W=1000 αрҒ t φ, t φ - мин. суланудың ұзақтығы.
Жолдағы суды жоғарғы қабаттан бөліп тұру үшін жер беткейімен жол қабаттарына бір келкі екі жақ беткейі берілуі тиіс. Сонымен қатар жолдың жоғарғы бетінен судың ағып кетуіне икемді етіп жасау тиіс.
Жақтаулық жыра - жергілікті суды, жолдың беткі яғни жоғарғы қабатынан бөліп тұру үшін құрылады.
Құрғақ жерлерде тез ағын топырақты судың терең орналасқан жерлерінде жақтаулық жыралар ұшбұрышты пішінде жасалады, 30 см-ден жоғары күрделі пішінде жасалуы керек (1:3, 1:4). Бұл көрсеткіш автокөліктердің қандай жағдайда болмасын жолмен кез келген жеріне баруына мүмкіндікті береді. Судың мөлшері өз топырақты қанағаттандыратын жерлерде жақтаулық жыралар трапеция пішінінде құралады.
Жыралардың сумен толып қалып жердің қабаты тазаланып кеткен жағдайда әрбір 500 м сайын су төмеңгі қабатты жіберіп немесе бөліп тұратын трапециялы 150, 200 м сайын ұшбұрышты қиылыс жағдайларын жасау керек.
Су жинағыш құдық қылау аймақтарында орналасады. Құдықтар негізінен таспен немесе бетонмен жабдықталады, судың әсер ету жағдайына байланысты. Аз көлемді су ағымдары жағдайына байланысты жасау қажеті жоқ. Кей кездерде буландыру бассейіндерін кәдімгі су себелеп, аймақтарда кеңінен пайдаланады. Бір бассейннің сиымдылығы 200-300 м3, ал тереңдігі 1,3 м аспайды.
Ауа-райы қалыпты температура ұстайтын аймақтарда жоғарғы дәрежеде буландыру бассейіндері желдің қатты соғатын жерлерінде қосымша су бөлініп, міндетті түрде орналастырады.
Солтүстік аймақтарда жер қабатының ылғалдану дәрежесі қалыпсыз болғандықтан буландыру бассейіндердің жобасын жасауға болмайды.
Жер қабатына қойылатын техникалық талаптар.
Сол жерде салынатын жолдар үшін жолдың негізгі қабаты аса маңызды басты элементі болып табылады. Жолдың төзімділігі мен қуаттылығы, пайдаланушылық сапасы жолдың негізгі қабатына байланысты. Жер қабаты толығымен және оның бір бөлігінде оған әсер ететін күшке, үнемі қозғалысқа табиғаттың әртүрлі құбылыстарына төтеп береді. Жолдарды салу кезінде оның негізгі қабатының дұрыс болуын қарап, жоспарлануына қажетті себебі, қандай да ауыр салмаққа немесе табиғи құбылыстарға шыдау жағдайларын ескеру керек.
Жол қабатының сапасына, жол қабатының түрлеріне әрі табиғи құбылыстарына байланысты жер қабатының құрылысын жасауда кейбір жол ережелерінен ауытқу болады.
Барлық жыл мезгіліне шыдайтын, қар алмайтын, су шайып кетпейтін жолдар көбіне тегіс жерге салынған жолдар.
СНиП талабына сәйкес, жергілікті жердің қабатын өңдеу, аздап көлбеу жасау ережесіне қатысты жағдайлар:
1-3 сатылы жолдар үшін биіктігі 2 м дейін 1:4 төгеді ал басқа санаттағы жолдар үшін биіктігі 1,0 м 1,3 төселеді.
Кейбір күрделі жөндеу кезінде, тасымал жер қабаттары үшін қатысты: биіктігі 6 м - 1:1 - 1:1,3, 12 м дейінгі 1:1,3 - 1:1,5 жолдарды тастармен толтырып содан соң жер қабаттарын қолданады.
Жер қабатын өңдеу үшін қабат санын ескере отырып, оның өлшеміне байланыстыру қажет. Тереңдігі өлшемелі 0,3 метрден кіші және 1,5 м артық болмауы қажет. Жергілікті жердің жағдайына қарай жолдың бір жағынан немесе екі жағынанда қабаттауға болады. Үлкен жолдардың сақталуы оның еніне байланысты, оның енін өзгертіп отырса, жол өзінің сапасын жоғалтады. Жолдың салынуы мен өңделуі кезінде ескерілетін аса қажеті іс су шайып кетуден сақтау.
Жер қабатының бұзылуына оның бетіндегі жиналған судың қатуы мен булануы әсер етеді.
Әр жердің табиғат жағдайына байланысты жол салудағы ережені сақтау жер қабатының сулануынан құтқарады.
Жер қабатындағы ылғалдық сапасы жыл бойына сақталмайды.
Жер қабатының ылғалдану кезеңін өлшеу атмосфера қысымынан басқа, температураның ауытқуы, жер асты суларының араласуы жолдың беткі (жылы) қабатынан, төмеңгі (суық) қабатына ауысу әсерінен болады.
Жер қабатының төзімділігі мен қатты ылғалдығын тоқтату үшін конструкторлық іс-шаралар жүргізіледі:
өтетін жолдарда, жаяу жүргіншілерге арналған қабатында су ағарларды көлбеу түрде жасайды.
Жер бетіндегі су ағарлар таулы және тоған сулардың бүйірінен жасалады. Жер қабатының өңдеу биіктігі Н, беткі қабатын негізгі деңгейде көтеру қауіпсіздіктің ара қашықтығын сақтауға әсерін тигізеді. Бұл биіктік қабатының сапасына және табиғи зонасына СНиП ережесіне сәйкес бекітіледі.
Жер қабатын бұзушы факторлардан сақтайтын бетінде су ағарлардың болуы аса қажетті деп табылады, себебі жиналған сулар дер кезіндегі сай саламен ағып, жолдардың бұзылу әрекетінен қорғайды. Өткелдегі жол бетінің тегістігі шамамен 15-40% көлбеулікте, ал жол бойының екі жақ қабаты 30-50% көлбеу болуы, оның жер қабатына жиналған судың тез ағуына көмектеседі.
Жол жиегіндегі орлар шамамен 0,6 м дейін қазылып, оған тастар төселеді де жиналған сулар үшін қызмет етеді. Жол жиегіндегі сулардың ағар жерлері болмаса, жер қабатының ылғалдануын жоғарлатады.
Жолдың екі жақ бетіндегі су ағарлардың пайдасы көп, әрі жолдың шөғуінен сақтайды. Жер қабатындағы суды тоқтатудың негізгі шарасы оның жер қабатына салынған жолдардың сапасын арттыру болып табылады.
Таулы аймақтарда автокөлік жолдарының өзендермен, балкалармен, еңістермен қиылысуы жер қабатының төзімділігі жаңбыр сулардан, қардың еруінен т.б. жолдардың сан қилы жағдайларынан сақтайтын жасанды құрылғылар қолданады. Оған қатысты: көпірлер, құбырлар, жер асты қабырғалар, жол өткелдері және т. б.
Автокөлік транспротының негізгі талабы бойынша басты құрылғылар болып, автокөлік қозғалысының жағдайында өзгермейтін жоспар бойынша бұзуды талап ететін және автокөлік жолдарының жобасын бұзбайтын, сол сияқты жол қабатын өзгертуден сақтайтынын айтамыз.