап береді.
Электр қондырғыларын жөндейтін, әрі іске қосатын жұмысшылар, денсаулықтары мықты, ешқандай науқас емес және білікті, білімді болуы керек, әрбір жүмысшы электрлік жұмысқа барар кезде электр қауіпсіздігі туралы емтихан тапсырып, білімін тексереді. Электр қауіпсіздігі жөнінде курстық сабақтар өтіп, жұмыс орнында квалификациялық комиссиялар жұмысшыларды тексереді.
Комиссия жұмысшылардың біліміне қарай оқу дәрежесін жоғарылатады, сөйтіп білімін және дәрежесін көрсететін куәлік беріледі.
Жұмыс орнын ұйымдастыру электротехникалық жабдықтарды қолданарда техникалық қауіпсіздікті сақтау екі түрге бөлінеді:
1) оперативтік электр қондырғыларды іске қосып тексеру, жеңіл 
жұмыстар істеу, қорғаныс жабдықтарын ереже бойынша қарап шығу, 
қауіпсіздігін қарау, еңбекті қорғау;
2) электр қондырғыларында өндірістік жұмыс істеу дегеніміз — жөндеу, 
монтаждау, құрылыс жұмыстарын және т.б. жұмыстарды орындау - 
электр қондырғыларында.
Пайдалынылатын электр қондырғыларын еңбек қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз ету.
Электр қондырғыларының еңбек қауіпсіздігі шаралары немесе электр тоғынан қорғану шаралары:
1) тоқ өткізгіш бөліктерді қауіпсіз жерге орналастыру;
2) изоляцияны бақылау (ашық қалған жерлері болмау);
3) қорғаныстық жерге қосқыш;
4) қорғаныстық нөлдік сым;
5) автоматтық ажыратқыш;
Қорғаныстық жерге қосқыштың 2 түрі бар: кәдімгі және жасанды.
Кәдімгідей қорғаныстық жерге қосқышқа кез-келген металл құрылмалы ғимараттар жер астындағы металл труба еткізгіштер, кран жолдары жатады. Ал, жасанды қорғаныстық жерге қосқышқа металл стержендер немесе трубалар 25-50мм, үзындығы 2-Зм, бұрыштық болат 50х50х5мм және металл ленталар 40х4мм өлшемдегі.
Автоматтық ажыратқыш — аппаратын ішіне орналасқан, ол электр кұбырлардың немесе электр қондырғылардың (1000 В-қ) ішіне орналастырады қауіпті жағдайда ол өздері тоқтан ажыратады.
Пайдаланушылар үшін еңбекті қорғаудын және техникалық қауіпсіздігін, қорғану құралдары.
Қорғану құралдары 2 түрге бөлінеді:
1) Негізгі құралдар: изоляцияланған өлшем штанглері, ток өлшейтін қысқыштар, кернеу көрсеткіштері изоляцияланған құрылғылар, сатылар монтерлық құрал-жабдықтар изоляцияланған ұстатқыштары бар траптар, алаңдар.
2) Қосымша қорғаныс құралдарына 1000 В кернеулік электр құрылғыларда: диэлектрикалық қолғаптар, дорожкалар және де изоляцияланған подставкалар, резина фартуктар.
Қоршаулы қорғаныстарға: щиттар уақытына қорғаныстық жерге қосқыш, уақытша алып жүретін жерге қосқыштар, сосын қорғаныс плакаттары.
Қорғаныс құралдары жұмысшыларға қорғаныс көзілдірігі арнайы қолғаптар жанбайтын матадан жасалған қорғайтын монтерлық белдіктер, қорғаныс халаттары жэне т.б.
Жоғарыдан түсу үшін монтерлық белдіктер, тырнақшалар, ременьмен телескоптық қондырғылар, сатылар.
Белдіктер 225кг салмақты, ал тырнақшалар — 135кг салмақты 5 минуттай ұстап түра алады. Қорғаныс плакаттары 4-ке бөлінеді:
1) қорғану плакаттары: «тиіспе қауіпті», «жоғары кернеу», «өміріңе қауіпті» жэне т.б.
2) өткізбейтін: «адамдар жұмыс істеп жатыр — қосуға болмайды», «желілерде жұмыс жүріп жатыр — қосуға болмайды».
3) рүқсат беру: «осы арада жұмыс істеу», «осы араға міну», «жұмыс істеуге нұсқау».
4) ескерту; қолданылған шаралар туралы ескерту. Резеңке 
колғаптар, қорғаныс құралдары жабық шкафтарда және жәшіктерде құрал- 
саймандардан бөлек, майдан, бензиннен, жэне басқа заттардан аулақ, ал 
қолдану алдында қағып, тазалап алу керек.

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:



  • энергия қуатын тұтынушылардың сұранысын жоғары-деңгейде қанағаттандыру және тұтынушылардың ішкі нарықта электр мен жылу энергиясын жеткізушілерді таңдау құқығына кепілдік беретін бәсекелестік жағдай тудыру жолымен электр және жылу энергиясы қатысушыларының құқықтарын қорғау;

  • Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенінің сенімді де тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

  • еліміздің шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешенінде тіршілікті қамтамасыз етудің маңызды құралы саналатын Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенін басқарудың тұтастығы.

Электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады.Төмендегідей негізгі мәселелерді шешу министрлік құзыретіне жатады:

  • электр энергетикасы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

  • электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

  • электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;

  • электр энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

  • өз құзыретінің шегінде электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу және пайдалану саласындағы техникалық регламенттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;

  • техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы саласындағы техникалық регламенттерді, жабдықтарды пайдалану сипаттамасын, энергия өндіруші, энергия жеткізуші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне электр және жылу энергиясының шығыс нормаларын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

  • жобалау, салу, техникалық пайдалану және электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік техникасы, жабдықтарды пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамаларын, табиғи монополиялардың субъектісі болып табылмайтын энергия өндіруші ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне электр және жылу энергиясының шығыс нормалары салаларындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;

  • инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге техникалық тапсырманы бекіту;

  • энергия өндіруші ұйымдармен келісімдер мен инвестициялық шарттар жасасу;

  • энергия өндіруші ұйымдармен келісімдерде, инвестициялық бағдарламаларда, инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалу мониторингі;

  • энергия өндіруші ұйымдардың тобын құру;

  • кепіл беруші жеткізуші мен оның жауапкершілік аймағын анықтау тәртібін бекіту;

  • энергетикалық сараптама жүргізу әдістемесін, тәртібін және мерзімдерін анықтау;

  • электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құру тәртібін белгілеу;

  • жүйелік оператор мен электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық операторын анықтау;

  • Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесімен электрлік байланысы жоқ өңірлер үшін электр энергиясы көтерме нарығын ұйымдастыру және жұмыс ерекшеліктерін анықтау;

  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындайды

Электр энергетикасы саласындағы қадағалау мен бақылауды мемлекеттік энергетиканы қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган-Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет