Оқытушы туралы мәлімет


Жер төсемінің деформация түрлері. Адырлы жердің пайда болуы оның жүрісі



бет16/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau

Жер төсемінің деформация түрлері. Адырлы жердің пайда болуы оның жүрісі. Жер төсемі топырағы қатты ылғалданса, жолдың барлық элементтерінің беріктігі төмендейді, соның нәтижесінде жол киімі бұзылады. Жер үйімдерінің және ойықтардың тікшіл бөктері төмен сырғуы мүмкін және ағын сумен шайылып кетеді. Жылдың құрғақ кездерінде қатты тұрған жел бөктердің бетінен шаңды және сазды құмды бөлшектерді ұшырып әкеледі.
Қатып қалып, қайта еру бөктер мен қиялардың топырақты бетін бұзады, олардың шайып, ұшырып әкетуге қарсылығын әлсіздендіреді. Жер үйімінің жанынан аққан су бөктерлерді бұзуы мүмкін.
Жер төсемінің тұрғызуда кейде жер қабатының бетіндегі қабатта жинақталған тепе-теңдік жағдайы бұзылуы мүмкін. Ойықтарды қоныстандыру кезінде осылай топырақ майысқан қабатын кесіп өту олардың бөктерінің сырғуына әкеліп соқтырады.
Қиғаш таулы жер үймелері төмен қарай жылжиды. Жер үймелері шымтезек және суға қанық, лайлы топырақтар орналасқанда, негіздің жоғарғы беті деформацияланады және ол жан жағына ығысады. Көбінде осылай негіздің тұнбаларын байқайды, ол топырақты тығыздайды.
Жер төсемін жобалау барысында осы жағдайдың барлығын ескеру керек. Күрделі жағдайда жер төсемінің әлсіз негізіндегі беріктігін есепке алып, жер төсемі бөктерін тексеру қажет.
Атмосфералық себепкер шарттың әсерінен биік жер үйімдерінің бөктері мен терең ойықтардың талқандалуын болдырмау үшін бөктерді шөппен себелеп, шымдап (тұтас немесе торлап), дүңгір материалдармен (битум эмульсиясы, цемент), тас және бетон тақталарымен қарымдау керек.
Тас пен тақталар арқылы қарымдау тек жер төсемінің сумен шайып кететін жерлерде қондырады (көпір, құбыр, ағаш бөгет жанына).
Бөктерді қатырудың үнемді тәсілі ол шөппен себелеу, шөп топырақтың бөлшектерін тамырлатып тастайды. Жердің бетіндегі шөп ағын сумен жел жылдамдықтарын бәсеңдетіп, топырақты желмен шайып кетуден сақтайды. Бұдан басқа шөп-шалаң суды қорек етуі жер төсемі топырағының ылғалдығын төмендетеді.
Егер жер үйімінің топырағында шөп шықпаса бөктердің бетіне қалыңдығы 10 см өсімдік топырағын себеді, бөктер бойы бұл қабаттың бекем болуы атыз орналастырады. Отырғызылатын шөп жергілікті жағдайға қарап, бұршақ тұқымдастар немесе дәнді дақыл болуы тиіс, олар жайыла тамырланып, тығыз жамылғы жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет