Дәріс №27 Тақырыбы: Республика өнеркәсібін қайта құру және одан әрі дамыту Дәрістің мазмұны



Дата07.02.2022
өлшемі19,86 Kb.
#89581
Байланысты:
27 лекция


ДӘРІС № 27
Тақырыбы: Республика өнеркәсібін қайта құру және одан әрі дамыту
Дәрістің мазмұны:
1.Отын –Энергетика кешені.
2.Металлургия,машина жасау және химия өнеркәсібі.
3.Қүрлыс ісі,жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
Республика экономикасын қайта құру жөне дамыту. Өнеркәсіп: шикізаттық-өндірушілік бағыттың белең алуы және оның себептері.Отын-энергетика кешені. Бүл кезеңде Қазақстан өнеркәсібінің отын-энергетика саласы жақсы дамыды. Қарағанды көмір бассейнінде ондаған ірі шахталар мен байыту фабрикалары іске қосылды. Екібастүзда ашық әдіспен көмір өндірудің көлемі күрт ұлғайды. 1950 жылдар қарсаңында көмір шабу, қопару және оны вагондарға тиеу жұмыстары толық механикаландырылды. Республика бойынша көмір өндірудің жылдық көлемі соғысқа дейін- гіден 6,5 есе артып, 1950 жылы 17,4 млн т-ға жетті. Бүл жылдары Алматыда, Құлсарыда, Өскеменде су электр- стансылары, Жезқазғанда жылу электр орталығы са_ лынды. Қарағанды мен Шымкентте қосымша қуаттар іске қосылды. Бұқтырма СЭС-інің құрылысы аяқталды. 1950 жылдардың екінші жартысында электрстансылары МЕН оның жүйелері бір орталықтан басқарыла бастады. Электр қуатын өндірудің техникалық жабдықталуы да едәуір артты. 1945 жылы республикада 1,15 млрд кВт • сағ электр қуаты өндірілсе, 1960 жылы оның жылдық көлемі 10,6 млрд кВт • сағ-ңа жетті. Республиканың батысына (Ембі, Жетібай, Өзен) шоғырланған мұнай өндіру кәсіпорындарының өнімі аталған кезең ішінде 2,5 есе ұлғайды.
Металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі. Соғыстан кейінгі бесжылдықтарда бұл салалардың да¬муына баса назар аударылды. Бұл кезеңде республикада және түсті металлургияны дамытуға қажеттінің бәрі бар еді. Теміртауда Қазақ металлургия зауыты іске ҚОСЫЛЫП, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қуаты ұлғайтылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш ком¬бинаты алғашқы мырышын берді. Балқаш мыс қорыту зауытының, Текелі қорғасын-мырыш комбинаттарының қуаттары арттырылды, шикізат базасы үлғайтылды. Шымкент, Лениногор қорғасын зауыттары қайта құрылып, кеңейтілді.
1950 жылдардың алғашқы жартысында өнеркәсіп үлесіне республикаға бөлінген күрделі қаржының 40,4% -ы тиді. Оның 94,7% -ы ауыр өнеркәсіп салаларын дамытуға бағышталды. Бұл жылдары өнеркәсіптің жалпы көлемі 82%, болат қорыту — 86%, қара металл прокатын шығару 119% -ға, машина жасау өнеркәсібінің өнімі екі есе артты.
1950 жылдардың екінші жартысында республика бойынша жыл сайын жүздеген өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылып отырды. Жезқазған кен байыту фабрикасы, Өскемен тау-кен машиналары жабдықтарын жасау зауыты мен қорғасын-мырыш комбинаты, Соколов Сарыбай комбинатының алғашқы кезегі, Аңтөбе хром қоспалары зауыттары салынды. Қарағанды металлургия комбинаты республиканы ғана емес, Сібір, Орал және Орта Азияны металмен қамтамасыз ететін базаға айналды. Соғыс жылдары пайда болған машина жасау өнеркәсібі (Алматы ауыр машина жасау зауыты, Шымкенттегі пресс- автомат, Көкшетаудағы механикалың зауыттар) өзге қа- лалардағы жаңа кәсіпорындармен толықты. Алайда бұ- лардың басым бөлігі жөндеу жұмыстарымен айналысты, дайын өнімді аз берді. Қара және түсті металлургияның негізінде машина жасау өнеркәсібінің қалыптасуы баяу жүрді.
Өнеркәсіптің индустриялы салаларының біршама жедел қарқынмен дамуы және 1954-1962 жылдардың арасындағы жасанды миграциялық шаралардың нәтижесінде республика халқы санының күрт артуы энергетика, тасымал және құрылыс істерін де жоғары қарқынмен дамытты.
Соғыстан кейінгі кезеңнен бастап, 1960 жылдардың ортасына дейінгі уақыт аралығында республикада химия өнеркәсібі пайда болып, дами бастады. Қаратауда кен-химия комбинаты, Жамбылда суперфосфат, Қостанайда жасанды талшықтар зауыттары салынды. Қарағандыда синтетикалық каучук, Ақтөбеде хром қосылыстары зауыты кеңейтілді. 1950 жылдардан бастап минералды тыңайтқыштар өндірудің көлемі артты. Химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары Қазаңстанның оңтүстігінде орын тепті.1960 жылдардың басында біздің республикамызда
КСРО-дағы күміс қорының 3/, қорғасынның. мыстың, мырыштың жартысынан астамы бар деп есептелінді. Республика жерінде көмір мен мұнайдың, темірдің орасан мол қоры бар екендігі анықталды.1965 жылы республика одақта өндірілетін шойынның 25%-ын, темір кенінің 9,2%-ын, көмірдің 7,9%-ын, болаттың 12%-ын берді. Қазақстан аумағында сол жылдары атом сынақ алаңы мен ғарышқа ұшу алаңы орналастырылды. Қалаларда әскери кәсіпорындар жүмыс істеп жатты.Құрылыс ісі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі. Соғыстан кейінгі онжылдықтарда Қазаңстан экономикасының жедел қарқынмен өсуі құрылыс индустриясының ауқымын кеңейтуге септігін тигізді. Қалалар өсіп, кәсіпорындар мен тұрғын үйлер көптеп салына бастады. Құрылыс материалдарын шығарудың көлемі күрт артты. Сазтөбеде, Қарагандыда, Өскеменде, Семейде, Шымкентте цемент HIуиттары бой көтерді. Талдықорғанда, Өскеменде, Қызылжарда, Қостанайда кірпіш зауыттары салынып, бұл бүйымды шығаратын Алматы мен Шымкенттегі кәсіпорындар кеңейтілді. Әк, алебастр өндіру де ұлғайтылды Темір-бетон құрылымдарын шығару ісі қолға алынды.
Ауыл шаруашылығы шикізатының молдығы жеңіл және тамақ өнеркәсібінің даму қарқынын жоғарылатуға әсерін тигізді. Жамбылда, Семейде, Петропавлда, Павлодарда тері илейтін, былғары жасайтын кәсіпорындар,Алматы мен Шымкентте мақта мата комбинаты салынды. Қарағандыда аяқкиім тігу мен шұлық шығаратын кәсіп орындар орын тепті. Жезқазғанда, Семейде, Ақтөбеде тоқыма фабрикалары жұмыс істей бастады. Аталған кезеңде Ақтөбеде, Шымкентте, Жамбылда, Теміртауда еткомбинаттары, ондаған сүт, май айыратын, ірімшік қайнататын зауыттар, ірі наубайханалар іске қосылды. Негізгі азық өнімдерін шығарудың көлемі үнемі артып отырды.
Көлік және байланыс. Республикада аса бай өнеркәсіп шикізатының болуы және оны орталыққа тасып алу қажетігі көлік пен байланыс жүйелерін дамытуға әсер етті.
1945 жылы республика теміржолдарының ұзындығы 8 212 шақырым болса, 1 950 жылы оның қолданылатын желілерінің ұзындығы 12419 шақырымға жетті. Аталған мерзім ішінде Мойынты — Шу, Өекемен — Зырян, Ақмола - Павлодар теміржол желілері салынды. Республиканың жалпы жук айналымының жеке түрлерінің ішінде теміржол тасымалының үлесі басым болды. Автомобиль жолдарының ұзындығы 108 мьң шақырымға жетті. Бұл кезде тасымалдың өзге түрлерінің - су жолы. құбыр және авиацияның үлесі мардымсыз еді. Орталықтың әділетсіз саясаты Қазаңстанның көлігі мен байланысына әсер етпей қоймады. Бұл саясат рес- публиканың өнеркәсіпті орталықтары мен шикізат ба- заларының өзара байланысын ескермей, олардың әрқай сысының Ресейге қатысты тікелей дамытылуын қадағалаудан көрініс тапты.Қазаңстанның экономикалық даму ерекшеліктері.Өнеркәсіптің өндіруші салаларында едәуір жетістіктерге жетуіне қарамастан, 1950-1960 жылдары Қазақстан экономикасында бірқатар келеңсіз жағдайлар қалыптасты. Шикізаттық бағдар белең, алды. Өндіруші секторға сай өңдеуші сектор нәтижелі даму дәрежесіне жете қоймады. 1930 жылдары қалыптасқан қағида бойынша өнеркәсіптің “Б” тобына (тұтыну тауарларын өндіру) қарағанда “А” тобын (өндіріс құралдарын өндіру) жеделдете дамыту бағыты сақталып қалды.Қазақстан өнеркәсібін шикізаттық-өндірушілік бағыта дамыту барысында орталық, біріншіден, Қазақстанның аса бай табиғи ресурстарын мүмкіндігінше көбірек қамти пайдалануды; екіншіден, қоршаған ортаны ластайтын суды, шикізатты, қуатты көп қажет ететін өндіріс орындарын осында қалдыруды; үшіншіден, бұйым, машина, прибор, станок, электроника жэне электротехника та¬уарларын, көпшілікке аса қажет түтыну бұйымдарын мүмкіндігінше аз шығаруды мақсат етті.
Бақылау сұрақтары:
1. Республика өнеркәсiбi соғыстан кейiнгi жылдарда қандай жетiстiктерге жеттi?
2. Атом полигоны мен ғарышқа ұшу алаңы неге Қазақстан аумағында орналасқан?
3. Өздерiң тұрған облыс орталығында қандай iрi өнеркәсiп орын-дары бар?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет