Оқытушы туралы мәлімет



бет35/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau

Электрлік жүйе деп арнайы аймақта жұмыс істейтін подстанциялардан, таратушы құрылғылардан, тоқ тізбектерінен, электр берілудің ауалық және кабельдік желілерінен құралған электр энергиясын беруге және таратуға арналған электрлік құрылғылардың жиынтығы аталады.
Электрлік энергияның қабылдаушысы деп электрлік энергияның басқа түрге өзгеруіне арналған аппарат, агрегат, механизмдер аталады.
Электрлік энергияның тұтынушысы деп технологиялық үрдістер арқылы біріктірілген және арнайы территорияға орналастырылған немесе электрлік қабылдағыштар тобы аталады.
Электрлік қабылдағыштар немесе электрлік қабылдағыштар тобының тәуелсіз қорек көзі деп авариядан кейінгі жағдайға арналған нақты Ережелермен белгіленген шекті кернеу сақталатын қорек көзі аталады.
Тәуелсіз қорек көздерінің қатарына келесі жағдайды бір мезгілде екі электростанция мен подстанциялардың шендер жүйесі немесе екі секциясы жатады. Ол екі жағдай мыналар:

  • секциялар немесе шендер жүйесінің әрбіреуі тәуелсіз қорек көзінен нәр алады;

  • шендер секциялары (жүйелері) өзара байланысты емес немесе шендер секцияларының біреуінің қалыпты жұмысы бұзылып, автоматты түрде сөндірілген кезде өзара байланысы бар.

Электрлік құрылғылар деп электр энергиясын өндірілуіне, өзгертілуіне, трансформациялауына, берілуіне, таратылуына және энергияның басқа түріне өзгертілуіне арналған машиналардың, аппараттардың, көмекші жабдықтау желілерінің жиынтығы аталады.
Электрлік құрылғыларының қауіпсіздік талаптары 1 кВ-қа дейінгі және 1 кВт жоғары электр құрылғыларының Ережелері болып бөлінеді.
Ашық немесе сыртқы электрлік құрылғылар деп атмосфералақ әсерлерден ғимаратпен қорғалмаған электр құрылғылар аталады.
Тек шатырмен, торлы қоршаумен қорғалған электр құрылғыларын сыртқы электр құрылғылары болып қарастырылады. Жабық немесе ішкі электр құрылғылары деп оларды атмосфералық әсерден қорғайтын ғимараттың ішіне орналасқан электр құрылғылар аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет