Су өткізу құрылысының түрлері. Көлік жолдары кесіп өтетін , жауын - шашын және қар еритін кезде су ағатын өзен, сай, арқалық жерлерде түрлі су өткізетін құрылыс қондырады. Мұндай құрылыс саны 1 км, сол жердің рельефіне, ауа - райына байланысты. Олардың құны бүкіл жолдың 10-20% дейін (таулы жерде 50%) болады. Сондықтан су өткізу құрылысының түрі мен мөлшері дұрыс таңдау, олардың рационалды жобалаудың экономикалық маңызы зор. Жолдағы су өткізу құрылысының негізгі түрлері көпір мен құбыр. Көпір жүріс төсемін ұстап тұратын пролетті құрылымнан және топырақтан қысым өткізетін тіреуіштен тұрады (6 сурет). Көпірдің пролетті құрылымы санына байланысты бір пролетті және көп пролетті болады.
Тіреушті жағалы және аралық деп бөледі. Массивті жағалы тіреуішті тұрақ деп, ал аралықты өгізше деп атайды. Пролетті құрлыммен тіреуіш арасында тіреуіш бөлімдері орналасқан, олар тіреуіштің реакциялық қысымын көрсету үшін қызмет етеді.
Пролетті құрылымында есепті пролеттерді айырады - тіреу нүктесі арасында (L ,L ,L ) және жарықтағы пролет, ол тіреуш арасында (I ,I ,I ).
Жазғы мен қысқы судың төмен денгейін меже суы деп атайды (МСД). Көпір құрлысы орындағы ең жоғарғы есеп айырысу су көкжиегін – жоғарғы судың есеп айырысу денгейі деп атайды (ЖСЕД).
Көпірдің ені дегеніміз бос (тіреуші жоқ) көпір астындағы су бетінің енін айтады, оны жоғарғы су көкжиегімен өлшиді.
Көпірдің биіктігі деп Н көпір үстіндегі жүріс бөлігінің межелі су денгейіне дейінгі арақашықтықты айтады. Көпір асты еркін биктігі деп Н пролет құрлымының төменнен жоғарғы су арасындағы арақашықтықты айтады. Н мөлшері кеме өткізетін шамада, ал кеме жүрмитін өзенде сең жүрісін өткізетін шамада болу керек.
Көпірдің құрлыс биіктігі деп көпір үстіндегі жүріс бетінен пролет құрлысының төмеңгі жағына дейінгі арақашықтықты айтады. Тетік пролет мөлшері, көпір биіктігі, көпір үстіндегі жүретін жердің ені, көпірдің толық ұзындығы – көпірдің негізгі (басты) молшері болады. Көпірлерді ұзындығына байланысты үш нысынаға бөледі: кіші – 30-100 м дейін және 100 м жоғары.