220 кВт дейінгі кернеулі кабельді желілер. Кабельді желілердің жобалауы және жабдықталуы желінің дамуы, желіні тандау және оның жауапкершілігі, трассаның жағдайы, жамылғы тәсілі, желілердің құрылысы және т.б. есебімен техникалық-экономикалық есеп айырысу негізінде жүргізілуі қажет.
Кабельді желінің жолын таңдау кезінде мүмкіндігіне қарай топырақты учаскелерден, кабельдің металды қабығына сәйкес келмейтін жерлерден алшақ болған дұрыс.
Жарасты кабельді желілердің үстіне электр желілерді күзету ережелеріне сәйкес кабельдер орналасқан алаң көлемінде күзету аумағы бекітілуі қажет. Ол алаңдар көлемі мынадай:
1кВ-тан жоғары кабельді желілер үшін шеткі кабельдерден бастап әрбір жағына 1 м;
1кВ-тан жоғары кабельді желілер үшін шеткі кабельдерден бастап әрбір жағына 1 м, ал егер кабельді желілер қала ішінде тротуардың астымен өтетін болса, онда ғимарат араласқан жаққа қарай 0,6 м көшенің көлік жүретін бөлігіне қарай 1 м;
Кабельді жерлердің жерге төселуі.Кабельді жерге төсеу кезінде кабельдер траншеяның ішіне тығындалуы және астынанда, үстіненде құрамында тасы, құрылыс қалыңдығы және шлагі жоқ майда топырақпен жабылуы қажет.
Кабельді барлық уақытта да механикалық зақымдардан, әсіресе егер кернеу 35 кВт және одан жоғары болса, онда қалыңдығы 50 мм-ден аспайтын темір бетонды плиткалармен, егер кернеу 35 кВт-тан төмен болса, онда ол бір қабат етіп кәдімгі саз кірпіштермен немесе плиткалармен жабу арқылы сақтап қалу қажет.
20 кВт және одан да төмен кабельдерді 1 – 1, 2 м тереңдікке төсеу кезінде (қалалық электрожүйелерден басқа жерлерде) оларды механикалық зақымдардан қорғау қажет емес.
6-10 кВ-ті кабельді желілерді жаяу жүргіншілер жүретін жерге төсеу ең кем дегенде 1 м тереңдікте жүргізілуі қажет.
Кабельді желілерді паралельді түрде төсеу кезінде кабельдер арасындағы қашықтық ең кем дегенде мынадай болуы қажет:
1. 10 кВт-қа дейінгі күшті кабельдердің арасы, сонымен қатар олар мен
бақылау кабельдерінің арасы 100 мм;
2. 20-35кВт-ті кабельдер арасы және олар мен басқа кабельдердің арасы
250 мм;
3. Әртүрлі ұйымдар пайдаланған кабельдер арасы, сонымен қатар
байланыстың күшті кабельдері арасы 500 мм;