Ірі қиыршық тастың дайындалуы. Тас материалдарды жол жамылғысына пайдалану үрдісі кезінде көлік құралдары қозғалысының, сондай-ақ табиғи факторлардың әсері күшті болады: физика-механикалық және химиялық желдету, су өткізушілік, ауыспалы тоңазыту, еру қабаттардың құрылымдық өзгеріп, оның беріктігін бұзуға әкеліп соқтырады. Жамылғының талапқа сай беріктігін және ұзақтығын қамтамасыз ету үшін жергілікті тас материалдарының физика-механикалық қасиеттері белгілі техникалық талаптарға жауап беруі керек. Олардың бастылары аязға төзімділік кезіндегі сынақтардағы беріктігі қысу, бөлектеу, езу (цилиндрде), тоздыру (барабанда), сондай-ақ суға төзімділік (5.15). Ірі қиыршық тасты түйіршіктердің ірілігіне қарай келесі жіктерге бөледі: мм: өте ірі 70…120 (150); ірі 40…70; орташа 20(25)…40; ұсақ 10 (15)…15 (20); өте ұсақ 5…10 (15).
Ірі қиыршық тас жамылғылар үшін әсіресе шөлейт аудандарда ір қиыршық тастың керіштік қабілеті керек, біртұтас қабат құрау үшін аунақпен су сепкеннің маңызы зор.
Жамылғыға пайдаланылатын ірі қиыршық тас сазды қоспаларсыз таза болуы керек. Жалпақ және ұзартылған ір қиыршық тас («ұшпа» құм) маңызы берік ірі қиыршық таста 10…15 пайыздан аспауы керек. Тау-кен байыту кәсіпорындарынан кездейсоқ табылған ірі қиыршық тас жыныстары мен қалдықтары ыдырауға орнықты құрылым болуы керек.
Жайылманың жоғарғы қабаты үшін орташа және ұсақ қиыршық тас берік, желдетілмеген және аязға төзімді жақсы керіштеу қабілеті бар болуы керек. Төменгі қабаты үшін беріктігі төмен тас материалдарынан қиыршық тас пайдалануға болады, салыстырмалы түрде тез бұзылатын доңғалақтардың тікелей әсерінен, ал міндетті жағдайда жеткілікті су аяз беріктігіне байланысты. Тасты және қиыршық тас материалдарды сынау әдісі және оларға қойылатын талаптар арнаулы басылымдарда баяндалған.
Ірі қиыршық тас алу үшін, сондай-ақ құламайтын берік металлургиялық қалдықтар пайдаланады. Сына әдісі бойынша құралған қабаттарға түйіршіктелген ірі қиыршық тас тау жынысы жаратылысы, тау кен орындарының қалдықтарын және металлургиялық қалдықтардан алынған аз активті ірі қиыршық тас қолданылады. Сондай-ақ химиялық өндірістің қалдығынан құйылған ірі қиыршық тастарды пайдалануға болады (фосфорлы). СаО кальций қышқылы жеткілікті түрде бар және SiO2 кремнеземасы,
AI2O3, FeO, Mn O, Mg O қышқылдарының маңызы қара металлургия қалдықтарына қарағанда аз. IV, V, II- с санатты жолдарға ірі қиыршық тас маркалы 300 кем емес тұнбалар жыныстары мен қалдықтар және 600 кем емес басқа жыныстар кіреді.
Жолдар табанына қоспаларды пайдалануда тас материалдары қолданылуы мүмкін тұнба жынысты 200 марка. Жабу үшін минималды шекті марка 400 тұнба жыныс үшін және 600 басқа типті жыныстар үшін.
Минималды талаптар бөлшектеу, тозу және аязға төзімділік, жаратылысты тау жынысынан алынған ірі қиыршық тас пен қалдықтардан. 2.2 кестеде келтірілген.
Төмеңгі және ортаңғы қабаттарда ірі қиыршық тас мынадай түйіршік түрінде пайдаланады: 40…70 пен 70…120 мм; жоғарғы қабатта – 40…70 мм; бөліну үшін – 5…10 мм.