Оқытушы туралы мәлімет



бет34/63
Дата12.03.2023
өлшемі405,38 Kb.
#171996
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Байланысты:
umkd territoriyal k aimaktau

Бақылау сұрақтары:

  1. Территорияны инженерлік жабдықтау деген не?

  2. Жол торабының жүк ауыртпалығы қалай анықталады?

  3. Жүк ауыртпалығының Эпюрасы деген не?

  4. Қозғалыс қарқындылығы деген не, қалай анықталады және қайда қолданылады?

  5. Бойлық кескін?

  6. Көлденең кескін элементері?

  7. Жүру бөлігінің ені қалай анықталады?

  8. Жоспардағы жол элементері?

  9. Жүру бөлігі деп нені атайды?

  10. Жол трассасында пикетаж қалай бөлінеді?

  11. Негізгі техникалық – экономикалық көрсеткіштер бойынша жол трассасының варианттарын салыстыру қалай аталады?

  12. Су өткізу құрылыстарының қандай түрлері бар?

  13. Су шығыны қалай аталады?

  14. Жол құбырларының ұзындығы мен тетігін жолдың жүру бөлігінің ең кіші белгісін қалай есептейді?

  15. Жолды бойлық пішінде жобалау үшін қандай алғашқы мәліметтер қажет?

  16. Жолды бойлық пішінде қара, жобалық жұмыс белгілері, бойлық еңіс және жобалау учаскелері қалай белгіленеді?

  17. Көлденең пішіндегі жолдың негізгі элементтерін ата?

  18. Үйінді мен қазбаның еңістерін қою коэффициенттері неге байланысты?

  19. Жер төсемінің жобалау үрдісі?

  20. Жер төсемінің деформация түрлері?






П Тарау. Жарықпен қамтамасыз ету




2.1 Электрлік жабдықтау және электр жүйелері


Бағдарламада жаңа электр желілерінің құрылысын жүргізу, жұмыс істеп тұрган электр желілерін жұмысқа қабілетті күйде ұстауды қамтамасыз ету, халықты және әлеуметтік сала объектілерін электр энергиясымен үздіксіз қамту үшін электр энергиясын беру желілері мен энергетикалық жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу.
Электр энергиясы өндірісінің басты бір ерекшелігі және оны басқа өндірістерден бөліп көрсететін ерекшелігі, оның басқа нәрселер сияқты көп сақталмауында. Электр энергиясы алынған сәтте пайдаланылады. Кей жағдайларда электр энергиясын аккумулятор арқылы сақтауға болады, бірақ оның ең төменгі коэффициенті ғана сақталады. Сонымен қатар үлкен габаритті өлшемдер мен жоғары баға кең түрде (аккумуляторда) электр энергиясын қолдануға мүмкіндік бермейді. Ондірістің электр энергиясы ерекшелігіне сәйкес оны дұрыс ұйымдастыру өндіріс көлеміне бағытталған, әрбір уақытқа сәйкес көлемді электр энергиясын жұмсаудың маңызы зор.
Электрмен қамтамасыз етудің негізгі көздері тұтынушылар үшін қуатты электр энергия станциялары болып табылады. Электр энергиясын өндіріп тасымалдайтын станциялармен қатар жылу электр станциялары, гидравликалық және атом электр станциялары бар. Сонымен қатар электр станцияларында электр тасымалдаушы ретінде желі, жер асты жылуы, теңіз толқындары және күн сәулелері қолданылады. Бірақ мұндай электр станциялары қазіргі таңда негізгі орын алмайды, әйтсе де экологиялық тазалықты сақтау болашақта қажет болуы мүмкін. Электр станцияларында өндірілген электр станциясы тұтынушы көздерге және ауылшаруашылық тұрғылықты жерлерге электр желілері арқылы жеткізіледі. Жерге орналастырушы инженердің міндеті ЛЭП-ке сәйкес сақтандыру сызығымен қамтамасыз ету. Біз жерге жіберілген электр жүйелерінің 0,4 – 500 кв (СН 465-74) кернеудегі мөлшерін қарастырамыз.
Негізгі мөлшер жер бедерінің ені мен жер учаскелерінің тоқ көзі жүйелері тұйықтандырылған ауданын қалыптастырады (0,4 – 500 кв кернеу). Яғни құрамында электр желісінің ауа және сымды желілері төмендеткіш станциялар тарататын секцияландыратын бөлімдері бар. Жер бедерінің ауа және сымдық желілері қысқа мерзімді, уақытша электрді тасымалдауға арналған. Ол жер учаскелері – 1000 В кернеуден жоғары ауа электр тасымалдауда тірек болу үшін, жер үсті сымдық желілер жабдықтары, төмендеткіш подстанциялар, таратқыш және секцияландырылған бөлімдер күнделікті қолдануы, жер учаскелерінің аудандары қысқа мерзімді қолдану үшін, ауада электр тасымалдаушы тірек қызметі үшін.
Тұйықтауда және тоқ көздерін қолданылған жерлерде ҚР Жер туралы Заң негізі сақталуы керек. Негізгі жағдайда жер қаулысы бойынша пайдалы кен қазбаларын, геологиялық зерттеу, құрылыс, өзен жұмыстары және басқа нормативтік сәйкестендірілген актілер сақталуы керек. Жер учаскесінің ауданы ылғи да қолдануға тұйықталғанда кеңейтілген, төмендеткіш подстанцияларда қайта құрастырылған, жер ені мен ауданы уақытша қолдануға жабдықталады. Электр жүйелері объектісін салуға белгіленген тәртіпке сәйкес бекітілген жобамен белгіленеді.

Энергетикалық жүйе деп электрлік энергия мен жылуды өндіру, өзгерту және таратудың үздіксіз үрдісіндегі тәртіптің ортақтылығымен байланысқан, электрлік және жылу жүйелерінің жиынтығы аталады.


Энергетикалық жүйенің электрлік бөлігі деп энергетикалық жүйенің электрлік станциялар, электрлік жүйелер электрлік-құрылысының жиынтығы аталады.
Электр-энергетикалық жүйе деп энергетикалық жүйенің электрлік бөлігі және одан нәр алатын, электрлік энергияны өндіру, бөлу, тарату және тұтыну үрдісінің ортақтылығына байланысты біріктірілген электрлік энергияның қабылдағыштары аталады.
Электрлік-жабдықтау дегеніміз тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету.
Электрлік-жабдықтау жүйесі деп тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге арналған электрлік құрылғылар жиынтығы аталады.
Орталықтандырылған электрлік-жабдықтау деп тұтынушыларды энергетикалық жүйеден алынған энергиямен жабдықтау аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет