Оқытушы туралы мәлімет



бет21/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau

Су өткізгіш құбырлар. Құбырлар деп жасанды құрылыстарды айтады, оларды жер үйімді денесіне кішігірім біркелкі немесе кезеңдік әрекеттегі су ағымын өткізу үшін орнықтырады. Құбырлар жол үстінде саны көп (сурет 7) су өткізетін құрылыстардың 85% құрайды. Кіші көпірлерді тұрғызғаннан құбыр орнықтыру әлдеқайда арзанға түседі. Құбыр үстіндегі жолдың жер төсімінің үздіксіздігін сақтауы аса маңызды, себебі жүргізушілер құрылысқа жақындағанда жылдамдығын азайтпайды. Көбінде дөңгелек тәрізді құбыр пайдаланады, кейде тікбұрышты және көлденең қиылысқан болады.
Көпірлер мен барлық қызмет мерзімінде көліктің дұрыс ыңғайлығын, қауіпсіздігін, үздіксіз жүруін қамтамасыз ету тиіс, сонымен қатар пайдалану жүрісінде қарапайым ең аз еңбек туғызатын құрылысты ұстауды қамтамасыз ету.
Аязға төтеп беретін тасты шығаратын жүмыс орына тікелелей жақындағанда құбыр және кіші көпір орына бекем топыраққа фильтрлі жер үйімдерін (бөгет) қондырады, төменгі жағын біркелкі үлкен тастардан қалайды. Мұндай үйіміне келген су тастардың тесіктерінен өтеді. Тасты материалды үнемдеу үшін фильтрлі қабат жасауға болады, бұл жерде тас деңгейі тірелген су деңгейінен төмен орналасқан. Мұнда жай құрама шешімді қарастыруға болады, ол фильтрлі жер үйімінен құбырға

орналастырылған құрлыстың су өткізу әрекетін ұлғайтады. Сай мен алқаптардың жолмен қиылысқан жеріндегі су қоймаларда судың деңгейін реттеу үшін көтерілетін жайма тақта көпірлерін салады. Су ағызатын көпірлер мен құбырларды құдық су ағызғышы арқылы қояды, аз қозғалысы бар жерде егер 0,4 м тереңдіктегі уақытша суды өткізуге болатын жағдайда бұл жерде өткел қондыруға болады. Өткел түбі қатты ал су ағыс өтетін жердегі жаға жайпақ болуы тиіс.


Егер түбі қатты болмаса, 25-30 см қабат тас тастау керек. Су өткізетін жердің түбін қатайтқан жағдайда ағыс бағытымен кенеттен су құламасы болмау керек, түбін су шайып кетуі мүмкін.
Өткелдің өту жолының ені 5-6 м кем болмау керек. Өткелдің тура сызық учаскесінде қатайтылған түбінің екі жағынан міндетті түрде қадалар қондырылып, 10 м жиі болмай және қисық сызығында 5 м жиі болмау тиіс.
Қадаларды қайта-қайта өзгертіп тұру керек, әсіресе су тасқыны мен сең жүруден соң. Өткелдің екі жағынанда кесте іліп өткелдің тереңдігін көрсету керек.
Қар еріп, жауын болғанда суланып кеткен құрғақ аңғарларда өткел секілді науа құруға болады.
Құрғақ аңғардың науа жабдығымен ауысу орнын таңдау жағдайы өткелді құрғандай болады: екі жағының еңістері ынғайлы және жалпақ болады, су тасқыны кезінде жалпақ орынды өткелдің тереңдігі ең аз мөлшерлі және топырағы берік болады. Су ағатын қиылысқан учаскеде көлік жүретін жол су шайып кетуге қарсы өте бекем болуы тиіс, жолдың басқа жерлерінде қатты киімі жоқ болған жағдайда бекем болу керек. Мұндай жағдайда көлік жүру бөлімінде көпір түрі үлкен тастан болуы мүмкін. Мақсатты жағдайда битуммен өңделген, бетонды тақталар жабыннан жасау керек. Жабын жер төсемінен барлық ені бойынша құрылу керек, оның ішінен кесекпен жиегін құру керек. Су шайған жағдайда су құламасынан сақтану үшін ең бастысы жолдың төменгі жағын, жиегіндегі кесегін суағыс түбімен қосу керек.
Көлік жолдарындағы су өткізгіш құрлысының негізгі түрі (жалпы санның 85 шамасында) құбырлар болып табылады .
Құбырлар құны сонымен қатар кішігірім көпірлердің құны барлық жолдардың құны 20%, ал таулы аймақтарда 50% дейін және одан жоғары пайызын құрайды сондықтан бұл құрлыстың тимді жобалауымыздың үлкен мәні бар.
Құбыр – жолдың үйім табанының төменгі бөлігінде қоныстанған жасанды құрылыс, ол үнемі және мерзімді әрекеттегі суағардың салыстырмасы аздау су шығынын (6....10м3) өткізуге арналған.
Тәжірибеде көргеніміздей аздау шығын болған жағдайда құбыр құрылысы кіші көпір салғаннан арзандау. Құбырлар пайдалануда қолайлы себебі жер жабыны және жоғары жабынының үздіксіздігін сақтап қалуға әсерін тигізеді. Ол қозғалыстың қауіпсіздігі мен жылдамдығын арттырады.
Жолдағы көпір мен құбыр саны сол жердің ауа-райы, бедері және гидрологиялық желінің қоюлығына байланысты. Қуаң, шөлдік және жартылай шөлдік аудандарда бір суөткізгіш құрылыс орта есеппен жолдың 3 км-не, жазық және түзу аудандарда 2 км-ге, батпақта 1, таулы аудандарда 0,5 км-ге келеді.
Суөткізгіш құрылысының құны барлық жол құнының 10.....20% құрайды, таулы жерлерде 50% дейін өседі, сондықтан бұл құрылыстардың түрлерін, өлшемін дұрыс сайлау және тиімді жобалаудың үлкен экономикалық мәні бар.
Құбырдың және кіші көпірлердің өлшемін гидравликалық есеппен белгілейді. Егер саз жерлерде жол салынса есепсіз әрбір 1...2 км сайын 2...3 м, кіші көпір қоныстандыруға болады.
Қақаған аяз, мұз көшкіні, қопарылыс заттары болатын жерде үздіксіз суағар аудандарында құбырларды қоныстандыруға кепілдік берілмейді, себебі бұл жағдайда құбырларға мұз немесе ағаштар тұрып қалуы ықтимал.
Су өткізуден басқа құбырлар мен көпірлерге қойылатын негізгі техникалық талап – барлық берілген мерзімде, өз қызметтерінде көліктің қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету. Құбырлар мен көпірлерді лазым іргелі түрде, салу қажет (темірбетон, бетон, тас). Орманды аудандарда IV және V дәрежелі жолдарды ағаштан салуға болады. Жалпы жол жүйесінде ағаш құбырын пайдаланбайды. Себебі ағаш жолдың үйін табанында тез шіриді. Оларды кей уақытта тек орманды аудандарда ішкі шаруашылық жолдарында қондырады.
Техникалық жағдай жол арна жоспары мен қырының әрқалай қиылысуына құбыр мен көпірді жайғастыруда жобаланып отырған жолдың нормативтеріне сай шамада рұқсат береді. Алайда көпірлердің ағаш төсенішінің ұзына бойы ылдиы ағаштарды ұзына бойы қалануында 20‰ аспауы тиіс, ал көлденеңінен – 30‰ дейін ғана.
Көлденең қимасындағы құбырлар дөңгелек, тікбұрышты, үшбұрышты, трапециалды, элиптикалық және жұмыр болуы ықтимал. Көбінде дөңгелек құбырлар таралған. Дөңгелек құбырларының тесік диаметрі үлгі қалыпты қабылданады: 0,5; 075; 1,0; 1,25; 1,5 және 2,0 м – бұл өлшем өтетін су шығынына байланысты.
Құбыр (7 сурет) кіріс және шығыс ауыздықтан, бөлек-бөлек звенодан тұрады. Бұл темір бетон құрылма зауытында шығарылады. Ауыздықтары мен звенолары бетон іргетасында жатады. Кей уақытта оларды тығыздалған шағылтас немесе сазбетон іргетасына орналастырады.
Су өткен жағдайда оны азайту үшін екі құбыр арасындағы тігісті гидроизоляциялық жабдықтармен жабады – мысалы смола таяшықтары; оның сыртынан бірнеше қабатпен рубероид жабу керек, ал іш жағынан цемент ерітіндісін жағады. Алдынала сырт жағының звеносын және ауыздық элементтерін битуммен жабады , ол топырақты су бетонды талқандамау үшін алдын алу.
Құрылма құбырларды тек типтік жоба арқылы қабылдайды. Жұмысты ұйымдайырудағы қарапайымдылық үшін ең төменгі өлшемдегі диаметрлі звеноны алуға ынталанады, сондықтан әр - келкі өлшемдегі шығымды өткізуде бір, екі немесе үш очколық құбырды пайдаланады. Сонымен қатармырышталған метал гофрировалық құбырғыда пайдаланады, олар 20% не темірбетоннан үнемдірек.
Көпірлер әрқалай құрылма болуы мүмкін: жалғызбөлікті бөренелік (6,а суреті); дөңес (6, б суреті), кәсектеу (6, в суреті), ілінген түрде
(6, г суреті) бөренелік көппролетті (6 д суреті) және басқа.
Шаруашылық жолдарында көбінесе кең тараған бөренелік көпірлер, олар құрылым жағынан да, таярлану жағынан да қарапайым болып табылады. Бөренелі көпір (6 а, д) бір немесе бірнеше бөлікті дәрежеден тұрады 2, олар жолдың жүріп өту бөлігін демеп тұрады.
Су өткізгіш құбырлары оның денесін және екі кіріс пен шығыс ауыздықтарын тудыратын жеке буындардан тұрады ауыздықтары судың ағысына жақсы жағдай жасау үшін және құбыр жанындағы жер үйінділерінің тұрақтылығына қызмет етеді. Құбырдың үстінен топырақ тастап оның үстіне тағы солай киім жасалады. Себілген топырақ көліктің құбырға пәрменді ықпалын бөліп жұмсартады.
Себілген топырақ қалыңдығы 0,5м-ден кем болмауы тиіс. Құбырдың кіріс және әсіресе шығыс тетіктерінің алдындағы су ағар арналарын су шайып кетпеу үшін берік қатайтады.
Кіші көпірлермен салыстырғанда құбырлардың бірқатар артықшылығы бар. Олардың тетіктері кіші көпірлердің тетіктеріне қарағанда едәуір кіші оның ебебі су ағысы өте қатты болғандықтан. Көп жағдайда құбыр бағасы көпір бағасына қарағанда әлде қайда арзан және оның құрылуыда қарапайымдылау. Құбырлардың су өткізу үшін 1,2 немесе бірнеше тетігі болу керек.
Егер де мұз еріп, ағаш тамырлары көшкіні, сел болса, бұл құбырларды пайдаланбайды.
Су өткізу үшін жолдарда қоныстандыратын құбырлар темірбетон, тас, бетон, металл және ағаш болуы мүмкін.
2 метр тетігі бар тас, бетон сонымен қатар темірбетон құбырларға буттан, бутобетоннан құрылыстың барлық ұзындығы бойына іргетасын салады. Әсіресе іргетастардың топырағы әлсіз және ұзынырақ ылдиларға құбырларды орналастыруда қажет. Құбырдың денесін тігістермен ұзындығы 3, 4, 5 м-дей бөліктерге бөледі бұл оның еркін отыруына мүмкіндік береді. Іргетастың қалыңдығын үлкен етіп құбыр аяғына қарай алады ал ортасына қарай кішірейтеді себебі ортасында қыста мұз қату немесе топырақ жиылады деген қорқыныш жоқ. Қолайлы топырақ және гидрологиялық жағдайларда (әсіресе 1,5 2 метр тесігі бар темірбетон құбырын пайдаланған кезде) орта буын құбырларының оңай тірелу тәсілін пайдаланады, тікелей тығыздалған топыраққа тіреледі немесе ұсақ таспен топырақты жастықшасына тіреледі, ол топырақ сипатына байланысты.
Ауыздықтар - құбырдың маңызды бөлігі, судың ағыс кестесі олардың түрлеріне маңызды дәрежеде тәуелді. Орындалу жағынан ең қарапайым-портты ауыздық ол судың жай ағысын қамтамасыз етпейді
және оны өз мөлшердегі шығынды немесе ағыстың жылдамдығы жайырақ болса ғана пайдаланады.
Құбырдың тік белағашқа 30 градуспен орналасқан ашқыштар арқылы құбыр ауыздығы судың ағысына қолайлы жағдай туғызады, оны әрбір жылдамдыққа пайдалануға болады. Жағалы ауыздықтарға аз құрал-жабдық кетеді алайда, оның гидравликалық көрсеткіштері төмен, оны аз шығында және кем жылдамдықта пайдаланамыз.
Аққыш ауыздықтары күрделі болып келеді (конус немесе қиылысқан пирамида). Олар көлденең қиылысу мөлшеріндегі құбырдың максималді су өткізу икемін қамтамасыз етеді, ол судың көп шығын болғанында өте маңызды роль атқарады (7 сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет